7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына 635000 теңге сомасына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығын коммерциялық кредиттеу жүйесін дамыту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: соңғы қарыз алушының 1 жобасына кредит сомасы әдеттегі кредиттеуде 12700 мың теңгеден аспайды, құрылымдық қаржыландыруда - 127000 мың теңгеден аспайды.
Уақтылығы: соңғы қарыз алушылардың қосалқы жобаларын уақтылы қаржыландыру.
Сапасы: екінші деңгейдегі банктер мақұлдаған кредит алуға тапсырыстар толық көлемде қанағаттандырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
126-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегi
жобаға кредит беру»
деген 086 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 635000 мың теңге (алты жүз отыз бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын екінші жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы) жасау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 255 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың қаржылық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдік кредиттер алудағы ауыл аудандары тұрғындарының пайызын барынша ұлғайту; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің қатысушы екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; қатысушы лизингтік компаниялар арқылы лизинг негізінде жеңілдік кредиттер алудағы ауыл аудандары тұрғындарының пайызын барынша ұлғайту; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің қатысушы лизингтік компаниялардың лизинг негізіндегі кредиттеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 086 | | Ауыл шаруа- шылығын жекеше- ленді- руден кейінгi қолдау жөніндегi жобаға кредит беру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру. | Сәуір- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, қатысушы қаржылық ұйымдар |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру. | Сәуір- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, қатысушы қаржылық ұйымдар |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына 635000 теңге сомасына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығын коммерциялық кредиттеу жүйесін дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
127-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы
өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 183929 мың теңге (бір жүз сексен үш миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: уәкілеттікті орталықсыздандыру бойынша әкімшілік реформаларды іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жергілікті деңгейге өкілеттіктер мен штаттық санды беруді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 111 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне мемле- кеттік басқару дең- гейлерi арасын- дағы өкілет- тіктердің аражігін ажырату шең- берінде әкімшілік функ- цияларға берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Саны 280 бірлік адамды жергілікті деңгейге беруді қамтамасыз ету. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері: мемлекеттік органдар деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларды толық беру.
Түпкілікті нәтижелері: жергілікті органдарға берілген функцияларды жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір мемлекеттік қызметшіні ұстау шығыны орташа алғанда 692 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: іс-шараларды толық көлемде орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
128-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының
ұлттық қоймасын салу»
деген 743 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 243612 мың теңге (екі жүз қырық үш миллион алты жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өсімдіктер мен жануарлардың гендік қорын сақтаудың, өсімін молайтудың, кеңейтудің және пайдаланудың тиімді жүйесін құру, еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының гендік қорын сақтауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 743 | | Өсім- діктер мен жануар- лардың гендік ресурс- тарының ұлттық қоймасын салу | Өсімдіктер мен жануарлардың Ұлттық генетикалық ресурстарын сақтау қоймасының лабораториялық корпусын салу үшін жобалау-смета құжаттамаға мемлекеттік және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да сараптаманы әзірлеу және жүргізу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: өсімдіктер мен жануарлардың Ұлттық генетикалық ресурстарын сақтау қоймасының лабораториялық корпусын салу жөніндегі мемлекеттік сараптамадан өткізіліп бекітілген жобалау-смета құжаттамасы.
Түпкілікті нәтижесі: өсімдіктер мен жануарлардың гендік қорын сақтау мен ұтымды пайдаланудың жүйесін құру үшін өсімдіктер мен жануарлардың Ұлттық генетикалық ресурстарын сақтау қоймасының кешенін пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыстың жоспар-кестесіне және шарттарға сәйкес.
Сапасы: санитариялық нормаға және "Кәсіпорындарды, ғимараттарды және имараттарды салуға жобалау-смета құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы туралы нұсқаулық" Қазақстан Республикасының А 2.2-1-2001 (Ресми басылым) ережесіне сәйкес.