5. Салық төлеушiнiң мынадай жағдайларда, егер:
нұсқама белгiленген тәртiппен тапсырылмаса не ресiмделмеген болса;
нұсқамада көрсетiлген тексеру мерзiмдерi әлi басталмаған немесе өтiп кеткен болса;
бұл адамдар нұсқамада көрсетiлмеген болса;
тексерiлетiн салық кезеңiне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органының лауазымды адамдарын салық тексеруiн жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiбермеуге құқығы бар.
539-бап. Құжаттарды алып қою
Құжаттарды алып қою Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүргiзiледi.
540-бап. Салық тексеруiн аяқтау
1. Салық тексеруi аяқталған соң салық қызметi органының лауазымды адамы мыналарды:
1) салық тексеруiнің жүргiзілген орнын, актi жасалған күнiн;
2) тексерудiң түрiн;
3) салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзген лауазымды адамдарының қызметiн, тегiн, атын, әкесiнің атын;
4) салық төлеушiнiң (салық агентiнің) тегiн, атын, әкесiнiң атын не толық атауын;
5) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның тiркеу нөмiрiн;
6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептілігi мен бухгалтерлiк есептіліктi, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге тексеру жүргiзуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
7) алдыңғы жүргiзiлген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;
8) тексерiлетiн салық кезеңiн және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салық агентi) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәлiметтердi;
9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлi жазылған сипаттамасын;
10) салық тексеруiнiң нәтижелерiн көрсете отырып, салық тексеруiнің актiсiн жасайды.
2. Салық тексеруiнiң актiсi салық төлеушiге тапсырылған күн салық тексеруi мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi.
3. Салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруi актiсiне тиiстi белгi қойылады.
4. Салық тексеруi актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi, салық қызметi органының лауазымды адамы жүргiзген есеп-қисаптар және салық тексеруi барысында алынған басқа да материалдар қоса тiркеледi.
5. Салық тексеруi актiсi кем дегенде екi дана етiп жасалады және оған салық тексеруiн жүргiзген салық қызметi органының лауазымды адамдары қол қояды.
6. Салық тексеруi актiсi салық тексеруi актілері мен хабарламаларын тiркейтiн арнаулы журналда тiркеледi, ол нөмiрленуге, бау өткiзiлуге және салық қызметi органының мөрiмен куәландырылуға тиiс.
7. Салық тексеруi актiсiнің бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылады. Салық төлеушi (салық агентi) салық тексеруi актiсiн алған кезде оны алғаны туралы белгi қоюға мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 541-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
541-бап. Салық тексеруi нәтижелерi бойынша шешiм
1. Салық тексеруi актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде салық тексеруiн аяқтау бойынша салық қызметi органы осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде салық төлеушiге (салық агентiне) жiберiлетiн салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомалары және өсiмпұлдар туралы хабарлама шығарады.
2. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеудi, осы баптың 5-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, салық қызметi органы бiр нөмiрмен жүзеге асырады.
3. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәлiметтер:
1) хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеу күнi мен нөмiрi;
2) салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық төлеушiнің тiркеу нөмiрi;
4) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомасы;
5) төлеу туралы талап және төлеу мерзiмi;
6) тиiстi салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің және өсiмпұлдардың деректемелерi;
7) шағым жасау мерзiмi мен орны болуға тиiс.
4. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеушi, егер салық төлеушi салық тексеруi нәтижелерiне шағым жасамаса, оны хабарламада белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.
5. Егер салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруi нәтижелерi бойынша хабарлама шығарылмайды.
96-тарау. Камералдық бақылау
542-бап. Камералдық бақылау ұғымы
1. Камералдық бақылау - салық төлеушiлер берген салық есептілігiн және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негiзiнде тiкелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.
2. Камералдық бақылау тiкелей салық органының орналасқан жерi бойынша жүзеге асырылады.
543-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi
Салық органы салық есептілігiн қателiктер тапқан, салық есептілігiнде келтiрiлген мәлiметтердiң арасынан қайшылық табылған, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес салық төлеушiге жiберiлген қателiктердi өз бетiнше жоюы үшiн, сондай-ақ салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне көшуi үшiн хабарлама жiберiледi.
97-тарау. Мониторинг
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 544-бап өзгертілді
544-бап. Салық төлеушiлер мониторингi ұғымы
1. Салық төлеушiлер мониторингi салық төлеушiлердiң нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiздiлiгiне талдау жүргiзу, қаржы, валюта заңдарын, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердiң қаржы-шаруашылық қызметiн байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады.
2. Электронды мониторинг - осы баптың 1-тармағында белгiленген, электрондық цифрлық қолтаңбамен расталып, электрондық құжат нысанында ақпарат беретiн мониторинг түрi.
3. Салық төлеушiлердiң мониторингi республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 545-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
545-бап. Мониторингке жататын салық төлеушiлер
1. Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
2. Аймақтық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
3. Мониторингке жататын салық төлеушiлер уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен тәртiппен және мерзiмдерде салық есептілігiн тапсырады.
98-тарау. Фискальдық жады бар бақылау-касса
машиналарын қолдану
ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 546-бап өзгертілді
546-бап. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе қолма-қол ақша, банктiк төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу мiндеттi түрде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және бақылау чегiн беру арқылы жүргiзiледi.
Осы тармақтың ережесi:
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) жеке кәсiпкерлердің (акцизделетiн тауарларды өткізушiлерден басқа):
қызметiн шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимi шеңберiнде бiр жолғы талон немесе патент негiзiнде жүзеге асыратындарының;
егер дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бұрын алмаған салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бері алты ай өтпеген болса;
қызметiн шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының;
2) салық төлеушiлердiң:
қызметiн осы Кодекстiң 391-397-баптарында белгiленген арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының;
квитанцияларды, билеттердi, талондарды, почта төлемi белгiлерiн немесе құзыреттi мемлекеттік орган енгiзген қорытынды негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен нысандар бойынша чектерге теңестiрiлген басқа да қатаң есептілік құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуiне қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды. Құзыреттi мемлекеттік орган қорытындысының нысаны мен оған қойылатын талаптарды уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi;
3) адвокаттардың ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
2. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану мен пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары тауарлар сату мен қызмет көрсету кезiнде ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ақпараттың маусым сайын түзетілмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) банктiк компьютерлiк жүйелер. Уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмiн (бұдан әрі Мемлекеттік тізілім) және оны қалыптастырудың ережесін бекiтедi.
Компьютерлік жүйе Мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындының негізінде қосылады (ажыратылады).
Қорытынды, компьютерлік жүйенің осы бапта белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады. Қорытындыны берудің тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
4. Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша тауар чектерін пайдалануға және беруге рұқсат етiледi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 547-бап өзгертілді
547-бап. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі талаптар
Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:
1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының тiркеу карточкасын бере отырып, фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын тiркеу (есепке қою, тiркеу деректерiн өзгерту), сондай-ақ есептен шығару қызметiн жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында жүргiзiледi. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын салық органында тiркеу қызмет басталғанға дейiн жүргiзiледi;
2) техникалық қызмет көрсетуге фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қою жүзеге асырылады;
3) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының чегiн беру жүзеге асырылады;
4) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарына салық органдарының енуi қамтамасыз етiледi.
548-бап. Бақылау-касса машиналарының қолданылу және пайдаланылу тәртібінiң сақталуына салық бақылауын жасау
Салық органдары:
1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының қолданылу және пайдаланылу тәртібінiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық төлеушiнің салық мiндеттемелерiн орындау жөніндегі салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискальдық блогындағы сақтаулы деректердi пайдаланады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 99-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
99-тарау. Акцизделетін тауарларға, мемлекеттің меншігіне айналдырылған
мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібін сақтауға
бақылау жасау, уәкілетті және жергiлiктi атқарушы органдарға
бақылау жасау
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 549-бап өзгертілді
549-бап. Акцизделетiн тауарларға бақылау жасау
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 1 тармақ өзгертілді
1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 257-бабының 2) тармақшасында белгiленген тауарлар, сондай-ақ, осы Кодекстiң 257-бабының 1-тармағының 1-тармағының 3) тармақшасында белгiленген тауарлар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен және шарттар бойынша есепке алу-бақылау маркаларымен маркалануға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес маркалауды акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жүргiзедi.
Осы баптың 1-тармағына сәйкес маркалаудың дұрыстығы үшiн акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жауапты болып табылады.
3. Салық органы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалаудың ережесін акцизделетiн тауарларды дайындаушының сақтауына бақылау жасайды.
4. Салық органы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарларды өндiрудi жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздiк постылар белгiлейдi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Уәкілетті мемлекеттік орган акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін белгілейді.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 550-бап өзгертілді
550-бап. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға
бақылау жасау
2006.31.01. № 125-III Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық органы мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн бақылауды, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және мерзімде мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге асырады.
2. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiкті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 551-бап өзгертілді
551-бап. Уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасау
Салық қызметiнiң органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, оларды алудың толымдылығы мен уақтылы аударылуы жөніндегі мәселелер бойынша уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасауды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.
18-бөлім. Салық тексеруі нәтижелеріне және салық қызметі
органдары лауазымды адамдарының әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау
100-тарау. Салық тексеруі нәтижелеріне шағым
жасау тәртібі
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 552-бап өзгертілді
552-бап. Салық төлеушiлердің салық тексеруi қорытындылары бойынша шағымдарын қарайтын органдар
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушiнiң салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізедi.
1-1. Салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізген тексеру актісі бойынша хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 553-557-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
1-2. Салық төлеушінің сотқа шағым беруі салықтық тексеру актісі бойынша шағым келтірілген хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салық төлеуші салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салықтың және өсiмпұлдардың есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде сотқа шағымдануға құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 553-бап өзгертілді
553-бап. Салық төлеушiнің шағым беру тәртібі
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Салық төлеушiнің салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағымы хабарламаны салық төлеушiге тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.
1-1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша шағымды қараушы салық қызметінің жоғары тұрған органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
2. Шағымның көшiрмесiн салық төлеушi салық тексеруi жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
3. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен және осы Кодекстің 554-бабында айқындалған нысаны мен мазмұнын сақтай отырып берген шағымы салық органында ол келіп түскен күні міндетті түрде тіркелуге тиіс.
4. Жоғары тұрған салық органына шағым берген салық төлеушi осы шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн оны өзiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде керi қайтарып ала алады. Салық төлеушiнiң шағымды керi қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
554-бап. Салық төлеушi шағымының нысаны мен мазмұны
1. Салық төлеушiнiң шағымы жазбаша түрде берiледi.
2. Шағымда:
1) салық төлеушiнің шағым берген күнi, айы, жылы;
2) шағым берiлген салық қызметінің жоғары тұрған органының атауы;
3) шағым берген адамның тегi, аты, әкесiнің аты не толық атауы, оның тұрғылықты жерi (орналасқан жерi) мен банктiк деректемелерi;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
5) салық тексеруiн жүргiзген салық органының атауы;
6) шағым берушi адам өз талаптарын негiздейтiн мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
7) қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
3. Шағымда дауды шешу үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.
4. Шағымға өтiнiш берушi - салық төлеушi қол қояды.
5. Шағымға:
1) акт пен хабарламаның көшiрмесi;
2) өтiнiш берушi өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар;
3) iске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тiркеледi.
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 555-бап өзгертілді
555-бап. Салық төлеушiнiң шағымын қарау
1. Салық төлеушiнiң шағымы бойынша шағым тiркелген кезден бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде дәлелдi шешiм шығарылады.
Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша шағымды қарайтын салық қызметi органы көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органы мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаны өзгерiссiз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
2) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнде күшiн жою.
556-бап. Жоғары тұрған салық органы шешiмiнің мазмұны
Шағымдарды қарау нәтижелерi бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмiнде:
1) шешiм қабылданған уақыт пен орын;
2) салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органының атауы;
3) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
4) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәнi;
6) шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алынған салық заңдарының ережелерiне сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 557-бап өзгертілді
557-бап. Жоғары тұрған салық органына шағым берудің салдары
1. Жоғары тұрған салық органына салық төлеушiнің шағым беруi салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның орындалуы салық қызметінің жоғары тұрған органының жазбаша шешiмi шығарылғанға және осы Кодекстiң 557-2-бабының 1-тармағында аталған кезең аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актісiнiң де күші жойылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 558-565-баптар алып тасталды
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 100-1-тараумен толықтырылды
100-1-тарау. Салық төлеушінің шағымын қараудың нәтижелері
бойынша шешімді қайта қараудың тәртібі
557-1-бап. Шешімді уәкілетті мемлекеттік органда қайта қарау
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
2. Уәкілетті мемлекеттік орган шағымды қарау жөніндегі өзінің өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде оның қызметiне араласуға тыйым салынады.
3. Уәкілетті мемлекеттік органның осы Кодексте белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған шешiмi салық органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 557-2-бап өзгертілді
557-2-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағымданудың тәртібі мен мерзімдерi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым салық төлеушi шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған кезден бастап не осы Кодекстің 555-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған жағдайда отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеп бойынша өткiзiп алған жағдайда, шағым беретiн салық төлеушiнiң өтiнiш беруi бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн.
3. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстің 553-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушi шағымның көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына да жiберуге тиiс.
557-3-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 554-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органы шешiмiнің көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 557-4-бап өзгертілді
557-4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымды қарау тәртібі
1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi мемлекеттік органға жіберiлген шағымды, осы Кодекстiң 557-8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тiркелген күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттік орган қарайды.
Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші - салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жібередi.
557-5-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлген шағым бойынша шешiм қабылдау
Уәкiлеттi мемлекеттік орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;
3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.
557-6-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік орган шешiмiнің мазмұны
Уәкілеттi мемлекеттік органның шешiмiнде:
1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;
2) шағым берген салық төлеушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық қызметінің жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;
4) шағымның мәнi;
5) Қазақстан Республикасының салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.
557-7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым берудiң салдары
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым беру жазбаша шешiм шыға-рылғанға дейiн салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабар-ламаның орындалуын тоқтата тұрады.