«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 23 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
қосымшаға сәйкес құрамдағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесін;
Альберт Павлович Рауды «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 23 қаулысына
Қосымша
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік
қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Әлімов Ермек Ғабдулсағатұлы | - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi |
Дворецкий Владимир Яковлевич | - «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыхалықтық одағының басқарма төрағасының орынбасары |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары |
Кадюков Николай Викторович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары |
Нұрғалиев Асқар Қайыртайұлы | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Рау Альберт Павлович | - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Смағұлов Болат Советұлы | - Астана қаласы әкімінің орынбасары |
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |