Фискалдық реформаларды жүргізу, инвестициялық климатты жақсарту, сондай-ақ өндірісті ұйымдастырудың кластерлік формалары негізінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша талдамалық баяндама.
Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігіне теңгенің айырбас бағамы өзгеруінің әсері жөніндегі талдамалық есеп.
Еңбек ресурстары факторларының экономиканың өсуіндегі рөлін зерттеу жөніндегі талдамалық баяндама.
Қазақстандағы инфляциялық процестерді талдау жөніндегі талдамалық есеп және инфляция деңгейінің экономиканың өсу қарқынымен оңтайлы арақатынасын айқындау.
Қазақстан экономикасының «қызып кету» факторлары мен қаупі бойынша талдамалық есеп.
Әлемдік мұнай бағасының Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсері жөніндегі талдамалық есеп.
Қолданыстағы заңнамалық кесімдердің негізінде өзектендірілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер тізілімі» электронды дерекқоры.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау сатысында мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау құралдары.
Мемлекеттік қызметтер ұсынудың ұсынымдары сапасын бағалау өлшемдері мен құралдарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалау бойынша ұсыныстар.
Талдамалық баяндама, нормативтік құқықтық кесімдердің және әдістемелік ұсынымдардың жобалары.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдайтын міндеттемелер шеңберінде отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бағалау жөніндегі талдамалық баяндама.
Бұл жұмысты орындау Қазақстан Республикасының елдік рейтингілік айқындау жөніндегі сапалық ұстанымды жақсарту yшін зерттеу материалдарын рейтингтік агенттіктерге бере отырып, Қазақстанда болып жатқан қайта құруларды нақты көрсету үшін елдегі экономикалық және қаржылық ахуалдың жедел мониторингі мәселелері бойынша нақты талдамалық зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы халқының кеңістіктік дамуы мен қоныстануының болжамдық схемасын және өңірлер халқының кеңістіктік дамуы мен қоныстануының перспективалық схемаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұстанымдар (әдістеме).
Қазақстан Республикасының өңірлерін дамытудың бәсекелестік стратегиясын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұстанымдар (әдістеме).
Қазақстанның таяудағы он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетті шешу және ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін талдамалық материалдарды, ұстанымдарды пайдалану.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсынымдармен талдамалық есеп.
Салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі қорытындылар және ұсынымдармен талдамалық есеп.
Отандық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі ұсынымдар.
Қазақстан Республикасында экономиканы салықтық ынталандыру шараларын қолданудың және мұндай шараларды қолданудың халықаралық тәжірибесінің нәтижелері туралы талдамалық есеп. Салықтық ынталандыру шараларының тиімділігіне талдау жүргізу әдістемесі.
Есептер мен ұсынымдар дайындау, жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша мемлекеттік билік органдары үшін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен және Америка халықаралық даму жөніндегі агенттігінің консультациялар өткізу.
Түпкі нәтижесі: әлеуметтік-экономикалық дамудың талдамалық зерттеулерді нәтижелерін макроэкономикалық болжамдауды жетілдіру және қолдану мүмкіндігі үшін Қазақстанның экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету және экономикалық саясатты жақсарту үшін ұсынымдарды тұжырымдау үшін.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың фискалдық саясатты тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асырғанда қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсынымдарды жұмыста пайдалану.
Қазақстанның 2030 жылға дейін арналған Даму стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стартегиясын және Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стартегиясын уәкілетті мемлекеттік органдар іске асыру кезінде ұсынымдарды пайдалануы.
Экономиканың «қызып кетуінің» қаупін және оның теріс салдарын азайту жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
Қазақстанда тариф белгілеудің әлемдік тәжірибесін пайдалану жөніндегі ұсынымдар.
Бағамдық саясат жүргізу және бұл үшін әр түрлі тетіктерді пайдалану жөніндегі ғылыми-негізделген ұсынымдарды әзірлеу.
Инфляцияны тежеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін ұсынымдарды пайдалану.
Әлемдік мұнай бағасы мен макроэкономикалық көрсеткіштердің арасында анықталған тәуелділікті пайдалану орта мерзімдік болжамдаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы жағдайларында отандық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыста сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процестерінде ұсынымдарды пайдалану.
Рейтингілік агенттіктердің консервативтік инвесторларға елдің кредитке қабілеттілігі мен кредиттік тәуекелдерін сындарлы әрі объективті бағалау беруі.
Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру.
Отандық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыста ұсынымдарды пайдалану.
Экономиканы салықтық ынталандырудың неғұрлым тиімді құралдарын қолдану мақсатында салық саясатын түзету.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың (мемлекеттік бағдарламалар әкімшілерінің) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру жөнінде қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін талдамалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану.
Мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының, бағдарламалық құжаттар әзірлеудің проблемалық мәселелері бойынша шешімдер дайындаудың сапасын арттыру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір талдамалық зерттеу жүргізуге жұмсалатын шығындар;
экономиканың түйінді секторларындағы мемлекеттік органдардың жұмысында талдамалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану жолымен республикалық бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру.
Сапасы: Қазақстанның макроэкономикалық дамуының, инфляцияның, экономиканың "қызып кетуінің", теңгенің айырбас бағамының неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерін қамту және зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін қолданылу мүмкіндігінің.
Заңнамалық кесімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік функциялар тізілімінің өзектілігіне қол жеткізу.
Мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау көрсеткіштерін таңдау дұрыстығы және олардың бағдарламалардың мақсаттарына сәйкестігі.
Мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының стратегиялық, орта мерзімдік бағдарламаларының және даму жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.
Көрсеткіштердің мемлекеттік қызметтер ұсыну сапасын жақсартуға әсері.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесінің салалық дамуға қатысты проблемалық мәселелерінің бәрін қамту.
ДСҰ талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдарын талдау кезінде Қазақстан экономикасының барлық салаларын қамту.
Қазақстан Республикасының егемен рейтингін айқындау кезінде халықтық рейтингілік агенттіктер арасында пайдаланылатын ақпараттың сапасы мен объективтілігін арттыру.
Талдау кезінде салықтық ынталандырудың негізгі шараларын толық қамту. Әдістемеде қол жетімді деректерді пайдалану.
Халықаралық практикаға талдау жүргізу кезінде үш санат бойынша кемінде бес елді (дамыған, дамушы, басқа да) қамту.
Мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарды әзірлеу үшін зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі.
Уақтылығы: техникалық ынтымақтастықтың 2006-2007 қаржы жылдарға арналған жыл сайынғы бағдарламаларында белгіленген мерзімдерге сәйкес мерзімдерде талдамалық зерттеулердің нәтижелерін беру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
11-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
214-1-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
008 "Зияткерлік саланы дамытуды мемлекеттік қолдау"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 32000 мың теңге (отыз екі миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардық жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудық желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зияткерлік меншік құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының бірыңғай патент жүйесін дамытуды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның авторлық құқықтарын және зияткерлік меншікті қорғау кепілі ретіндегі беделін нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Зияткерлік саланы дамытуды мемлекеттік қолдау | | | |
2 | | 100 | Патент жүйесін мемлекеттік қолдау | «Астана қаласында Патент сарайын салу» инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу | сәуір-желтоқан | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Астана қаласында Патент сарайын салу» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;
Соңғы нәтиже: зияткерлік меншік объектілерін қорғауды тиімді қамтамасыз ету, инновациялық белсенділікті арттыруға және инвестицияларды тартуға ықпал ететін патент жүйесін дамытуды жетілдіру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісі кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормаларына және ережеге сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
12-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
235-1-қосымша
225 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
015 «Облыстық бюджеттерге Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінде
физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен
жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер туралы»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2457650 мың теңге (екі миллиард төрт жүз елу жеті миллион алты жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс шаралардың Жалпыұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазіргі материалдық-техникалық база құру және оны нормативтік талаптарға сәйкестендіру, мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттарына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының оқу үрдісін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарының физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жарақтандыру үшін қаржылай қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ p/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауаптыорындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттеріноқу құралдарымен жарақтандыруға нысаналы ағымдағы трансферттер | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінің физика кабинеттерін оқу құралдарымен жарақтандыруға Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер бөлу. Сапалы және уақытымен мемлекеттік орта жалпы білім беру мекемелерінің физика бөлмелерін оқу құралдарымен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министррлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: физика кабинеттерімен:
Ақмола облысы - 45 бірліктен кем емес;
Ақтөбе облысы - 45 бірліктен кем емес;
Алматы облысы - 45 бірліктен кем емес;
Атырау облысы - 25 бірліктен кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 45 бірліктен кем емес;
Жамбыл облысы - 30 бірліктен кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 45 бірліктен кем емес;
Қарағанды облысы - 45 бірліктен кем емес;
Қызылорда облысы - 35 бірліктен кем емес;
Қостанай облысы - 35 бірліктен кем емес;
Маңғыстау облысы - 26 бірліктен кем емес;
Павлодар облысы - 40 бірліктен кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 45 бірліктен кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 45 бірліктен кем емес;
Алматы қаласы - 20 бірліктен кем емес;
Астана қаласы - 10 бірліктен кем емес;
Соңғы нәтиже:
- халықтың барлық жіктер үшін сапалы білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- физика кабинетінің оқу құралдары жоқ мектептер санын азайту;
- материалдық-техникалық қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес жарақтандыру;
- білім беру үрдісін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
- мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыру;
Мемлекеттік жалпы орта білім ұйымдарындағы физика кабинеттерімен жарақтандыру қажеттіліктің 100 пайызын құрайды.
Қаржы - экономикалық тиімділігі: 1 физика кабинетінің жоспарланып отырған орташа құны - 4 230,0 мың теңге.
Уақыттылығы: жасалған шарттарға сәйкес 2-жартыжылдық.
Сапасы: жаңа информациялық және денсаулық сақтайтын оқыту технологиясын енгізу негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру жолымен білім алу үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
13-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
237-1-қосымша
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Ұшқыштарды бастапқы даярлауды қамтамасыз ету» деген
018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік авиациялық орталық құру» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 мамырдағы № 428 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық авиация, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер және басқа да күш құрылымдарындағы ұшқыштар құрамының дайындық сапасын көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Азаматтық академия авиациясында және басқа да мемлекеттердің авиациялық оқу орындарында ары қарай дайындау үшін Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының әскерге дейінгі тұлғалардың бастапқы дайындығының сапасын жоғарылату және ұшу дайындығымен байланысты басқа да қызмет, әуе кеңістігінде ұшуды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты тұлғалар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Ұшқыштарды бастапқы даярлауды қамтамасыз ету | Алғашқы ұшқыштарды ұшу дайындығын құруға жағдай жасау, негізгі құралдарды сатып алу және аңғар сатып алу. | 2006 жылдың 3-4 тоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес Мемлекеттік авиациялық орталыққа негізгі құралдарды алу.
Соңғы нәтиже: Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында және басқа мемлекеттердің әуе оқу мекемелерінде азаматтық авиация академиясында оқу үшін бастапқы азаматтық ұшқыштық дайындық.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 100000 мың теңге көлемінде Мемлекеттік авиациялық орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға шығындар.
Уақыттылығы: негізгі құралдарды жеткізу планына сәйкес
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның ұшқыштық құрамының сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 4706 қаулысына
14-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
239-1-қосымша
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
022 «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-тың жарғылық капиталын
көбейту» республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 132155 мың теңге (жүз отыз екі миллион жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-II Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық авиация академиясы» мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» 2001 жылғы 25 мамырдағы № 718 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық авиация саласында кадрларды дайындаудың сапасын арттыру, әлемдік рынокта бәсекелестікті арттыру үшін жақсы жағдайлар қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: азаматтық авиация саласында кадрларды кәсіби даярлаудың кешенді жүйесін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-тың жарғылық капиталын көбейту | ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің мамандарын EASA/JAR стандарттарына оқыту үшін «Азаматтық авиация академиясы» АҚ жарғылық капиталын арттыру арқылы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-тың қызметін дамыту. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: педагогика және авиация қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін нысандарды, әдістерді және талаптарды жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін азаматтық авиация академиясының жарғылық капиталын өсіру және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің 35 мамандарын EASA/JAR стандарттарына оқыту.
Соңғы нәтиже: авиация саласының білікті кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, халықаралық авиация стандарттарын енгізу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: қолайлы жағдайлар ұйымдастыру және жасау есебінен кадрлық әлеуетті арттыру; Азаматтық авиация комитеті қызметшісін енгізіп жатқан (EASA/JAR) еуропалық авиация талаптарын оқыту үшін орташа шығын 1768 мың.теңге.
Уақтылығы: жыл бойы жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: азаматтық авиация саласын EASA/JAR еуропалық авиация стандарттарына көшіру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
15-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
317-1-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
015 «ҚазҚуат» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2030 жылға дейінгі электрэнергетикасын дамыту Бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 384 қаулысы; «Қазақстан Республикасында гидроэнергетиканы дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 161 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экспорттық жеткізілім мүмкіндігін бағдарлай отырып Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамыту, базалық және ең жоғары деңгейдегі жүктемелерді жабуды ұлғайту, электр энергиясының тапшылығы мен құнын төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: энергия өндіретін ұйымдардың құрылысын қайта құрылуы мен жаңғыртылуын ұйымдастыру, құрылатын, сондай-ақ қолданыстағы энергия өндіретін ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру, қолданыстағы және құрылатын энергия өндіретін ұйымдарға қатысу үшін әлуетті инвесторларды тарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | «ҚазҚуат» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» | Кербұлақ ГЭС құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, Кербұлақ ГЭС салуға жер учаскесін сатып алу жөніндегі іс-шаралар «ҚазҚуат» АҚ жарғылық капиталын көбейту. | жыл бойы | Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: қажетті сараптамадан өткен, әзірленген Кербұлақ ГЭC құрылысы жобасының техника-экономикалық негіздемесі; Кербұлақ ГЭC салуға жер учаскесін сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасының базалық және ең жоғары деңгейдегі жүктемелерін жабудағы мүмкіндікті арттыру, Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайын жақсарту, энергетика саласын дамыту, Қазақстан Республикасында өндірілетін электр энергиясының мөлшерін көбейту, электр энергиясының тапшылығы мен құқын төмендету жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуын дамыту, электр энергиясының экспортын дамыту.