3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республиканың орманды алқаптарын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: үйлестіру тобын құру және жарақтандыру және оған жоба бойынша институционалдық зерде беру, орман шаруашылығындағы стратегиялық жоспарлау жөніндегі топ құру, жобаның қаржылық басқару жүйесін әзірлеу, жобалық аумақтарды картаға түсіру жұмыстарын жүргізу, бір жолғы банк комиссиясын төлеу, радиациялық талдау жөнінде жұмыстар жүргізу, орман тұқымы, өрт сөндіру станциясын және бақылау мұнараларын, жолдар мен инфрақұрылымды салу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, 2007 жылы ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын бастау үшін қажет зерттеу жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 044 | | Орман- дарды сақтау және респуб- ликаның орманды аумақта- рын көбейту | | | |
2 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | ХҚДБ қарызының бір жолғы комиссиясын төлеу. Радиациялық талдау өткізу жөніндегі консультациялық қызметтерді төлеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
3 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Радиациялық талдау өткізу жөніндегі консультациялық қызметтерді төлеу. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қызметкерлерін жобаны үйлестіру, қаржылық басқару, сатып алу. PHRD гранты қаражатының аудиті. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 5 адамнан тұратын жобаны үйлестіру тобын және екі адамнан тұратын стратегиялық жоспарлау тобын құру және жарақтандыру, жобаның қаржылық басқару жүйесі 100% әзірленеді, жобалық аумақтарды толық картаға түсіру жұмыстары жүргізілді, орман шаруашылығын бірлесіп басқару жүйесі 100% әзірленеді, пилоттық аумақтардың радиациялық талдауы 100% өткізіледі, орман тұқымы, өрт сөндіру станцияларының және бақылау мұнараларының, жолдардың және инфрақұрылымның құрылысы бойынша жобалау-смета құжаттамасы әзірленеді, жайылымдарды басқару, радиокоммуникацияларды шолу жұмыстары жүргізілді.
Түпкі нәтиже: жобаны үйлестіру және оны қаржылық басқару шараларын күшейту, орман шаруашылығында стратегиялық жоспарлау жұмыстары басталды, жобалық аумақтардың карталары жасалды, орман шаруашылығын бірлесіп басқару жүйесі жасалды, жобаның қауіпті радиациялық аумақтары айқындалды, 2007 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құжаттар дайындалды, ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін материалдар әзірленді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Ертіс өңірі аймағында орманды жерлердің 1 гектарында ормандарды қалпына келтіру құны 70% дейін шығымдылық пайызымен 27 000 теңге, Қызылорда облысында - 55% дейін шығымдылық пайызымен 25 650 теңге.
Шаралардың дер кезінде жүргізілуі: іс-шараларды орындаудың белгіленген мерзімін ескере отырып, кесте бойынша жоспарланған жұмыстар 80% орындалды.
Сапасы: бағдарлама аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының қорытынды мөлшерін 100% деп алғанда, жобалық аумақтар халқының 30% 2006 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
120-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын
нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету»
деген 046 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 147527 мың теңге (бір жүз қырық жеті миллион бес жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Агроөнеркәсіп кешенін және ауыл аумақтарын дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы; "Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аймақтарын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агробизнестің тиімді жүйесін және ауыл тұрғындарын оңтайлы қоныстандыруды қалыптастыратын нормативтік-әдістемелік базамен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: агроөнеркәсіптік кешені мен ауылдық аумақтарды реттеу кезіндегі шаралардың негіздемелік деңгейін арттыру үшін ұсыныстар, нормативтер, стандарттар және әдістемелерді әзірлеу, ауыл халқын оңтайлы қоныстандыру кестелерін модельдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 046 | | Агроөнер- кәсіп кешенi салала- рының дамуын норматив- тік-әдіс- темелік қамта- масыз ету | 45-50 тақырып тәртібі- мен нормативтік- әдістемелік тақырыптарын (ұсыныстар, ережелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар, нормативтер, мемлекеттік стандарттар) әзірлеу қызметіне ақы төлеу: - балық шаруашылығы; - орман және аң шаруашылығы; - өсімдіктерді қорғау және карантин; - мал дәрігерлік; - ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өндірісі- нің тиімді жүйесін және ауыл шаруашылығы саласын қолдаудың тетіктерін құруға бағытталған шаруашы- лығы және ауылдық аумақтардың экономика- лық дамуы; - ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді және жерді тиімдi пайдалануды жетілдіру; - ауыл шаруашылық су пайдаланудың жүйесін оңтайландыру; - ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат; - өнімді өндіруге және қоршаған ортаны қорғауға шығындарды төмендетуді қамтамасыз ететін ауыл шаруашы- лығы өңірлерінің жағдайына бейімделген технология және механизация құралын құру; - ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдейтін жаңа технологияны әзірлеу; - мамандандыру аймағы бойынша өндірістік және еңбектік ресурстарды оңтайлы орналастыру; - ауыл халқын оңтайлы орналастырудың моделi әзірлемесін әдістемелік қамтамасыз ету. | 2006 жылғы Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің қолда бар нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етілуінің нарықтық жағдайға және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда Ұйымына кіру процесі шеңберіндегі қажетті халықаралық талаптарға жылдам бейімделуіне мүмкіндік беретін ұсынымдар, нормативтер, стандарттар және әдістемелер сатып алу; Ауыл шаруашылығы министрлігінің жабдықтаушылар әзірлеген 45-50-ге жуық нормативтік-әдістемелік тақырыптамаларын қабылдауы.
Соңғы нәтиже: осы бюджеттік бағдарламаны әзірлеу агробизнестің тиімді жүйесінің қалыптасуы және ауылдық аумақтардың дамуы үшін әдістемелік, нормативтік, құқықтық базасын қамтамасыз етеді.
Уақтылығы: белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарында көзделген қызмет көрсетуді орындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырыпты әзірлеуге орта есеппен 3 млн. теңге қажет.
Сапасы: нормативтік-әдістемелік тақырыптың қабылдануы қазіргі кездегі агротехнологияларды және ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеу технологияларын қолдануға, ауыл шаруашылығы тиімділігінің және ауылдық аумақтарға қызмет көрсетуші инфрақұрылымдарының өсуіне жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
121-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу»
деген 047 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 63294 мың теңге (алпыс үш миллион екі жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 410, 411, 412-баптары; "Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқару құқығына емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәліктерін беру, сондай-ақ тракторларға, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу жүргізу жолымен жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру жөніндегі заңнамаларда белгіленген мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелерін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен, техникалық паспорттармен және тракторист-машинист куәліктерімен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 047 | | Трактор- ларды, олардың тірке- мелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруа- шылығы, мелиора- тивтік және жол- құрылыс машина- лары мен тетік- терін мемле- кеттік есепке алу және тіркеу | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 30 000 бірлік техникалық паспорттарды сатып алу. "Көлік құралдары және олардың тіркемелері үшін қаптамалы жарықшағылыстырғышты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер" 1176-2003 ҚР СТ стандартына сәйкес 39267 бірлік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін сатып алу. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 20000 бірлік тракториот-машинист куәліктерін сатып алу. | Ағым- дағы жылда | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
Тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелері:
- 30 000 дана техникалық паспортпен;
- 39 267 дана мемлекеттік тіркеу белгісімен;
- 20 000 дана тракторист-машинист куәлігімен қамтамасыз етіледі.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасындағы тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін жол жүрісіне қатысуы қамтамасыз етіледі.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелері мынадай арнайы өнімдермен төмендегідей бағада:
- техникалық паспорт - 300 теңгеден;
- мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі - 1229,88 теңгеден;
- тракторист-машинист куәлігі - 300 теңгеден қамтамасыз етіледі.
Уақтылығы: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелеріне техникалық паспорттар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, тракторист-машинист куәліктері өз уақытында беріледі.
Сапасы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес техникалық паспорттар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, тракторист-машинист куәліктері сатып алынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
122-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтік құрылыстардың
апатты учаскелерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру»
деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 463431 мың теңге (төрт жүз алпыс үш миллион төрт жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: гидротехникалық ғимараттар мен шаруашылықаралық каналдарда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыл шаруашылығындағы су пайдалану жүйелері мен ирригациялық ғиммараттардың қызметін жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 054 | | Шаруашы- лықаралық арналар мен гид- ромелио- ративтік құрылыс- тардың апатты учас- келерін күрделi жөндеу және қалпына келтіру | Жобалау-сметалық құжатына сәйкес гидромелиоративтік ғимараттар мен шаруашылықаралық каналдарда жөндеу- қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ре- сурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: гидромелиоративтік ғимараттар мен шаруашылықаралық каналдардың ерекше апатты аудандарындағы техникалық жағдайын жақсарту.
Түпкілікті нәтиже: шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік ғимараттардағы ерекше апатты аудандарды қалпына келтіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: арықтардың пайдалы әсер ету коэффициентін 80% дейін жоғарылату.
Уақтылығы: жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын 2006 жылғы желтоқсанда аяқтау.
Сапасы: орындалған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын құрылыс нормаларының талаптары мен ережелеріне сәйкестендіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
123-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Аграрлық ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар»
деген 055 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600 мың теңге (алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ашқан жаңалықтары, жаңа өнер табыстары, шығарған және шығарылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен мал тұқымдары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өндіру салаларындағы технологиялық және техникалық әзірлемелері үшін, сондай-ақ отандық ғылымның дамуына едәуір үлес қосқан республиканың аграрлық ғылым саласындағы ғалымдары мен мамандарын қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ғалымдарға ғылыми жетістіктері үшін сыйақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 055 | | Аграрлық ғылым сала- сындағы мемле- кеттік сыйлықтар | Аграрлық ғылым саласындағы А.И. Бараев атындағы сыйлықтарға іздену конкурсын өткізу. Заңнамада белгіленген тәртіппен А.И. Бараев атындағы сыйлықтарды төлеу. Банк қызметтерін төлеу. Рамкаларды, дипломдарды, омырау белгілерін және басқа да қажетті тауарларды сатып алу. Газеттердегі конкурс өткізу туралы хабарландыруларды төлеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: аграрлық ғылымның басымдық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа нәтижелерін алу.
Түпкілікті нәтижесі: ғылымға талантты жастарды тарту мақсатында ғылыми еңбекті ынталандыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: сыйлық мөлшері: бірінші - 200 айлық есептік көрсеткішті, екінші - 150 айлық есептік көрсеткішті,
үшінші - 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Уақтылығы: бағдарламада көзделген іс-шараларды 2006 жылғы ІІІ-ІҮ тоқсандарда орындау.
Сапасы: аграрлық ғылымның дамуына маңызды үлес қосқан ғалымдарды, сондай-ақ жас талантты ғалымдарды қолдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
124-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге
қабілетін арттыру»
деген 056 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 806484 мың теңге (сегіз жүз алты миллион төрт жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыру жобасын қаржыландыру бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен қарыз тарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 854 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту жолымен ауыл шаруашылығы саласының экономикалық жағдайының дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыл шаруашылығы білімдеріне қолы жету мүмкіндігі бар азаматтардың пайызын барынша ұлғайту; аграрлық ғылыми зерттеулердің нәтижелігін арттыру арқылы ауыл шаруашылығы технологияларын пайдаланушы азаматтардың пайызын барынша ұлғайту; жаңарған және жаңғырған зертханаларға қолы жету мүмкіндігі бар фермерлердің пайызын барынша ұлғайту; халықаралық стандарттарға сай өнімдер шығаратын фермерлер пайызын барынша ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 056 | | Қазақс- танның ауыл шаруашы- лығы өнімде- рінің бәсекеге қабілетін арттыру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Екі Ұлттық Референттік Зертхана салуды жобалау және қадағалау жөніндегі компанияның консультациялық қызмет көрсетуін сатып алу. Конкурстық гранттар жүйесі бойынша грант үйлестіру. | Мамыр- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Екі Ұлттық Референттік Зертхана салуды жобалау және қадағалау жөніндегі компанияның консультациялық қызмет көрсетуін сатып алу. Сапаны басқару және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету компоненті шеңберінде - Техникалық Регламенттердi үйлестіру және сапаны қамтамасыз ету жүйесi жөнінде екi консультациялық компанияның және жетілдірілген зертханалық тәжірибе жөніндегі бір шетелдік жеке консультанттың қызмет көрсетуін сатып алу. Зертханалық қызметкерлерге шетелде оқу курстарын ұйымдастыру. Зертханалық жабдықтар сатып алу. Алиментариус кодексін аудару. Графтарды үйлестіру жөнінде сенілген институттың қызмет көрсетуін төлеу. Ауыл шаруашылығы маркетингін дамыту компоненты шеңберінде имидждік іс-шаралар концепциясын жасау және оны іске асыру үшін 2 консультациялық компанияның, сондай-ақ ақпаратты-маркетингтік жүйесі бойынша білім беру модульдерін жасау үшін 1 халықаралық, 1 ұлттық консультант- тардың және маркетинг бойынша 1 халықаралық, 1 ұлттық консультант- тардың, сонымен қатар оқуды басқару жөнін- дегі консалтингтік компанияның қызмет көрсетуін сатып алу. Қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулер компоненті шеңберінде оқыту және білім тарату жүйесін ұйымдастыру, конкурстық гранттар жүйесі бойынша оқытуды ұйымдастыру жөнінде 2 консалтингтік компанияның және оқыту модульдері мен бағдарламаларын жасау жөніндегі 1 ұлттық және 1 халықаралық консультанттардың қызмет көрсетуін сатып алу. Қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулер компоненті шеңберінде республикалық және облыстық үйлестіруші- лерге шетелде оқу курстарын, стажировка- ларды өткізу. Республикалық, облыстық және аудандық деңгейде 174 адамды тарта отырып білім тарату және беру жөніндегі жүйе құру және оның қызметін қамтамасыз ету. Білім тарату және беру жөніндегі жүйеге 144 комплект офистық құрал-жабдықтар мен жиһаз сатып алу. Жобаны іске асыру үшін 18 адамнан тұратын жергілікті консультанттардың қызмет көрсетуін, операциялық шығындарды қоса алғанда төлеу. Стратегияны талдау және дамыту және жобаны бағалау үшін 2 консультациялық компанияның қызмет көрсетуін сатып алу. Тәуелсіз эксперттердің қызмет көрсетуін сатып алу және жобаның бақылау кеңесінің операциялық шығындарын төлеу. Ақпараттық мониторинг жүйесін жасау үшін 1 жергілікті және 1 халықаралық консультанттардың қызмет көрсетуін сатып алу. Жобаның институциялды дамыту және саясат компоненты шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысшыларына семинарлар, халықара- лық стажировка және тренингтер өткізу. Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетудi сатып алу бойынша конкурстар өткізу туралы хабарландыру- ларды төлеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: зертханаларды модернизациялау (2 обл., 2 аудан); техникалық регламенттерді үндестіру; облыстық және аудандық деңгейде білім тарату және беру жөніндегі жүйе құру; 64,6 млн. теңге көлемінде гранттар бөлу.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы біліміне көп азаматтардың қол жеткізуі; халықаралық стандарттарға сай өнімдерге азаматтардың қол жеткізуі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: консультанттар тобын ұстау, халықаралық және жергілікті консультанттарды тарту бойынша шығындар инвестициялық жобалар бойынша бекітілген лимиттерден аспайды. Қысқа мерзімді жергілікті консультанттың 1 адам - ай қызмет көрсетуі 127 мың теңгеден аспайды; халықаралық консультанттың қызметі - 2286 мың теңге. Бір облыстық зертхананы модернизациялаудың құны 50800 мың теңгеден және аудандық - 8255 мың теңгеден аспайды.
Уақтылығы: бағдарлама бойынша іс-шаралар бюджеттік бағдарламаның осы паспортында көзделген мерзімдерде жасалады.
Сапасы: көзделген іс-шаралардың 100% орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
125-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін және ауыл
тұрғындарын өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету»
деген 057 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 110000 мың теңге (бір жүз он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 8 шілдедегі 2005 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 15-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: АӨК субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру арқылы агробизнестің жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациямен қамтамасыз ету; жердегі бизнес өкілдерінің қатысушы лизингтік компаниялардың лизинг негізіндегі кредиттеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 086 | | Ауыл шаруа- шылығын жекеше- ленді- руден кейінгi қолдау жөніндегi жобаға кредит беру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру. | Сәуір- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, қатысушы қаржылық ұйымдар |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру. | Сәуір- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, қатысушы қаржылық ұйымдар |