«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 23 Қаулысы
(2008.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 2 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
қосымшаға сәйкес құрамдағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесін;
Альберт Павлович Рауды «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 71 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 23 қаулысына
Қосымша
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік
қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
| Әлиманов Жанат Жалғасбайұлы | - Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының атқарушы директоры, тәуелсіз директор |
| Дворецкий Владимир Яковлевич | - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы халықаралық мәселелері жөніндегі директоры,тәуелсіз директор |
| Камалиев Берік Сайлауұлы | - Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары |
| Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
| Кадюков Николай Викторович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары |
| Нұрғалиев Асқар Қайыртайұлы | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
| Рау Альберт Павлович | - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
| Смағұлов Болат Советұлы | - Астана қаласы әкімінің орынбасары |
| Садықов Серік Барлықұлы | - «Билд Инвестментс Групп» акционерлік қоғамының ресурстық жобалар жөніндегі басқарушы директоры,тәуелсіз директор |