Кірістерді төлейтін заңды және жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін жауапкершілікте болады.
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 25-тармақ жаңа редакцияда
25. Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны, (есептемегені) және аудармағаны үшін өсімақы төлеуді агенттер, кейін Орталық салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы үшін, Орталықтың төлем мақсатының коды «019» банктік шотына жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 2010 қаулысымен 26-тармақ өзгерді және толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
26. Төлеушiлер мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн өсiмақы төлеудi мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге арналған осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Агент банкке "төлем тағайындамасы" бағанында "кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы" деп және тағайындау кодын көрсете отырып, Орталықтың банктік шотына өсімақы сомасының аударылғандығы туралы қағазға шығарылған төлем тапсырмасын тапсырады.
Әрбір төлем тапсырмасы, оған қоса берілетін жеке тұлғалар тізімі даналарының саны, сондай-ақ оларды беру мен сақтаудың тәртібі мен мерзімдері осы Ереженің 2-тарауында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.
Агенттер өсімақыны уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 нысанында төлем парағын ресімдей отырып жүргізіледі.
27. Қызметкерлерінің саны елу адамнан асатын агент өсімақы төлеу кезінде банкке осы Ережелердің 9-тармағында сипатталған форматта қағаздағы және электрондық көздегі жеке тұлғалардың қоса беру арқылы төлем тапсырмасын ұсынады.
28. Төлем тапсырмасына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" бағанын қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу кезіндегі жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Ереженің 9-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсімақының тиісті сомасы көрсетіледі.
Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент олар үшін зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған салымшылар/алымшылар ғана көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 2010 қаулысымен 29-тармақ алынып тасталды
29. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
30. Банктер агенттер төлем тапсырмаларын көрсеткен кезде "төлем тағайындамасы" бағанында - "кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы" деп және "019" төлем тағайындамасы кодын көрсете отырып, жеке тұлғалардың тізімін қоса беріп, форматы МТ - 102 электрондық төлем тапсырмаларымен Орталықтың банктік шотына өсімақы аударады.
ҚР Үкіметінің 1.06.03 ж. № 561 қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
31. Орталық ақшаны жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына кешiктiрiлген әр күн үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде (төлеу күнiн қоса) өсiмақы төлейдi.
Орталық өсiмақы төлеу үшiн агенттiң төлем тапсырмасы негiзiнде әрбiр жеке тұлға бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде жеке тұлғалардың тiзiмдерi үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көзделген, деректемелері бар, "жарна сомасы" бағанын қоспай, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса отырып, форматы MT-102 электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тiзiмге сәйкес әрбiр жеке тұлға бойынша бөлiнген өсімақы сомасы көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
32. Жинақтаушы зейнетақы қорларының келіп түскен өсімақының сомаларынан комиссиялық сыйақы алуы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың негізіне сәйкес жүзеге асырылады.
33. Жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған өсімақыны жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына есептейді.
34. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілместен аударылған өсімақы агентке қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсімақының сомасы кешіктірілген күндердің санына өседі.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына
бақылау жасау
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
35. Міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытында аударылуына, сондай-ақ өсімақы мен айыппұлдардың төленуіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметі органдары жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 қаулысымен 35-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 185 қаулысымен 35-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 35-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-1. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек құралған кезде, салық органдары агенттерге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен Орталыққа аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны жібереді.
Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына:
осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін;
Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері қоса берілген салық органының инкассалық өкімінің негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 қаулысымен 35-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 35-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-2. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін алған кезде салық органы бенефициарды - Орталықты көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассалық өкімдерді ұсынады.
Агенттің банктік шотына теңгемен ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары теңгемен ұсынған инкассалық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютамен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 қаулысымен 35-3-тармақпен толықтырылды ; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
35-3. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттер жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған кезде және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде салық органдары агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Салық органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі мемлекет алдындағы салық міндеттерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-4-тармақпен толықтырылды
35-4. Агентте банктік шот болмаған жағдайда салық органы өндіріп алуды қолма-қол ақшаға айналдырады.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-5-тармақпен толықтырылды
35-5. Салық органының бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша (оның ішінде шетелдік валютада) көрсетілген қолма-қол ақшаны агенттен алып қоюы міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-6-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 қаулысымен 35-6-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
35-6. Қолма-қол ақшаны алып қою мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алып қою туралы актімен ресімделеді.
Сонымен бір мезгілде агент салық органы алып қойған қолма-қол ақша сомасының шегінде пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен салық органына ұсынады.
Міндетті зейнетақы жарналарын банктік шот ашпастан төлеген кезде банктердің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-7-тармақпен толықтырылды ; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 35-7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-7. Агенттен алып қойылған қолма-қол ақша алып қойылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды кейіннен Орталық тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуы үшін, салымшылардың (алушылардың) деректемелерін және олардың сомасын көрсете отырып, Орталыққа аудару үшін банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізуге жатады.
ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 36-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 36- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
36. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып облыстары, аудандары бойынша келіп түскен тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынады.
Мыналар жеке ұсынылады:
жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар банкке қолма-қол ақшамен енгізген, қате міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері:
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және/немесе жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.
Өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып, облыстар, аудандар бойынша қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күні ұсынады.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару
жөніндегі құжаттарды сақтаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен 6-бөліммен және 37-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 37-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
37. Заңды тұлғалар - агенттер ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, оның iшiнде қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердi электронды және қағаз таратқыштарда заңнамада белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.
Заңды тұлғаны - мiндеттi зейнетақы агентті таратқан кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа берiледi.
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса
есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды
Растау анықтамасы
__________________________________
(төлеушінің атауы)
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде салымшы
деректемелерінің мынадай төлем тапсырмаларында қателер
кеткенін растайды:
Төлем тапсыр- масының № | Төлем тапсыр- масының күні | Төлем тапсыр- масының жалпы сомасы | Салымшының жеке сомасы | Т.А.Ә және туған күні (салымшының дұрыс емес деректе- мелері) |
| | | | |
Жарамды деп есептелсін
ӘЖК_____________________
Т.А.Ә_____________________
Туған күні_____________________
Бірінші басшы _____________________ (Т.А.Ә)
(қолы)
Бас бухгалтер _____________________ (Т.А.Ә)
(қолы)
Мөр орны
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды
1-1-қосымша ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса
есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын
міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы
ХАБАРЛАМА
20__ж. "___" ________ №_________
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабына сәйкес___________________________ бойынша Салық комитеті
(облыс, қала, аудан)
Сізді_______________________________________________________________
(агенттің толық атауы немесе Т.А.Ә., СТН-і, мекен-жайы)
20__ж.____ __________________жағдай бойынша_________________________
____________________________________________________________________
(санмен және жазумен)
мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бары туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сіз_________________________________________
(облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитетіне осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін табыс етуіңіз қажет.
Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының
тізімдері табыс етілмеген жағдайда__________________________________
(облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитеті агенттің банк шотындағы (тарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Банктік шоттар болмаған жағдайда______________________________
(облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитеті агенттің қолма-қол ақшасын өндіріп алатын болады.
Бұл ретте Сізге аталған Заңның 22-4-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Салық комитетінің төрағасы__________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым___________________________________________
(агенттің Т.А.Ә., қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды________________________________
(салық қызметі органының
___________________________________________________________________
лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы (мөрі), күні)
Хабарлама агентке жіберілді________________________________________
(жіберу және алу фактісі туралы
растаушы құжат)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 15 наурыздағы № 245
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, аударудың және Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖы, 1997 ж., № 53, 485-құжат)
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы № 30 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы № 201 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1313 қаулысының 1-тармағы.