8) Концессионердің Үлгі шарт бойынша маңызды міндеттерді тиісінше орындамаған жағдайда Үлгі шартта белгіленген шарттарда және тәртіппен шығындар үшін өтемақы алуға, сондай-ақ Үлгі шартқа сәйкес концессия объектісін пайдалану бойынша Концессионердің инвестициялық, пайдалану шығындарын өтеу және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау қорытындылары бойынша сыйақы бойынша төлемдер сомасын азайтуға;
9) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес Концессионердің өзіне қабылдаған концессиялық жобаны іске асыруға меншікті капитал салымы бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеруге;
10) заңнамаға және Үлгі шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
100. Концедент:
1) (концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионерге Үлгі шартты қолданудың барлық мерзіміне концессия объектісіне иелік ету және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ Концессионердің концессия объектісіне аталған құқықтарын растайтын құжаттарды белгіленген тәртіппен, концессия объектісіне мемлекеттік меншік құқығын тіркеуден кейін, егер мұндай тіркеу Үлгі шарт мерзімінің аяқталуына дейін туындайтын болса, уақытылы беруге;
2) заңнамаға және осы Үлгі шартқа сәйкес концессия объектісін құру және пайдалану мақсаттары үшін Концессионерге жер учаскелерін беруді қамтамасыз етуге;
3) объектіні құру және пайдалану мақсаттары үшін Концессионерге берілген жер учаскелерінде қауіпті материалдар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай материалдарды жою бойынша жәрдем көрсетуге;
4) концессия объектісін салу және пайдалану мақсаттары үшін инженерлік желілерді (энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау, телекоммуникациялар және т.б.) орнату, қосу және/немесе пайдалануға қолжетімділік бойынша жәрдем көрсетуге;
5) Үлгі шартта көзделген шарттарды сақтауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта белгіленген тәртіппен концессия объектісіне мемлекеттік меншік құқығын тіркеуді қамтамасыз етуге;
7) заңнамада және Үлгі шартта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;
8) мүмкіндік болған жағдайда, Концессионерге оның өтініші бойынша:
Концеденттің беру құқығы бар Үлгі шартқа қатысы бар, бірақ дайын түрде жоқ құқықтық актілердің көшірмелерін алу үшін өтінгенде;
және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті қандай да бір шешімдерді, лицензияларды немесе келісімдерді алу үшін өтінгенде жәрдемдесуге міндетті.
18. Концессионердің құқықтары мен міндеттері
101. Концессионер:
1) (концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) заңнамада және Үлгі шартта көзделген шарттарда концессия объектісіне қатысты иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;
2) концессия объектісін салу мен пайдалану үшін заңнамада және Үлгі шартта белгіленген тәртіппен берілген жер учаскескелеріне иелік ету мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;
3) Концедентпен келісу бойынша концессия объектісін салуды және/немесе пайдалануды қаржыландыру мақсатында қаржылық құралдарды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ концессия объектісін салу және пайдалану үшін қаржыландыруды алу мақсатында қарыз беруші ретінде шығуға;
4) (концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концедентпен келісу бойынша, егер бұл жобалау-сметалық құжаттамада белгіленген тәртіппен көзделсе, концессия объектісін бөліктер бойынша пайдалануға беруге;
5) Үлгі шарт пен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарттың орындалуына байланысты болған шығындардың өтемін алуға;
6) Үлгі шартта белгіленген рәсімге сәйкес Концедент ерекше шарттарды бұзған жағдайда Үлгі шартты бұзуды талап етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын инвестициялық преференциялардың субъектісі болуға;
8) Концедентпен келісу бойынша, концессия объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану бойынша жұмыстарды орындауға кез келген үшінші тұлғаларды тартуға, олардың іс-қимылына Үлгі шартқа сәйкес Концессионер толық жауапкершілікте болады;
9) концессия объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе осы Үлгі шарт бойынша оған ұсынылған құқықтар шеңберінде кез келген іс-қимыл жасауға;
10) Шартқа сәйкес концессия объектісін пайдалануға беруден Қазақстан Республикасының заңнамасына және Үлгі шартқа сәйкес табыстар алуға;
11) Концессионер ретінде өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға жүгінуге;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Үлгі шартқа сәйкес өзге да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
102. Концессионер:
1) Үлгі шартта белгіленген мерзімде концессия объектісін, сондай-ақ, жобалау құжаттамасына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау және пайдалану бойынша жұмыстарды өз есебінен, дербес немесе өзге де тұлғаларды (мердігерлік ұйымдар) тартумен орындауға және көрсетілген концессия объектісін құруды және/немесе реконструкциялауды және пайдалануды инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) пайдалану кезінде концессия объектісінің, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілердің бейінін сақтауға;
3) концессия объектісінің нысаналы бағытына сәйкес жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге;
4) концессия объектісін салуды және/немесе реконструкциялауды жүзеге асыру кезінде тиімді, сапалы әдістер мен технологияларды таңдауға және пайдалануға;
5) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау және пайдалану жөніндегі жұмыстар сапасын техникалық және авторлық қадағалау мен технологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етуге;
6) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау кезінде Концессионер көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін, оның ішінде уақытша айналма жолдар бойынша қамтамасыз етеді;
7) уәкілетті органдар қызметтік функцияларын орындауы кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына, Концедент пен оның өкілдеріне олардың Үлгі шарттың сақталуына бақылауды жүзеге асыруы кезінде, осындай тұлғалар кез келген уақытта объектіге келгенде Концессионер белгілеген қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда қажетті құжаттарды, ақпаратты және жұмыс орындарына кіруге рұқсат беру және осындай тұлғалар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды уақтылы, өз есебінен және өз күшімен жоюға;
8) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау және пайдалану кезінде, егер олар мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарға сәйкес келсе, Қазақстан Республикасында жасалған жабдықтар мен материалдарды басым тәртіппен қолдануға;
9) концессия объектісін салу және пайдалану кезінде, егер осындай мердігерлік ұйымдардың көрсететін қызметтері мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарды қанағаттандырған жағдайда, басым тәртіппен қазақстандық мердігерлік ұйымдарды тартуға;
10) концессия объектісін салу және пайдалану үшін жұмысшыларды жалдауды жүзеге асырған кезде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;
11) сапа және экологиялық қауіпсіздік менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізуді қамтамасыз етуге;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді уақтылы төлеуге;
13) өзінің қызметі процесінде концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау мен пайдалану үшін қолданылатын аумақта орналасқан мәдени-тарихи маңызы бар объектілерді, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді сақтауға;
14) Үлгі шарт бойынша Концессионер қызметінен жай-күйі бұзылған жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Үлгі шартқа сәйкес одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйге дейін қалпына келтіруге;
15) (егер бұл концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң, ол мерзімінен бұрын бұзылған және Шартта көзделген басқа да жағдайларда, белгіленген тәртіппен табиғи тозуын ескере отырып, техникалық жарамды қалпында концессия объектісін және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Концедентке беруге;
16) егер Тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, концессия объектісін тарату туралы шешім қабылданған жағдайда тарату рәсімдерінің басынан аяғына дейін концессия объектісі мүлігінің сақталуына жауапты болуға;
17) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
18) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау мен пайдалану кезінде қолданыстағы қазақстандық және халықаралық стандарттарды сақтауға;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес концессиялық жобаны іске асыруға тартылған қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
20) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес концессиялық жобаны іске асыру үшін меншікті капиталын салу бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға;
21) жыл сайын сатып алуды жүргізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей алдағы жылға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты сауданы және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органына белгіленген нысанда және мерзімде ұсынуға;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.
19. Археологиялық олжалар
103. Егер концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау жұмыстарын орындау кезінде археологиялық олжалар табылса, археологиялық қызығушылықты алдын ала тексеру мақсатында Концессионер жұмыстарды тоқтата тұрады және бұл туралы уәкілетті мемлекеттік органға және Концедентке дереу хабарлайды. Жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша рұқсаты бойынша ғана жалғастырылуы мүмкін. Олжалардың табылу себебі бойынша жұмыстардың тоқтатылуы форс-мажорлық мән-жайлар болып саналады.
104. Концессионер археологиялық олжаларға байланысты кідіртуді мүмкін болғанша қысқартуға міндетті. Осы мақсат үшін ол құзыретті органдармен неғұрлым қолайлы шешімдерді анықтау бойынша, сондай-ақ Концедент бекітетін олжаларды алу жоспарын және оны жаңа мерзімдерге сәйкес келтіру үшін концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесін өзгерту бойынша Концедентпен ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.
20. Концеденттің Үлгі шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
105. Концедент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Концессионердің Үлгі шарттың ережелерін орындауын, Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін, (Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) сондай-ақ концессия объектісін пайдалану бойынша міндеттемелердің Үлгі шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
106. Бақылаудың негізгі бағыттары:
1) концессия объектілерін пайдалану мен бейінін сақтаудың тиімділігі;
2) өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемін ұлғайту мен сапасын жақсарту;
3) қызметтің өзіндік құнын төмендету және кіріс бөлігін арттыру;
4) Үлгі шартта айқындалған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.
107. Концессионердің Үлгі шарттың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыратын Концеденттің уәкілетті органдарының өкілдеріне концессия объектісіне, сондай-ақ Үлгі шарт бойынша қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
108. Концессионер ______________________________________________________________________________________________________
(ай сайын, тоқсан сайын, әр жартыжылдықта, күн сайын - керегін көрсету)
Концедентке Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы есепті есептілік кезең аяқталған күннен бастап ______
күн ішінде ұсынады. Есеп мынадай деректерді қамтуы қажет
_______________________________________________________________________________________________________________________.
(Тараптармен келісілген деректер көрсетіледі)
109. Концессионер қызметін бақылау барысында Концессионердің Үлгі шарттың талаптарын орындауына елеулі әсер ететін бұзушылықты Концедент анықтаса, Концедент Концессионердің жіберілген бұзушылықтарын _________ күн ішінде жоюы туралы талабын жазбаша түрде жібереді.
110. Тараптар Үлгі шарт бойынша міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты бір-біріне уақтылы беруге және Үлгі шартта көзделген міндеттерді тиісінше орындауға ықпал етуі мүмкін елеулі оқиғалардың басталғаны туралы бір-біріне дереу хабарлауға міндетті.
111. Концессионер жыл сайын ______________________________________________________________________ кешіктірмей Концедентке
(мерзімін көрсету)
өзінің концессия объектісін басқару бойынша қызметі туралы есеп береді.
112. Концессионер жыл сайын сатып алуды өткізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органына белгіленген нысанда және мерзімде ұсынуға міндетті.
21. Тәуекелдерді бағалау және оларды басқару жөніндегі іс-шаралар
113. Конценсиялық жоба бойынша міндеттемелердің орындалмауы және қосымша шығындар тәуекелдерін Тараптар Үлгі шарт талаптарына және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көтереді.
114. Үлгі шарттың өзге бөлімдерінде белгіленген тәуекелдерді бөлуді ескере отырып, Тараптар тәуекелдерді былайша бөлу туралы шешімге келді:
_________________________________________________________________________________________________________________________.
(керегін көрсету)
115. Тәуекелдерді басқару мүмкіндігін бағалау Үлгі шартқа 15-қосымшада белгіленген тәртіппен тұрақсыздандыратын және қолайлы оқиғаларды талдау негізінде жүзеге асырылады.
116. Тұрақсыздандыратын оқиғалар мыналар болып табылады:
1) Концеденттің Үлгі шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы;
2) Үлгі шарттың 12-бөлімінде көзделген _____________________________________________________________ артық төлемдер мерзімін бұзу;
(мерзімін көрсету)
3) мемлекеттік органдардың тарапынан лицензиялар, аккредиттеу және Үлгі шартты орындау үшін қажет өзге де рұқсат беру құжаттарын беру бойынша белгіленген мерзімдердің бұзылуы;
4) заңнамаға және Үлгі шартқа сәйкес Концендент міндеттемелерін, формальдылық пен міндеттерін уақтылы орындау бойынша оң тарихы бола тұрып, Концеденттің немесе өзге де мемлекеттік органдардың іс-қимылы нәтижесінде Концендент осы Үлгі шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін орындай алмауы;
5) Үлгі шарттың 33-бөліміне сәйкес кез-келген еңсерілмес күш жағдаяттары (Концедент шығыны _____________________ асатын мөлшерде);
(сомасын көрсету)
6) Осы Үлгі шартты жасасқаннан кейін қолданысқа енгізілген: Үлгі шартта көзделген концессия объектісін құрудың және/немесе реконструкциялаудың мерзімдері мен шарттарына, концессия объектісін экономикалық басқаруға және оның функционалдылығына немесе инвестиция мен төлемдердің тетіктері мен шарттарына теріс әсер ететін;
Үлгі шарттың ережелеріне өзгерістер енгізу қажеттігін туындататын;
Концессионер үшін теріс болатын салықтық режимді өзгертуге әкелетін;
Үлгі шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерге, тауарларға, жұмыстарға қол жеткізуді ұсынудың көлеміне немесе орындау тәртібі мен ұсыну шарттарына әсер ететін;
Үлгі шартты жасасу сәтінде қолданылған бухгалтерлік қағидаттарды өзгертуге әкелетін немесе концессиялық жоба шеңберінде берілетін негізгі құралдарды амортизациялаудың, инвестицияларды есепке алудың жаңа тәртібін орнататын Қазақстан Республикасы заңнамасының кез келген ережесі;
7) Концессионердің кінәсінсіз болған, концессия объектісінің дайындығына теріс әсер ететін және концессия объектісін пайдалануға беруді кідірте алатын кез келген орындалу мерзімінің (______________) бұзылуы (қосымша маңызды жұмыстарды көрсету, мысалы: кіреберіс жолдары немесе жол желісін ұйымдастыру бойынша жұмыстар);
8) Үлгі шарттың 19-бөліміне сәйкес кез келген археологиялық олжа;
9) жобалық құжаттаманы бекіту мерзімінің бұзылуы немесе Концессионер кінәсінсіз болған ________________________________ астам күннің ішінде
(күндерін немесе айларын көрсету)
бекітпеуі;
10) Концессионер кінәсінсіз болған, концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау мерзімінің бұзылуы мен шығындардың
_________________________________________________________________________________________________________ сомаға ұлғайту;
(сомасы көрсетілсін)
11) Концессионер кінәсінсіз болған қажетті лицензияларды, рұқсаттарды жою немесе олардың күшін жою;
12) концессиялық жобаны сақтандыру бойынша шығындарды
_____________________________________________________________________________________________________ мөлшерінде ұлғайту;
(сомасын көрсету)
13) Үлгі шарттың 41-тармағына сәйкес қосымша жұмыстар;
14) (концессиялық жобаның ерекше сипаттамаларына байланысты басқа да ықтималды тұрақсыздандыратын оқиғаларды қосу).
117. Қолайлы оқиғалар мыналар болып табылады:
1) қаржы-экономикалық жоспарда көзделген деректерге қарағанда
осындай төмендету жалпы соманы _____________________________________________ артық болатын мөлшерде шығындарды төмендету;
2) жобалық құжаттамада көзделген деректерге қарағанда концессия объектісін құруға жұмсалған шығындарды төмендетуге әкелетін, осындай
төмендету жалпы сомадан _________________________________________________ артық болатын мөлшерде Концедент мақұлдаған техникалық және технологиялық өзгерістер;
3) концессия объектісін пайдалану бойынша шығындарды __________ астам сомаға төмендету;
4) теріс салдардың орнына оң нәтижеге және қаржы-экономикалық параметрлердің жақсаруына әкелетін тұрақсыздандыратын оқиғалар анықтамасында аталған кез келген оқиға немесе мән-жай;
5) (концессиялық жобаның ерекше сипаттамаларына байланысты басқа да мүмкін қолайлы оқиғаларды қосу).
118. Егер:
1) қолайлы оқиғаның; және/немесе
2) тұрақсыздандыратын оқиғаның салдарынан баланстың бұзылуы болса, Тараптар қаржы-экономикалық жоспарға сәйкес қаржылық балансты қалпына келтіруге құқылы.
119. Егер қандай да бір жағдай немесе Үлгі шарттың 116, 117-тармақтарында аталған мән-жайлардың бірі оң мағынадағы өзгерістерге әкелсе, балансты қалпына келтіру Концеденттің пайдасына жүргізіледі.
120. Қарсы Тарапқа қолайлы және/немесе тұрақсыздандыратын оқиғаның пайда болуы туралы растайтын құжатты берген сәттен бастап күнтізбелік ____________ күн мерзімінде Тараптар концессиялық жобаның қаржылық шарттарын тексеруді орындайды және қаржылық параметрлері баланстың бұзылуы туындаған күннің алдындағы күні болған деңгейіне қайтып келетіндей етіп қаржы-экономикалық жоспардың көрсеткіштерін қалпына келтіруді көздейтін шарттарды қайта қарау бойынша бірлескен, балама шешім қабылдайды:
1) Концедентке және/немесе Концессионерге сыйақыларды және өзге де төлемдерді ұлғайту немесе азайту;
2) Концедентке және/немесе Концессионерге өтемақы ретінде сомаларды (біржолғы төлем немесе мерзімдік сомалар) төлеу;
3) Үлгі шартты мерзімінен бұрын тоқтату немесе мерзімін ұзарту;
4) (басқа жағдайларды қосу).
22. Тараптардың жауапкершілігі
121. Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Үлгі шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
122. Тараптардың бірі жобалау құжаттамасының Үлгі шартта белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы заңнамасының, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуін анықтаған кезде осы сәйкессіздікті анықтаған Тарап екінші Тарапқа бұл туралы дереу ескертеді және Концеденттің шешімі негізінде жобалау құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізген сәтке дейін Концессионер объектілерді құру және/немесе реконструкциялау бойынша жұмыстарды тоқтата тұрады.
Жобалау құжаттамасының Үлгі шартта белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы заңнамасының, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде жобалау құжаттамасын әзірлеген ________________________________________________________________________ Үлгі шартқа 16-қосымшада
(Концессионер, Концедент - керегін көрсету)
көрсетілген тәртіппен және мөлшерде _________________________________________________________________________ алдында жауап береді.
(Концессионер, Концедент - керегін көрсету)
123. Концессионер Концеденттің алдында объектіні
______________________________________________________________________________________________________________ кезде Үлгі шартта
(салған, реконструкцияланған және пайдаланған - керегін көрсету)
белгіленген талаптарды, техникалық регламенттердің, жобалау құжаттамасының талаптарын, концессия объектінің сапасына қойылатын өзге де міндетті талаптарды бұзғаны үшін жауап береді.
124. Үлгі шартта көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, Концедент бұзушылықтар анықталған күннен бастап
____________________________________________________________________________________________________________________ күн ішінде
(күнтізбелік күндер саны, өзге мерзім - керегін көрсету)
Концессионерге жазбаша түрде Үлгі шарттың және/немесе талаптары бұзылған құжаттың тармағын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды өтеусіз жою, сондай-ақ Концессионердің бұзушылығынан туындаған залалды Концедентке өтеу талабын жібереді. Бұл ретте бұзушылықтарды
жою мерзімі __________________________________________________________________________________________________________ құрайды.
(күнтізбелік күндер саны, өзге мерзім - керегін көрсету)
125. Концессионер Концеденттің алдында концессия объектісін
___________________________________________________________________________ жөніндегі жұмыстардың сапасы үшін концессия объектісін
(салу және/немесе реконструкциялау - керегін көрсету)
Концедентке берген күннен бастап _________ жыл ішінде жауапты болады.
Концессия объектісінде Концессионердің концессия объектісін сапасыз __________ туындаған ақаулықтар анықталған кезде Концессионер (салуынан және/немесе реконструкциялауынан - керегін көрсету) Концеденттен анықталған ақаулар туралы хабарламаны алған күннен бастап _________ күннің ішінде не Тараптармен жазбаша келісілген өзге мерзімде мұндай ақауларды өз есебінен жояды.
126. Екінші Тараптың Үлгі шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан туындаған Тараптардың шығындарын өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
___________________________________________________________________________________________________________________________
(Тараптармен келісілген тәртіп көрсетіледі)
127. Концессионер Концедентке осы Үлгі шартта көзделген міндеттемелерді Концессионер орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері бұзылған жағдайда ___________________________________________________ түрінде тиісті бюджетке
(айыппұл, өсімақы - керегін көрсету)
тұрақсыздық айыбын төлейді.
128. Концедент міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзған жағдайда Концедент ____________________________________________________________________________________________________________________
(айыппұл, өсімақы - керегін көрсету)
түрінде Концессионерге тұрақсыздық айыбын төлейді.
129. Айыппұлдарды, өсімақыларды төлеу мөлшері, тәртібі мен мерзімі Үлгі шартқа 16-қосымшада көрсетілген.
130. Концессионер __________________________________________________________________________________________________________
(Үлгі шарттың күшіне енген, өзге - керегін көрсету)
күннен бастап ______________________________________________________________________________________________________________
(концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
мөлшерде Үлгі шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз
етуді мынадай нысандарда: ___________________________________________________________________________________________ ұсынады.
(концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
131. Екінші Тараптың Үлгі шарт бойынша өз міндеттерін бұзуы Үлгі шартта көзделген міндеттерді орындауға кедергі болған жағдайда, Тарап Үлгі шарт бойынша өз міндеттерін орындауды бастамауға немесе екінші Тарапты ол туралы дереу хабардар ете отырып, олардың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
132. (Егер концессиялық жоба көзделген болса, енгізіледі) Концессионер концессия объектісін пайдалану кезінде Концеденттің мүдделеріне тиісті қамқорлық көрсетпесе, оның табиғи тозуын, сондай-ақ жіберіп алған пайдасын ескере отырып, концессия объектісін сенімгерлік басқару кезінде жіберіп алған пайдасын және мүліктің жойылуынан немесе бүлінуінен болған шығындарды өтейді.
133. Егер Концессионер осы шығындар еңісерілмес күш салдарынан немесе Концеденттің іс-қимылынан пайда болғанын дәлелдей алмаса, келтірілген шығындар үшін жауапты болады.
134. (Егер концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі) Концессия объектісін басқаруға байланысты туындаған міндеттемелер бойынша борыштар Концессионердің мүлігі және оған тиісті төлемдер есебінен өтеледі.
135. (Егер концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі) Концессионер осы Үлгі шарттың тиісінше орындалмауына байланысты ықтимал шығындарды өтеуді қамтамасыз ету үшін Концедентке Үлгі шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Үлгі шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну шарттары Үлгі шартқа 17-қосымшада көрсетілген.