23. Құқықтар мен міндеттерді беру
136. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және Үлгі шартта белгіленген шарттарды сақтай отырып, Концессионер өзінің Үлгі шарт бойынша құқықтарын немесе оның бір бөлігін басқа адамдарға беруге құқылы.
Үлгі шарт бойынша талаптар басқаға берілген немесе борышы аударылған жағдайда Концессионердің құқықтары мен міндеттерін басқа адамға/адамдарға ауысуы осындай адамның/адамдардың «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Үлгі шарт бойынша концессионерді айқындау жөніндегі конкурстың конкурстық құжаттамасында белгіленген конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.
137. Заңды тұлға Концессионерді қайта ұйымдастырған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттерін қайта ұйымдастырылған немесе пайда болған заңды тұлғаға беру қайта ұйымдастырылған немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлға «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Үлгі шарт бойынша Концессионерді айқындау жөніндегі конкурстың конкурстық құжаттамасында белгіленген конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.
138. Құқықты беру:
1) өтеулі немесе өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде басқа адамға құқықты ішінара немесе толық иеліктен айыру;
2) құқықты басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
3) банкроттылық кезінде конкурстық іс жүргізу процесінде құқығынан айыру;
4) құқыққа ақыны, оның ішінде кепілдік кезінде өндіріп алу жолымен жүзеге асырылады.
139. Барлық жағдайларда, Үлгі бойынша құқықтар мен міндеттерді басқа адамға/адамдарға беру Концеденттің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
140. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына Концессионер болып табылатын заңды тұлғаның акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын немесе акцияға айырбасталатын құнды қағаздарын айналымға бастапқы шығарылуы, оның ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыру Концендентті алдын ала хабардар ете отырып, жүзеге асырылады.
141. Үлгі шарт бойынша құқықты (оның бір бөлігін) кепілге беру Концеденттің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады. Үлгі шарт бойынша құқық кепілдік ретінде алынған кредитті Үлгі шартта көзделген мақсаттарға Концессионердің өзі немесе арнайы қаржы компаниясы пайдалануға тиіс.
142. Құқық ішінара басқа адамға берілген жағдайда Концессионер мен осындай адам құқықтарды бірлесіп жүзеге асыру және Үлгі келісімшарт бойынша міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Бірлескен қызмет туралы шарт немесе Концессионер мен үшінші тұлға арасындағы Үлгі шарт бойынша қызметі шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу туралы өзге де шарт Концедентпен келісіледі және Үлгі шарттың Тараптары үшін міндетті күші бар Үлгі келісімшартқа қосымша болып табылады.
143. Концессионер және Үлгі шарт бойынша құқық берілетін үшінші тұлға Үлгі келісімшарт бойынша ортақ жауапкершілікте болады.
144. Үлгі шартты тоқтату Үлгі шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді өзге тұлғаларға беру туралы мәмілелерді тоқтатуға негіз бола алады.
145. Құқықты беру бойынша барлық шығыстар, егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе, Концессионердің шығыстарына жатқызылады.
146. Үлгі шарт бойынша құқықты беру Үлгі шарттың 160-тармағына сәйкес Үлгі шартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеледі және осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген сәттен бастап жасалған болып есептеледі.
Концедент Үлгі шарт бойынша құқығын беруден бас тартуға құқылы.
147. Концессионер Концеденттің рұқсаты болмай тұрып жасаған Үлгі шарт бойынша құқықты беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де іс-қимылдар оларды жасасу сәтінен бастап жарамсыз деп саналады.
148. Үлгі шарттың 147-тармағында көрсетілген мәмілелерді жасасу туралы Концедентті оны жасасқаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етпеу мәмілелерді жарамсыз деп тануға негіз болады.
24. Қолданылатын құқық
149. Үлгі шарттың негізінде қол қойылған Үлгі шарт және басқа да мәмілелер үшін Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
150. Үлгі шарт бойынша құқықты беруге бағытталған мәмілелер бойынша құқықтар мен міндеттерге Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
151. Концессионер Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласында қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындау міндеттемесін өзіне қабылдайды.
152. Егер олар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға қайшы келмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қолданылады.
25. Дауларды шешу тәртібі
153. Үлгі шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
154. Егер Үлгі шартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар алты айдың ішінде келіссөздер арқылы шешілмейтін болса, онда Тараптар дауларды Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы.
26. Үлгі шарт тұрақтылығының кепілдіктері
155. Концессионерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құқықтарын қорғауға кепілдік беріледі.
156. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта өзгеше көзделмесе, Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және толықтыруға Тараптардың келісімі бойынша жол беріледі.
157. Егер ол осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалса және заңнамада нормативтік құқықтық актінің кері күші тікелей көзделмеген болса, Үлгі шарт бойынша Концессионердің кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін нашарлататын Қазақстан Республикасы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар Үлгі шартқа қолданылмайды.
158. Үлгі шарттың 159-тармағында белгіленген кепілдіктер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс қабілеттігі саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулықты сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.
(Табиғи монополиялар саласындағы концессиялық жобаны іске асыру кезінде енгізіледі)
159. Үлгі шарттың ______________ тармақтарында көзделген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібін регламенттейтін ережелер, заңнамада оның қолданысы бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады деп белгіленген жағдайлардан басқа кезде өз күшін сақтайды.
27. Үлгі шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату шарттары
160. Концедент және Концессионер өзара келісім бойынша Үлгі шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың шарттарын және ондағы бекітілген концессиялық жобаның бастапқы параметрлері мен сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтыруларды Үлгі шартқа жазбаша нысандағы қосымша келісімдер жасасу жолымен енгізуге құқығы бар.
Үлгі шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың шарттарына және ондағы бекітілген концессиялық жобаның бастапқы параметрлері мен сипаттамаларын өзгертетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу оларды Үлгі шарттың кіріспесінде көрсетілген Концессиялар жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
161. Үлгі шарт:
1) Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
2) Тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылған;
3) сот шешімі;
4) Концессионер таратылған;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
162. Концедент концессия объектісін ____________________________________________________________________________________
(құру/реконструкциялау және пайдалану - керегін көрсету)
ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, денсаулық сақтауға және адамгершілікке қауіп төндіретін, атап айтқанда:
____________________________________________________________________________________________________________________
(экономика саласына (аясына) байланысты жағдайлар көрсетіледі)
жағдайларда Үлгі шарттың талаптарын біржақты өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы шешім қабылдай алады.
163. Концедент осы тараудың 162-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, Концедент Концессионерге Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе оған толықтырулар енгізуге байланысты қосымша шығындарды өтейді, сондай-ақ, Үлгі шартты бұзу немесе талаптарын өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу Концессионердің дөрекі салғырттығынан не оның Үлгі шарт талаптарын бұзушылығынан туындаған жағдайдан басқа, Үлгі шартты бұзуға байланысты Концессионер шеккен залалдардың орнын толтырады.
164. Егер Тараптар концессия объектісін ______________________________________________________________________________ іске
(құруды/реконструкциялауды және пайдалануды - керегін көрсету)
асыру үшін мемлекеттің инфрақұрылымдық облигациялары бойынша кепілгерлігі таңдалса, онда инфрақұрылымдық облигациялар айналысының мерзімі ішінде облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соғуы мүмкін Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе оған толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
28. Үлгі шарт тілі
165. Үлгі шарт қазақ және Тараптар үшін қолайлы тілде, тең заңды күші бар ______________ түпнұсқа данада жасалды, олардың ішінде __________ данасы Концедент үшін және ______ данасы Концессионер үшін жасалды.
166. Үлгі шарттың мазмұнын айқындау және түсіндіру кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда __________________ тілдегі
(тілді көрсету)
мәтін нұсқасының күші басым.
167. Тараптар қазақ (немесе) орыс тілдері қарым-қатынас тілі ретінде қолданылады деп уағдаласады.
168. Үлгі шарт күшіне енген күннен бастап Үлгі шартты орындауға қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілінде жасалады.
29. Үлгі шарттың қолданылу мерзімі
169. Үлгі шарт тиісті тіркеу органында мемлекеттік тіркелген
сәттен бастап күшіне енеді және _________________________________________________________________________________ қолданылады.
(мерзімі концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
170. Концессия объектісін құру мерзімі 20__ жылғы «___» _______
171. ____________________________________________________________________________________________________________________
(моральдық жағынан ескірген және іс жүзінде тозған жабдықты
________________________________________________________________________________________________________________________
жаңғырту, жаңа, неғұрлым өнімді жабдықпен ауыстыру, өзге мүліктің
________________________________________________________________________________________________________________________
сипаттамалары мен пайдалану қасиеттерін жақсарту жөніндегі
________________________________________________________________________________________________________________________
іс-шараларды жүзеге асыру - керегін көрсету)
мерзімі 20__ жылғы «___» _______________
172. (Егер Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионердің объектіні пайдалану мерзімі 20__ жылғы «___» ________________ бастап 20__ жылғы «___» _______________ аралығында.
173. Концессионердің Концедентке тиесілі Үлгі шарттың 185-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды пайдалану мерзімі -
________________________________________________________________________________________________________________ құрайды.
(күн, ай, жыл - керегін көрсету)
30. Зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар
174. Концедентке Концессионер Үлгі шартты орындаған кезде өз есебінен алған зияткерлік қызметтің мынадай нәтижелеріне айрықша құқықтар тиесілі:
_________________________________________________________________________________________________________________________
(зияткерлік меншік объектілерінің атауы)
Зияткерлік қызметтің көрсетілген нәтижелеріне Концеденттің құқықтарын тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
_________________________________________________________________________________________________________________________
(Концедент немесе Концеденттен алынған өкілеттіктің негізінде
_________________________________________________________________________________________________________________________
Концессионер - керегін көрсету)
жүзеге асырады.
175. Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерін орындауы мақсатында Концедент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үлгі шарттың 173-тармағында көрсетілген мерзімге Үлгі шарттың 174-тармағында көзделген зияткерлік қызметтің нәтижелерін пайдалану құқықтарын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы шарт жасасады.
176. Үлгі шартты тоқтату Үлгі шарттың 175-тармағында көзделген зияткерлік қызметтің нәтижелерін пайдалану құқығын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы шартты тоқтату үшін негіз болып табылады.
177. Концессионер Үлгі шарттың 174-тармағында көрсетілген зияткерлік қызметтің нәтижесіне құқықты беру кезінде, ол зияткерлік қызмет нәтижелеріне барлық айрықша мүліктік құқықтың заңды құқық иеленушісі болып табылатынына, Концессионер үшінші тұлғалардың зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарға қатысты барлық өзара қарым-қатынастардың реттелгені және зияткерлік қызметтің нәтижелері үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтары мен талаптарынан бос екендігіне кепілдік береді. Концессионер зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтарға қатысты үшінші тұлғалардың барлық талаптары, наразылықтары мен даулары бойынша толық жауапкершілікте болады.
178. Концеденке зияткерлік қызметтің нәтижелерін берумен бір мезгілде Концедентке зияткерлік қызметтің нәтижелеріне меншік құқығы ауысады және оларды пайдаланудың айрықша мүлік құқықтары ауысады.
Концедент зияткерлік қызметтің нәтижелеріне билік етуге және оларды кез келген нысанда, кез келген тәсілмен және өзінің қалауы бойынша:
1) зияткерлік қызметтің нәтижелерін қалпына келтіруге (қалпына келтіру құқығы);
2) зияткерлік қызметтің нәтижелерін кез келген тәсілмен таратуға: сатуға, өзге де операцияларды жасауға (тарату құқығы);
3) зияткерлік қызметтің нәтижелерін жария көрсетуге (жария көрсету құқығы);
4) автормен жазбаша келісім бойынша зияткерлік қызметтің нәтижелеріне өзгерістер енгізуге, қайта жасау немесе басқа тәсілмен автормен жазбаша келісім бойынша коммерциялық орындылығы үшін зияткерлік қызметтің нәтижелерін қайта өңдеуге (өзгерту құқығы);
5) зияткерлік қызметтің нәтижелерін іс жүзінде сату, пайдалануға айрықша мүлік құқықтарын іске асыруға құқылы.
179. Үлгі шарттың 174-тармағында көзделмеген және Концессионерге тиесілі зияткерлік қызмет объектілерін пайдалану құқығын
Концедентке беру мынадай: ________________________________________________________________________________________________
(шарттарды көрсету)
шарттарға сәйкес келуге тиіс жекелеген шарттар мен келісімдердің негізінде жүзеге асырылады.
31. Сақтандыру
180. Тараптар сақтандыруға жататын тәуекелдерді айқындайды, оларды Концессионер заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандырады.
181. Сақтандыру мүліктік тәуекелдер және мыналарға:
1) құрылыс жүргізу орнына жеткізілетін жүктерді тасымалдауға және қоймаға орналастыруға;
2) жалға алынған немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлікті қоса алғанда, Концессионердің
_______________________________________________________________________________________________ пайдаланылатын мүлкіне;
(құрылыста, құрылыста және пайдалануда - керегін көрсету)
3) жерді қоса алғанда, қоршаған ортаны ластауға және қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның салдарларын жоюға арналған шығыстарға;
4) үшінші тұлғалар алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілікке байланысты жауапкершілік тәуекелдері үшін көзделеді.
182. Мемлекеттің қарыздар бойынша кепілгерлігін алуға үміткер Концессионердің осы Үлгі шартқа 18-қосымшада келтірілген мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарызды қайтаруды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуы тиіс.
183. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру компанияларын өзінің қалауы бойынша таңдайды.
32. Құпиялылық
184. Үлгі шарттың ережелері, Үлгі шартты орындау процесінде қандай да болмасын Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.
185. Тараптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпаратты беру;
2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілген жағдайда;
3) үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Үлгі шартта көзделген, Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионерге қызмет көрсететін осындай үшінші тұлғаға ақпарат берілген;
4) институционалдық инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны концессиялық жобада көзделген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионер концессиялық жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін институционалдық инвесторға ақпарат берілген жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
186. Концессия объектісін __________________________________________________________________________________________________
(құру, реконструкциялау, пайдалану - керегін көрсету)
жүргізуге жатқызылған барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша ________________________ жылға құпиялылықты сақтау мерзімі белгіленеді.
33. Еңсерілмеген күш мән-жайлары (форс-мажор)
187. Тараптар Үлгі шарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер осындай орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмеген күш мән-жайларынан туындаса, жауапкершілікте болмайды.
188. Еңсерілмеген күш мән-жайларына: мысалы, Үлгі шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен әскери жанжалдар, дүлей зілзалалар сияқты осындай мән-жайлар кезіндегі төтенше және күтпеген жағдайлар жатады. Келтірілген тізбе толық болып табылмайды. Осындай мән-жайларға, атап айтқанда, жұмыстарды орындау үшін қажетті көрсетілетін қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды.
189. Еңсерілмеген күш мән-жайлары туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күнін нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны табыстау не почта арқылы жіберу жолымен бес күн ішінде ол туралы екінші Тарапты хабардар етеді.
190. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарларын мейлінше азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
191. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған Үлгі шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтату кезінде осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажорды тоқтатқан сәттен бастап жаңартылады.
34. Қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі бойынша талаптар
192. Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Концессионер:
1) концессия объектісін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде концессия объектісін салуға тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға және олардың сақталуын бақылауға;
2) концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес концессия объектісінің жұмыс істеуі нәтижесінде атмосфераға шығарындылардың саны мен химиялық құрамы бойынша нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) жұмыстарды жүргізудің оң тәжірибесін басшылыққа ала отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ жеке меншікті жоюға қауіп төндіретін авариялар мен өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша қажетті барлық шараларды қолдану;
5) концессия объектісін пайдалану кезінде Концессионердің қызметімен экологияға келтірілген зиянды барынша азайтуға бағытталған экологияны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
193. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын болса, концессия объектілерін салу және/немесе реконструкциялау, пайдалану бойынша жұмыстар жүргізуге тыйым салынады.
194. Үлгі шарт бойынша жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша негізгі талаптар:
1) жұмыстарға арнаулы даярлығы және біліктілігі бар адамдарды, құрылыс жұмыстарына басшылық етуге арнайы білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес міндетті медициналық тексеруден өткен адамдарды жіберу;
2) құрылыс жұмыстарын істейтін адамдарды арнайы киімдермен, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік талаптары мен санитариялық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін машиналарды, жабдықтар мен заттарды қолдану;
4) жарылғыш заттар мен жарылу құралдарын есепке алу, тиісінше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
5) жұмыстардың технологиялық циклын қамтамасыз ету және қауіпті жағдайларды болжау үшін қажетті және жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және өзге де бақылаулар кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы айқындау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;
6) атмосферасының жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды жүйелі түрде бақылау;
7) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу аймақтарының шектерін нақтылайтын деректермен техникалық құжаттамалар мен аварияларды жою жоспарларын уақытылы толықтыру;
8) ғимараттарды әзірлеу және жабдықтаудың жобалау жүйелерін, жобалары мен технологиялық схемаларын сақтау болып табылады.
195. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда Концессионердің лауазымды тұлғалары жұмыстарды дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
196. Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда Концессионер бұл туралы жергілікті атқарушы органдарды дереу хабардар етуге міндетті.
197. Үлгі шарт бойынша қызмет әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, Концессионер жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша жұмыстарды бастауға құқылы емес. Қауіптің алдын алу үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде Концессионер Үлгі шарт бойынша қызметтерді халық қауіпті аймақтан көшірілгеннен кейін ғана қайта бастауға құқылы.
198. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Концессионер алдында шарттық міндеттемелер мен еңбек міндеттерін орындаумен байланысты, Концессионердің кінәсінан азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы төлейді.
199. Концессионер авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі іс-шаралардың бағдарламаларын әзірлеуге және оларды жобалау құжаттама құрамында бекітуге міндетті.
35. Қорытынды ережелер
200. Үлгі шартқа барлық қосымшалар мен толықтыруларға Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
201. Үлгі шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жай бойынша жіберіледі:
Концедент ____________________________________________________________________________________________________________
Концессионер _________________________________________________________________________________________________________
Үлгі шарттың талаптарын өзгертетін Үлгі шарт бойынша хат алмасудың заңды күші жоқ.
202. Тараптардың құқықтық мәртебесін не ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту Үлгі шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Үлгі шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқықтық мирасқорға көшеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан орнын және өзге де деректемелерінің өзгеруі туралы бірін-бірі жазбаша түрде күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге міндетті.