7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: суару және дренаж жүйелерін қайта құру, бұл жұмыстар 39,2 мың гектар суармалы жерде 100 пайыз орындалды.
Түпкі нәтиже: өнімділіктің жоғарлауы, жоба бойынша есептік таза пайданың өсуі 28%, халықты жұмыспен қамтудың 21 пайызға артуы, капиталдық салымдардың тиімділігі жоба бойынша 26% құрайды, дақылдардың әр гектардан болатын түсімділігінің (центнер) артуы: мақта - 15,5-тен 25-ке, күздік бидай - 25-тен 36-ға, дәндік жүгері - 17-ден 54-ке, жоңышқа - 34,3-тен 89,0-ға, су ресурстарын үнемдеу 16,9 млн. текше метрден 23,1 текше метрге дейін жоғарылауы. Қаржы-экономикалық нәтижесі: су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы бойынша күрделі қаржы 1 гектарға 153,3 мың теңге, жүйенің ПӘК-ті - 0,60-тан 0,80-ге дейін жоғарылайды.
Уақтылығы: мердігерлермен бекітілген келісім-шартқа сәйкес 2005 жылы іске қосылған жер суландыру және дренаждық жүйелер бойынша кепілдік мерзімінің аяқталуы 2006 жылы жоспарлануда.
Сапасы: 100 пайыз фермер шаруашылықтары атқарылған жұмыс нәтижелерімен қанағаттанады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
106-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Су ресурстарын басқару және жерді қалпына
келтіруді жетілдіру жобасына кредит беру»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 103817 мың теңге (бір жүз үш миллион сегіз жүз он жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы № 1592/1593 (SF) KAZ Заем туралы келісімдерді (»Су қорларына иелік жасау және жерді қалпына келтіруді басқару» жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрақты суармалы егіншілікті дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: экологиялық нормалар мен талаптарды ескере отырып суландыру және дренаж жүйелерін қайта жаңғырту және жақсарту арқылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 39,2 мың гектар алқапта суармалы егіншілікті қалпына келтіру, қайта жаңғыртылған суландыру және дренаж жүйелерін су пайдаланушылар бірлестіктеріне беру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, агротехника мен суару тәсілдерін үйрету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Су ресур- старын басқару және жердi қалпына келтірудi жетілдіру жобасына кредит беру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Келісім-шарт құнынан 5 пайыздық сақтандыру шегерімнің жартысын төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, "Тодини" компа- ниясы 1Ф, "Эсер" компа- ниясы 2Ф |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Келісім-шарт құнынан 5 пайыздық сақтандыру шегерімнің жартысын төлеу | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, "Тодини" компа- ниясы 1Ф, "Эсер" компа- ниясы 2Ф |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: суару және дренаж жүйелерін қайта құру, бұл жұмыстар 39,2 мың гектар суармалы жерде 100 пайыз орындалды.
Соңғы нәтиже: өнімділікті арттыру, жобалық көрсеткіш бойынша таза пайданың өсуі 28%, халықты жұмыспен қамтудың 21 пайызға артуы, капиталдық салымдардың тиімділігі жоба бойынша 26% құрайды, дақылдардың әр гектардан болатын түсімділігінің (центнер) артуы: мақта - 15,5-тен 25-ке, күздік бидай - 25-тен 36-ға, дәндік жүгері - 17-ден 54-ке, жоңышқа 34,3-тен 89,0-ға, су ресурстарын үнемдеу 16,9 млн. текше метрден 23,1 текше метрге дейін жоғарылауы.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы бойынша күрделі қаржы 1 гектарға 153,3 мың теңге, жүйенің ПӘК-ті - 0,60-тан 0,80-ге дейін жоғарылайды.
Уақтылығы: мердігерлермен бекітілген келісім-шартқа сәйкес 2005 жылы іске қосылған жер суландыру және дренаждық жүйелер бойынша кепілдік мерзімінің аяқталуы 2006 жылы жоспарлануда.
Сапасы: 100 пайыз фермер шаруашылықтары атқарылған жұмыс нәтижелерімен қанағаттанады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
107-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің
солтүстік бөлігін сақтау"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1477364 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жетпіс жеті миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы Келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 20 наурызындағы Заңы («Арал теңізінің солтүстік бөлігін және Сырдария өзенінің арнасын реттеу (1 фаза) жобасы»); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қазандағы «Арал теңізінің солтүстік бөлігін және Сырдария өзенінің арнасын реттеу (1 фаза) жобасын қаржыландыруға Халықаралық Жаңарту және Даму Банкін тарту» туралы № 1342 қаулысы; «Арал теңізінің мәселелерін кешенді шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалуды қамтамасыз ету, Сырдария өзені атырауының су ресурстарын қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру және балық шаруашылығын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін тұрақтандыру және Сырдария өзені арнасынан су өтімін реттеу үшін гидротехникалық ғимараттарды салу арқылы Арал маңындағы елді мекендерді су басу қаупін төмендету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Солтүстік Арал теңізі бөгетінің және Ақлақ кешеннің құрылысын салу: бөгет; су қашыртқысы; Ақлақ су торабы; реттеуіш шлюздер; жолдар мен көпірлер. Айтек кешенінің құрылысын салу: Сырдария өзенінде су торабын салу; Айтек каналының су алу ғимаратын қайта жаңарту; Қараөзек тармағында ғимараттарды жөндеу, оның ішінде: тармақтың басындағы өзі жайылып кететін бөгетше салу; бас ғимаратты қайта жаңарту; реттеуіш шлюздерді қайта жаңарту; пішіндіктердің су қашыртқысын қайта жаңарту; тармаққа көпір мен кіріс жолдар салу. Шардара бөгетін қалпына келтіру: Қызылқұм суландыру каналын қалпына келтіру; геотехникалық зерттеу- лер бағдарламасы; бөгетті жабдықтау; жоғарғы беткейдің тұрақтылығын қалпына келтіру; бөгет астына жаңа кәріз салу; Арнасай бөгетінің төменгі беткейін бекіту. Тасқынға қарсы бөгеттер құрылысын салу: қорғаныс бөгетшілердi қайта қалпына келтіру; жаңа қорғаныс бөгетшелерін салу; өзен арнасын түзету. Су көтеру бөгеттерін қайта қалпына келтіру: Қызылорда су торабын жөндеу (жапқыштарды, шандорларды және резина тығыздағыштарды ауыстыру, көтергіш құрылғылардың электр құрал жабдықтарын және болат арқандарын ауыстыру, реттеушi шлюздің соңғы екi бөліктерін қалпына келтіру); Қазалы су торабын жөндеу (жапқыштарды, және көтергіштерді жөндеу, тазарту және коррозияға төзімді қорғаныс жасау, электр қозғалтқыштарды ауыстыру, реттегіштер- дегі барлық электр аспаптармен электр кабельдерін ауыстыру, суырма құдықтарын жөндеу, жоғарғы бьефтегі ағынды бағыттаушы сол жақ бөгетшені ұзындығы 300 м бөлігін қорғау). Қызылорда қаласының қорғаныс бөгетшелерін күшейту: қорғаныс бөгетшелері- нің беткейлерін күшейту; қазіргі бар бөгетше- лерді қайта жаңарту. Қызылқұм каналында бұрма реттегіш салу: су қашыртқысы ғимаратын салу. Балық шаруашылығын дамыту үшін қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу. Банкілік операциялар жүргізгені үшін екінші деңгейдегi банктерге комиссиялық алым төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Құрылыс жұмыстарының келісім шарттары бойынша қосымша бағаның салығын төлеу. Құрылыс жұмыстары келісім шарттарының бөлігін төлеу. Жер бөліп алуға рұқсат алу үшін және оның өтем ақысын төлеу бойынша қызметті төлеу. Операциялық шығындар- мен қоса. жергілікті 8 адамнан тұратын кеңесшілердің қызметін төлеу. Нақтыланған жобалауға және құрылысқа қадағалау жасайтын кеңесшілердің қызмет ақысын төлеу. Жобаға мониторинг және бағалау жасайтын кеңесшілердің қызмет ақысын төлеу. Математикалық модельдерді әзірлеудi іске асыру және институционалды қызметтері үшін кеңесшілердің қызмет ақысын төлеу. Кеңесшілік қызметтер- дің келісім-шарттары бойынша салықтарды төлеу. Жобаның мемлекеттік құрылыс және экология- лық сараптамаларына төлеу. Валюталық операциялар жүргізу үшін лицензия- лық алымды төлеу. Екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық алым төлеу. Қамыстыбас көлі жүйесінде нақтыланған жобалауға және құрылысқа қадағалау жасайтын кеңесшілер- дің қызмет ақысын төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Сырдария өзені мен Арал теңізінің солтүстік бөлігінде бөгет, 1 су ғимаратын салу.
Түпкілікті нәтиже: Сырдария өзенінің өтімділік қабілетін жоғарылату. Арал теңізін 42 метр абсолюттік балтық жүйесіне дейін толтыру (жыл сайын, жоба аяқталғаннан кейін).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жүргізілген шығындардың құны 1000 адамға шаққанда - 2462 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстар тізбе бойынша белгіленген мерзімде орындалуы.
Сапасы: жоба шеңберінде жүргізілген іс-шаралардың сапасына тұрғындардың 75% қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
108-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен
жабдықтау және санитариясы»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 446236 мың теңге (төрт жүз қырық алты миллион екі жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы мен Араб Экономикалық Даму Кувейт қоры арасындағы Арал қаласын (Арал теңізі аймағы) сумен жабдықтау жобасы бойынша қарыз туралы келісімді бекіту туралы» 2001 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғындарын сапасы кепілді және қажетті көлемдегі ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және сумен жабдықтау қызметтерін жақсарту арқылы Арал ауданы тұрғындарының денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Арал ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау көлемін неғұрлым ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Арал теңізi өңірінің елді мекен- дерін сумен жабдықтау және санита- риясы | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Келісім шарт бойынша жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарын төлеу Арал қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіруге: а) Қосаман су көзi мен Арал қаласы арасында су беру үшін қолданыстағы бас су құбырын қайта жаңарту; б) Арал қаласындағы қазіргі үлестірімдi су құбырлары жүйесін жаңарту; в) ауылдық елдi мекендерде шахталы құдықтар салу, Арал қаласының маңындағы екі елді мекендерде су жинағыштар салу және құдықтарды қалпына келтіру. Консультациялық техникалы қызметтер: кеңесшілердің консультантшы компаниямен келісім-шарты бойынша нақтыланған жобалауға және құрылысқа қадағалау жасайтын консультанттардың қызмет ақысын төлеу. Институционалдық қолдау: бақылау-өлшеу, сынау мен бақылау жабдықтарын, арнайы техника мен ұйымдас- тыру техникаларын сатып алу. | Сәуір- қараша | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Құрылыс жұмыстарының келісім-шарты бойынша салығын төлеу. Құрылыс жұмыстары құнының жартысын төлеу. Сатып алынатын бақылау-өлшеу, сынау, бақылау жабдықтарына, арнайы техника мен ұйымдастыру техникасы- на салық және баж салығын төлеу. Операциялық шығындар- мен қоса, жобаны басқару жөніндегі жергілікті 2 адамнан тұратын консультант- тардың қызметін төлеу. | Ақпан- қыр- күйек | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Арал қаласы үлестірімді желілерінің 169 шақырымы жаңаруы; бақылау-өлшеу және арнайы техника жабдықтарын сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: Арал қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету; пайдалану іс-шараларын 8 арнайы техника мен және 21 сорғылармен жарақтандыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1000 адамға шаққанда бір ауыз сумен жабдықтау объектісін салу - 8930 мың теңге тұрады.
Уақтылығы: жұмыстар тізбе бойынша белгіленген мерзімде орындалады.
Сапасы: берілетін және тұтынатын судың көлемі 5 есе ұлғаяды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
109-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту»
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4577414 мың теңге (төрт миллиард бес жүз жетпіс жеті миллион төрт жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы қаржы ынтымақтастығы жөніндегі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкісі арасындағы қарыз жөніндегі келісімді бекіту туралы (Ауылдық жерлерді сумен жабдықтау және канализация салалық жобасы) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы «Қазақстан Республикасында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы Заңы; 2004 жылғы 26 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшін қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сумен жабдықтау және канализация қызметтерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету арқылы таңдап алынған ауылдық елді мекендегі тұрғындардың денсаулығы мен тұрмысын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қажетті көлемде және кепілдігі бар ауыз сумен тұрғындарды қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендер құрылымын жақсарту, жобалау, қалпына келтіру, жаңарту, сумен жабдықтау жүйелерін салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 029 | | Сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және канализацияны дамыту" жобасы бойынша: физикалық құрылым - құрылыс жұмыстарын жүргізу. "Қарағанды облысын ауылды сумен жабдықтау" жобасы бойынша: нақты жобалау жұмыстарын іске асыру үшін консультанттардың қызметтерін төлеу; сумен жабдықтау объектілерін салу үшін жабдықтар алу; сумен жабдықтау объектілерін салуға ТЭН әзірлеу үшін консультанттардың қызметтерін төлеу. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
3 | | 005 | Ішкi көздер есебінен жобаны іске асыру | "2006 жылғы республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы" 9 желтоқсандағы 2005 жылғы № 1228 Қазақстан Республикасы Үкіметі- нің қаулысының 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сай бекітіліп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, бекітілген жобалау- құжаттарына сәйкес, сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға арналған іс-шаралар тізбесі бойынша және белгіленген сомалар шегінде ауыз сумен қамтамасыз ету нысаналарын қайта жаңарту және салуға, инвестициялық жобалар- ды іске асыруға бағытталған инвести- циялық жобаларды іске асыру. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
4 | | 006 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | "Қазалы (Жаңақазалы) сумен жабдықтау" жобасы бойынша: құрылыс жұмыстары мен пайдалану қолдауға баж және салықты төлеуге; құрылыс жұмыстары мен пайдалануды қолдауға құнының жартысын төлеу; жер бөліп беруге рұқсат алу бойынша қызметке ақы төлеу; жылжымайтын мүлік құқығына мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алуға және шарт жасауға қызмет ақыларын төлеу. "Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендер- ді сумен жабдықтау" жобасы бойынша: Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары- ның ауылдық елді мекендерінде су жинау құрылыстарын салу бойынша жобаны жүзеге асыру. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
5 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | "Ауылдық елдi мекендерді сумен жабдықтау және канализацияны дамыту" жобасы бойынша: физикалық құрылымы - құрылыс жұмыстары; шетелдік консалтингтік компаниялар қызметін төлеу; операциялық шығындарын қоса алғанда жобаны басқарушы жергіліктi консультанттар қызметін төлеу; жобаны басқарушы облыстық үш топтың жергіліктi консультанттар қызмет ақысын төлеу; операциялық шығындарын қоса алғанда; институционалдық бағдарламасын дамыту; баж және салық төлеу. "Қарағанды облысының ауылдық жерлерін сумен жабдықтау" жобасы бойынша: жобаны жүзеге асыру үшін 5 адамнан тұратын жергілікті консуль- танттар қызмет ақысын төлеу; операциялық шығындарын қоса есептегенде; құрылыс жұмыстарын бақылауға және жобалауды жүзеге асыруға жергілікті консультанттар қызметін төлеу; жабдықтар сатып алу; сатып алынған жабдықтар бойынша төлем ақылар мен салықты төлеу; құрылыс жұмыстарына шарт бойынша бюджетке міндетті төлем ақылар мен салықты төлеу. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
6 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | "Қазалы (Жаңақазалы) сумен жабдықтау" жобасы бойынша: 1. Қазалы қаласында (Жаңақазалы) сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуды жүргізу: құрылыс алаңын жаңарту және жалпы шығындар; тазарту станциясы; ОС-НС-7-Жаңақазалыға жеткізіп беруші құбыр желісі; сорғы станциясы; Жаңақазалының тарату желілері; Қазалының тарату желілері; материалдарды жеткізу. 2. Эксплуатациялық қолдау көрсету қызметін төлеу. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту және салу.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жасалынған келісім шарттағы жұмыс жоспары-тізбесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
110-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Гидротехникалық құрылысты қайта жаңарту»
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1234661 мың теңге (бір миллиард екі жүз отыз төрт миллион алты жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының төбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығы; «Республика аумағында төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша шаралар қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 4513 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: гидротехникалық ғимараттарда техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындау қаупінің алдын алу, ауыл шаруашылығы су пайдалану жүйелерінің тиімділігін және экономиканың басқада салаларын сумен жабдықтауды дамыту (энергетика, өнеркәсіп, көлік, балық шаруашылығы, экологиялық өтінімдер).
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: гидротехникалық ғимараттарды қайта жаңарту, ерекше апатты гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі кешенді іс-шараларды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 031 | | Гидротех- икалық құрылысты қайта жаңарту | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген жобалау-сметалық құжаттарына сәйкес іс- шараларға және Қазақстан Республикасы Yкіметінің "2006 жылға республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы" 2005 жылғы 9 желтоқ- сандағы № 1228 қаулысының 2 қосымша- сына сәйкес тізбе бойынша және сомалар шегінде гидротехника- лық ғимараттарды қайта жаңартуға бағытталған бюджеттік инвестиция- лық жобаларды жүзеге асыру. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 8 объект аяқталады және 4 жоба бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің орындалуы.
Тyпкілікті нәтиже: гидротехникалық ғимараттардың дұрыс қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың туындау қаупін төмендету.
Уақытылығы: бекітілген жұмыс жоспарына және жасалынған келісім шарттарға сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
111-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы
объектілерін пайдалану»
деген 034 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1030549 мың теңге (бір миллиард отыз миллион бес жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы.