Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 2010 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. «Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғалар қызметкерлердiң оларға еңбекақы түрiнде төленуге жататын кiрiстерiнен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мөлшерде ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалуға және оларды табыстарды төлеумен бiр мезгiлде жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға мiндеттi.
Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын, жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке тұлғалар, осындай қызметкерлердiң оларға еңбекақы түрiнде төленуге жататын кiрiстерiнен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мөлшерде ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарынан ұстап қалуға және оларды кiрiстердi төлеумен бiр мезгiлде жинақтаушы зейнетақы қорларына енгiзуге мiндеттi. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мүлiктен түсетiн кiрiстi және салық заңдарына сәйкес ұсталынып қалуға тиiстi шығыстарды алып тастағанда, айлық жиынтық кiрiсiнен өзi үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын аяқталған айдан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.»
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың мөлшерi мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың тәртібі.»;
5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлеушiлер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын мынадай ставкалар бойынша ұстап қалады:
заңды тұлғалар - әр қызметкердiң зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын кiрiсiнен он процент мөлшерiнде, 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша он жылдан кем әскери қызмет, iшкi iстер органдарындағы қызмет стажы бар әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн зейнетақы мен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн айлық ақшалай үлестiң жиырма процентi мөлшерiнде;
заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын, жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке тұлғалар - осындай әрбiр қызметкердiң зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын кiрiсiнен он процент мөлшерiнде, бiрақ заң актiсiмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң он процентiнен кем емес;
заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өздерi үшiн зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын кiрiсiнен он процент мөлшерiнде, бiрақ заң актiсiмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң он процентiнен кем емес;
6. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын:
жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар - жалақының барлық түрлерiн, сондай-ақ түрлi сыйлықақыларды, тоқтап тұрған уақытқа төлеудi, науқастану парағына төлеудi қоса алғанда қосымша ақыларды, үстеме ақыларды қоса есептегенде қызметкерлерге еңбекақы түрiнде төленетiн кiрiстерден;
заңды тұлғалар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мөлшерi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай үлестен;
заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзi үшiн мүлiктен түсетiн кiрiстi және салық заңдарына сәйкес шегеруге қабылданған шығыстарды шығарып тастағанда, айлық жиынтық кiрiстен ұстап қалады»;
9-тармақтың бесiншi абзацындағы «жүргiзiледi» деген сөздiң алдынан «әр ай үшiн жеке» деген сөздермен толықтырылсын»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорына өз қызметкерлерiнiң кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары сомаларын аударған (банкке қолма-қол енгiзген) кезде төлем құжаттарында тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларының деректемелерiн, ал олармен қоса берiлетiн тiзiмдерде қызметкерлерге тағайындалған әлеуметтiк дербес кодтарды, олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы-күнiн, жарнаның сомасын және мiндеттi зейнетақы жарнасы төленiп отырған кезеңдi (ай, жыл) көрсетуi тиiс. Егер тегi, аты немесе әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жаңасымен бiр уақытта әлеуметтiк дербес кодты беру үшiн тiркеу кәртiшкесiне енгiзiлген бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзi үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын банкке аудару немесе төлеу кезiнде төлем құжаттарын өзi туралы ғана мәлiметтердi көрсете отырып толтырады»;
11-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «Төлемдердiң мына түрлерiне» деген сөздер «Төлемдердiң мына түрлерiнен ұсталады» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзац алынып тасталсын;
21-тармақта:
«бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақта:
бiрiншi абзацтағы бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлеушiлер мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн өсiмақы төлеудi мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге арналған осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Төлеушілер өсімақыны уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 нысанында төлем парағын ресімдей отырып жүргізіледі.»;
29-тармақ алынып тасталсын;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Төлеушілердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін төлеушілерді тіркеу облыстары, аудандары бойынша келіп түскен тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне ұсынады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі