494-бап. Төлеушiлер
Заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде мемлекет уәкiлдiк берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2004.28.12 № 24-III ; 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01 бастап қолданысқа енді) ҚР Заңдарымен 495-бап өзгертілді
495-бап. Баж алу объектiлерi
1. Мыналардан:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
2) нотариаттық iс-қимылдар жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн;
3) азаматтық хал актілерін тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн;
4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгiзгенi үшiн;
5) шетелдiктердiң паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергенi үшiн;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;
7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;
8) аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;
8-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
13) жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін;
14) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның осы Кодекстің 499-1-бабында көзделген заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін мемлекеттік баж алынады.
2. Мемлекеттік баждың тiркелген проценттiк ставкалары, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заң актiсiмен мемлекеттік баж төлеу күнiне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2004.28.12 № 24-III ҚР Заңдарымен 496-бап өзгертілді
496-бап. Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары
1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:
1) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 1 процентi;
заңды тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 3 процентi;
2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 30 процент;
3) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 500 процент;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4) салық тексеруi актілері бойынша хабарламаларға дауласу туралы талап арыздардан:
жеке кәсiпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшiн - хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса) даулы соманың 0,1 процентi;
заңды тұлғалар үшiн - хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса) даулы соманың 1 процентi;
5) некенi бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент.
Неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай белгiленедi;
6) белгiленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;
8) ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;
8-1) аралық соттар шешiмдерiн, төрелiктiң шешiмдерiн жою туралы өтiнiштерден:
жеке тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 1 процентi;
заңды тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 3 процентi;
9) сот шешiмiне жасалған апелляциялық шағымдардан - мүлiктiк емес сипаттағы талап арызды берген кездегi алынатын мемлекеттік баж мөлшерiнен - 50 процент, ал мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша - арыз берушi дауға салып отырған сома негiзге алына отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерiнен;
9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;
10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақ аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын бергені үшін - 500 процент;
11) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (дубликаттарды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар берген iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайталап бергенi үшiн - әрбiр құжат үшiн 10 процент және, одан басқа, әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;
12) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.
2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар қоса көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттік баж бiр мезгiлде алынады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 497-бап өзгертілді
497-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттік баж ставкалары
Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 1000 процент;
құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 100 процент;
басқа адамдарға - 300 процент;
құны 30 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 500 процент;
басқа адамдарға - 700 процент; егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса 200 процент;
2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 100 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 50 процент;
басқа адамдарға - 70 процент;
3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 700 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент;
басқа адамдарға - 500 процент;
4) жалға беру, қарыз (ипотекалық тұрғын үй заемын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келісім-шарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөніндегі келісімдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн - 500 процент;
4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшiн - 200 процент;
5) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;
6) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi беру үшiн - берiлген әр куәлiкке 100 процент;
7) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi беру үшiн - 100 процент;
8) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығы туралы сенімхаттарды куәландырғаны үшiн - 50 процент;
9) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;
10) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға сенімхаттарды куәландырғаны үшiн - 200 процент;
11) өзге сенімхаттарды куәландырғаны үшiн:
жеке тұлғаларға - 10 процент;
заңды тұлғаларға - 50 процент;
12) мұраға қалдырылған мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн - 100 процент;
13) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн - 50 процент;
14) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):
жеке тұлғаларға - 5 процент;
заңды тұлғаларға - 10 процент;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):
жеке тұлғаларға - 3 процент;
заңды тұлғаларға - 10 процент;
16) жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтiнiштерiн бергенi үшiн - 20 процент;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 процент;
18) дубликаттарды бергенi үшiн - 100 процент;
19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):
жеке тұлғаларға - 10 процент;
заңды тұлғаларға - 50 процент;
20) жылжымайтын мүліктің кепiл шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап етілетін құқықтарды және ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;
21) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 50 процент;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10 процент;
23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50 процент;
24) Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.
ҚР 12.06.01 ж. № 210-11 Заңымен 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының күші 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды; ҚР 21.03.02 ж. № 310-11 Заңымен 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталды (бұл өзгеріс 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
498-бап. Азаматтық хал актілерін тiркегенi үшiн мемлекеттік баж ставкалары
1. Азаматтық хал актілерін тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актілерін тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, өлiм туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) тууды тiркегенi, әкелiктi анықтағаны, Қазақстан Республикасы азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 100 процент;
2) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 30 процент;
3) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келісімi бойынша - 200 процент;
сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);
белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде 10 процент;
4) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 10 процент;
5) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 10 процент;
6) азаматтық хал актілерін тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн - 100 процент;
7) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент.
2. Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру мемлекеттік баж алынбай жүргiзiледi.
499-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу кезіндегі мемлекеттік баж ставкалары
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретiн виза бергенi немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп өту құқығына виза бергенi үшiн - 200 процент;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерістер енгiзгенi үшiн - 100 процент;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгенi туралы құжаттар бергенi үшiн - әрбiр шақырылған адам үшiн 50 процент;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;
6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген құжаттарды ауыстырып бергенi үшiн - осы баптың тиiсiнше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 499-1--баппен толықтырылды (2006.01.01 бастап қолданысқа енді)
499-1-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның
заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін
мемлекеттік баж ставкалары
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) алдын ала патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 процент;
2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін - 100 процент;
3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл шарттарын, лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 процент;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1500 процент;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 500-бап өзгертілді
500-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж ставкалары
Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн:
1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
2) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - 10 процент;
2-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;
3) мыналарды бергенi үшiн:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі- 400 процент;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігi, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі - 20 процент;
4) мыналарды бергенi үшiн:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент; азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат 10 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 50 процент;
5) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;
6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгiзгенi үшiн - 10 процент;
7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін 20 процент;
8) мыналар үшін:
жүргізушінің куәлiгін бергені үшін 125 процент;
көлік құралдарының мемлекеттік тiркелгенi туралы куәліктi бергені үшін - 125 процент;
автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 280 процент;
мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттік тiркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 140 процент;
көлік құралын айдап әкелгені үшiн мемлекеттік тіркеудің нөмір (транзиттік) таңбасын бергені үшін 35 процент;
9) мыналарды бергенi үшiн:
тракторшы-машинист куәлiгi - 50 процент;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге мемлекеттік тiркеу нөмiрiнiң белгiсi - 100 процент;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттік тiркеу үшiн техникалық паспорт - 50 процент мөлшерiнде мемлекеттік баж алынады.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңдарымен 501-бап өзгертілді
501-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату
Соттарда:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкерлер - авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашуға, өнертабысқа, рационализаторлық ұсынысқа және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;
3) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
4) талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
5) талапкерлер - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
6) жеке адамдар - некенi бұзу туралы iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;
7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар бергенi үшiн;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу қаражатын мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
9) біліктi еңбек қызметкерлерiн және біліктілігi көтерiңкi деңгейдегi жұмысшы кадрларын дайындауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды күтіп-қарауға мемлекет шығарған шығындарды өндiрiп алу жөніндегі талап қоюлар бойынша;
10) жеке тұлғалар - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өндiрiп алудың дұрыстығына дау айтылатын қылмыстық iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;
11) заңдарда көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
11-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенім бiлдiрiлген өкiл (агент);
12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
13) талапкерлер - оралмандар (репатрианттар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздарды бергенi үшін:
іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе соттың iс жүргiзудi қысқарту туралы мәлiмдемесiн қарамай қалдыру немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;
шешiмдi орындаудың әдiсi мен тәртібін өзгерту туралы;
талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын керi бұрып атқару туралы;
апелляциялық шағымға қосылу туралы;
сондай-ақ:
сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;
соттың сырттай шешiмiнiң күшiн жою туралы;
15) прокуратура органдары - барлық талап қоюлар бойынша;
16) мемлекеттік мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;
17) мүгедектердiң қоғамдық ұйымдары - өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезiнде;