200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін
арттыру және оларды қайта даярлау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37619 мың теңге (отыз жеті миллион алты жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби деңгейін жоғарылату арқылы мәдениет саласының дамуына жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Нарық экономикасы талаптарының өсуіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес қызметкерлердің теориялық білімін, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Мемле- кеттік мәдениет ұйымдары кадрла- рының білікті- лігін арттыру және оларды қайта даярлау | Мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін мәдениет пен өнер саласының негізгі бағыттарында арттыру және қайта даярлау арқылы қызметті сатып алу. Мәдениет қызметкер- лерін шет елдерде тәжірибеден өткізу. | ақпан- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің ел ішінде - 690 адам санында теориялық және практикалық білімдерді жаңартуы, кәсіптік дағдыларды қалыптастыруы және бекітуі:
- тарихи-мәдени мұра 172 адам;
- мәдени-бос уақыт жұмыстары 172 адам;
- театр-концерт қызметі 172 адам;
- кітапханалық жұмыстар 174 адам;
Мамандарды шет елдерде тәжірибеден өткізу - 35 адам.
Соңғы нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру арқылы қоғамның рухани байлықтары мен мәдени мұраларын сақтап қалу.
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажеттілігін 2,9% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының бір қызметкерін оқытуға кететін шығынның орташа құны:
- ел ішінде 25,5 мың теңге;
- шет елдерде 666,6 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған шараларды есептік жоспар бойынша орындау.
Сапасы: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби білімін және шеберлігін арттыру және тереңдету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
16-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мәдениет, ақпарат және спорт саласындағы
қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 237000 мың теңге (екі жүз отыз жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдалану туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңының 20-бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтарда № 1277 жарлығымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «2005-2009 жылдарға арналған «Ежелгі Отырардың жаңғыруы» бағдарламасы» атты қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республика тұрғындарының мәдени және рухани деңгейін арттыру, сондай-ақ елдің тарихи, мәдени құндылықтарын толыққанды танып-білуде бос аралықтарды толтыру, халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткіштерге жету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет пен өнерді дамытуда ғылыми-практикалық талдау жасауды қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының жұмыс істеуінің тиімді және перспективалық үлгілерін әзірлеу; тарихи және мәдени ескерткіштерді мұражайландыру және танымалдандыру; көшпелі және отырықшы жер өңдеу мәдениетінің аспектілері мен өзара қарым-қатынасын, ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі Еуразия территориясында болған басқа да этномәдени үдерістерді зерттеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; археологиялық, сәулетшілік, қала құрылысы нысандарын зерттеуді қамтамасыз ету. Тағамдармен қамтамасыз ету бойынша, дәрілік-биологиялық және қалыптастыру препараттары бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар дайындау. Жаңа әдістемелік жаттығуларды қолдану арқылы спортшылардың дене қабілеттерінің мүмкіндіктерін арттыру. Ғылыми негізде жаттығуда және жарысуда салмақ түсіретін, демалудың, тамақтанудың, қалыптастыру құралдарының, жасанды жұмысқа қабілеттілігінің және спортшының функционалды қосымша күштерін ықшамдаудың қатаң түрдегі тепе-теңдік жүйесін жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Мәдениет, ақпарат және спорт сала- сындағы қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | Мәдениет және спорт саласында мына бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізу: - тарихи-мәдени, мәдени-бос уақыт, театр-концерт, мұражайлық, тарихи, сондай-ақ спортшылардың оқу-жаттығу және жарыс кезінде жұмсалатын күш-қуатын зерттеу және олардың жедел түрде қалпына келу әдісі, спортшылардың жаттығу кезеңдеріне бейімделуде орта тауда және биік тауда дайындалудың тиімдi әдістерін жасау. Мемлекеттің 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында және «Ежелгі Отырардың жаңғыруы» бағдарламасы бойынша тарихи-мәдени мұралар нысандарында археологиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар алыс және жақын шетел қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына оқымысты ойшылдардың мұраларын зерттеу үшін, сондай-ақ сирек кездесетін басылымдарды, кітаптар мен архив құжаттарын табу және сатып алу мақсатында ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру. Мемлекеттің ғылыми-техникалық сараптамасы бойынша қызметтің төлемі. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: өнімдерді дамыту үшін тәжірибелік нұсқаулықтарды дайындау және мәдениеттің ғылыми-әдістемелік базасын нығайту;
Еліміздің ұлттық мәдени жетістіктерін тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеуге бағытталған 8 тақырып бойынша этносаралық қатынаста және саяси мәдениет саласында ғылыми зерттеулер өткізу; Этнография саласы бойынша жаңа ғылыми мәліметтерді табуға бағытталған Мұражайтану саласында 6 тақырып бойынша жұмысты жалғастыру;
Спорт саласында 2 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер өткізу;
29 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру;
Мемлекеттің 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Бұзоқ, Қойлық, Талғар, Ақыртас, Жайық, Жуан төбе, Қараспан төбе, Шымкент, Сауран, Сидақ, Отырар, Сарайшық қаласында; Ыстық, Берел, Шілікті, Бестамақ, Бөріжары, қорымдары; Мерке-Жайсан, Қызыл Ұйық әулиетамдары, Айбас дарасы, Кент, Талдысай, Тоқсанбай, Ботай елді мекендері; Тоқтауыл, Шідерті ІІІ, Қошқорған І-ІІІ, Шоқтас бекеттері; Некрополь Чирик Рабат.
4 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру: Мемлекеттік «Ежелгі Отырардың жаңғыруы» бағдарламасы аясында Отырар, Алтынтөбе, Құйрықтөбе қалалары 1000 данада «Мардан-Күйік қалашығы», «Көк-Мардан қалашығы» буклеттерін шығару қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар тұрғындардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бағдарламаны орындауда 600-ге тарта қолжазба, 70 сирек кездесетін қолжазба, 500-ге жуық кітаптар мен мұрағат құжаттарын сатып алу.
Соңғы нәтиже: Мәдениет және спорт саласын қамтамасыз етіп отыратын тұрақты-даму жүйесінің қызметі құрылады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Бір ғылыми жобаны сатудың орташа шығын құны 13941,2 мың теңге.
Уақтылығы: Ғылыми жобаларды уақытында дайындауды қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени құнды нысандарға келуші туристердің санын арттыру; жоғары білікті спортшыларды дайындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
17-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 607592 мың теңге (алты жүз жеті миллион бес жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 «Мемлекеттік мекемелер, ведомствоға бағынышты орталық атқарушы органдардың штаттық санының лимитін бекіту туралы» қаулысы; «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамытудағы бағдарламаны бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамытуға және тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауға жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жүйелік комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру, еліміздің ұлттық мәдени игілігін музей ісі саласында қолдану мен зерттеу процесін материалдық-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Тарихи- мәдени құнды- лықтарды сақтау | Бейнелеу өнері, қолданбалы өнер, халық шығармашылығы, антиквар және көркем фотосурет көрмелерін өткізуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету; Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, тіркеу, жинақтау және қайта жөндеуді қамтамасыз ету бойынша "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы", "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы", "Музыкалық үрмелі аспаптардың бірегей коллекциясының Мемлекеттік музейі", "Республикалық кітап музейі" және "Ордабасы Ұлттық-тарихи-мәдени қорығының" республикалық мемлекеттік қазыналық мекемелерінің жұмысын қамтамасыз етуге ағымдағы трансферт- тер бөлу. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес негізгі құралдарды сатып алу үшін берілген күрделi трансферттер: - "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына", "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына", "Музыкалық үрмелі аспаптардың бірегей коллекциясына", "Республикалық кітап мұражайы", "Ұлттық тарихи- мәдени Ордабасы қорығына". - Зергерлік өнер мен ұсталық шеберліктi дамыту мақсатында тарихи ескерткіштердi сақтау және зерттеу, жүйелендіру, жиналуын жүзеге асыру. Негізгі активтер мен техникаларды сатып алу. Қазақстанда мемлекет- тік мұражай бейнесін жасау және тарихын көрсету үшін тарих және мәдениет ескерт- кіштерін жинау, жүйелеу, сақтау және зерттеу үрдістерін ғылыми әдістемелік қамтамасыз етудi жүзеге асыру. Негізгі активтер мен техникаларды сатып алу. | ақпан- жел- тоқсан жыл бойы ақпан- шілде қаңтар- жел- тоқсан қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі Мемле- кеттік алтын және бағалы металдар мұражайы Қазақстан Республи- касы Прези- дентінің мәдени орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- мұражайларды жүргізу жөніндегі 250 лекция өткізу;
- 4100 экскурсия өткізу;
- мұражайтану саласында 150 ғылыми мақала шығару;
- 30 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу;
- 5 халықаралық ғылыми-форумға қатысу;
- 15 халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысу;
- мұражай тану мәселесі бойынша 400 ғылыми кеңес өткізу;
- 110 тақырыптық көрме өткізу;
- 3 ғылыми теориялық симпозиумға қатысу;
- 35 жылжымалы көрме өткізу;
- 27 басқа іс-шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер және т.б.);
- 1000 экспонатты қалпына келтіру;
Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайына қорларды толықтыру үшін экспонаттар, экспонаттау үшін «Алтын адам» көшірмесін, баспа қызметі үшін шағын типография сатып алу;
Қазақстан Республикасы Президенттік мәдени орталығына проекторлар, графикалық жұмыстарға арналған компьютерлер, телевизорлар, серверге арналған техникалық құралдар және қорларын толықтыру үшін экспонаттар сатып алу.
Соңғы нәтиже: мұражайлық мәндегі және тарихи мәдени ескерткіштерді танымалдандыру және жүйелі комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми зерттеу қызметін жүргізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір экспонатты сақталуын қамтамасыз етудің орташа шығыны - 2026 теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқару
Сапасы: республика халқының мәдени-рухани деңгейін арттыру және Қазақстанның ерекше тарихи-мәдени мұраларымен әлемдік қауымдастықты таныстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
18-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 849933 мың теңге (сегіз жүз қырық тоғыз миллион тоғыз жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34 және 36-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтарда № 1277 Жарлығымен бекітілген «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1052 Алматы облысында «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «2005-2009 жылдарға арналған «Ежелгі Отырарды жаңғырту» бағдарламасы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұражай-қорықтардың құрамына кіретін мәдениет тарихи ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету, тарихи және мәдени ескерткіштерді салу және жаңғырту, елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану, туризмді дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ескерткіштер мен еске алу орындарын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, жаңа ескерткіштерді анықтау, археологиялық экспедициялар мен экскурсияларды жүргізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді салу және консервациялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Тарихи- мәдени мұра ес- керткіш- терін сақтауды қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 100 | Тарихи- мәдени мұра ес- керткіш- терін сақтауды қамтама- сыз ету | Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштердi сақтау. Негізгі активтердi және техникалық қондырғыларды сатып алу. "Ұлытау" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштердi сақтау. Негізгі активтердi және техникалық қондырғыларды сатып алу. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау. Негізгі активтерді және техникалық қондырғыларды сатып алу. "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық Абай мұражай- қорығының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштердi сақтау. Нысандарға жөндеу жүргізу. Негізгі активтер мен техникалық қондырғылар сатып алу. "Көне Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштердi сақтау. Техникалық қондырғыларды сатып алу. "Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай- қорығының аумағында орналасқан археологиялық және архитектуралық тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау Негізгі активтердi және техниканы сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі Отырар мемлекет- тік архе- ологиялық мұражай- қорығы "Ұлытау" Ұлттық тарихи- мәдени және табиғи қорығы "Әзірет Сұлтан" мемле- кеттік тарихи- мәдени мұражай- қорығы "Жидебай- Бөрілі" мемле- кеттік тарихи- мәдени және әдеби- мемори- алдық Абай мұражай- қорығы "Көне Тараз ескерт- кіштері" мемле- кеттік тарихи- мәдени мұражай- қорығы "Тамғалы" мемле- кеттік тарихи- мәдени және табиғи мұражай- қорығы |
3 | | 101 | Тарихи- мәдени мұра ескерт- кіштерін қалпына келтіру | "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ескі мешіттерді, тарихи кешендерді, мавзолейлерді жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Шығыс Қазақстан облысындағы Берел мазаратының алтын бұйымдарын жөндеу және консервациялау. Солтүстік Қазақстан облысындағы "Абылай хан резиденциясы" кешенін қайта жасау. | ақпан- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
4 | | 102 | Қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеу жүйесін құру | ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне кірген мәдени және аралас мұра нысандарын қорғау аумақтары мен аймақтары шекараларын анықтау; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміндегі Дүниежүзілік мұраларының ықтимал нысандары деректер базасын жасау; Қазақстанның тарихи мен мәдени ескерткіштерінің қолда бар тізімдерін нақтылау және қайта қарау, дүниежүзілік, республикалық және жергілікті мәнi бар тарих және мәдениет ескерткіш- терінің мемлекеттік тізімін басып шығару үшін материалдар әзірлеу. Ақмола, Ақтөбе және Павлодар облыстары бойынша тарих және мәдениет ескерткіш- тері жинағын баспаға әзірлеу. | ақпан- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
5 | | 103 | Тарихи- мәдени мұра ес- керткіш- терін салу | Мәскеу қаласында Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату, аумағын көріктендіру. Минск қаласында жауынгерлерге стелла орнату. | ақпан- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы: сканер, сандық фотоаппарат, компьютер қондырғыларының комплекті сатып алу - 3 комплект.
- «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы: фотоаппарат, бейнекамера, экспонаттарға арналған сөрелер сатып алу - 4 дана.
- «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы: қорды толықтыру үшін экспонаттар сатып алу - 300 дана.
- «Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды мұражай-қорығы: терможелімдегіш беттеу машинасын, экспонаттар - 12 бірлік, мұражай экспонаттарын көрсету үшін бейнепроектор сатып алу.
- «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы: бейнекамера, мұражай қызметіне байланысты ақпараттарды жіберу мен қабылдауға арналған факс, алыстан жұмыс істеуге арналған радиотелефон сатып алу - 2 дана.
- «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы: сандық камера, сандық фотоаппарат, өрт сөндіру шиттерін, жанар-жағар майға арналған ыдыстар, бейнепроектор, көшіру аппаратын, радио телефон, компьютерлер сатып алу - 6 комплект, факс.
«Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы нысандарына жөндеу жүргізу.
2 көне мешітке қалпына келтіру және консервациялау жүргізу: Алматы облысындағы Жаркент архитектуралық-көркем мұражай (ХІХ ғ.), Семей қаласындағы бірмұнаралы және екімұнаралы мешіттер (ХІХ ғ.). 5 тарихи кешенге қалпына келтіру және консервациялау жүргізу: Шығыс Қазақстан облысындағы "Жидебай-Бөрілі" кешені ХІХ ғ. (Жидебай ауылында), Жамбыл облысындағы Ақыртас сарай кешені (VI-VІІІ.); Бөкей Ордасындағы Хан сарайы кешені (Батыс Қазақстан облысындағы қазынашылық, әйелдер гимназиясы, қару-жарақ палатасы және т.б. ғимарат); Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрбат ауылындағы архитектуралық-мәдени кешен, ХІІІ-XVI ғ. (Ысқақ ата және Жәбрейіл ата мавзолейлері); Баба ата қорғанды-сарай кешені, (VІ-ХІХ ғ.);
"2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 мавзолейлерді жөндеу және жаңғыртуды жүргізу: Қызылорда облысындағы Асан ата мавзолейі; Қожа ахмет Яссауи мавзолейінің кейбір өңделген бөлімшелерін жөндеу және шатырын қалпына келтіру, XIV ғ.; Арыстанбаб мавзолейінің қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау.
Петропавловск қаласындағы "Абылай хан резиденциясы" кешенін қайта жасау.
Шығыс Қазақстан облысындағы Берел мазаратының археологиялық алтын бұйымдарын жөндеу және консервациялауды жүргізу.
Мәскеу қаласында Абай Құнанбаев ескерткішін әзірлеу және орнату, аумағын көріктендіру.
Минск қаласында Ұлы отан соғысы жылдарында Беларуссияны азат етуде қайтыс болған қазақстандық әскерлерге стелла орнату;
4 бағыт бойынша қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеу жүйесін құру: мәдени және аралас мұра нысандарын қорғау аумақтары мен аймақтарының шекараларын анықтау; Дүниежүзілік мұраларының ықтимал нысандары деректер базасын жасау; тарихи және мәдени ескерткіштердің қолда бар тізімдерін нақтылау және қайта қарау; архитектуралық ескерткіштердің құрылыс материалдары жөніндегі мәліметтерді жинақтау және жүйелеу, тарихи-технологиялық зерттеу. Соңғы нәтиже: елдің мәдени мұрасын зерттеу, қорғау, пайдалану мен насихаттауға байланысты ұлттық мәдениетін сақталуы мен жаңғыруы, еңбектер серияларын ғылыми зерттеу және басып шығару жолымен ұлттық әдебиет және жазбаның көпғасырлық тәжірибесін жинақтау жөніндегі шараларды қарастыратын тарихи-мәдени дәстүрді жаңғырту және дамыту жалғастыру.