ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 518-бап өзгертілді; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 518-бап жаңа редакцияда; 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 518-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
518-бап. Салық құпиясы
1. Мына мәліметтерді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы;
2) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінде бюджетке төлеген салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы;
3) салық төлеушіге салық жылында бюджеттен нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының қайтарылатын сомалары туралы;
4) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушінің салық міндеттемелерін айқындау туралы істерді және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті қарау барысында соттарға; прокурордың санкциясымен атқару құжаттарын орындау кезінде сот орындаушыларына; мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткішін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға берілетін;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға берілетін;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) салық есебін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімінен бастап алты ай өткеннен кейін салық есебін табыс етпеген және (немесе) нақты мекенжайында (тұрғылықты жерінде) болмаған салық төлеушілердің тіркеу деректері туралы, сондай-ақ сот жалған кәсіпорындар деп таныған салық төлеушілер туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
2. Салық төлеушіге қатысты ақпаратты салық төлеушінің жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдары, олардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары салық құпиясын жария етпеуге тиіс. Мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді.
4. Салық қызметінің және мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де салық құпиясы болып табылатын деректерді жария етуге құқылы емес.
5. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
519-бап. Бюджетке түсiмдердi есепке алу
1. Бюджетке түсiмдердi есепке алуды салық органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және түскен сомалары бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салық төлеушiнiң жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырады.
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн есептеу бiрыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Жеке шоттарды жүргiзу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
93-тарау. Салық төлеушілерді тіркеу
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 520-бап өзгертілді
520-бап. Осы тарауда қолданылатын терминдер мен анықтамалар
1. Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкiлетті мемлекеттік орган жүргізетін салық төлеушілердi есепке алудың мемлекеттік деректер базасының жүйесi.
2. Салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу - салық төлеушi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу.
3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi - салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттік тiркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне ол туралы мәлiметтердi енгізу кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық төлеушiге берiлетiн бiрыңғай нөмiр.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4. Тiркеу есебi - салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тіркеу деректері, оның ішінде салық төлеушінің тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлілiгi; салық төлеушiнiң тіркеу деректерінің ағымдағы өзгерістерін тіркеу; есептен шығару белгіленеді. Салық төлеушінің тіркеу деректері салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу (тіркеу есебіне алу) кезінде оның салық органына берген мәліметтері және (немесе) уәкілетті органдар табыс еткен мәліметтер.
5. Салық төлеушiнiң куәлiгi - қатаң есептілік бланкiсi болып табылатын және салық төлеушiге оны Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тiркеу кезiнде тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы құжат.
Салық төлеушiнiң куәлiк нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 520-1-баппен толықтырылды; ҚР 18.03.04 ж. № 537-II Заңымен 520-1-бап толықтырылды
520-1-бап. Жалпы ережелер
1. Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, және тіркеу есебіне алу тіркеу туралы (мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеу есебіне қою туралы, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы) өтініш, есептен шығару туралы өтініш негізінде жүргізіледі, олар:
1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жасалады;
2) қол қойылады, куәландырылады және салық есептілігі үшін осы Кодекстің 69-бабында көзделген тәртіппен салық органына беріледі.
1-1. Салық төлеушiлердi - заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi мемлекеттік тіркеуді статистика жөніндегi уәкiлетті орган ұсынатын хабарламалардың негiзiнде салық төлеушiнің тіркеу нөмірін бере отырып, уәкілетті мемлекеттік орган аталған хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкiлеттi органның ұсыну тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган мен статистика жөніндегі уәкiлетті органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекітедi.
Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары бойынша хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға табыс ету тәртібін уәкілетті мемлекеттік органмен және статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Салық төлеушiнiң куәлігін тiркелген заңды тұлғаға, филиалға және өкілдiкке салық төлеушiнің тіркеу нөмірін берген күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде беру үшін оны салық органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен келісiм бойынша уәкiлетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әдiлет органына, ал, салық төлеушіге - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жіберуге тиіс.
2. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тәртібін, сондай-ақ тіркеу және есептен шығару туралы өтініштерге қоса берілетін құжаттардың тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
3. Салық салу объектілерінің есебін жүргізу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 521-бап өзгертілді
521-бап. Салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу
1. Қазақстан Республикасында мыналар:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) орналасқан жері бойынша - резидент заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2) тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңдарында айқындалған уәкiлеттi тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша бiрлескен жеке кәсiпкерлiк;
4) тұрғылықты жерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5) Қазақстан Республикасында болатын жері бойынша - осы Кодекстің 192-бабының 2-тармағында аталған (осы тармақтың 5-1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және осы Кодекске сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын резидент емес жеке тұлғалар;";
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен аспайтын резидент-эмитенттің немесе резидент заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша - бағалы қағаздарды сату кезінде құнның өсуінен табыс алатын және осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында аталған, осы Кодекстің 183 немесе 190-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс резидент еместер болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;
6) салық салу объектiлерi орналасқан және (немесе) тiркелген жер бойынша Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
7) резидент банк орналасқан жері бойынша осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 1)-3), 5) және 6) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, резидент банктерде ағымдық шоттарын және карт-шоттарын ашатын резидент еместер салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
2. Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiзiлiмiн уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жасау және жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 522-бап өзгертілді
522-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiркеуден өту мерзiмдерi
1. Жеке тұлғалар осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерi туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік тiркеуден өту және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн алу үшiн салық органына өтiнiш жасауға мiндеттi.
2. 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3. алып тасталды
4. Осы Кодекстің 522-бабы 1-тармағының ережелері мемлекеттік тіркеуден өту мерзімі осы Кодекстің 527-бабымен белгіленген резидент еместерге қолданылмайды.
ҚР 18.03.04 ж. № 537-II Заңымен 523-бап толықтырылды
523-бап. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi
1. Салық төлеушiлердi, осы Кодекстiң 520-1 бабының 1-1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердi қоспағанда, мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттік орган салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берiп және салық төлеушi салық органына мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш бергеннен кейiнгi екi жұмыс күнi iшiнде оған салық төлеушiнiң куәлiгiн бере отырып жүзеге асырады.
2. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi салық төлеушi ұсынатын салық есеп-қисабы құжаттарында, сондай-ақ салық мiндеттемелерiнiң орындалуына байланысты өзге де құжаттарда көрсетiлуге тиiс.
3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн салық органы оның салық мiндеттемелерiне қатысты жiберiлетiн салық төлеушiнің барлық құжаттарында көрсетуге тиiс.
4. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру, өзгерту және оны жарамсыз деп тану тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайды.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 524-бап өзгертілді
524-бап. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi
1. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi салық төлеушi салық органдарында салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу рәсiмiнен өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
2. Салық төлеушi:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында аталған резидент емес заңды тұлға үшін:
заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан орны бойынша;
қызметтi жүзеге асыру орны бойынша;
салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
2) жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер үшiн:
резидентке - тұрғылықты жерi бойынша;
резидент емеске келген орны бойынша;
салық салу объектілерінің, салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.
3. Салық органы жеке тұлғаларды салық салу объектiлерiнің орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiн осы Кодекстің 530-бабына сәйкес салық салу объектiлерiн есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер негiзiнде жүргiзедi. Осы баптың мақсаты үшiн мыналар:
1) жылжымайтын мүлiк (жер) үшiн - олардың нақты орналасқан жерi;
2) көлiк құралдары үшiн - көлiк құралдарының мемлекеттік тiркелген жерi, ал ондай жоқ болған жағдайда - мүлiк иесiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi болып танылады.
4. Жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiгi бар және өз қызметін заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлға тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiне қойылуға тиiс.
5. Құрылымдық бөлiмшенi тiркеу есебiне қою кезiнде есепке қою туралы өтiнiште осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi көрсетiледi.
6. Салық төлеуші салық органына тіркеу туралы өтінішті тіркеу есебіне қою орны бойынша:
тіркеу есебіне қою үшін тіркеу есебіне қою туралы талаптар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
тіркеу деректерінің өзгерістерін енгізу үшін осындай өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
7. Тіркеуге алу есебі салық төлеушіге бұрын берілген тіркеу нөмірі өзгертілмей жүргізіледі.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 8 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
8. Салық органы тіркеуге алу есебіне қоюды салық төлеушінің өтініші берілген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Осы баптың 11-тармағында көрсетілген жағдайда, тіркеуге алу есебіне қою салық төлеуші өтініш берген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады."
9. Салық төлеушінің қалауы бойынша салық органы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тіркеуге алу есебіне қойылғандық туралы растайды.
10. Салық төлеушінің куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 521-524-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, салық төлеушінің бұрынғы тіркеу нөмірі сақталған және салық төлеушінің бұрын берілген куәлігі жойылған жағдайда, салық төлеушінің деректері өзгертілген куәлігін беруді жүзеге асырады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 11 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
11. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға қызметiн жүзеге асыратын орнын, тұрғылықты жерiн, келген жерiн немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркеу орнын өзгерткен жағдайда, салық төлеушi салық органына жиырма жұмыс күні ішінде қызметін жүзеге асыратын жаңа орны, тұрғылықты жері, келген жері немесе салық төлеушінің бұрын берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш беруге міндетті
12. Салық салу объектiлерiнiң есебiн жүргiзу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 525-бап өзгертілді
525-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарып тастау
1. Салық төлеушiнi Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарып тастау осы Кодекстiң 57, 58-баптары негiзiнде салық мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына байланысты уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер бойынша және (немесе) салық төлеушiнiң немесе оның өкiлiнiң есептен шығару туралы өтiнiшiмен жүзеге асырылады.
1-1. Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен:
1) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған резидент еместерді шығару, Қазақстан Республикасында салық салу объектілеріне және салық міндеттемелерін орындауға (меншік, жерді пайдалану, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы) қатысты осы Кодексте белгіленген құқық тоқтатылғанда жүзеге асырылады;
2) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында аталған резидент еместерді шығару, банктегі шоты жабылған жағдайда жүзеге асырылады;
3) осы Кодекстің 525-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталғандардан басқа, осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын резидент еместерді шығару, Қазақстан Республикасынан кеткен және осындай резидент емес Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерін орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2. Салық төлеушіні Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару:
1) салық төлеуші әрекетсіз заңды тұлға белгілеріне сәйкес келген және оның тіркеу нөмірі сақтала отырып, салық берешегі болмаған жағдайда;
2) салық төлеушіні сот жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда жүргізіледі.
Әрекетсiз заңды тұлға болып корпорациялық табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңiлдетiлген декларацияны осы Кодексте белгiленген оларды беру мерзiмiнен бiр жыл өткеннен кейiн бермеген заңды тұлға танылады, бұған аталған декларацияларды беру жөніндегі талаптар қолданылмайтын салық төлеушiлер қосылмайды.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 526-бап өзгертілді
526-бап. Банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:
1) салық төлеушіге резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа банк шоттарын ашу кезінде, салық төлеушінің тіркелу нөмірін ескеру, салық төлеуші заңды тұлғаға және жеке кәсіпкерге аталған шоттардың ашылғандығы туралы салық органдарын үш жұмыс күні ішінде хабардар ету;
2) вексельді және банк соның негізінде қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру жүргізетін төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында салық төлеушінің тіркеу нөмірін қоймай, резидент еместердің шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа банк шоттары бойынша операцияларды жүргізбеуге;
3) төлем құжаттарын өңдеу кезiнде салық төлеушінің тiркеу нөмiрiн тiркеу нөмiрiнiң құрылымына (қалыптастыру алгоритмiне) сәйкес көрсетуiнiң дұрыстығын бақылауға;
4) клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банк шотында (шоттарында) ақшасы жеткiлiктi болған кезде банк шотынан салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассолық өкiмдерiн салық органдарының нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей осындай тәртiппен орындауға мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк салық берешегiн жабу есебiне ақшаны алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектілік тәртібімен жүргiзедi;
5) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылығының шотына салық төлеушiнің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күнi аударуға;
6) нұсқамасы болған ретте, тексерiлетiн заңды тұлға мен жеке кәсiпкерлердiң банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, осы шоттарда ақша бар-жоқтығын тексеруге салық органдары қызметкерлерiн жiберуге;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен салық төлеушi заңды тұлға мен жеке кәсіпкердiң банк шоттарындағы салық берешегiн өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
8) банк қарыз алушының берешегiн есептен шығарған кезде салық төлеушiде мiндеттемелерiн есептен шығару нәтижесiнде кiрiс пайда болғаны туралы қарыз алушы-салық төлеушi тiркелген жер бойынша салық органын бiр ай iшiнде хабардар етуге;
9) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша осы Кодекстің 198-бабына сәйкес салық агенттері тіркелген орын бойынша салық органдарына есеп беруге;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
10) осы Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес салық органдарының жүргізген жазбаша сауал салуы негізінде жеке кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарындағы, заңды тұлғалардың , сондай-ақ мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер болып табылатын адамдардың немесе олардың жұбайларының (зайыптарының) банк шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы жөніндегі мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 527-бап өзгертілді
527-бап. Резидент емес жеке және заңды тұлғаларды салық органдарында мемлекеттік тiркеу ерекшелiктерi
1. алып тасталды;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында аталған резидент емес жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап немесе Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3-1 тармақ толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)