Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.06.30. № 659 қаулысымен енгізілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейiн «есептеудiң,»деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
тақырыбындағы «зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейiн «есептеудiң,»деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
«зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейiн «есептеудiң,»деген сөзбен толықтырылсын;
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар Жарлығына» деген сөздер «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне» (Салық кодексi)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейiн «есептеудiң,»деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы «заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар» деген сөздер «жеке кәсiпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустер» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар қызметкерлерге төленетiн табыстан мiндеттi зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуге және ұстап қалуға және оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына (қызметкер ұсынған зейнетақы шартының көшiрмесi негiзінде) аударуға міндетті.
Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар өздерi үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуге және оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға мiндеттi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 жылға жетпейтiн қызмет стажы бар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Ұстап қалынған мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына:
заңды тұлғалар (заңды тұлғалардан - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерден басқа) және жеке кәсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар жалдамалы қызметкерлерге төлейтін табысынан - есептіден кейiнгi айдың он бесi күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде;
жеке кәсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар өздерi үшiн - есептiден кейiнгi айдың он бесi күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде;
заңды тұлғалар - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары - Салық кодексiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;
арнаулы салық режимiн жеңiлдетiлген декларация негiзiнде қолданатын шағын бизнес субъектiлерi - есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесi күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде;
арнаулы салық режимiн патент негiзiнде қолданатын жеке кәсiпкерлер, - Салық кодексiнде патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде төлеуге мiндетті.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Банктерде шоттары жоқ жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен нотариустар міндетті зейнетақы жарналарын, оларды кейiннен осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген тәртiппен тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн банкке қолма-қол ақшамен салуға құқығы.»;
5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады:
заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегiн пайдаланатын жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар - материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған кiрiстi қоса алғанда, қызметкерге ақшалай немесе заттай түрде төлейтiн кiрiстiң, сондай-ақ бiржолғы төлемдер (еңбекақы төлеу бөлiгiнде) түрiнде төленетiн кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ заңнамалық кесiмде белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес;
жеке кәсiпкерлер өздерi үшiн - Салық кодексiне сәйкес белгiленетiн, салық салынатын кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ заңнамалық кесiмде белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес;
адвокаттар мен жеке нотариустар өздерi үшiн - Салық кодексiне сәйкес белгiленетiн кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ заңнамалық кесiмде белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес.
Шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер үшiн міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қолданылатын кірiстiң мөлшерi заңнамалық кесiмдерде белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiне теңестiріледi.
6. Салық кодексiнiң 144-бабының 1-тармағының 3), 10), 11), 15-17), 23, 25, 26, 27, 29, 34-тармақшаларында және 316-бабының 1-тармағының 4),
5) тармақшаларында белгiленген төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталмайды.»;
10-тармақтағы «заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар» деген сөздер «жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ алынып тасталсын;
16-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «салымшы/алушының» деген сөздерден кейiн «немесе жинақтаушы зейнетақы қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацтағы «қате жiберiлген төлем құжаттары мен жеке тұлғалардың тiзiмдерiнiң көшiрмесiн» деген сөздер «салымшы/алушының дұрыс және қате деректемелерi мен осы салымшы/алушының бұрын аударылған зейнетақы жарналарының барлық сомаларын төлем тапсырысының деректемелерiне (нөмiрi, күнi, жалпы сомасы мен салымшы/алушының жеке сомасы) сiлтеме жасап көрсете отырып, осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама-растаманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және 37-тармақпен толықтырылсын:
«6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару жөніндегі құжаттарды сақтаудың тәртібі
37. Заңды тұлғалар - мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiлер ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, оның iшiнде қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердi электронды және қағаз таратқыштарда заңнамада белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.
Заңды тұлғаны - мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiнi таратқан кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа берiледi.».
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1671 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.06.30. № 659 қаулысымен алынып тасталды