«Қазына» орнықты даму қоры» акциоиерлік қоғамы директорлар кеңесінің
құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 Қаулысы
(2007.24.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
екі ай мерзімде үшінші тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 2 мамырдағы
№ 347 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.14.09. № 865; 2007.03.02. № 80 (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03 № 229 (бұр. ред. қара); 2007.12.09. № 797 (бұр.ред.қара); 2007.24.09. № 829 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен қосымша өзгертілді
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы
директорлар кеңесінің құрамы
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы және сауда министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Наталья Артемовна
Келімбетов - «Қазына» орнықты дамыту қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
Мирчев Александр Васильевич | - тәуелсіз директор |
Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі |