«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 11-37-қосымшалар)
(үзінді)
ҚР Үкіметінің 2006.28.06. № 470а қаулысымен қосымшалар алып тасталды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
11-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мәдениет, ақпарат және спорт саласындағы уәкілеттi
органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 294289 мың теңге (екі жүз тоқсан төрт миллион екі жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi:
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы; «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, тарихи-мұра, ақпарат, мұрағат ісі және құжаттамасы, кітап шығару, полиграфия, ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тіл саясаты, дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруда стратегиялық саясат пен тиімді салааралық үйлестіруді жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ұлттық мәдениет пен басқа да халық мәдениеттерін қайта жаңғырту, сақтау, дамыту, пайдалану және тарату саласында құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерді құруда іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; дене тәрбиесі, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға және дамытуға ұйымдастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына жағдай жасау; бұқаралық ақпарат құралдары, мұрағат ісі және құжаттамасы, кітап шығару қызметі, полиграфия, тіл саясаты, дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік, салалық бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру. Өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау мен кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәдениет қызметкерлерінің кәсіби қызметтері аясындағы теориялық және тәжірибелік білімін, шеберлігін және дағдысын жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мәдениет, ақпарат және спорт сала- сындағы уәкілетті органның қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Орталық аппаратты және оның комитеттерін жүктелген қызметтердi орындау үшін бекітілген штат санының лимиті шегінде ұстау және қызмет көрсету: - нормативтік құқықтық актілердің жобалары мен және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау; - тарихи және мәдени ескерткіштерге археологиялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге лицензия беруді, сондай-ақ мәдени құндылықтарды уақытша кіргізу мен шығаруға рұқсаттар берудi бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету; - министрлік құзырына кіретін сауалдар бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; - мемлекеттің әлеуметтік-маңызды салаларында әлеуметтік-ақпараттық және коммуникативтік технологияларды жете дайындау; - министрлік құзырына кіретін сауалдар бойынша ақпараттық- талдау материалдарын, эксперттік және болжам бағаларды дайындауды жүзеге асыру; Қызметтік автокөлік құралдарын жалға беру және ұстау. Рұқсат қағаздарды, лицензия бланкілерін, қатаң есеп беру бланкілерін жасау қызметтерін сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
3 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Қызметкерлердi мемлекеттік және ағылшын тіліне оқыту. | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
4 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды матери- алдық- техни- калық жарақ- тандыру | Орталық аппарат қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырумен байланысты: 20 жұмыс орнына кеңселік жиһаз жинақтарын, 15 жұмыс орнына телефон аппараттарын, оргтехника, техникалық құралдарды және Министрліктің орталық аппараты мен комитеттерінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған басқа да активтердi сатып алу. | ақ- пан- жел- тоқ- сан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
5 | | 017 | Ақпа- раттық жүйе- лердің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Есептеу техникасы құралдарын жөнелту және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер төлемі. Телекоммуникациялық қызметтердің төлемі. Веб-сайтты және бағдарламалық өнімдерді жөнелту. Аппарат қызметкерлерi үшін компьютерлерді, желілік принтерлерді, кеңселік сканерлерді және ноутбуктарды сатып алу. | ақ- пан- жел- тоқ- сан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 216 қызметкердің Министрлікке жүктелген және іс-шаралар жоспарында қарастырылған қызметтер мен міндеттерді толық көлемде орындау:
министрлік 20 қызметкеріне кеңселік жиһаз; құжаттар сақтайтын сейфтер - 15 дана; телевизор - 1 дана; бейнемагнитофон - 1 дана; шкаф - 4 дана; телефакс - 7 дана; цифрлы бейнекамера цифрлы фотоаппарат; ксерокс сатып алу.
оқыту: 52 қызметкерге - мемлекеттік тілді, 52 қызметкерге - ағылшын тілін.
Министрлік құзырына жататын салаларда нормативтік құқықтық актілерді жасау.
Соңғы нәтиже: Тарихи-мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау, мемлекет қызметінің әлеуметтік-маңызды салаларында әлеуметтік-ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдануды кеңейту, республиканың жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын дұрыс түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету, республикада және әлемде, басқа да қызмет салаларында орын алған қоғамдық-саяси үрдістерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету.
Министрлік аппараты мен комитеттер 49% қызметкерлерін жиһазбен қамтамасыз ету министрлік аппараты мен комитеттерінің 9,2% қызметкерлерін жиһазын жаңарту;
оқытуға қажеттілікті қамтамасыз ету:
- мемлекеттік тілде - 24,1%
- ағылшын тілінде - 24,1%.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметкерін ұстауға кететін орташа шығын 1217 мың теңге;
1 мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді оқытуға кететін орташа шығын 11,3 мың теңге;
1 мемлекеттік қызметкерге ағылшын тілін оқытуға кететін орташа шығын 9,7 мың теңге.
Жарақтандыруға кететін орташа шығын: кеңсе жиһазымен - 155 мың теңге, оргтехникамен және техникалық құралдармен - 28,4 мың теңге, ақпараттық-техникалық жарақтандыру - 105 мың теңге.
Уақтылығы: Бекітілген уақытта және келісім шарттар бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: қазіргі таңдағы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру;
мемлекеттік қызметкерлердің 24,1% (үлесі) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге көшеді;
мемлекеттік қызметкерлердің 24,1% (үлесі) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
12-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Спорт бойынша білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 942690 мың теңге (тоғыз жүз қырық екі миллион алты жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы» 1996 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 3002 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында спортты дамыту, халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткіштерге жету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дарынды балаларға таңдап алған спорт түрлерімен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Спорт бойынша білім беру объекті- лерін салу және қайта жаңарту | Бекітілген смета-жобалық құжаттамаларға (28.10.2003 ж. № 7-475/2003 ж. жұмыс жобасы бойынша Мемсараптаманың қорытындысы) сәйкес "Алматы қаласындағы "Шаңырақ" ықшам ауданында спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының құрылысын салу" инвестициялық жобасын іске асыру және құрылыстың жүру барысына техникалық қадағалау жүргізу. | қаңтар -жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Алматы қаласындағы "Шаңырақ" ықшам ауданында 400 орындық Республикалық мектеп-интернаттың құрылысын аяқтау.
Соңғы нәтиже: спорттағы дарынды балаларға арналған объектілерді қолданысқа енгізу және спортпен айналысуға, жаттығуға жағдай жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: келісім шарттар бойынша жоспарланған жұмыстарды орындау.
Сапасы: заңдылық пен құрылыстық нормалардың талаптарына сай.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
13-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 674184 мың теңге (алты жүз жетпіс төрт миллион бір жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы «Білім туралы» Заңының 18 және 24-баптары; «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 16 және 17-баптары; «Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногорск қаласын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 900 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Спортта дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» 1996 жылғы 16 қыркүйектегі № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Лениногорск қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 629 және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат саны лимитін бекіту туралы» 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулылары; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Спорттық іс-шараларға қатысушылардың тамақтану нормаларын белгілеу туралы» 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген «Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы» 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына мүшелерді, үміткерлерді және халықаралық деңгейдегі біліктілігі жоғары спортшыларды дайындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқушылардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайлар жасау, сапалы оқу-жаттығу процесі мен жаттығу сабақтарын ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты физикалық жетілуге бағытталған жастар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын спортшылармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Спортта дарын- дылық көрсеткен балаларды оқыту және тәр- биелеу | | | |
2 | | 100 | Республи- калық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп- интернат | Мемлекеттің жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес оқу процесін өткізу және дарынды балалармен таңдаған спорт түрлері бойынша толық көлемінде жыл бойы оқу-жаттығу сабақтарын өткізу. Спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау. Спорттық іс-шараларға қатысу. Негізгi құралдарды сатып алу. Мемлекеттік сараптама қорытындысы мен жобалық құжат негізінде күрделi жөндеу жүргізу. | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігінің Спорт істерi комитетi Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайт- пасов атындағы респуб- ликалық мектеп- интернат Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Ахметов атындағы республи- калық мектеп- интернат Риддер қаласын- дағы спортта дарынды балаларға арналған республи- калық мектеп- интернат |
3 | | 101 | Олимпиа- далық резерв және жоғары спорттық шеберлік мектеп- терінің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету | Олимпиадалық спорт түрлері бойынша республика құрама командаларына үміткерлер мен мүшелер даярлауды ұйымдастыру; Республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысу. Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігi мектебіне жабдықтар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігінің Спорт істерi комитетi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернатта белгіленген лимит шегінде орташа жылдық контингенті - 260 оқушыны, спортта дарынды балаларға арналған Қ. Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернатта штат саны белгіленген лимит шегінде орташа жылдық контингенті - 385 оқушыны, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта штат саны белгіленген лимит шегінде орташа жылдық контингенті - 150 оқушыны оқыту;
Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: спортшыларды тасымалдау үшін 1 дана автокөлігін ("Газель"), спорттық мүкәмал - 7 дана, асхана жабдығы - 2 дана, арнаулы кабинеттерге арналған жиынтық сыныптар - 11 дана.
Спортта дарынды балаларға арналған К.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: байдарка мен каноэде есу бөлімінің спортшыларын тасымалдау үшін 1 дана автокөлік (микроавтобус); асхана жабдығы - 13 дана, спорттық мүкәмал - 41 дана және мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: медициналық жабдық - 1 дана, асхана жабдығы - 2 дана, тұрмыстық техника - 1 дана, спорттық мүкәмал - 44 дана, физика және биология кабинеттеріне арналған жабдық - 2 жиынтық.
Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне жабдықтар сатып алу: нысана көздеуден сабақтар мен жаттығу өткізу үшін пневматикалық пистолет - 2 дана, вентовка - 2 дана, қазіргі көпсайыс бөліміне спорттық ат - 1 бас, велосипед спорты мен қазіргі көпсайыс бөлімінде оқу-жаттығу процесін өткізу үшін 1 дана микроавтобус, шаруашылық мұқтаждықтары үшін - 1 дана "Беларусь" тракторы.
Кемінде 80 оқу-жаттығу жиынын өткізу, кемінде 75 республикалық және 45 халықаралық олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарысқа қатысу.
Соңғы нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі білікті спортшылармен толықтыру. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жабдықтармен жарақтандырылуы 32%-ды, республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде 18%-ды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бір оқушыны оқытуға кететін шығынның құны - 577,8 мың теңге және олимпиада резерві мектептерінде бір спортшыға кететін шығынның құны - 144,3 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: халықаралық дәрежеде 182 спортшы және республика құрама командаларына келешегі бар үміткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларға қатысу.
Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабілетті спортшыларды уақтылы және жоспарлы даярлап шығару.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
14-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 120873 мың теңге (бір жүз жиырма миллион сегіз жүз жетпіс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8, 24, 43 және 44-баптары; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімді, кәсіптік жоғары білімді, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлауға 2005/2006 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 мамырдағы № 508, «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736, «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы» 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 - және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген «Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы» 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласында орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтік-экономикалық талаптарын қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, насихатталатын олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жоғары білікті спортшылармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Орта кәсіптік білімдi мамандар даярлау | Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарына сәйкес оқу процесін өткізу. Оқу, әдістемелік, мәдени ағарту, дене шынықтыру және спорттық жұмысты біріктірген білім беру қызметін жүзеге асыру. Білім берудің мемлекеттік тапсырысына сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқушылар қабылдау. Республикалық спорт колледжіне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындарға қысқы және жазғы демалыс кезінде жеңілдікпен жол жүруіне ақшалай өтемақы төлеу үшін трансферттер аудару Республикалық спорт колледжіне негізгі құралдар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігінің Спорт істерi комитетi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжінде жылдық орташа контингенті - 238 адамды оқыту.
Республикалық спорт колледжінде мамандар даярлауға жағдайлар жасау үшін жабдықтар сатып алу: асхана жабдықтары - 6 дана, асханаға арналған жиһаз (түскі ас үстелдері - 40 дана, асханалық орындықтар - 160 дана, ыдыс салатын шкаф - 4 дана, өндірістік үстелдер - 3 дана).
Соңғы нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесі - 60%, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесі - 40%-ды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқытуға кететін шығынның орташа құны - 492,8 мың теңге.
Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына 76 - орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлап шығару.
Сапасы: біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
15-ҚОСЫМША