«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі
№ 667 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 533 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 934 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 667 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 275-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ережесінде:
1-тармақтағы «, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығына» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
9-тармақтың 2) тармақшасындағы «осы Ереженің 4-8-тармақтарында көрсетілген» деген сөздер «осы Ереженің 4-6-тармақтарында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |