36. Тараптардың орналасқан жері және банктік деректемелері
Концедент Концессионер
___________________ ______________________
___________________ ______________________
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Осы Үлгі шарт Концедент пен Концессионер арасында пайда болған өзара құқықты реттейді. Концедент, осы Үлгі шартты қолдана отырып, Концессионердің таңдауы бойынша конкурс қорытындылары негізінде өзінің концессия шартының соңғы жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте, осы Үлгі шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Концеденттің конкурстық құжаттамасына, Концессионердің конкурстық өтінімі мен конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс. Осы Үлгі шартта курсивпен бөлінген түсіндірмелерді Концедент толтыруы тиіс.
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
1-қосымша
Концессия объектісі
(Қосымшада құрылатын және/немесе реконструкцияланатын концессия объектісінің сипаттамасы, концессия объектісі мүлкінің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технологиялар мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
___________________ _______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
2-қосымша
Өзге мүлік
(Қосымшада өзге мүліктің құрамы және оның сипаттамасы, оның ішінде техникалық-экономикалық ерекшеліктері, берілетін мүліктің мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, Концессионердің өзге мүлікті иелену және пайдалану мерзімі туралы мәліметтерді қоса алғанда, өзге мүліктің құрамына кіретін объектілердің тізбесі егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
3-қосымша
Концессия объектісінің құрамына кірмейтін жылжымайтын мүлік объектілері
(Қосымшада мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, мүліктің болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технологиялар және технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, сипаттамасы, техникалық-экономикалық ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
4-қосымша
Концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесі
(Қосымшада Концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесі егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
5-қосымша
Қаржылық-экономикалық жоспар
(Қосымшада концессиялық жобаның өндірістік бағдарламасы, осы Шарттың 2-бөлімі 10-тармағының талаптарын ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
6-қосымша
Концессионер өндіретін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру және бекіту тәртібі
(Қосымшада концессиялық жобаның өніміне, жұмыстарына және көрсетілетін қызметтеріне баға белгілеу жүйесі егжей-тегжейлі көрсетіледі.
Табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асыру кезінде осы қосымша осы Шарттың 2-бөлімі 11-тармағының талаптарына сәйкес қалыптастырылады).
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
7-қосымша
Концессия объектісінің жер учаскесі
(Қосымшада концессия объектісін құру және пайдалану үшін қажетті жер учаскесінің сипаттамасы, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
8-қосымша
Концессия объектісі болып табылмайтын жылжымайтын мүлік объектілеріне арналған жер учаскесі
(Қосымшада Үлгі шарттың 6-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлікті құру және пайдалану үшін қажетті жер учаскесінің сипаттамасы, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
9-қосымша
Қаржыландыру көздері
(Қосымшада концессиялық жобаны қаржыландыру көздері, құрылымы, мерзімдері, кестелері мен шарттары, оның ішінде негізгі қорлардағы инвестициялар, сыртқы қаржыландыру шарттары, схемасы және қаржыландыруды ұйымдастыру егжей-тегжейлі көрсетіледі. Табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асыру кезінде осы қосымшада Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген және бекітілген табиғи монополиялар субъектінің инвестициялық бағдарламасы келтіріледі).
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
10-қосымша
Концессиялық жобаны басқарудың институционалдық схемасы
(Қосымшада концессиялық жобаны басқарудың институционалдық схемасы егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
___________________ ______________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
11-қосымша
Экономиканың әртүрлі салаларында концессия объектісін пайдалану
шарттары
(Қосымшада төменде көрсетілген шарттардан басқа, концессия объектісін пайдалануға қажетті өзге де шарттар егжей-тегжейлі көрсетіле алады)
1. Концессия объектісін жалдаудың жалпы шарттары
1. Концессия объектісін жалға беру қабылдап алу-тапсыру актісі (беру сәтіндегі концессия объектісінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) бойынша жүзеге асырылады, оған Концессионердің, баланс ұстаушының өкілдері қол қояды және Концедент бекітеді әрі ол осы Үлгі шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
2. Үлгі шартқа қол қою арқылы Концедент және жазбаша келісімімен баланс ұстаушы жалға берілетін концессия объектісінің беру сәтінде кепілдікке қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым салынбағандығын және Үлгі шарттың қолданылуы кезінде Үлгі шартқа қатысы жоқ үшінші тұлғалармен талап етілмейтіндігін куәландырады.
3. Үлгі шарт «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады және концессия объектісін жалдау жөніндегі шарттар осындай тіркеу сәтінен бастап күшіне енген деп есептеледі. Үлгі шартты мемлекеттік тіркеу Концессионердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Концессионер өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жалға алынған үй-жайлардағы техникалық құралдар мен инженерлік жабдықты дұрыс пайдалануға, сондай-ақ осы тармақта көзделген шарттардың тиісінше орындалмауының салдарына толық жауап береді.
5. Концеденттің:
1) баланс ұстаушымен келісім бойынша концессия объектісін, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге Концессионерге жазбаша рұқсат беруге;
2) жалдау ақысын аударудың уақыттылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыруға;
3) жалдау ақысының уақытылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептеуге;
4) концессия объектісінің нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.
6. Концессионердің:
1) жалдау ақысын аванспен төлеуге;
2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен концессия объектісін, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалдауға беруге рұқсат алу үшін Концедентке жүгінуге құқығы бар.
7. Концедент:
1) баланс ұстаушының концессия объектісін Концессионерге қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша беруін және шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оны бекітуді қамтамасыз етуге;
2) шартпен белгіленген тәртіппен Концессионердің концессия объектісін иеленуіне және пайдалануына кедергі келтірмеуге;
3) жалдау ақысының мөлшерін өзгерткен жағдайда, бұл туралы Концессионерді жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге;
4) Концессионерге жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін он күннен кешіктірмей мерзімі өткен жалдау төлемдері үшін өсімақылар мен айыппұлдар есептегені туралы хабарламаны жіберуге міндетті.
8. Концессионер:
1) ай сайын жалдау ақысын, сондай-ақ басқа жалдау төлемдерін (айыппұлдарды, өсімақыларды) төлеуге;
2) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлем тапсырмаларының (түбіртектердің) көшірмелерін ұсына отырып, тоқсан сайын Концедентпен есеп айырысуды салыстырып тексеруді жүргізуге;
3) қабылдап алынған концессия объектісін Үлгі шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;
4) концессия объектісін тиісті тәртіпте ұстауға, концессия объектісіне немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін іс-қимылдарды жасамауға;
5) концессия объектісін жарамды жай-күйде ұстауға, өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізуге және мүлікті ұстау бойынша шығыстарды көтеруге, сондай-ақ тараптармен келісілген мерзімдерде күрделі жөндеу жүргізуге;
6) концессия объектісінің жекелеген элементтері, инженерлік құрылғылар Концессионердің кінәсынан, сол сияқты табиғи тозуына байланысты болса да істен шыққан жағдайда, өз есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
7) Концеденттің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз концессия объектісін, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;
8) концессия объектісіне және концессия объектісі орналасқан жер учаскесіне Концедент, санитариялық қадағалау қызметтері және Қазақстан Республикасы заңнамасының және концессия объектісін пайдалану мен қолдану тәртібіне қатысты өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін кедергісіз жіберуге, олар белгілеген мерзімдерде тіркелген бұзушылықтарды жоюға;
9) Үлгі шарт бойынша өз құқықтарын бермеуге, оларды шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салмауға;
10) Үлгі шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл бұрын концессия объектісін жалдауды ұзарту ниеті туралы жазбаша өтініш беруге міндетті. Мұндай өтініштің болмауы Концедентке концессия объектісін басқа заңды немесе жеке тұлғаларға мүліктік жалға (жалдауға) беруіне негіз береді;
11) Үлгі шарт бұзылған немесе мерзімі аяқталған жағдайда, Концессионер мен баланс ұстаушының қолдары қойылған және Концедент бекіткен қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға күнтізбелік он күн ішінде концессия объектісін қайтаруды қамтамасыз етуге;
12) концессия объектісі Концессионердің кінәсы бойынша пайдалануға жарамсыз күйге келтірілген жағдайда, өз қаражатының есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға;
13) концессия объектісін жұмыс істемейтін немесе қанағаттанарлықсыз техникалық күйде (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда, шығынды өтеуге міндетті.
9. Концеденттің талабы бойынша мынадай:
1) егер Концессионер концессия объектісін Үлгі шарттың талаптарын елеулі бұза отырып, мұндай іс-қимылдарды тоқтату туралы Концеденттің жазбаша ескертуіне қарамастан, пайдаланған;
2) егер Концессионер Үлгі шарт бойынша берілген концессия объектісін мақсатқа сай пайдаланбаған;
3) егер Концессионер қасақана немесе байқаусызда концессия объектісін елеулі нашарлатқан;
4) егер Концессионер концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын Үлгі шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін екі реттен астам төлемеген;
5) егер Концессионер Үлгі шартта белгіленген мерзімде, ал олар шартта болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеті Концессионерге жүктелген жағдайларда ақылға қонымды мерзімде концессия объектісіне күрделі жөндеу жүргізбесе, Концедент Концессионерге өз міндеттемелерін ақылға қонымды мерзімде орындау мүмкіндігін бергеннен кейін ғана шартты мерзімінен бұрын жоюды талап етуге құқылы;
6) Концедент концессия объектісін алып қою туралы шешім қабылдаған;
7) баланс ұстаушы Концеденттің атына Үлгі шартты бұзу себептерін негіздей отырып жазбаша өтініш жасаған жағдайларда Үлгі шарт бұзылуы және концессия объектісі баланс ұстаушыға қайтарылуы мүмкін.
10. Шарт Концессионердің талабы бойынша мерзімінен бұрын мынадай:
1) баланс ұстаушы шарттың талаптарына немесе концессия объектісінің мәніне сәйкес Концессионердің пайдалануына концессия объектісін бермеген, не концессия объектісін пайдалануға кедергі жасаған;
2) концессия объектісінің баланс ұстаушысы Үлгі шартпен белгіленген мерзімде, ал олар Үлгі шартта болмаған жағдайда - оған жүктелген міндеттің ақылға қонымды мерзімінде концессия объектісін күрделі жөндеуді жүргізбеген;
3) Концессионерге берілген концессия объектісінің, Концедент Үлгі шартты жасасқан кезде айтпаған, Үлгі шартты жасасқан кезде Концессионерге алдын ала белгілі болмаған және концессия объектісін қарап тексерген немесе оның ақаусыздығын тексерген уақытта оның табуы мүмкін болмаған, пайдалануға кедергі жасайтын ақаулары болған;
4) егер концессия объектісі Концессионер жауап бермейтін мән-жайлар салдарынан пайдалануға жарамай қалған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
11. Егер Концессионер өз қаражаты есебінен және баланс ұстаушының келісімімен және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органдардың) жазбаша рұқсатымен концессия объектісі үшін зиянсыз ажыратылмайтын жақсартулар жүргізген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Концессионер Үлгі шарт тоқтатылғаннан кейін осы жақсартулардың құнын баланс ұстаушы арқылы өтеуге құқығы бар.
Концессионер жүргізген концессия объектісінің ажырайтын жақсартулары оның меншігі болып табылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Концедент пен баланс ұстаушының келісімінсіз Концессионер жасаған ажыратылмайтын жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.
12. Мүліктік жалға (жалдауға) тапсырғаны үшін жалдау ақысын есептеу концессия объектісін қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша концессия объектісін баланс ұстаушыға қайтару сәтіне дейін жүргізіледі. Концессионер мен баланс ұстаушы қол қойған және Концедент бекіткен қабылдап алу-тапсыру актісі мүліктік жалдың (жалдаудың) аяқталу фактісін растайтын құжат болып табылады.
2. Концессия объектісін сенімгерлік басқарудың жалпы шарттары
1. Концедент Концессионерге концессия объектісін сенімгерлік басқаруға береді, ал Концессионер осы Шарт бойынша пайда табушы болатын Концеденттің мүддесіне концессия объектісін басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді
2. Концессия объектісі Концессионерге Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сенімгерлік басқаруға беріледі.
3. Концессионер концессия объектісін сенімгерлік басқаруды иеліктен шығару және оны кепілге беру құқығынсыз жүзеге асырады.
4. Осы Шарт Концессионердің концессия объектісіне сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.
5. Концедент концессия объектісі Концессионерге берілген күні:
1) кепілде тұрмағанын;
2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/салынбағанын;
3) сатуға қойылмағанын растайды.
6. Концессия объектісін сенімгерлік басқаруға беру Концессионерге оның меншік құқығының өтуіне әкеп соқтырмайды.
7. Концессионердің концессия объектісін басқару бойынша құқықтары мен міндеттері концессия объектісі Концессионерге берілген сәттен басталады. Концессия объектісін беру (қабылдап алу-тапсыру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаларды енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін концессия объектісіне байланысты өзгесі) арқылы жүзеге асырылады.
8. Концеденттің:
1) жазбаша сұрау салу бойынша концессия объектісін басқару жөніндегі Концессионердің қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;
2) Концессионердің қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша Концессионердің міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде концессия объектісін басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу, Шарт бойынша міндеттемелерді орындау бойынша Концессионердің есебін тыңдау жолымен бақылауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де іс-қимылдарды жасауға құқығы бар.
9. Концессионердің:
1) Концедент мүддесінде Сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісіне қатысты заңды және іс жүзіндегі іс-қимылдарды жасауға;
2) концессия объектісін сенімгерлік басқару кезінде жүргізілген қажетті шығыстарды оған сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісінің мүлкін пайдаланудан түскен кірістер есебінен ғана өтеуге;
3) сыйақы беру құқығын қоспағанда, осы Шартта белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісін сатып алуға құқығы бар.
10. Концедент:
1) Концессионерге осы Шартта белгіленген мерзімде концессия объектісін беруге;
2) Концессионерге осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды беруге;
3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Концессионерді хабардар етпей, концессия объектісін сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;
4) концессия объектісін кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға, әрі осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғалар арқылы сатуға қоймауға міндетті.
11. Концессионер:
1) концессия объектісін тиімді басқаруды жүзеге асыруға;
2) концессия объектісінің сақталуын қамтамасыз етуге;
3) сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісімен өз атынан, бұл ретте Концессионер ретінде іс-қимыл жасап отырғанын көрсете отырып, мәмілелер жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;
5) осы Шартқа сәйкес Концессионердің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;
6) концессия объектісін іс жүзінде иеліктен шығаруға, оның ішінде оны кепілге беруге әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі іс-қимылдарды жасамауға;
7) Концедентке өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындардың орнын толтыруға;
8) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша іс-қимылдар нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;
9) Концедентке _________________________________________________________________________ өз қызметі туралы есеп беруге;
(ұсыну мерзімдері)
10) жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсыруды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;
11) осы Шарт тоқтатылған (шарттың мерзімі аяқталған, мерзімінен бұрын бұзылған) кезде концессия объектісін Концедентке беруге;
12) өзге міндеттерге (сенімгерлік басқаруға берілетін концессия объектілеріне байланысты) міндетті.
12. Концессионер концессия объектісін басқару кезінде ол Концеденттің мүддесіне, еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиян немесе залалды есепке алмағанда, келтірген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.
13. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
14. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Концедент жүзеге асырады.
Осы мақсатта Концедент басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Концессионер осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссияның өзі белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруге тиіс.
15. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
16. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы, ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, ол үшін осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.
3. Объектіні пайдалану кезіндегі бірлескен қызметтің жалпы шарттары
1. Үлгі шарттың Тараптары (серіктестер) мүлік пен күш-жігерді біріктіру негізінде мынадай _________________________________________
өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бірлесіп өндіру мен өткізуді ұйымдастыру саласында ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.
2. Серіктестердің бірлескен қызметі Үлгі шартқа 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын болады, онда тараптар кезеңдерді, мерзімдерді және басқа да шарттарды айқындайды.
3. Тараптар мынадай мөлшерде міндеттемелерді орындау бойынша шығыстарды өздеріне алады:
- 1-ші серіктес салым ретінде: ________________________ салады;
- 2-ші серіктес салым ретінде: ________________________ салады.
4. Тараптар арасындағы келісілген бағалау бойынша серіктестердің ортақ мүлкі __________ %, 2-нікі __________ % құрайды.
Тараптар ортақ мүліктегі үлестерге жалпы келісіммен ғана иелік етеді.
5. Ортақ мүлік 1-ші серіктестің жеке балансында ескеріледі, ақша салымдары есеп шотқа ақша аудару арқылы жүргізіледі.
6. Бірлескен қызмет нәтижесінде дайындалған өнімдер ___________ арқылы өткізіледі.
7. Өнімдерді өткізуден түскен табыстар, тараптар арасында серіктестіктер үлестеріне пропорционалды түрде бөлінеді.
8. Тараптар басқа тарап алдында олардың іс-қимылы үшін жауапкершілікті өздеріне ала отырып, өз міндеттемелерін орындауға үшінші тұлғаларды тарта алады.
9. Бірлескен істі жүргізуде құжаттарды ресімдеуді және жалпы басқаруды _____________________________________________________ өзіне алады.
10. Барлық серіктестердің келісімі мынадай мәселелерді:
____________________________________________________ шешу үшін қажет.
11. Тараптар бір-біріне, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті құжаттаманы қоса алғанда, техникалық және өзге де ақпаратты беруге міндеттенеді.
12. Серіктестер, құпия сипатының бар екендігі арнайы айтылған, алынған ақпараттарға, сондай-ақ білімге, тәжірибеге қатысты құпиялықты сақтауға міндеттенеді.
13. Бірлескен қызмет нәтижесінде пайда болған шығындарды бөлу серіктестер үлестеріне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
14. Үлгі шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған тарап, тез арада басқа тарапты бұл туралы хабардар етуге және бұзушылықты жою үшін оған байланыстының барлығын жасауға міндеттенеді.