2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани әлеуеті мен мәдени деңгейін арттыру, қазақстандық орындаушылардың шығармашылық шеберлігін және Қазақстан мәдениеті жетістігін дәріптеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы театр-концерт ұйымдарының тұрақты жұмысын ұйымдастыру, өндірістік-шығармашылық үрдістерді қамтамасыз ету; жаңа спектакль қойылымдары мен концерттік бағдарламаларды жүзеге асыру; репертуардың жанрлық-тақырыптық мазмұнын толтыру; аумақтардың көрермендеріне қызмет көрсету географиясын кеңейтумен аумақтарға гастрольдік сапарларды жүзеге асыру; халыққа арналған театр-концерт ұйымдарының қызметі жалпының қол жетуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Театр- концерт ұйымда- рының жұмысын қамтама- сыз ету | Қазақстан Республикасының азаматтарын - жеткіншек ұрпақтарды эстетикаға және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған қазақ халық музыкалық- поэтикалық шығармашылығын, қазіргі композитор- лардың шығармаларын, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау жөніндегi қызмет түрін орындау. 15 республикалық театр-концерт ұйымдарының ағымдағы трансферттерін бөлу жолымен оларды мәдени өмір саласына енгізу мақсатында республика халқының барлық топтарына арналған театр-концерт шараларына қол жетуін қамтамасыз ету: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына К. Байсеитова атындағы ұлттық опера және балет театрына, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына, Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық қазақ театрына, Н.Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық орыс театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық ұйғыр театрына, Мемлекеттік республикалық комедиялық корей театрына, Республикалық неміс драма театрына, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік "Салтанат" би ансамбліне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрына, Классикалық музыканың "Қазақстан камераты" ансамбліне, "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестріне. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес негізгі құралдарды сатып алу күрделі трансферт- терін аудару: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына, К. Байсеитова атындағы ұлттық опера және балет театрына, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академия- лық драма театрына, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академия- лық орыс драма театрына, Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық қазақ театрына, Н.Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық орыс театрына, Мемлекеттік респуб- ликалық музыкалы комедиялық ұйғыр театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық корей театрына, Республикалық неміс драма театрына, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік "Салтанат" би ансамбліне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрына, Классикалық музыканың "Қазақстан камераты" ансамбліне, "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестріне. Ғимараттарды күрделi жөндеуге күрделi трансферттер: Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ академиялық театры, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры. | ақпан- жел- тоқсан қаңтар- жел- тоқсан ақпан- шілде қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кем дегенде 1746 спектакльдер, концерттер өткізу; республикалық театр-концерт ұйымдарына кем дегенде 44 652 көрерменнің келуін қамтамасыз ету;
15 республикалық театр-концерт ұйымдарының негізгі құралдарын сатып алуға күрделі трансферттер,
Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ академиялық театрының, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының күрделі жөндеуін аяқтау М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры күрделі жөндеуінің 2 кезеңін жүргізу;
Келесі бағыттар бойынша негізгі құралдарды сатып алу: дыбыстық, жарықтық, музыкалық қондырғылар;
компьютерлік техника, костюмдер, сахына киімдерін тігу; автотранспорт, жиһаз, музыкалық аспаптар, техникалық қондырғылар, тұрмыс техникаларын сатып алу.
Соңғы нәтиже: республика халқын мәдени қызмет көрсетумен толық қамту, репертуарды жанрлық-тақырыптық жаңа шығармалармен толықтыру, 2 театрдың күрделі жөндеуін жүргізуді 100% қамтамасыз ету,
1 театрдың күрделі жөндеуін 61,2% орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: спектакль, концерт, опера өткізудің орташа құны - 10000 мың теңге.
Уақтылығы: Репертуарлық жоспарға сәйкес жоспарланған театр-концерт іс-шараларын өткізу, белгіленген кестеге сәйкес материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: халықтың мәдени деңгейін арттыру, драмалық, опералық және балет спектальдері қойылымдарын, концерттер сапасын арттыру; гастроль сапарларының бағыттарын кеңейту, өткізілетін спектакльдер мен концерттердің көркемдік сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы кейбір аумақтарының халқына театр-концерт ұйымдары қызметіне қол жетуі; көрермендердің қазіргі талаптарына қойылымды жабдықтаудың толық сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
23-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Алматы қаласының бюджетіне 2006 жылы республикалық
бюджеттен берілген мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуіне
арналған ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 96685 мың теңге (тоқсан алты миллион алты жүз сексен бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың Тізбесі туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру.
5. "Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілген мәдениет ұйымдары қызметін үйлестіру және тиімді басқару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Алматы қаласының бюджетіне 2006 жылы республи- калық бюджеттен берілген мәдениет ұйымда- рының жұмыс істеуіне арналған ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Ағымдағы мақсатты трансферттерді аудару. Алматы қаласы әкімшілігінің коммуналдық меншігіне берілген 5 мәдениет ұйымының қызметін қамтамасыз ету: Жастардың рухани және мәдени қажеттіліктерін өтеуге, жас ұрпақтың әлеуметтік бейімделуi мен мамандыққа икемделуіне көмек көрсетуге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүргізуге Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасын; Негізгі құралдар сатып алу; Балалар мен жасөспірімдер арасында білім таратуға, балаларға кітапханалық-библио- графиялық қызмет көрсетуге, олардың бойына моральдық- этикалық дағдыларды, оқу мәдениетін, ұлтжандылық пен ұлтаралық қатынастар мәдениетін сіңіруге С.Бегалин атындағы балалар кітапханасын; Негізгі құралдар сатып алу; Әдебиеттің біртуар қайраткерлері Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық мұрасын анықтау, сақтау, зерттеу және насихаттауға байланысты шараларды жүзеге асыруға бағытталған С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің Әдеби мемориалдық мұражай кешенін; Халықтық саз аспаптарын зерттеу және насихаттау, анықтау, жинау, комплектілеу, сақтаумен байланысты шараларды жүзеге асыруға Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейін; Қуыршақ театрына активтер сатып алу және театр өнерi саласындағы мемлекеттік мәдениет саясатын жүзеге асыруға бағытталған сахналық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге. | қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 5 мәдениет ұйымын жергілікті бюджетке беру: Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы; С. Бегалин атындағы балалар кітапханасы; С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің Әдеби мемориалдық музей кешені; Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі; Қуыршақ театры.
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының кітап қорын толтыру үшін - 3000 дана кітап, 2 жинақталым компьютер, ксерокс сатып алу.
С. Бегалин атындағы балалар кітапханасының кітап қорын толтыру үшін ксерокс, 2000 дана кітап сатып алу.
С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің Әдеби мемориалдық музей кешені мен Қуыршақ театрына жиһаз сатып алу.
Соңғы нәтиже: Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің оны алушыларға жақындауы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Алматы қаласының халқын мәдени қызмет көрсетумен толығымен қамту.
Уақтылығы: 5 мәдениет ұйымын ағымдағы мақсатты трансферттермен уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: Мәдениет мекемелерін басқару әдістерін жетілдіру және мәдениет инфрақұрылымын жергілікті деңгейде оңтайландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
24-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Спорт объектілерін салу және қайта жаңарту»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9607200 мың теңге (тоғыз миллиард алты жүз жеті миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары нәтижелерге қол жеткізу, әлемдік спорттық аренада Қазақстанның имиджін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: денешынықтыру-сауықтыру және спорттық құрылыстарда кең көлемде жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындау үшін қазіргі кезең базасын құру, спорттық құрылыстарда тұрғындардың денешынықтыру және спортпен шұғылдану жағдайын жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Спорт объекті- лерін салу және қайта жаңарту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 "2006 жылға арналған республика- лық бюджет туралы" Қазақстан Республи- касының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республи- касы Үкіметі қаулы- сының 2 Қосымшасына сәйкес және бекітіл- ген смета-жобалық құжаттарға орай сомалар шегінде инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ құрылыстың жүру барысына техникалық қадағалау жасау: 1) Астана қаласында республикалық велотрек; 2) Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлау базасын; 3) Щучье қаласында республикалық шаңғы спорты базасын салу. | қаңтар-ақпан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігінің Спорт істері комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Өткізу жағдайы күшіне 290 адамды құрайтын Астана қаласындағы республикалық велотректің құрылысын, өткізу жағдайы күшіне 487 адамды құрайтын Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлау базасын; өткізу жағдайы күніне 380 адамды құрайтын Шучье қаласында республикалық шаңғы спорты базасын салуды аяқтау (мемлекеттік сараптамадан өткен, заңды тәртіппен белгіленген, бекітілген смета-жобалық құжаттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмысының жалпы құнының 68%).
Соңғы нәтиже: қысқы мерзімде тұрғындардың белсенді демалуы үшін олимпиадалық спорттың түрлері, спорттың шаңғы тебу түрі, велосипед спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спортшыларды және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау үшін республикалық спорт объектілерін эксплуатацияға енгізу жағдайларын жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: инвестициялық жобаны жүзеге асырудың тиімділік бағасын беру негізінде анықталатын болады.
Уақтылығы: жасасқан келісім шарттарға сәйкес атқарылған жұмыстың жоспар актісіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс ережелері мен нормаларының талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
25-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Жоғары жетістіктер спортын дамыту»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2973148 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз жетпіс үш миллион бір жүз қырық сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2, 4, 8, 15, 18, 25, 30-баптары; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; «Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі дайындығының Президенттік сынақтары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысы; «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) ХХ қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) ХХІХ жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы» 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген «Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы» 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары спорттық нәтижелерге жету және халықаралық спорттық аренадағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Жоғары жетіс- тіктер спортын дамыту | Спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі спортшылар мен спорт резервін даярлау, спорттың түрлері бойынша республикалық жарыстар, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және халықаралық жарыстар (Азия, Европа, әлем чемпионаттары мен әлем кубогына, Турин қаласындағы (Италия) қысқы Олимпиада ойындарына, 16-шы жазғы Азия ойындарына және Достастық елдерінің халықаралық спортты ойындарына және басқа халықаралық турнирлерге) қатысу, ұлттық штаттық командаларды материалдық қамсыздандыру, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшелерін ресми халықаралық ресми жарыстарға қатысу кезінде бір мәрте сақтандыру. Республикалық деңгейде футболды дамыту. Спорт түрлерінен жетекші спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын, соның ішінде шет елдерден жаттықтыру- шыларды келісім-шарт негізінде жұмысқа тарту. Жоғары жетістіктер спортын насихаттау. "Жыл спортшысы" республикалық конкурсын өткізу. Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшылар- ды және жаттықтыру- шыларды-олимпиадалық ойындардың чемпион- дары мен жүлдегерле- рін, әлем чемпионаты- ның жеңімпаздарын заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмір бойы материалдық қамсыздандыру. Спортшыларды диспан- серлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен спортшыларға, республикалық құрам командалардың мүгедектеріне медициналық консультативтік кеңес беру. Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушы- ларға медициналық қызмет көрсету; Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушы- ларды қамтамасыз етуге белгіленген нормаларды есепке ала отырып, фармако- логиялық қалпына келтіру құралдарын, витаминді және белоктық-глюкозалық препараттарды сатып алу. Халықаралық және республикалық спорт жарыстарының қарса- ңында ағзадағы анаболик-стероид- тердің және пептидтi гормондардың болуын анықтау үшін допингке қарсы зертханада тестілеуден өткізу үшін арнаулы жабдықтар, химиялық реактивтер мен медикаменттер сатып алу. Жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталықтарында олимпиада резервін даярлау. Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарының спортшыларын мүкә- малмен және киіммен қамтамасыз ету. Спорт түрлерінен Қазақстан Республика- сының командаларына алынған спортшыларды, жаттықтырушыларды материалдық қамсыз- дандыруға арналған күрделі трансферттер, сондай-ақ спорт түрлерінен ҚР-ның ұлттық құрама коман- даларына қабылданған- дар үшін спорттық мүкәмал және жабдықтар сатып алуға Ұлттық штаттық командалар дирекция- сына күрделi трансферттер аудару. Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығы үшін арнайы жабдықтар сатып алуға, Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарына негізгі құралдар сатып алу үшін күрделi трансферттер аудару. | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігінің Спорт істері комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Туринде Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен, жазғы Азия ойындарында спорттың 35 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 652 оқу-жаттығу жиынын, 278 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу. Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адамды, республика құрама
командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу.
Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы үшін кемінде 52 дана спорттық мүкәмалмен жабдықтар сатып алу.
Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі
бар спортшыларды және жаттықтырушыларды-олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін кемінде 46 дана спорттық мүкәмал, жиһаз (кеңселік үстел - 5 дана, қабырғалық шкаф - 2 дана, киім шкафы - 21 дана, керуерт - 20 дана), компьютер - 2 дана сатып алу.
Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына - 11 дана медициналық жабдық сатып алу.
Соңғы нәтиже: жоғары сыныпты спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру.
Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Әлем, Азия, Европа чемпионаттарында жазғы спорт түрлері бойынша Азия ойындарында және қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір спортшыны дайындауға кететін шығынның орташа құны - 1164,0 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттар өндіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
26-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 55534 мың теңге (елу бес миллион бес жүз отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегi № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы» 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген «Спорттық іс-шараларға қатысушыларды фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы» 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы.