ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тұқымның егістік қасиеттеріне сертификаттар, себуге әзірленген тұқымды өңдеу жөнінде ұсыныстар алынды, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының орман қоры орман өрттерінен және заңсыз ағаш кесуден сақтап қалынды, Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің саны 25-ке дейінгі студенттердің орман шаруашылығын жүргізу жөнінде өндірістік тәжірибеден өтуі жүзеге асырылды, 171 гектар тұрақты орман тұқымы учаскелерін құру жөнінде алқаптар іріктеп алынды және ұсыныстар әзірленді; 622 гектар уақытша орман тұқымы учаскелері таңдап алынды; 7 гектар тұрақты орман тұқымы плантациялары отырғызылды; 100 гектар артықшылығы бар екпелер іріктеп алынды; 157 дана артықшылығы бар ағаштар іріктеп алынды; 9320 гектар алқапта генетикалық резерваттар бөлінді; 341 гектар тұрақты орман тұқымы базасының объектілері қорғалады және қамтамасыз етіледі; 671500 дана жақсартылған сападағы отырғызу материалдары өсіріледі;
2008 жылдың орман орналастыру шараларына дайындық жұмыстары жүргізілді: топокарталар, ішкі шаруашылық жер орналастыру жоспарлары, аудандық және облыстық карталар сатып алынды.
Далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілді: Алматы облысында - 706,8 мың гектар, Маңғыстау облысында - 242,4 мың гектар; тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша орман орналастыру жобаларының өндіріске енгізілуіне авторлық қадағалаулар мен тексерулер жүргізілді.
Орман мекемелерінде камералдық орман орналастыру жұмыстары жүргізілді: Павлодар облысында - 178,3 мың гектар: Максим-Горький - 27,6 мың гектар, Павлодар - 53,5 мың гектар, Өрлітөбе - 46,5 мың гектар және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде - 50,7 мың гектар; Ақмола облысында - 248,3 мың гектар, соның ішінде орман мекемелерінде:»Бұқпа»- 22,8 мың гектар, Бұланды - 48,0 мың гектар, Куйбышев - 47,8 мың гектар, Кіші-Тоқты - 19,6 мың гектар, Ұрымқай - 34,1 мың гектар және»Көкшетау»мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - 76,0 мың гектар.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жиынтық орман орналастыру жобасы жасалды.
Камералдық жұмыстар орындау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жетілдірілді.
Жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
2006 жылғы іздестіру бойынша камералдық жұмыстар: Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 90,3 мың гектар; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 50,7 мың гектар; Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының орман көмкермеген жерлері ормандануының және жабайы жемісті екпелерін қалпына келтірудің жұмыс жобасы - 2700 гектар; Солтүстік Қазақстан облысы Соколов орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 50 гектар; Алматы облысы Қаскелең орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 45 гектар; Ақмола облысы Көкшетау орман селекциялық орталығының ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жұмыс жобасы 192 гектар; жұмыс жобалардың сәулет-құрылыс мемлекеттік сараптамасын қамтамасыз ету, оның ішінде: Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының орман көмкермеген жерлері ормандануының және жабайы жемісті екпелерін қалпына келтірудің жұмыс жобасы - 1 дана, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 1 дана, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 1 дана, Солтүстік Қазақстан облысы Соколов орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 2 дана, Алматы облысы Қаскелең орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 2 дана, Ақмола облысы Көкшетау орман селекциялық орталығының ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жұмыс жобасы - 2 дана, Ақмола облысы Көкшетау орман селекциялық орталығын ұйымдастыру мен суландырудың жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу - 192 га; Ақмола облысы Көкшетау орман селекциялық орталығын ұйымдастыру мен суландырудың жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеудің сәулет-құрылыс сараптамасын қамтамасыз ету - 1 дана.
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары жүргізілді: Жамбыл облысы Байзақ орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 30 гектар, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 15 гектар, Қостанай облысы Затобол орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 50 гектар.
Астана қаласы мен оның қала шетіндегі аймағы жағдайында қаланы көгалдандыру мен сортаң және батпақты жерлерінде ағаш екпелерін құрудың тәсілдері мен технологияларын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағын кеңейту жөнінде табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленді; «Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының түзетілген табиғи-ғылыми және техника-экономикалық негіздемесі жасалды; орманды пайдалану ақысын есептеу ставкаларының әдістемесі әзірленді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ақысын есептеу ставкаларының әдістемесі әзірленді; орман қорына жыл сайынғы есеп жүргізілді, Іле-Алатауы, Баянауыл,»Алтын Емел,»Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтары аумағында туризм инфрақұрылымын дамытудың түзетілген техника-экономикалық негіздемесі жасалды; Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу үшін аз танылған сирек және бірегей өсімдіктер бірлестігі зерттелді; Қазақстанның оңтүстік-шығысында ителгінің таралымы қалпына келтірілді;»Жануарлар дүниесінің кадастры, мониторингі және есебі» автоматтандырылған бағдарламасын әзірлеуге техникалық тапсырма дайындау, жануарлар дүниесінің мониторингі мен есебі; 2008 жылы жануарлар дүниесі объектілерін алудың биологиялық негіздемесі жүргізілді; киіктер санының жай-күйі туралы есеп жүргізілді; сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлардың есебін және бақылауын (мониторингін) ұйымдастыру және таралымдардың жай-күйіне үнемі жедел баға беріп отыру жүргізілді.
«Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазақ мемлекеттік жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына берілген ғимаратқа ішінара күрделі жөндеу жүргізілді.
Жер бөлу, жобаны табиғи жағдайға алып шығу - 8000 гектар; 11 млн. дана отырғызу материалы өсірілді; 0,042 мың гектар орман тұқымы плантациялары құрылды; 9 тұқым ағаш тұқымдарын аудандастырудың бірінші кезеңі өткізілді; 5000 гектар орман дақылдары отырғызар алдында топырақ өңдеп отырғызылды; 5100 гектар бұрнағы жылдары отырғызылған орман дақылдарымен толықтырылды, 2,7 млн. дана отырғызу материалы сатып алынды; 19602,8 гектар екпелерге күтім жасалды; 33043 гектар орман екпелері қорғалды; 2008 - 2009 жылдары отырғызу үшін 15000 гектар жер дайындалды; 7700 гектар орман екпелеріне күтім және күтіп-баптау үшін кесу жасалды; жер пайдаланушылардың шығындары өтелді; техника жөнделді.
2006 жылғы іздестіру бойынша камералдық жобалау жұмыстары: Астана қаласының шетіндегі аймағының шегінде (оңтүстік бағыты) қорғаныштық және ландшафты-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 15000 гектар; Ақмола облысы Шортанды орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен оны суландырудың жұмыс жобасы 69 гектар; «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орман дақылдары тұқымы плантациясын суландырудың жұмыс жобасы - 155 гектар; Астана қаласының шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық және ландшафты-рекреациялық екпе ағаштар құрудың жұмыс жобасын табиғи жағдайға алып шығу (оңтүстік бағыт) - 15000 гектар; Астана қаласының шетіндегі аймағында қорғаныштық екпе ағаштар құрудың жұмыс жобалары бойынша сәулет-құрылыс мемлекеттік сараптамасын қамтамасыз ету (оңтүстік бағыты) - 2 дана; Ақмола облысы Шортанды орман питомнигінің және «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен оны суландырудың жұмыс жобасының сәулет-құрылыс мемлекеттік сараптамасы қамтамасыз етілді - 3 дана; Астана қаласының жасыл аймағын құрудың жұмыс жобасын авторлық қадағалау - 4 дана.
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары жүргізілді: Астана қаласының шетіндегі аймағында 2015 жылға дейінгі кезеңге 155 мың гектар ауданда екпе ағаштар құрудың техника-экономикалық негіздемесі - 155 гектар; Астана қаласының шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық және ландшафты-рекреациялық екпе ағаштар құрудың жұмыс жобасы (Солтүстік бағыт - 5000 гектар, Шығыс бағыт - 5000 гектар, және Оңтүстік-Шығыс бағыт - 5000 гектар) - 15000 гектар.»
«Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы 10 бірлік трактормен, 1 бірлік автобуспен, 2 бірлік өрт сөндіру машинасымен, 1 бірлік дискілі маламен, 8 бірлік мотоциклмен, 4 бірлік культиватормен, 2 бірлік отын автоқұйғышымен, 4 бірлік УАЗ автомашинасымен жарақтандырылды, ақпараттық және аппараттық жарақтандыру жүзеге асырылды және геодезиялық приборлар сатып алынды.
«Орман шаруашылығына қызмет көрсету және орманды авиациялық қорғау Қазақ базасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынмен 6 180 ұшу сағаты жүргізілді.
Түпкі нәтиже: орман питомнигінде стандартты отырғызу материалы алынды, орман қорының сақталуы қамтамасыз етілді, ормандарды молықтыру және орман өсіру алқаптары кеңейтілді, орман орналастыру жобалары, жобалық іздестірулер мен техника-экономикалық негіздемелер алынды, орман өрттері қамтыған алқаптар азайды, орман қорының бір жану алқабы 1 гектарға дейін қысқарды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 гектар уақытша орман тұқымдары учаскелерін құру 1252 теңге, 1 артықшылығы бар ағаш іріктеу - 5277 теңге, 1 га орман орналастыру жұмыстары 71,21 теңге, 1 га жобалық іздестіру 6446 теңге, 1 га жасыл аймақ құру бойынша жобалық іздестіру 1380 теңге, 1 га орман отырғызу 14725,8 теңге, 1 га орманды авиациямен күзету және аэрокөрілімдік орман-патологиялық бақылау 136,1 теңге (бір ұшу сағаты: МИ-8 МТВ - 214 мың теңге, МИ -8Т - 180 мың теңге, АН-2, А-22 - 55 мың теңге, ЯК-18, цесна - 50 теңге, МИ-2-61 - 88 мың теңге) құрайды.
Уақтылығы: өртке қарсы және ормандарды қалпына келтіру іс-шараларын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық жарақтандыру, орман тұқымы плантацияларында ағаш отырғызу және перспективалы нысандағы отырғызу материалын өсіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарын өртке қарсы жабдықтау жобаларын және республиканың орман күзеті мекемелерінде ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жобаларын әзірлеу, жобаларға сәйкес ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу, орман қорын күзету бойынша авиациялық жұмыстар туралы ережеге және ұшу жоспарына сәйкес авиациямен орман күзету жұмыстарын орындау.
Сапасы: келіп түскен бүкіл тұқым қорының тұқымын анализбен жүз пайыз қамту және оны сертификаттау, питомниктер мен орман дақылдарында отырғызу материалының шығымы нормативтеріне сәйкес тұқымның өсіп-өну пайызы, мұрагерлік сапасы жақсартылған отырғызу материалын алу, геоақпараттық жүйе технологияны қолдану арқылы орман орналастыру жұмыстарының құнын төмендету және бағдарламамен қамтамасыз етуді жетілдіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өртке қарсы құрылғысы үшін іздестіру жүргізу, көп жылғы деректермен салыстырғанда бір өрттің орташа алқабының артып кетуіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
132-ҚОСЫМША
212 ң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Балық ресурстарын мемлекеттік есепке алу және оның кадастры»
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 119500 мың теңге (бір жүз он тоғыз миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22, 47-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балық қорларын ұтымды пайдалану, балықтың құнды түрлерінің гендік қорын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: санының өсуіне мониторинг жүргізу, балықтың жай-күйін және кәсіпшілік балық табындары қорын бағалау; оларды тұрақты пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 037 | | Балық ресурстарын мемлекеттік есепке алу және оның кадастры | Кәсіпшілік аудандардың балық өнімділігін және халықаралық және республикалық маңызы бар ірі балық шаруашылықтарының жалпы рұқсат етілетін аулауды анықтау. Жергілікті маңызды резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жыл сайынғы жай-күйін бағалау. Шекаралас ағын сулардың режимін гидрологиялық талдау және олардың биоресурстарды қалыптастыруға әсерін анықтау. Каспий теңізіндегі балық қорларын мемлекетаралық зерттеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ауланған балық лимитін және квотасын анықтау үшін оңтайлы рұқсат етілетін балық аулауды (ОРБА) анықтау жөніндегі биологиялық негіздеме; Каспий теңізінің балық қорын зерттеу жөніндегі халықаралық экспедицияның есебі.
Түпкі нәтиже: халықаралық, республикалық және жергілікті маңызды резервтік қор су айдындарындағы судың биологиялық ресурстарын оңтайлы пайдалану және сақтау жөнінде басқарманың шешім қабылдауы үшін нұсқамалар беру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шекаралас және ішкі су айдындарынан оңтайлы рұқсат етілетін балық аулауды анықтау жөніндегі есеп құны 65 508,0 мың теңге, жергілікті маңызды резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жыл сайынғы жай-күйін бағалаудың есеп құны 25325,0 мың теңге, Каспий теңізінің су биоресурстарын мемлекетаралық зерттеу жөніндегі есеп құны 28 667,0 мың теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын ұтымды пайдалану үшін, Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі халықаралық Комиссиясының жыл сайынғы отырысына каспий жанындағы мемлекеттер арасындағы ауланған су биоресурстарының квоталары мен лимиттерін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланушылар арасындағы ауланған су биоресурстарының квоталарын бөлу үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жануарлар дүниесінің жай-күйін жыл сайын бағалау.
Сапасы: мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
133-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Балық ресурстарын молайту»
деген 038 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 737539 мың теңге (жеті жүз отыз жеті миллион бес жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы су айдындарында кәсіпшілік балық қорларын толықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жас балықтарды жасанды жолмен молайту; балықтардың мекендеуіне және табиғи өсіп өнуіне оңтайлы жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 038 | | Балық ресурстарын молайту | Құнды жас балық түрлерін өсіру (бекіре, тұқы, ақсаха, бір жылға дейінгі тұқы, екі жылдық тұқы) Атырау облысының Қиғаш өзені саласында түп тереңдету жұмыстарын жүргізу. Балық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын дамыту. | Ақпан -қараша | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының 35 су қоймаларына балық жіберілген; Қиғаш өзеніне жалпы ұзындығы 17 шақырымға балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарын жүргізу; Құнды жас балық түрлерін су қоймаларына жіберуді ұлғайту: бекірені (7 000 мың дана көлемінде), тұқы - 65 мың дана, ақсаха - 85 мың дана, бір жылға дейінгі тұқы - 33,9 мың дана, жылдық тұқы - 0,9 мың дана, екі жылдық тұқы - 2,22 мың дана; Атырау облысының Қиғаш өзенінен 575,7 мың текше метр тұнба шығару жолымен түбін тереңдету нәтижесінде балықтардың уылдырық шашу мен жайып семірту жерлеріне көшіп-қонуын қамтамасыз ету. Балық шаруашылығы кәсіпорындарының жұмыс тиімділігін арттыру үшін 4 бірлік арнайы автокөлік, 10 бірлік арнайы техника, 11 бірлік арнайы жабдықтар, 1 бірлік жүзу құралын сатып алу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының балық ресурстарын қалпына келтіру мен тұрақты пайдалану.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 дана жас бекірені өсірудің құны - 16,22 теңге, жылға дейінгі тұқы - 7,0 теңге, жылдық тұқы - 20,4 теңге, екі жылдық тұқы - 16,78 теңге, ақсаха құрты - 0,17 теңге, тұқы құрты - 0,12 теңге, Атырау облысының Қиғаш өзенінен 1 текше метр тұнба шығару құны - 411 теңге.
Уақтылығы: өсіру биотехникасының талаптарына сәйкес су қоймаларына құнды жас балық түрлерін жіберу; уылдырық шашу мен қайту уақыты есебін қоса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: 1 дана жас бекіренің салмағы - 3 гр., жылға дейінгі ақсаха - 25 гр., жылдық ақсаха - 30 гр., екі жылдық ақсаха - 150 гр., Атырау облысының Қиғаш өзеніндегі параметрлерінің техникалық жобамен сәйкестігі; сатып алынатын техниканың сапа сертификатының талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
134-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар дүниесін сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету»
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2863282 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз алпыс үш миллион екі жүз сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-15-баптары, 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы, «Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысы, «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысы, «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы, «Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 қаулысы, 2005-2007 жылдарға «Жасыл Ел» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін, биологиялық саналуандықты сақтау, қалпына келтіру және кеңейту, Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларының түрлері мен киіктерінің санын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін қорғау, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту, табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу және енгізу, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің кәсіпшілік санына қол жеткізу мақсатында олардың табиғи еркіндік жағдайында таралымдарын сақтау және биологиялық жағынан негіздей отырып жыл сайынғы өсімін ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 040 | | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар дүниесін сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар | Жалпы штат саны 2737 бірлік болатын 20 мемлекеттік мекемені, сонымен бірге: «Ертіс орманы» және «Семей орманы» 2 мемлекеттік табиғи орман резерватын, Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт 10 мемлекеттік табиғи қорықты; «Алтын Емел», Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, «Көкшетау», Сайрам-Өгем, Шарын 8 мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ұстау. Жаңа құрылған 2 мемлекеттік мекемені материалдық-техникалық жабдықтау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік мекемелері кадрларының біліктілігін арттыру. Өртке қарсы іс-шаралар жүргізу және ормандарды молықтыру. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына үй-жайлар мен құрылыстар сатып алу. Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватына орталық кеңсе, бақылау-өткізу пункті және стационарлық кардондар салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының Визит-орталық табиғат мұражайын күрделі жөндеу (18.03.2006 жылғы № 2-133/06 Мемлекеттік сараптама); Алматы мемлекеттік табиғи қорығының электр беру желісін күрделі жөндеу. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы мен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне материалдық емес активтер сатып алу. Ерекше қорғалатын 20 табиғи аумаққа жазғы және қысқы нысанды киім сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
3 | | 101 | Киіктерді, тұяқты жабайы жануарлардың құрып бара жатқан түрлерін сақтау және олардың санын қалпына келтіру | Республика аумағында төлдеу және басқа да маусымдық топталу орындарында киіктерді қорғау. Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғауды жүзеге асыру. Киіктердің қоныс аудару жолдарында, төлдеу, қыстау және басқа да мекендеу орындарында қасқырлар ату. Табиғи таралу аймақтары шегінде қарақұйрықты, арқарды жерсіндіру. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 3685611,8 гектар алқапта ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау және ұтымды пайдалану, өртке қарсы минералданған 35701 км алқапты құру және қарау, жүргізілген орман дақылдарын отырғызу жұмыстарының алқабы - 4573 гектар, ормандарды молықтыру алқабы - 5063 гектар.