7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру мен спортқа баулу мақсатында 6 спорттық шараны ұйымдастыру;
«Есірткіге қарсы насихат» тақырыбында 3 семинар-тренинг өткізу;
Аталмыш бағытта жұмыс істейтін шетелдік және отандық журналистер қауымдастығының өкілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында 2 конференция өткізу;
«Есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат арналарының ролі» тақырыбында 1 дөңгелек үстел өткізу;
«БАҚ және нашақорлықтың таралуына қарсы күрес қоғамы» тақырыбында
1 ғылыми-практикалық конференция өткізу;
«Хабар», «Ел арна» «Қазақстан» телеканалдарында 12 бағдарламаның, «Қазақ радиосында» 15 бағдарламаның, 2 тілдегі 7 роликтің өндірісі және трансляциясы;
«Қазақстан», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарын 5 сағатқа жалға алу;
Жастар арасында есірткіге қарсы күресті насихаттау тақырыбында
1 деректі фильмді дайындау және жалға алу; 50 жолдық баспа жарияланымының публикациясы.
Соңғы нәтиже: Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын жастар мен жасөспірімдер санының өсуі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 семинар-тренингті өткізуге жұмсалатын орташа шығын - 2300 мың теңге; 1 конференция үшін - 2000 мың теңге;
1 дөңгелек үстел үшін - 1500 мың теңге;
Телеканалдардағы телевизиялық бағдарламалардың 1 сағаттық көрсетілімінің құны:
"Хабар" - өндірісі - 97117 теңге, таралымы - 123 500 теңге;
"Ел арна" - өндірісі - 53000 теңге, таралымы - 38990 теңге;
"Қазақстан" - өндірісі - 105 000 теңге, таралымы - 117327 теңге;
"Қазақ радиосы" - өндірісі - 42 200 теңге, таралымы - 39 774;
Телеарналардағы 1 сағатқа жалға алу: "Қазақстан" - 117327 теңге, "Хабар" - 97 117 теңге, "Ел арна" - 38 990 теңге.
Уақтылығы: жоспарланған шаралардың өз уақытында өткізілуі.
Сапасы: Азаматтардың есірткіні қолданудың және оның салдарын зиянды екенін түсінуі.