Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына:
осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін;
әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тізімдерін ұсынады.
Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері қоса берілген салық органының инкассалық өкімінің негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 қаулысымен 35-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
35-2. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін алған кезде салық органы түпкі алушы ретінде бенефициарды - жинақтаушы зейнетақы қорын және делдал банк ретінде Орталықты көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассалық өкімдерді ұсынады.
Агенттің банктік шотына теңгемен ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары теңгемен ұсынған инкассалық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютамен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 қаулысымен 35-3-тармақпен толықтырылды ; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
35-3. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттер жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған кезде және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде салық органдары агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Салық органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі мемлекет алдындағы салық міндеттерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-4-тармақпен толықтырылды
35-4. Агентте банктік шот болмаған жағдайда салық органы өндіріп алуды қолма-қол ақшаға айналдырады.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-5-тармақпен толықтырылды
35-5. Салық органының бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша (оның ішінде шетелдік валютада) көрсетілген қолма-қол ақшаны агенттен алып қоюы міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-6-тармақпен толықтырылды
35-6. Қолма-қол ақшаны алып қою мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алып қою туралы актімен ресімделеді.
Алып қою туралы акті ресімделген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде агент салық органы алып қойған қолма-қол ақша сомасының шегінде пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен салық органына ұсынады.
Міндетті зейнетақы жарналарын банктік шот ашпастан төлеген кезде банктердің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 35-7-тармақпен толықтырылды
35-7. Агенттен алып қойылған қолма-қол ақша алып қойылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оларды кейіннен тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға жатады.
ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 36-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 36- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
36. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып облыстары, аудандары бойынша келіп түскен тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынады.
Мыналар жеке ұсынылады:
жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар банкке қолма-қол ақшамен енгізген, қате міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері:
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және/немесе жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.
Өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып, облыстар, аудандар бойынша қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күні ұсынады.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару
жөніндегі құжаттарды сақтаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен 6-бөліммен және 37-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 37-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
37. Заңды тұлғалар - агенттер ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, оның iшiнде қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердi электронды және қағаз таратқыштарда заңнамада белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.
Заңды тұлғаны - мiндеттi зейнетақы агентті таратқан кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа берiледi.
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса
есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды
Растау анықтамасы
__________________________________
(төлеушінің атауы)
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде салымшы
деректемелерінің мынадай төлем тапсырмаларында қателер
кеткенін растайды:
Төлем тапсыр- масының № | Төлем тапсыр- масының күні | Төлем тапсыр- масының жалпы сомасы | Салымшының жеке сомасы | Т.А.Ә және туған күні (салымшының дұрыс емес деректе- мелері) |
| | | | |
Жарамды деп есептелсін
ӘЖК_____________________
Т.А.Ә_____________________
Туған күні_____________________
Бірінші басшы _____________________ (Т.А.Ә)
(қолы)
Бас бухгалтер _____________________ (Т.А.Ә)
(қолы)
Мөр орны
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса
есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын
міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы
ХАБАРЛАМА
20__ж. "___" ________ №_________
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабына сәйкес___________________________ бойынша Салық комитеті
(облыс, қала, аудан)
Сізді_______________________________________________________________
(агенттің толық атауы немесе Т.А.Ә., СТН-і, мекен-жайы)
20__ж.____ __________________жағдай бойынша_________________________
____________________________________________________________________
(санмен және жазумен)
мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бары туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сіз_________________________________________
(облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитетіне осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін және әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорларының тізімдерін табыс етуіңіз қажет.
Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының
тізімдері табыс етілмеген жағдайда__________________________________
(облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитеті агенттің банк шотындағы (тарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Банктік шоттар болмаған жағдайда______________________________
(облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитеті агенттің қолма-қол ақшасын өндіріп алатын болады.
Бұл ретте Сізге аталған Заңның 22-4-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Салық комитетінің төрағасы__________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым___________________________________________
(агенттің Т.А.Ә., қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды________________________________
(салық қызметі органының
___________________________________________________________________
лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы (мөрі), күні)
Хабарлама агентке жіберілді________________________________________
(жіберу және алу фактісі туралы
растаушы құжат)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 15 наурыздағы № 245
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, аударудың және Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖы, 1997 ж., № 53, 485-құжат)
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы № 30 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы № 201 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1313 қаулысының 1-тармағы.