4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы (2-фаза)" жобасын дамыту үшін "Кіші бағдарламалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу" жобасының 2-фазасының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалады.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жобаға әлеуметтік бағалау жүргізу, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін қоршаған ортаға жобаның тигізетін әсеріне бағалау жүргізу, орталық және жергілікті атқарушы органдарға семинарлар мен конференциялар өткізу арқылы көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Ауылдық аумақ- тарды сумен жабдық- тауды және кәріз- дендірудi дамытудың салалық жобасы (2-кезең) | | | |
2 | | 006 | Iшкi көздердің есебінен грантты іске асыру | Жобаның техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеу. Баж және салықтарды төлеу. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
3 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріздеу екінші жобасы үшін техникалық- экономикалық негіздемені әзірлеуге техникалық көмек. Халықаралық және жергілікті кеңесші- лердің қызметін төлеу, операциялық шығындарды қоса алғанда. Жабдықтар алу. Оқулар, семинарлар мен конференциялар. Келісім-шарт туралы келіссөздерге қатысу. Жоспарланбаған шығындар. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Бір ТЭН әзірлеу, ұйымдастыру техникаларын сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы (2-фаза)" жобасының толық масштабтағы техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуы. Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы ауыл тұрғындарын сумен жабдықтауды жақсарту үшін 1 ТЭН дайындалуы.
Уақтылығы: жұмыстың бекітілген мерзімде 100% орындалуы.
Сапасы: ТЭН-ге дұрыс қорытынды алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
102-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру
қажеттіліктерін қамтамасыз ету»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7062362 мың теңге (жеті миллиард алпыс екі миллион үш жүз алпыс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 4, 6, 10, 11, 12-баптары; «Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 5, 9, 12-баптары; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1372 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін және мобилизациялық қажеттігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік азық-түліктік астық резервін дер уақытында жаңарту және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және орнын ауыстыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Азық- түлік қауіпсіз- дігін және жұмылдыру қажетті- ліктерін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 100 | Мемле- кеттік ресурс- тарға астықты сатып алу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 558,3 мың тоннаға дейінгі көлемде астық сатып алу. | 2006 жылғы қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
3 | | 101 | Азық- түлік астығы мемле- кеттік резер- вінің астығын сақтау және ауыстыру | 500,0 мың тонна көлеміндегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін лицензия- ланған астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау, сол сияқты 18,0 мың тонна көлеміндегі мемлекет- тік азық-түлік резервi астығының орнын ауыстыру. | 2006 жылғы қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
- 558,3 мың тоннаға дейін көлемдегі астықты мемлекеттік астық ресурстарына сатып алу;
- есеп беру кезеңінің соңына 250,0 мың тоннаға дейін көлемдегі ағымдағы жылғы егіннің астығын мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастыру;
- 500,0 мың тонна көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау;
- 18,0 мың тоннаға дейін көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жеке меншік астық қабылдау кәсіпорындарынан мемлекеттік астық базаларына орнын ауыстыру.
Соңғы нәтижелері:
- есеп беру кезеңінің соңына 45% шамасындағы ағымдағы жылғы егіннің астығын мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастыру (ғылыми негізделген нормалар бойынша 30% кем емес);
- республика тұрғындарының астықпен азық-түліктік қамтамасыз ету үлесі - 16,6%;
- астықты мемлекеттік сатып алуға қатысушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің саны - 1900 кем емес.
Қаржы-экономикалық нәтижелері:
- мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 3 сыныпты жұмсақ бидайдың 1 тоннасының орташа бағасы - 11,0-12,0 мың теңге;
- мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 1 тонна астықтың сақтау құны - 138,83 теңге;
- мемлекеттік астық ресурстарының 1 тоннасының орнын ауыстыру бағасы - 1190,0 теңгеге дейін.
Уақтылығы: мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу, сақтау және орнын ауыстыру белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Сапасы: жоғарғы сапалы 100% астық сатып алу, астықтың 100% сандық-сапалық сақталуы, мемлекеттік ресурстарға сатып алынған астықтың 3,6% дейінгі көлемінің орнын ауыстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
103-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және
агроклиматтық қамтамасыз ету»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 330905 мың теңге (үш жүз отыз миллион тоғыз жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 162-бабы; «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемені құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 83 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дала жұмыстарын бастауды, тұқым себудің мерзімі мен көлемін, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауды жоспарлау үшін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін сапалы агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету; өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімінің түсімділігін, жалпы өнімділігі мен сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: топырақ ылғалдылығының жай-күйіне, дала жұмыстарының басталуы алдында топырақ ылғалдылығы қорларын, тұқым себу мерзімдерін, дәнді дақылдарды жинаудың агрометеожағдайларын бағалау және болжау, агрометеорологиялық көрсеткіштерді былтырғы жылғымен салыстырғанда, танаптарда қардың қалың жиналу жағдайын және басқаларды талдау метеопараметрлеріне 100% бақылау жүргізу; жаздық дәнді дақылдар егістігінің жағдайына ғарыштық мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін бағалау, топырақтың құнарлылығын сақтау және көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Ауыл шаруа- шылығы өндірі- сін агрохи- миялық және агрокли- маттық қамта- масыз ету | | | |
2 | | 100 | Топы- рақтың химиялық құрамын агроме- теороло- гиялық қамта- масыз ету және айқындау | 1. Ауыл шаруашылығы өндірісін мынадай ақпаратпен қамтамасыз ету үшін агрометео- рологиялық мониторинг жүргізу: онкүндік агрометео- рологиялық бюллетені; онкүндік ішіндегі топырақтағы пайдалы ылғалдық қорларының қосылып отыру қорытындысы; жаздық дәнді дақылдар- дың онкүндік ішіндегі жай-күйі (даму кезеңi басталған күн, биіктігі, қалыңдығы, жай-күйін бағалау) және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен дамуына агрометеорологиялық жағдайлардың әсер етуі; дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың облыстағы орташа өнімділігі мен жалпы өнімін болжау; көктемгі-егіс жұмыстары басталуы алдына топырақтағы ылғалдық қорларын болжау; тұқым себудің оңтайлы мерзімдерін болжау; күздік дақылдардың қыстап шығуын болжау; бидайдың пісу мерзімдерін болжау; қар жиналу жағдайы туралы кеңес беру; дәнді дақылдарды жинаудың агрометео- рологиялық жағдайла- рын болжау; күздік дәнді дақылдар- дың қыс келер алдын- дағы жағдайын талдау; күздік дәнді дақыл- дардың өсу жаңаруы кезеңіндегі жағдайын талдау; топырақтың күзде қатып қалуы алдындағы және көктемгі егіс жұмыстары алдындағы пайдалы ылғалдың нақты қорларын талдау; дәнді дақылдарды жинау жағдайларын талдау; агрометеорологиялық көрсеткіштерді орташа көпжылдық көрсеткіш- термен, өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырмалы сипаттама; еліміздің аумағы бойынша ауа райы жағдайына байланысты аурулар мен ауыл шаруашылығы зиянкес- терінің дамуы жағдайын талдау; станциялар бойынша метеорологиялық кесте; көктемгі егістi өткізудің мерзімі мен шарттары туралы консультация; қар ерігеннен кейін күздік дәнді дақыл- дардың жай-күйін талдау (бағыттық зерттеулер қорытындысы бойынша). 2. Мына бағыттар бойынша ғарыштық мониторингінің мәліметтерін алу: жаздық дәнді дақылдар- дың егістік алқаптары- ның көлемдерін бағалау; дәнді дақылдар егістіктерінің жағдайын айқындау; жаздық дәнді дақылдар егістіктерінің арамшөптермен жайлануын бағалау; таза сүрі жерлердің алқаптарын анықтау; жаздық дәнді дақыл- дардың өнімділігін және жалпы өнімін болжау; биылғы жылы өңделген егістіктерді анықтау және күріш егістігі алқаптарының көлемдерін бағалау; күріш өнімділігін және жалпы өнімін болжау. 3. 2973,3 мың гектар суармалы емес жерлерде және 240,0 мың гектар- ға дейін суармалы жерлерде топырақтың агрохимиялық құрамын анықтау. | 2006 жылғы қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
3 | | 101 | Респуб- ликалық ғылыми -әдіс- темелік агрохи- миялық қызмет орталығы | Мемлекеттік мекемені ұстау: топырақ-агрохимиялық зертханалары жүзеге асыратын агрохимиялық зерттеуді жүргізуге ғылыми-әдістемелік басшылықты, агрохимия- лық зерттеулердің сапасын бақылауды (зерттелетін егістік жердің 2 пайыздай көлеміне дейін), жыл сайынғы агрохимиялық зерттеулердің нәтиже- лерін қорытындылауды және талдауды, агрохимиялық зерттеу- лер нәтижелері бойынша шаруашылықтың, ауданның, облыстың, республиканың топырақтың қоректік заттарының жылжымалы нысандарымен қамтама- сыз ету картограмма- ларын жасауды, агроландшафттық жағдайын ескере отырып жер пайдалану аумағын- да минералдық тыңайт- қыштарды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздемесін әзірлеу үшін химияландыру құралдарын тиімдi пайдалану ғылыми- өндірістік тәжірибе- лерін жүргізу, топырақ құнарлылығының жағдайы мен өзгеруін бақылауды, республика- ның айдалатын жерінің агрохимиялық деректер банкін құрастыруды және толықтыруды, топырақтың агрохимия- лық зерттеулерінің және химиялық талдауды жүргізудің әдістемелік нұсқауларын және әдістемелерін жетілді- руді, агрохимиялық зерттеулер мен ғылыми-өндірістік тәжірибелердің деректері негізінде химияландыру құрал- дарын тиімді пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асыратын штат саны 150 адамдық "Респуб- ликалық агрохимия қызметінің ғылыми- әдістемелік орталығын". Автомашиналар, зертханалық жабдықтар, зертханалық жиһаз, компьютерлік техника, басқа жабдық сатып алу. | 2006 жылғы қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелері: 3213,3 мың гектарда топырақтың агрохимиялық құрамын анықтау, агрохимиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі 10 топырақ-агрохимиялық зертханаға ғылыми-әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ету үшін. 191 дана агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі және 15 дана - ауыл шаруашылығы алқаптарының және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі жөніндегі ақпарат алу, топырақтың қарашірікпен және қоректік заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуі агрохимиялық картограммалары санын 4050 данаға дейін жеткізу, Республикалық агрохимия қызметі ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік кәсіпорнын 2 бірлік "жылжымалы химиялық зертхана" автомашиналарымен, 4 бірлік зертханалық жабдықпен, 1 бірлік зертханалық жиһазбен, 5 бірлік компьютерлік техникамен, 1 бірлік басқа да жабдықпен жабдықтау.
Түпкілікті нәтижелері: 1500-ден кем емес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер топырақтың құнарлығын сақтау мен қалпына келтіру және минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар алады, жыл сайынғы агрохимиялық зерттеулер нәтижелерін жинақтау және талдау жүргізіледі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 90%-дан кем емесі агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етіледі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы алқаптарының және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: суарылмайтын алқаптың топырағына агрохимиялық зерттеу жүргізудің орташа бағасы бір бірлігіне 60 теңгені суармалы алқапта - 90 теңгені құрайды, "Республикалық агрохимия қызметі ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік кәсіпорнын ұстау 97294,0 мың теңгені құрайды, агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі қызметтің жалпы құны 21174,0 мың теңгені, ғарыштық мониторинг бойынша - 12437,0 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: агрометеорологиялық, ғарыштық мониторингті, агрохимиялық зерттеулер нәтижелері мен ғылыми-өндірістік тәжірибелердің мәліметтері негізінде химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды белгіленген мерзімде әзірлеу және беру.
Сапасы: егістіктің тыңайтылған алқабының 600,0 мың га дейін көбеюі, агрометеокөрсеткіштер болжамдарының 85% шынайылығы мен дәлдігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
104-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 323963 мың теңге (үш жүз жиырма үш миллион тоғыз жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 46, 57, 59 және 84-баптары; "2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы; "Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың басты және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлеу әрі бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 159 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикадағы су ресурстарын тұрақты және теңгерімді пайдалануды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: экономика саласы және тұрғындардың суға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізгі бағыттар мен шараларды айқындау; экономика салаларын су ресурстары мен олардың пайдаланылуы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету; Шідерті өзенінің сағасында табиғи көктемгі гидрологиялық режимді қалпына келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Су ре- сурстарын қорғау және ұтымды пайдалану | | | |
2 | | 100 | Су ре- сурстарын қорғау және пайдалану сала- сындағы схема- ларды, су шару- ашылығы баланс- тарын және норма- тивтерін әзірлеу | Есіл, Тобыл, Ырғыз бен Торғай өзендерi су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларын әзірлеудi аяқтау. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және сумен қамтамасыз ету, су көздерін қорғау және суға келетін кері әсерлердің алдын-алу бойынша перспективалық және кезек күттірмей- тін іс-шаралар кешенін әзірлеу. Орал өзені саласы алабы су ресурстарын қорғау және пайдалану кешенінің сұлбаларын әзірлеуді бастау: экономика салалары мен меншік түрлерi бойынша суды тұтынушылар мен суды пайдаланушылар құрылымын, су ресурстарының көлемін және олардың сапасын нақтылау; су ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы деңгейін бағалау және су тұтыну мен су пайдалану кесенінде алыс болашақтағы және жақын арадағы болашақтағы өзгеруін болжау; суды тұтынушылар мен суды пайдаланушылардың талаптары бойынша судың сапасын бағалау және оның өзгеруіне болжау жасау; Нұра өзені саласы, Сарысу өзені саласы алаптарындағы, Аса өзені су ресурстарын қорғау және пайдалану кешенi сұлбасын әзірлеу: меншік түрі мен экономика салалары бойынша суды тұтынушылармен пайдаланушылардың құрылымын, мөлшерлен- ген су ресурстарының көлемі мен сапасын нақтылау; су ресурстарын пайдаланудың қазіргi заманғы деңгейін бағалау, су тұтыну мен су пайдалану айрығында алыс болашақтағы және жақын арадағы болашақтағы өзгеруін болжау; суды тұтынушылар мен суды пайдаланушылардың талабы бойынша судың сапасын бағалау және оның өзгеруіне болжау жасау. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресурс- тары жөніндегі комитеті |
3 | | 101 | Мемле- кеттік су кадастрын жасау | Мемлекеттік су кадастрының суды пайдалану бөлімін жаңарту, Мемлекеттік су кадастрын құрастыру бойынша әдістемелік нұсқау: Қазақстан Республикасы мен облыстарында, экономика салаларында, су шаруашылық учаскелерінде, теңіз және өзен кесінді- леріндегі белгіленген су жинау лимиттері, нақты судың жиналуы, суды қайталап, өтеусіз пайдалану, жер үсті, жер асты, коллектор- лық-дренаждық және теңіз суларын тастау бойынша ақпараттар базасына енгізу және жинау, өңдеу, жаңарту, сондай-ақ су пайдалану құрылымы мен көлемі бойынша материалдар әзірлеу; қорытындыланған су кадастрын құру әдістемесін әзірлеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресурс- тары жөніндегі комитеті |
4 | | 102 | Табиғат қорғау су жіберу | Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында судың жіберілуін қамтамасыз ету: "Қаныш Сәтпаев" атындағы каналдан Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында судың жіберілуін қамтамасыз ету; табиғат қорғау мақсатында жіберілетін судың нәтижелерін тексеру үшін Шідерті өзенінің жайылмасын зерттеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресурс- тары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Есіл, Тобыл, Ырғыз бен Торғай, Нұра өзендерінің салалары, Сарысу өзенінің салалары, Аса өзені су ресурстарын қорғау және кешенді пайдаланудың алты сұлбасын әзірлеуді аяқтау; Орал өзені саласы су ресурстарын қорғау және пайдалану кешенінің негізгі сұлбаларын әзірлеуді бастау; Мемлекеттік су кадастрының суды пайдалану бөлімін жаңарту; Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында 50 млн. текше метр су жіберу.
Түпкілікті нәтиже: әзірленген су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларымен Қазақстан Республикасы аумағының 55 пайызын қамту; экономика саласының тұрақты дамуы үшін, тұрғындардың қажеттілігін кешенді есепке алу үшін су ресурстарының пайдалануын мемлекеттік есепке алу; табиғат қорғау мақсатында Шідерті өзенінің жайылмасына су жіберу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 2006 жылға су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларының құны Есіл өзені бассейнінде - 22019 мың теңге, Тобыл өзенінде - 5923 мың теңге, Торғай мен Ырғыз өзендерінде - 28360 мың теңге, Орал өзені арнасында - 25135 мың теңге, Нұра өзені арнасында - 24046 мың теңге, Сарысу өзені арнасында - 27050 мың теңге, Аса өзенінде - 7038 мың теңгені құрайды; Мемлекеттік су кадастрын құрастырудың бір айлық құны 991 мың теңгені құрайды; Шідерті өзенінің жайылмасындағы "Қаныш Сәтпаев атындағы каналдан" берілетін судың бір текше метрі ҚҚС қоса алғанда 3,45 теңгені құрайды.
Уақытылығы: су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларын қызмет көрсету жоспарларына сәйкес құру; мемлекеттік су кадастрын құруды 2006 жылғы 31 желтоқсанға аяқтау; Шідерті өзені жайылмасына су жіберу 2006 жылғы сәуір-мамыр айларына арналған жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Сапасы: су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларын су шаруашылығы баланстары мен су ресурстарын қорғау және кешенді пайдаланудың бас және бассейндік пайдалану сұлбаларын бекіту және әзірлеу Ережесіне сәйкес құру; су объектілеріне мемлекеттік мониторинг жүргізу, суды және оны пайдалануды мемлекеттік есепке алу Ережелеріне сәйкес су кадастрын құру; табиғатты қорғау мақсатында су жіберу негіздемесіне сәйкес Шідерті өзені жайылмасының табиғи жағдайын қалпына келтіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
105-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Су ресурстарын басқаруды жетілдіру және жерлерді қалпына келтіру»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 52015 мың теңге (елу екі миллион он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы № 1592/1593 (SF) KAZ заемдары туралы келісімдерді (»Су ресурстарын басқаруды жетілдіру және жерді қалпына келтіру» жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрақты суармалы егіншілікті дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: экологиялық нормалар мен талаптарды енгізуді, қайта жаңғыртылған суландыру және кәріздік жүйелерді су пайдаланушылар бірлестіктеріне беру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, агротехника мен суару тәсілдерін yйретуді ескере отырып суландыру және кәріздік жүйелерді қайта жаңғырту және жақсарту арқылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 39,2 мың гектар алқапта суармалы егіншілікті қалпына келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Су ресур- старын басқаруды жетілдіру және жерлердi қалпына келтіру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Мотт Мак Дональд фирмасының сарапшылық қызметіне сыртқы займ есебінен ақы төлеу (құрылыстан кейінгі кезеңде объектінің күйін қадағалау, оқыту). | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржылан- дыру есебінен іске асыру | Контракт құнының 5 пайызы болатын сақтандыру жиналымының жартысын сыртқы займды қоса қаржыландыру есебінен төлеу. Мотт Мак Дональд фирмасына қосымша құн салығына байланысты төлемді республика бюджеті есебінен төлеу. Құрамы 9 маманнан тұратын жергілікті сарапшылардың қызметіне, олардың байланыс және транспорт, ғимаратты күтіп-баптау жөнінде орталық сарапшылар тобының, ғимаратты жалға алу жөнінде аймақтық сарапшылар тобының, оргтехниканы жөндеу және күтіп- баптау, канцелярлық тауарларды сатып алу, іс-сапар шығындарын, әлеуметтік салықтар мен 2 деңгейдегі банктердің комиссиясына байланысты төлемдердi төлеу. Мотт Мак Дональд фирмасының сарапшылық қызметіне сыртқы займды республика бюджетінен қоса қаржыландыру есебінен ақы төлеу (құрылыстан кейінгі кезеңде объектінің күйін қадағалау, оқыту). | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, "Тодини" компа- ниясы 1Ф, "Эсер" компа- ниясы 2Ф |