«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 129-156-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.22.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
129-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон
саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1257807 мың теңге (бір миллиард екі жүз елу жеті миллион сегіз жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңы; "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; "Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3-бабы; "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңы; "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заң күші бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру;
- еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылау;
- еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және көші-қон процестерін реттеу саласындағы салааралық үйлестіру;
- кәсіпқой шеберлігін жетілдіру және қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау мақсатында біліктілік талаптарға сәйкес кәсіпқой қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша дағдылар мен шеберлікті, теориялық және практикалық білімдерді жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеумет- тік қор- ғау және көші-кон саласын- дағы уә- кілетті органның қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми- нистрлігінің орталық аппаратын және Қазақ- стан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші- қон жөніндегі комите- тің 173 бірлік көле- мінде бекітілген штат санының лимиті шегінде ұстау: - әлеуметтік қызмет түрлері жүйесін, стан- дарттарды, МӘС және мүгедектерді оңалтуды, еңбек заңдарын одан әрі жетілдіру; - нормативті-құқықтық актілерді жасап шығару және іске асыру; - әлеуметтік және ең- бек қатынастары сала- сындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсы- ныстарды іске асыру, сондай-ақ өз құзыры шеңберінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету; - ақпараттық қамсыз- дандыру және әлеумет- тік статистиканы дамыту; - республикалық бюд- жеттен төленетін зей- нетақылар, жәрдемақы- лар, өтемақылық және біржолғы төлемдердің төленуін қамтамасыз ету; - шетелдік жұмыс күшін тартуға көші-қон кво- таларын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; - жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жасау, ха- лықты еңбек рыногының жайы туралы ақпараттандыру; - ішкі рынокты қорғау мақсатында инвестиция- лық келісім-шарттар- дың жобаларын қарау; - Министрліктің Көші- қон жөніндегі комите- тінің және аумақтық органдарының қызметін басқару және үйлесті- ру; - жергілікті бюджет- терден қаржыландырыла- тын атқарушы органдар- ды еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеу- меттік қорғау және көші-кон мәселелері бойынша әдістемелік басқару; - ұйымдармен төменде- гідей мәселелерді же- тілдіру бойынша кон- сультациялық қызмет- тер көрсету жөніндегі келісім-шарттар жасау: 1) Қазақстандағы ке- дейлік деңгейін тиімді төмендету мақсатында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін; 2) медициналық-әлеу- меттік сараптама жүр- гізу және аурулардың түрлі нысандары кезінде мүгедектерді оңалту. - еңбек, жұмыспен қам- ту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері бойынша ви- деофильмдер және жар- нама роликтер, әдеби- еттер, тұсқағаздар, кітапшалар шығару қызметтерін сатып алу. | қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан маусым- желтоқ- сан маусым- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеу- меттік қорғау минис- трлігі. |
3 | | 002 | Аумақтық орган- дардың аппа- раттары | Негізгі міндеттерін іске асыру және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін Министрліктің аумақтық органдарын 1398 бірлік көлемінде бекітілген штат саны шегінде ұстау: - мүгедектік тобын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін анықтау; - республикалық бюд- жеттен қаржыландырыла- тын зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өте- мақылық және біржолғы төлемдерді, әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау; - еңбек, еңбекті қор- ғау, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдардың орындалуын бақылау, тексерулер жүргізу; - мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуына бақылау жасау; - өндірістегі жазата- йым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тексеруге қатысу және олардың есебін жүргізу; - құрылысы немесе қайта құруы аяқталған өндірістік объектілер- ді пайдалануға қабыл- дау жөніндегі комис- сиялардың жұмысына қатысу; - шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқ- сат қағаздарда көрсе- тілген шарттардың орындалуын бақылау және тексеру; - ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталу күйін сипаттайтын көр- сеткіштерді жинақтау, қорытындылау, жүйелеу және талдау жасау; - еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, көші-\ қон мәселелері бойынша ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмысын жүргізу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеу- меттік қорғау минис- трлігі. |
4 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Төмендегідей тақырып- тар бойынша біліктілі- гін арттыру жөніндегі қызмет турлерін сатып алу: 1. Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңна- маның сақталуын мемлекеттік бақылау. Іске асыру мерзімі 1-4 тоқсан. 2. Зейнетақымен және жәрдемақымен қамсыз- дандыру. Іске асыру мерзімі 2 тоқсан. 3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері. Іске асыру мерзімі 3 тоқсан. 4. Қазіргі заманғы миграциялық процестер - Қазақстандағы жағдай. Іске асыру мерзімі 2, 4 тоқсан. 5. Медициналық-әлеу- меттік сараптама және мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері. Іске асыру мерзімі 1-4 тоқсан. 6. Мүгедектердің орта- лықтандырылған дерек- тер базасы. Іске асыру мерзімі 2 тоқсан. ТМД елдерінен мұғалімдер шақыру арқылы медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарын оқыту. Іске асыру мерзімі 2, 3 тоқсан. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне үйрету. Іске асыру мерзімі 4 тоқсан. | жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
4-1 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылы- старын күрделі жөндеу | Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Көші-қон комитетінің басқармасы ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жүргізу | шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
5 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды матери- алдық- техни- калық жарақ- тандыру | Министрліктің орталық аппаратының және аумақтық органдарының қызмет етуін қамтама- сыз ету мақсатында төмендегідей заттарды сатып алу: 1. Ұйымдық техника: - Министрліктің құзы- рына кіретін мәселелер бойынша семинарлар өткізуге, оқытуға, анықтамалық әдебиет, брошюралар, бейне- фильмдер әзірлеуге және көбейтуге арналған. - азаматтардың өтініш- терін, ҚР Үкіметінің, Парламентінің, минис- трліктерінің тапсыр- малары мен сауалдарын уақтылы қарауға арналған. - мүдделі органдармен ақпарат алмасуға арналған. 2. Еңбек жағдайларын жақсарту үшін жиһаз сатып алу. | жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
6 | | 017 | Ақпарат- тық жү- йелердің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету. Есептеу техникасы құралдарына жүйелік- техникалық қызмет көрсету. Шығыс және жинақтауыш материалдар, қосалқы бөлшектер сатып алу. Есептеу және лицензия- ланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- Қазақстан Республикасының "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарының іске асырылуы;
- ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын анықтаудың жаңа әдістемесін енгізу;
- мүгедектерге және қарт кісілерге әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу;
- 2007 жылға арналған оралман квотасын қалыптастыруға ұсыныстар жасап шығару;
- еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері бойынша видеофильмдер және жарнама роликтер, әдебиеттер, тұсқағаздар, кітапшалар шығару қызметтерін сатып алу.
- еңбек, жұмыспен қамту, еңбекті қорғау салаларында заңдылықтарды сақтауды қадағалау мақсатымен 10500 жоспарлы тексерулер жүргізілді;
- 300 адамның кәсіптік деңгейін жоғарылату;
- 25 адамды мемлекеттік тілге оқыту;
- 25 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Орталық және аумақтық органдарында жұмыс орындарын 10% автоматтандыру, 12% жиһазбен жарақтандыру.
Соңғы нәтиже: халықтың әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылуын кеңейту, жұмыспен тиімді қамтуды қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын және еңбек қауіпсіздігін жақсарту. Жиһазбен жарақтандыруды 100%-ға жеткізу. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарылату қажеттілігін 35%, мемлекеттік тілді оқытуды 25%, ағылшын тілін оқытуды 8% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың бір маманына кететін шығын жылына 930 мың теңге, аумақтық органдарда 546 мың теңге құрайды.
Бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттырудың орташа шығыны 12,1 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны 20 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметкерді ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны 20 мың теңге.
Уақтылығы: келісім-шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапа: әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нормативті-құқықтық базасын жетілдіру, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік қызметтердің және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының біліктілік деңгейін жоғарылату және қол жеткізілімділігін арттыру.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардағы кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылату; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 15%; ағылшын тілін оқыту курсын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 5%; біліктілігін жоғарылату курстарынан өткеннен кейін жоғары қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 2%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
130-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Зейнетақы бағдарламасы"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 255496364 мың теңге (екі жүз елу бес миллиард төрт жүз тоқсан алты миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2006.22.11. № 1107 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 12, 16-баптары; "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2, 5-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу конституциялық құқықтарын іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы төлемдерін уақытында қамтамасыз ету;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ олардың мұрагерлеріне зейнетақыға үстемеақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Зейнетақы бағдар- ламасы | | | |
2 | | 100 | Ортақ зейнета- қыларды төлеу | Қажеттілікке сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға ынты- мақты зейнетақылардың ай сайын төлемдерін ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
3 | | 101 | Семей ядролық сынақ полиго- нындағы ядролық сынақтар салдары- нан зар- дап шек- кен аза- маттардың зейнета- қыларына үстеме- ақылар | Қажеттілікке сәйкес радиациялық қатер өңірлерінде тұрған және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы тө- лемдерін ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
4 | | 102 | Мемле- кеттік базалық зейнетақы төлемдері | Қажеттілікке сәйкес зейнеткерлерге және зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге базалық ай сайынғы зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылармен және зейнеткерлік жасқа толған адамдарға арналған базалық зейнетақы төлемдерін төлеу. Алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- ынтымақты зейнетақы - 1622,6 мың адам;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар - 5,8 мың адам;
- базалық зейнетақы төлемдерін - 1663,4 мың адам.
Соңғы нәтиже: ынтымақты зейнетақы мөлшерін 8% көбейту және зейнеткерлік жасқа толған адамдардың барлығына 3000 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- зейнетақының ең төмен мөлшері - 6700 теңге;
- зейнетақының орташа мөлшері - 10075 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 3000 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.
Сапа:
- тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100% төлеу.
- радиациялық қатер өңірлерінде тұрған және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100% төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
131-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 59995554 мың теңге (елу тоғыз миллиард тоғыз жүз тоқсан бес миллион бес жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 2-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты, әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мүгедектігі бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін кемінде 1000 теңгеге көбейту;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін асырауындағылардың санына қарай 300 теңгеден 1000 теңгеге дейін көбейту;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін ең төмен күнкөріс шамасынан еселеп есептеу;
- жасына байланысты берілетін;
- мүгедектігі бойынша берілетін;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа мөлшерлерін ескере отырып уақытында төленуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемле- кеттік әлеу- меттік жәрде- мақылар | | | |
2 | | 100 | Мүге- дектігі бойынша | Қажеттілікке сәйкес мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы- ларды ай сайын төлеуді ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
3 | | 101 | Асырау- шысынан айрылуы- на бай- ланысты | Қажеттілікке сәйкес асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы- ларды ай сайын төлеуді ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
4 | | 102 | Жасы бойынша | Қажеттілікке сәйкес жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы- ларды ай сайын төлеуді ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |