39. Концессионер осы Үлгі шартта белгіленген мерзімде концессия объектісін ______________________________________________________________
(құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау - керегін көрсету)
пайдалануға беру мүмкін болмаған Тараптарға тәуелді емес мән-жайларды анықтаған кезде Концессионер осы Үлгі шартты орындау бойынша Тараптардың кейінгі іс-қимылдарын келісу мақсатында көрсетілген жағдайлар туралы Концедентке дереу хабарлауға міндетті.
40. Концессионер қажет болған жағдайда, концессия объектісін құрудың/реконструкциялаудың барлық кезеңінде көлік құралдарының жүріп өтуін қамтамасыз ететін уақытша айналма жолды жоспарлауға, салуға және оған қызмет көрсетуге міндетті. Мұндай шығыстар концессия объектісін салу құнына жатады.
41. Концедент Үлгі шартқа 1, 3-қосымшаларда және Үлгі шарттың 34-тармағында көрсетілген, бірақ күтпеген мән-жағдайлар пайда болғанда талап етілетін бастапқы жобалау құжаттамасында көрсетілмеген қосымша жұмыстарды орындауды Концессионерге тапсыруға құқығы бар.
42. Концессионер ____________________________________________________________________________ күнде немесе Тараптардың Келісімі
(мерзімін көрсету)
бойынша басқа мерзімде Үлгі шарттың 41-тармағында көрсетілген жұмыстарды орындау шығыстарының сметасын, сондай-ақ қосымша жұмыстардың орындалу кестесін ұсынады. Бұл ретте, Концедент тиісті құжаттарды алған күннен бастап 20 күннен аспайтын қысқа мерзімде Концессионерге оларды бекіту немесе бас тарту туралы хабарлауға міндеттенеді. Қосымша жұмыстардың құны мынадай тәртіппен айқындалатын
болады: __________________________________________________________________________________________________________________
(тәртібін көрсету)
43. Концессионер, егер:
1) қосымша жұмыстар бастапқы жобалау құжаттамасы мен Үлгі шартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетілген талаптарға айтарлықтай өзгерістерге әкелмейтін болса;
2) қосымша жұмыстар концессия объектісін құру және/немесе
реконструкциялау шығындарының ____________________________________________________________________________ артық ұлғаюына,
(сомасын көрсету)
Үлгі шартқа сәйкес Концессионердің міндеттерін орындау мерзімінің ______________________ артуына әкелмесе, өз есебінен жоғарыда аталған
(мерзімін көрсету)
Концедентке қажетті, Үлгі шарттың 41-тармағында көрсетілген қосымша жұмыстарды орындауға міндетті.
44. Үлгі шарттың 41-тармағында көрсетілген жобалау кезінде жіберілген және Концессионер үшін __________________________ асатын сомаға
(сомасын көрсету)
қосымша шығындар алып келетін қателер мен жіберілген олқылықтар салдарынан пайда болмаған қосымша жұмыстар шығыстарын Концессионердің осы шығындарды төлеуге қаржы ресурстарын тарту мүмкіндігі болмаған жағдайда Концедент өтейді.
45. Үлгі шарттың 41-тармағында көрсетілген қосымша жұмыстарды орындау қаржылық-экономикалық жоспар көрсеткіштерін бұзатын болса (Үлгі шартқа 5-қосымша), Үлгі шарттың 118-тармағына сәйкес Тараптардың көрсеткіштерді қалпына келтіруге құқығы бар.
46. Концессионер жұмыскерлердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларға сәйкес қауіпсіздік бойынша жауапты жұмыскерді тағайындау және функцияларын атқаруы бойынша жауапкершілікте болады.
7. Концессия объектісін пайдалану
47. Концессия объектісін пайдалану мынадай құқықтық режим негізінде жүзеге асырылады: _____________________________________________
(керегін көрсету: сенімгерлік басқару,
___________________________________________________________________________________________________________________________
мүліктік жалдау, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау және басқа)
Концессия объектісін, өзге де мүлікті, сондай-ақ құрылуы Үлгі шарттың 6-тармағында қарастырылған объектілерді пайдалану тәртібінің ерекше шарттары, техникалық және өзге де сипаттамалары Үлгі шартқа 11-қосымшада көрсетілген.
48. Концессия объектісі ______________________________________________________________________________________________________
(мерзімін көрсету)
мерзімге пайдалануға беріледі.
49. (Концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі) Концессионер өзінің басқа мүлкінен оған пайдалануға берілген мүлікті жекешелейді.
50. (Концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі) Пайдалануға берілген мүлік Концессионердің жеке балансында көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізіледі.
51. ______________________________________________________________________________________________________ концессия объектісін
(Концедент/Концессионер)
пайдалану кезінде дербес және өз есебінен (керегі көрсетілсін):
1) мүліктің техникалық құрамын және сақталуын қамтамасыз етеді;
2) мүлікті ағымдағы жөндеуді жүзеге асырады;
3) инженерлік желілер мен электр жабдықтарын пайдалануды жүзеге асырады;
4) мүлікті пайдаланумен байланысты барлық төлемдерді жүргізеді;
5) қолданыстағы заңнамада белгіленген өртке қарсы, санитариялық және өзге да нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
52. Концессионердің концессия объектісін иеліктен шығаруға, оның мүлкін кепілге беруге, Концеденттің рұқсатынсыз қабырғаларды бұзуды немесе тұрғызуды, ғимараттың жоспарлануын өзгертуді, концессия объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуді қоса алғанда, мүлікке қандай да бір өзгеріс (ағымдағы және күрделі жөндеуден басқа) енгізуге
құқығы жоқ, сондай-ақ: __________________________________________________________________________________________ құқығы жоқ.
(қажетті шектеулерді көрсету)
53. (Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі.) Концессионер концессия объектісін концессия объектісінің бейініне сәйкес пайдаланады және мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
___________________________________________________________________________________________________________________________
(экономика саласына (аясына) байланысты барлық қызмет түрлері
___________________________________________________________________________________________________________________________
көрсетіледі (негізгі және өзге де қызмет)
54. Концессия объектісін пайдалану сапасының критерийлері:
___________________________________________________________________________________________________________________________
(критерийлерін көрсету)
___________________________________________________________________________________________________________________________.
55. Концессия объектісін пайдалану сапасын айқындау тәртібі:
___________________________________________________________________________________________________________________________
(концессия объектісін пайдалану сапасын айқындау тәртібін көрсету)
56. Концессия объектісін шектелген нысаналы пайдалану құқығы үшінші тұлғаларға мынадай тәртіппен беріледі:
___________________________________________________________________________________________________________________________
(үшінші тұлғаларды және концессия объектісін нысаналы пайдалану
___________________________________________________________________________________________________________________________.
тәртібін көрсету)
57. (Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі.) Концессионер Үлгі шарттың 53-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін
Концедент мынадай шаралар қабылдайды:
___________________________________________________________________________________________________________________________
(экономиканың тиісті саласында (аясында) қызмет түрлерін
Концессионердің
___________________________________________________________________________________________________________________________
жүзеге асыруына қойылатын талаптарына, сондай-ақ
___________________________________________________________________________________________________________________________
Концеденттің құзыретіне байланысты шаралар көрсетіледі)
58. (Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі.) Концессия объектісін шектелген нысаналы пайдалану құқығын ұсыну мақсатында Үлгі шарттың 56-тармағына сәйкес Концедент және Концессионер мынадай шаралар қабылдайды:
___________________________________________________________________________________________________________________________
(экономиканың тиісті саласында (аясында) Концессионердің қызмет
___________________________________________________________________________________________________________________________
түрлерін жүзеге асыруына қойылатын талаптарға, сондай-ақ Концедент
____________________________________________________________________________________________________________________________.
және Концессионердің құзыретіне байланысты шаралар көрсетіледі)
59. Негізделген қажеттілік болған кезде Концедент концессия объектісін пайдалану шарттарын түзету жүргізуді талап етуге құқылы.
Мұндай жағдайда Тараптар Концедент талаптарына жауап беретін концессия объектісін пайдалану бойынша шарттарға түзетулерді келісуге мінтеттенеді.
Концессия объектісін пайдалану бойынша шарттарды қайта қарау 6-қосымшада қарастырылған ТЭН-нің қаржылық-экономикалық жоспардың және 9-қосымшада қарастырылған инвестициялық бағдарламаның көрсеткіштерін бұзуға алып келетін болса, Тараптар оны Үлгі шарттың 120-тармағына сәйкес қайта қарауға құқылы.
8. Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін Концедентке немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға, оның ішінде концессия объектісін Концеденттің сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру
60. Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін Концедентке немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға мүліктік жалға (жалдауға) берудің жалпы шарттары:
_____________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________.
61. Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін Концеденттің сатып алуының жалпы шарттары:
_____________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________.
9. Салық салу
62. Концессионер Үлгі шарт бойынша қызметінің шеңберінде
мынадай салықтық міндеттемелерді атқарады: _____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________.
(керегін көрсету)
Үлгі шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттемелердің туындаған сәтіндегі қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Үлгі шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерді орындау Концессионерді Үлгі шарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттемелердің туындаған күніне қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
10. Концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғырту
63. Концессия объектісін пайдалануға бергеннен кейін әрбір ______________________ мерзімнің соңында Тараптар концессия объектісін
(мерзімін көрсету)
күрделі жөндеу, жаңғырту жүрзізу қажеттігіне, қызмет көрсету және күтіп-ұстау бойынша шарттарды өзгерту және тиісті шығындар қажеттілігі тұрғысынан концессия объектісін бағалауды орындайды.
64. Концессия объектісін оны пайдалану кезеңінде күрделі
жөндеуді: ____________________________________________________________________________________________ жүзеге асырады.
(Концедент /Концессионер)
65. ____________________________________________________________________________ пайдалану кезеңінде концессия объектісін
(Концедент/Концессионер)
жаңғыртуды объектіні жетілдіру, жаңарту, оны жаңа талаптар мен нормаларға, технологияларға, техникалық шарттарға, сапа көрсеткіштеріне сәйкес келтіру жолымен жүзеге асырады.
66. Концессия объектісі күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
___________________________________________________________________________________________________________________.
(керегін көрсету)
67. Концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғырту Концедентпен келісілген техникалық тапсырма мен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. Концессия объектісін күрделі жөндеуді және/немесе жаңғыртуды жүргізген кезеңде Концедентпен келісу немесе оның тапсырмасы бойынша концессия объектісін пайдалануды жүзеге асыру концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізу кезеңінде толығымен немесе ішінара тоқтатылуы мүмкін.
(Табиғи монополиялар салаларында концессиялық объектіні іске асыру кезінде енгізіледі)
Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғыртуды жүргізудің мерзімі мен қаржыландыру көздері 9-қосымшада келтірілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қолдау шаралары
68. Концессионерге Концедент мынадай мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады:
__________________________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік қолдау шараларының тізбесін
_________________________________________________________________________________________________________________.
және ұсыну тәртібін көрсету)
12. Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері
(бөлімде қажетті шарттар көрсетіледі)
69. Концессионердің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:
1) концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізу;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттен субсидиялар;
3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу;
4) экономиканың тиісті саласында (аясында) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстау шығындарының көлемі шегінде Концессионердің пайдалану шығындарын өтеу;
5) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асыруға сыйақы, сондай-ақ Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін пайдалану үшін жалға алу ақысын төлеу;
6) концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлем болып табылады.
70. Концессия объектісін құруға және/немесе реконструкциялауға жұмсалған инвестициялық шығындарды Концессионерге өтеу осы Үлгі шарт
бойынша _______________________________________________________________________________________________ аспауы қажет.
(сомасын көрсету)
Өтемақыны төлеу концессия объектісін пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
71. Концессионерге пайдалану шығындарын өтеу Үлгі шарт бойынша
_______________________________________________________________________________________________________ аспауы қажет.
(сомасын көрсету)
72. Концессия объектісін басқару үшін сыйақы
___________________________________________________________________________________________________________ құрайды.
(сомасын көрсету)
73. Концедент Коцессионерге концессия объектісін құруға және/немесе реконструкциялауға арналған инвестициялық шығындардың өтемақысын, пайдалану шығындарының өтемақысын және концессия объектісін басқару үшін сыйақыны, концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемді (керегін көрсету) мынадай тәртіппен және мерзімде:
__________________________________________________________________________________________________________________
(қажетті деректерді, соның ішінде есептеу және төлемдер мөлшерін
____________________________________________________________________________________________________________ төлейді.
өзгерту тәртібін көрсету)
74. Концессия объектісін құруға және/немесе реконструкциялауға арналған инвестициялық шығындардың өтемақысын, пайдалану шығындарының өтемақысын және сыйақыларды төлеу кезінде осы Үлгі шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген концессия объектісін құру (реконструкциялау) және пайдалану сапасының
критерийлері мынадай тәртіппен ________________________________________________________________________ есепке алынады.
(тәртібін көрсету)
75. Концессия объектісін пайдалануға бергенге дейін Үлгі шартты бұзған жағдайда, бұзу күніне нақты инвестициялық шығындардың өтемақысы мынадай тәртіппен және мөлшерде жүргізіледі:
_______________________________________________________________________________________________________________.
76. Осы Үлгі шарт бойынша қызметті жүзеге асыру нәтижесінде
алынған жылжымалы мүлік, өнім мен кірістер __________________________________________________________________ меншігі
(Концедент/Концессионер)
болып табылады.
77. Концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізу нәтижесінде
алынған пайда мынадай тәртіппен __________________________________________________________________________ бөлінеді.
(деректер, тұлғалар мен шығындар элементтері бойынша көрсетіледі)
78. Концессионер Концедентке концессия объектісін пайдаланғаны үшін төлемді мынадай тәртіппен және мөлшерде төлейді:
_______________________________________________________________________________________________________________
(қажетті деректерді, оның ішінде төлемді есептеу
_______________________________________________________________________________________________________________
және оның мөлшерінің өзгерту тәртібін көрсету)
13. Кадрларды оқыту
(Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, бөлім енгізіледі)
79. Кадрларды оқыту, біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
80. Концессионер жыл сайын кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын бекітеді және Концедентке ұсынады.
14. Жергілікті қамту
(Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, бөлім енгізіледі)
81. Кадрлардағы жергілікті қамту мыналарды құрауы тиіс:
1) бірінші санат - басқарушы құрам - _______________________ %;
2) екінші санат - жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар - __________________ %;
3) үшінші санат - білікті жұмысшылар - _____________________ %.
82. Жергілікті қамту:
1) Концессионер алатын (сатып алатын) жұмыстарда (көрсетілетін қызметтерде) - ______ %
2) Концессионер алатын (сатып алатын) тауарларда _____ % құрауы тиіс.
83. Жергілікті қамтуды есептеу Үлгі шартқа 12-қосымшада көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
15. Концессия объектісіне және өзге да жылжымайтын мүлікке меншік құқығы және оны беру тәртібі
84. Құрылған және пайдалануға берілген концессия объектісі мемлекеттік меншікке берілуге жатады.
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдауды және одан әрі мемлекеттік концессия объектісін Коцессионерге пайдалануға беруді (соңғысы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Концессионер концессия объектісін мемлекеттік меншікке ресімдеу кезінде және концессия объектісін пайдалануға беру кезеңінде концессия объектісін күтіп-ұстауды және сақтауды қамтамасыз ету міндетін қабылдайды.
85. Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған жылжымайтын мүлік
объектілер ____________________________________________________________________________________________________ меншігіне
(негіздемесі мен қабылдап алатын тұлғаны көрсету)
мынадай тәртіппен беруге жатады
______________________________________________________________________________________________________________________
(тәртібін, оның ішінде мүліктің құнын,
______________________________________________________________________________________________________________________
ауыртпалықтардың болуын айқындау тәртібін көрсету)
86. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, оны мерзімінен бұрын бұзғаннан кейін және Үлгі шартта көзделген өзге де жағдайларда Концессионер концессия объектісін және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Концедентке
береді, ал Концедент ____________________________________________________________________________ мерзім ішінде қабылдайды.
(мерзімін көрсету)
87. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, сондай-ақ концессия объектісін пайдалануға берген күннен кейін оны мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Концессионер Концедентке беретін концессия объектісі Үлгі шартқа 13-қосымшада көрсетілген жай-күйде болуға тиіс, оның бейініне сәйкес пайдалануға жарамды болуға және Үлгі шарттың 5-тармағында көрсетілген ауыртпалықтардан басқа оған үшінші тұлғалардың құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс.
88. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессия объектісін пайдалануға бергенге дейін Үлгі шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Концессионер Концедентке беретін концессия объектісіне Үлгі шарттың 5-тармағында көрсетілген ауыртпалықтардан басқа, үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс.
89. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер Үлгі шартқа 14-қосымшада көрсетілген жай-күйде және санда өзге мүлікті және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда, оны мерзімінен бұрын бұзғанда және
Үлгі шартта көзделген өзге де жағдайларда күннен ___________________________________________________________ күн аралығында
(мерзімін көрсету)
Концедентке қайтарады, ал Концедент қабылдайды.
Концессионер концессия объектісін, өзге мүлікті, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді Концедентке беруді Тараптар қол қоятын концессия объектілерін және/немесе өзге мүлікті қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады.
90. Концессия объектісінің, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілердің, құны мынадай тәртіппен айқындалады:
____________________________________________________________________________________________________________________
(тәртібін көрсету)
91. Концеденттің _____________________________________________________________________________________________________
(олар басталған жағдайда Концедент
____________________________________________________________________________________________________________________
қол қоюдан бас тартуға құқылы мән-жайларды көрсету)
жағдайда концессия объектісін, өзге мүлікті, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюдан бас тартуға құқығы бар.
92. Концедент Үлгі шарттың 91-тармағының негізінде көрсетілген объектілерді және/немесе өзге мүлікті қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда Концессионер Үлгі шарттың 91-тармағында көрсетілген мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндеттенеді.
16. Арнайы қаржылық компания
(Егер бұл концессиялық жобада көзделсе, бөлім енгізіледі)
93. Арнайы қаржылық компанияның жарғылық капиталына қатысу үлестері (акцияларға құқықтары)
__________________________________________________________________________________________________________________
(қатысушылар және жарғылық капиталдағы үлесінің
____________________________________________________________________________________________________________ тиесілі.
немесе акцияларға құқықтарының көлемін көрсету)
94. Арнайы қаржылық компания Үлгі шартты орындау мақсатында осы Үлгі шартта айқындалған мерзімге және шарттарға сәйкес құрылады.
Арнайы қаржылық компания Үлгі шарттан туындайтын міндеттемелерді орындауға Концессионермен ортақ толық жауапкершілікте болады. Концессионер Үлгі шарттың 142-тармағында белгіленген тәртіппен арнайы қаржылық компанияның ортақ жауапкершілігі туралы міндеттемелерді ресімдеуге міндетті.
95. Арнайы қаржылық компанияға, сондай-ақ Концедентке қатысты құрылтайшылардың қатынастары мен міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
96. Концессионер және арнайы қаржылық компания осы Үлгі шарт бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында талап етілетін концессиялық жобада көзделген техникалық, экономикалық және қаржылық сипаттағы сапа мен кепілдіктерді сақтауға міндетті.
97. Арнайы қаржылық компанияның жарғылық капиталындағы (акцияларға құқықтарындағы) үлестерін иеліктен шығару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүргізілуі мүмкін.
98. Концессионердің жарғылық капиталынан бір немесе бірнеше қатысушының шығуына немесе бір немесе бірнеше қатысушының келуіне алып келетін Концессионердің жарғылық капиталдағы (акцияларға құқықтарының) үлестерін иеліктен шығаруы Концедентті алдын ала хабардар ету арқылы жүргізіледі.
17. Концеденттің құқықтары мен міндеттері
99. Концедент:
1) Концессионермен Үлгі шарттың талаптары мен Үлгі шарттардағы кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы келіссөздер жүргізуге;
2) Концессионердің кінәсінен болған концессия объектісінің жай-күйі нашарлаған жағдайда, Концессионерден залалдарды өтеуді талап етуге;
3) Концессионердің жедел қызметіне және Үлгі шартты іске асыру барысына араласпай, ___________ күннен кешіктірмей берілген алдын ала хабарландырумен бірге жұмыс уақыты ішінде, тиісті бюджеттің немесе өзге де қаражаттың (алайда Концессионердің қаражаты емес) есебінен аудиторлық ұйымды, тәуелсіз консалтингтік ұйымды немесе тиісті мәселелер бойынша консультациялар жөніндегі қызметтерді көрсететін (жұмыстарды атқаратын) өзге де тұлғаны тарту жолымен Концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді, концессия объектісіне, өзге мүлікке, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерде кез келген бару кезінде Концессионер белгілеген қауіпсіздік шараларын осындай тұлғалардың сақтауы шартымен жүзеге асыруға;
4) Концессионердің Қазақстан Республикасының заңнамасын, Үлгі шарттың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және одан жіберілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
5) Үлгі шарттың ережелеріне сәйкес Концессионерден концессия объектісін, өзге мүлікті, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді құру, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалану туралы ақпаратты алуға, оның ішінде қаржылық есептілікпен танысуға;
6) Концессионердің Үлгі шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындағанын растайтын құжаттарды Концессионерден талап етуге және алуға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Үлгі шартта белгіленген рәсімге сәйкес Концессионер маңызды шарттарын бұзған жағдайда, Үлгі шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда Үлгі шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге;