«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 23 Қаулысы
(2008.02.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
қосымшаға сәйкес құрамдағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесін;
Альберт Павлович Рауды «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 71 (бұр.ред.қара); 2008.02.04. № 315 (бұр.ред.қара) Қаулылармен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 23 қаулысына
Қосымша
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік
қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
| Әлиманов Жанат Жалғасбайұлы | - Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының атқарушы директоры, тәуелсіз директор |
| Дворецкий Владимир Яковлевич | - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы халықаралық мәселелері жөніндегі директоры,тәуелсіз директор |
| Кадюков Николай Викторович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары |
| Камалиев Берік Сайлауұлы | - Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары |
| Наймушина Ольга Вадимовна | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
| Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
| Зверьков Вадим Павлович | - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы |
| Смағұлов Болат Советұлы | - Астана қаласы әкімінің орынбасары |
| Нәлібаев Абдықалық Зәкірұлы | - «Legal Express Analitic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, тәуелсіз директор |