«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі»
акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 Қаулысы
(2006.30.06. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 20 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) Директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
2) бір ай мерзімде «Самұрық» холдингі» АҚ-ның тәуелсіз директоры лауазымына екінші кандидатура бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 7 сәуірдегi
№ 257 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 603 қаулысымен қосымша толықтырылды
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегi
қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының
Директорлар кеңесінің құрамы
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға |
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi |
Елемесов Асқар Раушанұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- министрi |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының атқарушы директорының міндетін атқарушы (келісімі бойынша) |
Павлов Александр Сергеевич | - «Самұрық» мемлекеттік активтердi басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры (келісімі бойынша) |