Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 және 2001 жылғы 22 жетоқсандағы № 1671 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 659 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) әлеуметтік төлемдер алушы ұсынған зейнетақы шартының көшірмесі негізінде жүзеге асырады.»;
3-1-тармақта:
екінші және үшінші абзацтардағы «бесі күнінен» және «бесінен» деген сөздер «он бесі күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «төлеуге міндетті» деген сөздердің алдынан»;»белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Орталық - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмейтін мерзімде;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Орталық - еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының жүз пайыздық мөлшерінің он пайызы мөлшерінде.»;
5-1-тармақта:
«11» деген сандардан кейін»(еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа)»деген сөздермен толықтырылсын;
«17),»деген сандардан кейін «20)»,»деген сандармен толықтырылсын;
«төлемдерден» деген сөзден кейін,», сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген болса, І және ІІ топтағы мүгедектерге еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару зейнетақы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына Орталықтың банктік шоты арқылы жүргізіледі.»;
12-тармақтың бірінші абзацында «төлем жүйесіндегі жұмыстар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен форматтарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы «қосымшаға сәйкес» деген сөздер «1-қосымшаға сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармақтағы «1,5 еселенген» деген сөздер «2,5 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-1, 35-2 және 35-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35-1. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек құралған кезде, салық органдары агенттерге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны жібереді.
Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына:
осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін;
әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тізімдерін ұсынады.
Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері қоса берілген салық органының инкассалық өкімінің негізінде жүргізіледі.
35-2. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін алған кезде салық органы түпкі алушы ретінде бенефициарды - жинақтаушы зейнетақы қорын және делдал банк ретінде Орталықты көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассалық өкімдерді ұсынады.
Агенттің банктік шотына теңгемен ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары теңгемен ұсынған инкассалық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютамен жүргізіледі.
35-3. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттер жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған кезде және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде салық органдары агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Салық органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі мемлекет алдындағы салық міндеттерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күнінен бастап күшіне енеді.»;
мынадай мазмұндағы 35-4, 35-5, 35-6 және 35-7-тармақтармен толықтырылсын:
«35-4. Агентте банктік шот болмаған жағдайда салық органы өндіріп алуды қолма-қол ақшаға айналдырады.
35-5. Салық органының бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша (оның ішінде шетелдік валютада) көрсетілген қолма-қол ақшаны агенттен алып қоюы міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады.
35-6. Қолма-қол ақшаны алып қою мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алып қою туралы актімен ресімделеді.
Алып қою туралы акті ресімделген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде агент салық органы алып қойған қолма-қол ақша сомасының шегінде пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен салық органына ұсынады.
Міндетті зейнетақы жарналарын банктік шот ашпастан төлеген кезде банктердің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
35-7. Агенттен алып қойылған қолма-қол ақша алып қойылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оларды кейіннен тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға жатады.»;
36-тармақта:
«агенттерді тіркеу» деген сөздер «өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналар жеке ұсынылады:
жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар банкке қолма-қол ақшамен енгізген, қате міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері:
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және/немесе жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып, облыстар, аудандар бойынша қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күні ұсынады.»;
Ереже осы қаулыға 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 47, 564-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса
есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
1-қосымша
Растау анықтамасы
__________________________________
(төлеушінің атауы)
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде салымшы
деректемелерінің мынадай төлем тапсырмаларында қателер
кеткенін растайды:
Төлем тапсыр- масының № | Төлем тапсыр- масының күні | Төлем тапсыр- масының жалпы сомасы | Салымшының жеке сомасы | Т.А.Ә және туған күні (салымшының дұрыс емес деректе- мелері) |
| | | | |
Жарамды деп есептелсін
ӘЖК_____________________
Т.А.Ә_____________________
Туған күні_____________________
Бірінші басшы _____________________ (Т.А.Ә)
(қолы)
Бас бухгалтер _____________________ (Т.А.Ә)
(қолы)
Мөр орны
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса
есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
2-қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын
міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы
ХАБАРЛАМА
20__ж. «___»________ №_________
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабына сәйкес___________________________ бойынша Салық комитеті
(облыс, қала, аудан)
Сізді_______________________________________________________________
(агенттің толық атауы немесе Т.А.Ә., СТН-і, мекен-жайы)
20__ж.____ __________________жағдай бойынша_________________________
____________________________________________________________________
(санмен және жазумен)
мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бары туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сіз_________________________________________
(облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитетіне осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін және әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорларының тізімдерін табыс етуіңіз қажет.
Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының
тізімдері табыс етілмеген жағдайда__________________________________
(облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитеті агенттің банк шотындағы (тарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Банктік шоттар болмаған жағдайда______________________________
(облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитеті агенттің қолма-қол ақшасын өндіріп алатын болады.
Бұл ретте Сізге аталған Заңның 22-4-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Салық комитетінің төрағасы__________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым___________________________________________
(агенттің Т.А.Ә., қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды________________________________
(салық қызметі органының
___________________________________________________________________
лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы (мөрі), күні)
Хабарлама агентке жіберілді________________________________________
(жіберу және алу фактісі туралы
растаушы құжат)