3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балық қорларын ұтымды пайдалану, балықтың құнды түрлерінің гендік қорын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санының өсуіне мониторинг жүргізу, балықтың жай-күйін және кәсіпшілік балық табындары қорын бағалау; оларды тұрақты пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Балықты жіберу мен жерсіндіру схемасын әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 037 | | Балық ресурс- тарын мемле- кеттік есепке алу және оның кадастры | Кәсіпшілік аудандардың балық өнімділігі мен халықаралық және республикалық маңызды ірі балық шаруашылығы су қоймаларынан жалпы аулау рұқсаттамасын анықтау. Кәсіптік балық табындары қорының жай-күйін бағалау негізінде облыстық маңыздағы (Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары) су қоймаларынан жалпы аулау рұқсаттамасын анықтау. Шекаралас ағын сулардың режимін гидрологиялық талдау және олардың биоресурстарды қалыптастыруға әсерін анықтау. Су қоймаларына балықты жіберу мен жерсіндірудің республикалық схемасын әзірлеу. Каспий теңізіндегі балық қорын мемлекет- аралық зерттеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігіның Балық шаруа- шылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: шекаралас және ішкі су қоймаларынан аулаудың тиімді рұқсаттамасын анықтау жөніндегі есебі; Қазақстан Республикасы балық кәсіпшілігінің барлық су қоймаларына 100%-дық жерсіндіру схемасы, Каспий теңізінің балық қорын зерттеу жөніндегі халықаралық экспедицияның есебі.
Соңғы нәтиже: балық ресурстарын сақтау мақсатында ішкі су қоймалары мен Каспий теңізінің оңтайлы қолдану және кәсіптік балық қорын сақтау жөніндегі ұсыныстар әзірленген.
Қаржы-экономикалық нәтиже: шекаралас және ішкі су қоймаларынан аулаудың тиімді рұқсаттамасын анықтау жөніндегі есебінің құны 104886 мың теңге, Қазақстан Республикасы балық кәсіпшілігінің су қоймаларын жерсіндіру схемасының құны 6724 мың теңге, Каспий теңізінің балық қорын зерттеу жөніндегі мемлекетаралық зерттеу жөніндегі есебінің құны 20000 мың теңге.
Уақтылығы: Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі халықаралық Комиссиясының жыл сайынғы отырысына каспий жанындағы мемлекеттердің балық ресурстарын пайдаланудың оңтайлы негіздемесін және жануарлар дүниесін пайдаланушылар арасындағы балық аулаудың жыл сайынғы лимиттер мен квоталарын бөлу үшін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жануарлар дүниесінің жай-күйін жыл сайын бағалау.
Сапасы: ғылыми кеңестің дұрыс қорытындысының бар болуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
114-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Балық ресурстарын молайту»
деген 038 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 623187 мың теңге (алты жүз жиырма үш миллион бір жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы; 2003 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1344 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы су тоғандарында кәсіпшілік балық қорларын толықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жас балықтарды жасанды жолмен өндіру; балықтардың тиімді мекендеуіне және табиғи өсіп өнуіне жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 038 | | Балық ресурс- тарын молайту | Құнды жас балық түрлерін өсіру (бекіре, тұқы, ақсаха және өсімдікқоректі). Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерi сағаларында түп тереңдету жұмыстарын жүргізу. Балық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың материальдық- техникалық базасын дамыту. | Ақпан- қараша | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігіның Балық шаруа- шылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: Қазақстан Республикасының 35 су қоймаларына балық жіберілген; Орал және Қиғаш өзендерінің балық жолы каналдарына балық өсіру-мелиорациялық жұмыстары 10,9 шақырымға жүргізілген; Құнды жас балық түрлерін су қоймаларына жіберуді ұлғайту: бекірені - 4,5%-ға (7000 мың дана көлемінде), тұқы, ақсақа және өсімдікқоректі - 36,6%-ға (187020 мың дана көлемінде); Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерін 535,3 мың текше метр тұнба шығару жолымен балық жолы каналдары түбін тереңдету нәтижесінде балықтардың уылдырық шашу мен жайып семірту жерлеріне көшіп-қонуын қамтамасыз ету. Балық шаруашылығы кәсіпорындары жұмысының тиімділігін арттыру үшін 5 бірлік арнайы автокөлік, 4 бірлік арнайы техника сатып алынған.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының балық ресурстарын қалпына келтіру мен тұрақты пайдалану.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 дана жас бекірені өсірудің құны - 13,43 теңге, жылға дейінгі тұқы және өсімдікқоректі - 5,95 теңге, жылдық тұқы және өсімдікқоректі - 19,64 теңге, екі жылдық тұқы және өсімдікқоректі- 13,60 теңге, ақсаха құрты - 0,15 теңге, тұқы құрты - 0,05 теңге, Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерін 1 текше метр тұнба шығару құны - 410,98 теңге.
Уақтылығы: өсіру биотехникасының талаптарына сәйкес су қоймаларына құнды жас балық түрлерін жіберу; уылдырық шашу мен қайту уақыты есебін қоса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: 1 дана жас бекіренің салмағы - 3 г., жылға дейінгі ақсаха және өсімдікқоректі - 25 г., жылдық ақсаха және өсімдікқоректі - 30 г., екі жылдық ақсаха - 150 г., Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерінің балық жолы каналдары параметрлерінің техникалық жобамен сәйкестігі; сатып алынатын техниканың сапа сертификатының талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
115-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар
дүниесін сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету»
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2272814 мың теңге (екі миллиард екі жүз жетпіс екі миллион сегіз жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабы; 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-15-баптары; «Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 қаулысы; «2005-2007 жылдарға «Жасыл ел» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін, биологиялық саналуандықты сақтау, қалпына келтіру және кеңейту, Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларының түрлері мен киіктерінің санын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін қорғау, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту, табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу және енгізу, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің кәсіпшілік санына қол жеткізу мақсатында олардың табиғи еркіндік жағдайында таралымдарын сақтау және биологиялық жағынан негіздей отырып жыл сайынғы өсімін ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 040 | | Ерекше қорға- латын табиғи аумақ- тарды және жануарлардүниесін сақтау мен дамытуды қамта- масыз ету | | | |
2 | | 100 | Ерекше қорға- латын табиғи аумақтар | Жалпы штат саны 2737 бірлік болатын "Ертіс орманы" және "Семей орманы" - 2 мемлекеттік табиғи орман резерватын; Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Yстірт - 10 мемлекеттік табиғи қорығын; "Алтын Емел", Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, "Көкшетау", Сайрам-Өгем және "Шарын" 8 мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ұстау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік мекемелерi кадрларының біліктілігін арттыру. Өртке қарсы іс-шаралар жүргізу және ормандарды молықтыру. "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты үшін үй-жайлар мен құрылыстар: Морозов филиалы үшін жанар-жағармай материалдарын сақтайтын қойма, Соснов орманшылығы үшін кеңсе үйін, Семей филиалы үшін жөндеу шеберханасын, Семей филиалы үшін өндірістік шеберхана сатып алу. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының туристік базасын күрделі жөндеу (15.03.2005 жылғы № 004/05 МС); Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілік ғимараты мен қонақ үйін (17.03.2005 жылғы № 7-135/05 МС), кордондарын (25.03.2005 жылғы № 7-144/05 МС) күрделi жөндеу; Yстірт мемлекеттік табиғи қорығының кордондарын күрделі жөндеу (13.10.2004 жылғы № 15-288/04 МС); Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу (11.03.2005 жылғы № 7-108/05 МС). 20 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін негізгі құралдар, құрал-саймандар, қару, киім, байланыс құралдарын, ұйымтехникасын, автокөлік, арнайы техника және тракторлар сатып алу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
3 | | 101 | Киіктер- ді, тұяқты жабайы жануар- лардың құрып бара жатқан түрлерін сақтау және олардың санын қалпына келтіру | Республика аумағында төлдеу және басқа да маусымдық топталу орындарында киіктердi қорғау. Киіктердің қоныс аудару жолдарында, төлдеу, қыстау және басқа да мекендеу орындарында қасқырлар ату. Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғауды жүзеге асыру. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлардың есебін және бақылауын (мониторингін) ұйымдастыру және таралымдардың жай-күйіне үнемi жедел баға беріп отыру. Табиғи таралу аймақ- тары шегінде тоғай кермаралын, қарақұйрықты, арқар мен құланды жерсіндіру. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-н: автокөлікпен, байланыс құралдарымен, түрлі-түсті сурет және видеоаппарату- рамен материалдық- техникалық жарақтандыру. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3540477 гектар алқапта 20 ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау және ұтымды пайдалану, жүргізілген орман дақылдарын отырғызу жұмыстарының алқабы - 3668 гектар; өртке қарсы іс-шаралар алқабы - 35340 км; ормандарды молықтыру алқабы - 4,06 мың гектар.
20 ерекше қорғалатын табиғи аумақ: 340 бірлік жазғы нысанды киіммен, 607 бірлік қысқы нысанды киіммен, 1 бірлік су таситын автомобильмен, 9 бірлік қорапты автомобильмен, 53 бірлік жинақталған компьютерлермен, 31 бірлік орман өртіне қарсы мотопомпалармен, 24 бірлік мотоциклдермен, 35 бірлік қарумен, 13 бірлік күзет машиналарымен, 3 бірлік өрт сөндіру машиналарымен, 1 бірлік принтермен, 31 бірлік радиостанциялармен, 14 бірлік тракторлармен жарақтандырылатын болады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 47 маманы біліктілік деңгейін арттырады, питомниктердегі отырғызу материалы 29,5 млн. данаға көбейеді, 1500 бас қасқыр атып алынады, киіктердің және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері таралымдарының саны олардың табиғи өсімін молайту деңгейінде сақталады.
"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК 2 бірлік күзет машиналарымен, 1 бірлік қорапты автомобильмен, 19 бірлік радиостанцияларымен, 20 бірлік қабылдағыштармен, 10 бірлік цифрлы фотоаппараттармен, 12 бірлік цифрлы бейнекамераларымен жарақтандырылатын болады.
Түпкі нәтиже: табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алқабы 7,9% ұлғаяды, киіктердің және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің саны тұрақтанады, сондай-ақ олардың таралу аймақтары бойынша олардың таралымдарын сан өсімінің есептік деректерімен тіркелген орнықты даму деңгейіне дейін қалпына келтіру.
Уақтылығы: жұмыстар атқарудың, қызметтер кәрсетудің және тауарлар сатып алудың бекітілген жоспарларына сәйкес өртке қарсы жұмыстар және ормандарды молықтыру жөнінде іс-шаралар жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу, материалдық-техникалық жарақтандыру және 20 ерекше қорғалатын табиғи аумақтың кадрларының біліктілігін арттыру, Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес киіктерді және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау және өсімін молайту үшін нормативтік құқықтық және ұйымдық-шаруашылық шараларын жүргізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 1 гектарын қорғау, молықтыру және онда өртке қарсы іс-шаралар жүргізу 527,5 теңгені құрайды.
Сапасы: орман өрттері қамтыған алқаптардың қысқаруы, қазіргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өздерінің табиғи жағдайында сақталуы, табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қазіргі бар деңгейде сақтау, киіктер санын 10% көбейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
116-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Нұра-Есіл өзендері бассейнінің қоршаған ортасын
оңалту және басқару»
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 459853 мың теңге (төрт жүз елу тоғыз миллион сегіз жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 26 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өзен арнасы мен оған іргелес аудандарды сынаппен ластанудан тазарту арқылы Нұра өзені алабы аумағында тұратын халықтың әл-ауқатын жақсарту, бұл жергілікті су пайдаланушылардың қауіпсіз, тиімді, аз шығынды баламалы сумен қамтамасыз ету көзіне өспелі мұқтаждығын қанағаттандырады, сондай-ақ су тасқынын басқару үшін және экологиялық мақсатта судың шығынын бақылауды қайта жүргізуге мүмкіндік береді.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоба аумағында судағы сынаптың жоғары концентрациясын төмендету (3000 ПДК-дан ПДК-ға дейін); жоба көлемін реттеу мүмкіндігіне дейін (240 млн. м3)
Ынтымақ су қоймасын жаңғырту, қазіргі уақытта жылдық орта есеппен алғандағы реттелмеген көлемі - 40 млн. м3; Нұра өзеніндегі 17 гидрологиялық бекеттерді және Қарағанды облысының 4 зертханасын техникалық жабдықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асы жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 041 | | Нұра-Есіл өзендері бассей- нінің қоршаған ортасын оңалту және басқару | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Келісім шарт бойынша жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарын төлеу: ластанған аумақтарды тазарту, полигондарды пайдалану және салу. | екінші- төр- тіншi тоқсаны | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресурс- тары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарына келісім шарт бойынша бірлесе қаржыландыру- дың жартысын төлеу. Нақтыланған жобаны жасау бойынша консультанттардың қызметіне төлеу. Жоба шеңберінде құрылыс жұмыстары бойынша құрылыс және техникалық бақылауды іске асырушы консультанттардың қызметіне төлеу. Жоба шеңберінде институционалдық нығайту қызметтеріне төлеу. Ынтымақ су қоймасы құралымы шеңберінде тәуелсіз сарапшылардың қызметіне төлеу. Келісім-шарттар бойынша консультация қызметінің салығын және баж салығын төлеу. Жоба шеңберінде сараптамаларға төлеу. Құрылысқа жер бөліп бергені үшін өтемақы төлеу. Операциялық шығындар- мен қоса, жергілікті консультанттардың қызметіне төлеу. Жарнама-ақпараттық қызметтер үшін ақы төлеу. Валюталық операциялар жасағаны үшін лицензиялық алымды төлеу. Операциялар жүргізгенi үшін екінші деңгейдегі банктің комиссиясын төлеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресурс- тары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тәуелсіз сарапшылардың есептері; медициналық зерттеу жөніндегі есептер; жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарының басталуы; құрылыс жұмыстарына жүргізілген бақылаудың есептері.
Түпкілікті нәтиже: Ынтымақ су қоймасы жөніндегі тәуелсіз сарапшылардың шешімі; медициналық зерттеулердің нәтижесі; қалдықтарды көмуге дайындық жұмыстарын жүргізу және техникаларды жұмылдыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: сынап қалдықтарының 1 текше метрін көму құны - 2500 теңге.
Уақтылығы: қызметтер мен жұмысты ұсыну бастапқы тізбеге сәйкес.
Сапасы: ПДК деңгейіне дейін ауадағы, судағы, топырақтағы сынап құрамын төмендетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
117-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2123240 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма үш миллион екі жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі "Ғылым туралы" Заңының 26-бабы; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11 және 17-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 "Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 "Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіп кешені салаларының тұрақты дамуы; ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру, халықаралық талаптарға сәйкес бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру; агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау және дамуының перспективалық бағыттарын анықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың гендік ресурстарын қалыптастыру, зерттеу және сақтау; ауыл шаруашылық, жеміс-жидек, орманқұрастыратын және басқа дақылдардың сорттары мен гибридтерінің, жануарлардың, құстардың, аралардың, балықтардың тұқымдарының, түрлерінің, кросстарының қолда барларын жетілдіру және жаңа түрлерін шығару; ауыл шаруашылық дақылдардың сорттары мен гибридтерінің түпнұсқалық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; генетиканың, биотехнологияның қазіргі тәсілдерін жетілдіру және оларды селекциялық және биологиялық, химиялық және ветеринарлық препараттарды шығару кезінде пайдалану; ауыл шаруашылық және басқа дақылдарды өсірудің, орманқұру мен орманкөбейтудің технологияларын, су ресурстарын басқарудың тәсілдерінің экологиялық қауіпсіз және экономикалық орынды ресурстарды сақтаушы максималды бейімді әдістерін шығару және жетілдіру; мал шаруашылығы экологиялық таза өнімдері технологияларын жасау және енгіздіру; ауыл шаруашылық жануарлардың өнімді-асылтұқымды сапасын көтеру; жануарлардың ветеринарды жағдайын қамтамасыз ету; жануарлардың, құстардың және балықтардың жұқпалы және паразитті ауруларына қарсы препараттарды, жоғары иммуногендік вакциналарды жасау; экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау үшін бәсекеге қабілетті технологияларды, техникаларды және машиналарды жасау; агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді қызмет атқаруының және ауыл аумақтардың тиімді дамуының экономикалық механизмін жасау; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми зерттеу ұйымдарының және С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің материалды-техникалық базасын модернизациялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 042 | | Агро- өнеркәсіп кешенi саласын- дағы қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | І. Егіншілік, өсімдік шаруашылығы, су және орман шаруашылықтары салаларында қолданба- лы ғылыми-зерттеу жұмыстарды келесі 11 негізгі бағыттарда жүргізу, оның ішінде: 5 жаңа бағытта: 1. Талшық және гендік инженерия, молекуляр- лық биология және тағы да басқа әдістер негізінде жаңа биотехнологияларды қолдана отырып әр түрлі дақылдардың жаңа жоғары өнімдi сорттарын шығару және олардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; 2. Осы заманғы ақпараттық технология- ларды қолдана отырып, дақылдарды егіп өсірудің жаңа экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсізді ылғал- ресурстарды сақтаушы технологияларын жасау; 3. Биотехнологияның жаңа әдістері мен карантиндік түрлерін оқшаулау және жою бойынша шаралардың негізінде дақылдарды зиянкес ағзалардан қорғаудың биологиялық тәсілдерін жетілдіру; 4. Негізгі өзен бассейндерін және кіші өзендердің су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау кестесін, трансшекара- лық су ағынын оңтайлы басқарудың әдістемелік негіздерін жасау; 5. Республиканың орман экожүйелерінің қазіргі жағдайының орман шаруашылық - экологиялық бағалауын жүргізу; орман шаруашылығын жүргізу- дің экономикалық негіздерін жасау; 6 жалғасушы бағытта: 1. Ауыл шаруашылық және басқа дақылдардың генқорын сақтау, қалыптастыру, толықтыру, зерттеу, сақтауын ұйымдастыру және ақпараттық банкін құру; 2. Дәстүрлік селекция негізінде әр түрлi дақылдардың жаңа жоғары өнімділік сорттарын шығару және олардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; 3. Өсімдік шаруашылы- ғын диверсификациялау- ды және жер құнарлылы- ғын қайта өндірудің теориялық негізін ескере отырып дақылдарды егіп өсірудің қолда бар технологияларын жетілдіру және жаңа экономикалық тиімдi және, экологиялық қауіпсізді ылғал- ресурстарды сақтаушы технологияларын әзірлеу; 4. Республиканың әрбір агроэкологиялық аумағында кездесетін зиянды ағзалардың түр құрамын, экологиялық өзгешіліктерін зерделеу және олардың зияндылығын анықтау; шаруашылықты жүргізу- дің жаңа түрлеріне өтуді ескере отырып агроэкожүйелердің фитосанитарлық тұрақтылығы теориялық негіздерін жетілдіру; 5. Су шаруашылығын оңтайлы басқару үшін методологиялық негіздерін, суландыру жүйесінде су көтеру, су тарату және суаруды, механизация- лау және автоматтан- дырудың технологиясын, техникалық құралдарын, машиналарын және құрылғыларын әзірлеу; 6. Ормандарды және қорғаныс орман өсіру, ормантану және орман шаруашылығы теориялық негіздерін жетілдіру, сондай-ақ оларды техникамен қамтамасыз ету. ІІ. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтау салаларын- да қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарды келесі 6 негізгі бағыттарда жүргізу, оның ішінде: 2 жаңа бағытта: 1. Экологиялық қауіпсіз ресурсты сақтандыру биотехноло- гиясын және қоршаған ортаны сақтауға арналған микроағзалар- дың генқорын қалыптас- тыру және сақтау; 2. Пайдалануға дайын жоғары дәрежелі азық өнімін және азық қосымшаларын құру. 4 жалғасушы бағытта: 1. Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі үшін микроағзалардың генқорын қалыптастыру және сақтау; 2. Өсімдік және малдан шыққан ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және сақтау бойынша қолда бар технология- лар мен технологиялық жабдықтарды жетілдіру; 3. Әр түрлі ауылшаруа- шылық малдар, құстар және балықтар түрлеріне арналған құрама азық және азықты қосымшаларын өндіру үшін тиімді технологияларын әзірлеу; 4. Көпшіліктің пайдалануы және болашағы төмендеу халықтың тобы, оның ішінде балалар мен қолайсыз экологиялық аудандардың тұрғындары үшін құрамы емдеу-сақтандыруға бағытталған ұлттық өнімдерді және жаңа ұрпақтың денсаулық азықтарын құру. ІІІ. Мал шаруашылығы және ветеринарлық медицина саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын келесі 7 негізгі бағыттары бойынша жүргізу, оның ішінде: 5 жаңа бағытта: 1. Иммуногенетикалық мониторингті пайдалану негізінде ауылшаруа- шылық малдарының популяциясының және тұқымдарының генетика- лық құрылымын иммуногенетикалық талдау тәсілдерi арқылы зерттеу; 2. Ауылшаруашылық малдарының және құстардың аз және құрып бара жатқан түрлері, тұқымдарын, сүлелерін, желілерін және кросстарының биоматериалдарын (эмбриондар мен гаметалар) банктерін жасау және жоғары өнімді, аса құнды генотиптерін жедел- детіп шығарудың мал өсіру бағытындағы биотехнологиясын жетілдіру; 3. Иммунологиялық және эпизоотологиялық мониторинг әдістеме- лерін әзірлеу және емдеу-профилактикалық, диагностикалық вакциналарды жасау, ауылшаруашылық малдарының және құстардың инфекциялық ауруларының қоздырғыштарының генетикалық және иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу; 4. Тиімді терапевти- калық, емдеу-профилак- тикалық және дезинва- зия құралдарын жаңа дәрілердің формалары мен препараттарын жетілдіру арқылы, сонымен қатар жергі- лікті өсімдіктер мен минералдарды пайдалану негізінде әзірлеу; 5. Ауылшаруашылық малдарының және құстардың инфекциялық, жұқпалы және жұқпайтын ауруларының диагности- калық, профилактикалық және терапиялық биопрепараттарын алудың биотехнология- лық әдістемелерін әзірлеу. 2 жалғасушы бағытта: 1. Отандық және әлемдік гендік қорды пайдалану арқылы ауыл шаруашылық малдарының, құстардың және балықтардың жаңа тұқымдарын, сүлелерін, желілерін, кросстарын шығару және бар малдардың асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттерін арттыруды жетілдіру; 2. Экологиялық таза сиыр, қой, жылқы және шошқа еттерін өндірудің прогрессив- тік технологиясын әзірлеу негізінде жергілікті аймақтарға қолайлы күтіп баптау және азықтандыруды ескере отырып оңтайлы технологиясын шығару. ІV. Ауыл шаруашылығын механизацияландыру саласында қолданбалы ғылыми және тәжірибе- конструкторлық зерттеулерді 3 негізгі бағыттары бойынша жүргізу, соның ішінде: 1 жаңа бағытта: 1. Ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу, ескірген тетіктерін қалпына келтіру және технологиялық қызмет көрсету үшін наноматериалдар пайдалану арқылы жаңа ресурс үнемдеу технологиялар мен құралдарды әзірлеу. 2 жалғасушы бағытта: 1. Егіншілік және мал шаруашылық салаларында баптау және малды ұстау жүйесінің аймақтық жағдайына қарап ресурс үнемдеу және бәсекелестікке төтеп бере алатын технологиялар және машиналар жүйесін әзірлеу, соның ішінде қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу; шалғайдағы фермерлік шаруашылықтарды энергия және сумен жабдықтау, еңбек және материалдық шығындарды үнемдейтін құралдарын әзірлеу. 2. Республикалық әр-қилы жер-климаттық жағдайына қарай отандық және шетелдік ауылшаруашылық техникаларын мемлекеттік сынау, сертификациялау және ұсыныстар әзірлеу. V. Ауыл шаруашылық экономикасы саласында қолданбалы ғылыми- зерттеулерді 5 негізгі бағыттар бойынша жүргізу, соның ішінде: 2 жаңа бағытта: 1. Агроөнеркәсіп кешенінің 2015 жылға дейін дамуының болжауын әзірлеу; 2. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінде аумақтық- салалық кластерлердi ұйымдастыру- экономикалық негіздерін қалыптастыру. 3 жалғасушы бағытта: 1. Ауылшаруашылықтың дамуының стратегиялық бағыттарын, қайта өңдеу жүйесінің және оның салаларының материалдық-техникалық жабдықтау мен қызмет көрсетудің ғылыми негіздерін әзірлеу. 2. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен құрылымдарын тиімді кооперапиялау мен ықпалдастырудың, ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілерi классификаторлары жүйесінің экономикалық тетіктерін әзірлеу. 3. Ауыл тұрғындарының өмір сапасының индикаторларын қалыптастыру, ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек қатынастарын, ауыл халқын оңтайлы орналастыру және жұмыспен қамтудың ғылыми негіздерін әзірлеу. VІ. Мемлекеттік ғылыми-зерттеу экспертизасын өткізу қызметін өтеу. VІІ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің бұйрығымен бекітілген қаржыландыру ретіне және тізімге сәйкес, ғылыми жабдықтарды сатып алу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдар мен С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік агротехникалық университетінде капиталдық трансферттерді аудару. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |