2) борышкердiң мүлкiн қорғауға және бақылауға алады;
3) борышкердiң банкроттығы туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде борышкер алдында берешегi бар тұлғаларға осы берешектi заңда белгiленген тәртiппен өндiрiп алу туралы талаптар қояды;
4) осы Заңның 6-бабында аталған мән-жайлар кезiнде борышкер жасаған мәмiлелердi анықтайды және оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды;
5) банкроттың қызметкерлерiне еңбек туралы заңдарға сәйкес алдағы уақытта жұмыстан босатылатынын хабарлайды;
6) уәкілетті органмен келіскеннен кейін кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында кредиторлар комитетіне банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бекітуге ұсынады және оның сатылуын жүзеге асырады;
6-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты табыс етеді;
7) кредиторлармен есеп айырысады;
8) борышкердi банкроттыққа жеткiзгенi үшiн жауапты адамдарды (шаруашылық серiктестерiнiң лауазымды адамдарын, басшыларды, қатысушыларды (құрылтайшыларды), негiзгi компанияны және т.б.) анықтап, сотқа жүгiнедi;
9) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
10) осы Заңға сәйкес өзге де өкiлеттiгi болады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II;03.06.03 ж. № 427-II Заңдарымен 71-бап өзгертілді
71-бап. Кредиторлардың талаптары
1. Кредиторлардың борышкерге талаптары борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мәлiмделуге тиiс.
Кредиторлардың талаптарында талаптар сомасы туралы мәлiметтер болуға тиiс (негiзгi қарыздардың, сыйақылардың (мүдденiң), айыптың және өзге де айыппұлдар санкцияларының, залалдардың мөлшерi туралы жеке-жеке, талаптардың негiздемесi мен сомасын растайтын құжаттар (соттың күшiне енген шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң қарызын тануы және т.б. қоса берiледi).
Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне мынадай мүлiктiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық облигацияларды: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негiздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптары енгiзiлмейдi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде кредиторлардың мәлiмдеген талаптарын конкурсты басқарушы оларды алған кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарауға тиiс және ол мойындаған талаптар тiзiлiмге енгiзiледi.
Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 1-тармағының екiншi абзацында аталған талаптарға сәйкес келсе, тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
3. Кредиторлардың өзiне берешек сомасын және осы сомаға есептелетiн сыйақыны (мүдденi), борышкер тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауынан немесе тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген зиянды, айыптарды (айыппұл, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерге қоюға құқығы бар.
4. Проценттердiң сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады.
5. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде, ал оңалту рәсiмi қолданылған жағдайларда - оңалту рәсiмi енгiзiлген кезде айқындалады.
Кредиторлардың банкроттық рәсiмдерге қатысуына байланысты шығындары өтелмеуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 71-1-баппен толықтырылды
71-1-бап. Конкурстық басқарушы-таратушының жауапкершiлiгi
Өзiнiң өкiлеттiгiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы мүдделi тараптың арызы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген материалдық, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 70-бап өзгертілді
72-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау
1. Конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелерi туралы (талаптарды толық көлемiнде немесе iшiнара тану немесе танымау туралы) әрбiр кредиторға шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi күнi жазбаша түрде (танымаудың себептерiн көрсете отырып) хабарлауға мiндеттi.
2. Егер қарау мерзiмiнде талапқа (осы Заңның 71-бабының 2-тармағы) конкурстық басқарушы қарсылық бiлдiрмесе, ол танылды деп есептеледi.
3. Конкурстық басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бір ай мерзімде уәкілетті органға немесе дау тудырған талап бойынша шешімі күшіне енген банкроттық туралы істі қараған сотқа шағымдануға құқылы.
4. Борышкердiң кредиторы кредиторлар тiзiлiмiнiң мазмұнымен танысуға құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 73-бап жаңа редакцияда
73-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту
1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қараудың нәтижелерін борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірілмей уәкілетті органға бекіту үшін беруге міндетті.
2. Кредиторлар талаптарының конкурстық басқарушысы табыс еткен тізілімін және оларды қарау нәтижелерін кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда уәкілетті орган бір апта мерзімде бекітеді. Кредитордың (кредиторлардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болған жағдайда туындаған дау осы Заңның 72-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қаралады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ;03.06.03 ж. № 427-II Заңдарымен 74-бап өзгертілді
74-бап. Конкурстық масса
1. Конкурстық массаның құрамына:
1) борышкердің мүлкі, соның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, талап құқығын (дебиторлық берешекті) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) жер заңдарымен көзделген жағдайда, борышкердің тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы кіреді.
2. Конкурстық массаға толық серiктестердiң жеке мүлкi, толық және коммандиттiк серiктестердiң бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершiлiктi серiктестер қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкi жетпеген кезде азаматтық iс жүргiзу заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн болатын өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң өз мүлкi кiредi және жеке есептеледi.
3. Өзге тұлғалардың борышкердi банкроттыққа дейiн жеткiзгенi үшiн субсидиялық жауапкершiлiгi заңдарда көзделген жағдайларда бұл жауапкершiлiк мөлшерi кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен борышкер мүлкiнiң конкурстық массасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Конкурстық басқарушы мұндай тұлғаларға борышкердiң барлық кредиторлардың мүдделерiнде талаптар қоюға мiндеттi. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерiн көздеп мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.
4. Конкурстық массаға ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негiздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы аталған мүлiктi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес кредиторлармен - ипотекалық облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 75-бап өзгертілді
75-бап. Конкурстық массаны бөлу кезегi
1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары борышкер мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.
Әкiмшiлiк шығыстарының сомасын, кредиторлар комитеті бекіткен сметаның шектерінде, олардың туындауына қарай оңалтуды немесе конкурстық басқарушы төлеуi мүмкiн.
2. Таратылатын банкрот өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптары тиiстi уақтылы төленетiн капиталға айналдыру арқылы бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, осы Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші кезекте жүргізіледі.
4. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.
5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі берешек төртiншi кезекте өтеледi.
6. Басқа кредиторлармен есеп айырысу осы Заңға және басқа да заң актілеріне сәйкес бесiншi кезекте жүргiзiледi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 76-бап өзгертілді
76-бап. Кредиторлармен есеп айырысу ережелерi
1. Әрбiр кезектiң талаптары алдыңғы кезектегi талаптар толық қанағаттандырылған соң қанағаттандырылады.
Кредитордың талабы оның келісімiмен заңдарға қайшы келмейтiн әдiстермен, соның iшiнде ақша түрiнде және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордан басқа кредитор мүлікті он конкурстық басқарушы ұсынған күннен бастап он бес күн мерзімде талапты өтеу есебіне заттай қабылдау туралы өзінің жазбаша келісімін (келіспеуін) білдіруге тиіс.
2. Банкроттың мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда ол тиiстi кезектегi кредиторлар арасында олардың қанағаттандыруға тиiстi талаптарының сомаларына сәйкес бөлiнедi.
3. Конкурстық басқарушы кредитордың талаптарын қанағаттандырудан не оны қараудан бас тартылған жағдайда кредиторлар тарату балансын бекiткенге дейiн конкурстық басқарушыға талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.
4. Кредиторлардың осы Заңның 71-бабының 1-тармағында көзделген мерзiм бiткеннен кейiнгi, бiрақ тарату балансы бекітілгенге дейiнгi талаптары, кредиторлардың белгiленген мерзiмде мәлiмделген талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң мүлкiнен қанағаттандырылады.
5. Бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың барлық кредиторлармен есеп айырысқанша қойған талаптары конкурстық мүлiктiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс. Мұндай талаптар қанағаттандырылғанға дейiн тиiстi кезекте тұрған кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады. Белгiленген мерзiмде бiлдiрiлген, бiрақ конкурстық басқарушының тарапынан мойындалмаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешiмi бар, басқа кезектердегi кредиторлардың талаптары да осындай тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс.
6. Банкроттың мүлкi жетпегендiктен қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейiн мәлiмделмеген кредиторлардың талаптары өтелген деп есептеледi.
Көрсетiлген сомаларды конкурстық iс жүргiзудiң аяқталғандығы туралы сот ұйғарымының негiзiнде кредиторлар дебиторлық берешектен шығаруға тиiс.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 77-бап өзгертілді
77-бап. Бiрiншi кезектегi кредиторлар талаптарын
қанағаттандырудың сомасы мен тәртібі
1. Борышкер өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа 70 жасқа жеткенге дейiн, бiрақ 10 жылдан кем емес уақытта төленуге тиiстi мерзiмдi төлемдердi (борышкердi банкрот деп таныған күнгi мөлшерде) капиталға айналдыру жолымен жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес айқындалған сомаларды төлеу борышкердiң тиiстi мiндеттемесiн тоқтатады.
3. Бiрiншi кезектегi кредиторлардың талаптары, тек басқа, кепiлдiкке қойылмаған мүлiктi сатудан түскен сомалар жетпеген жағдайда ғана кепiлдiктегi мүлiк құнының есебiнен қанағаттандырылуы мүмкiн.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 78-бап жаңа редакцияда; 08.04.04 ж. № 542-II Заңымен 78-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
78-бап. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен
оларды қанағаттандыру тәртібі
1. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасын белгілеу кезінде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы іс қозғалған кездегі жинақталып қалған өтелмеген берешек ескеріледі.
2. Қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбегіне ақы мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайған сомасы кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
3. Еңбекақы мен өтем төлеу бойынша бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде олармен еңбек қатынастары туындаған кредиторлардың талаптары банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы он екі күнтізбелік айда борышкерде құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен кредиторлар талаптарының тізілімінде екінші кезек құрамында ескеріледі. Талаптардың қалған сомалары кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
4. Егер борышкер банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейінгі кезеңде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемдер, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған алименттер және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу жөніндегі міндеттерін толық көлемде орындамаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы шешім күшіне енгенге дейін төленбеген сомалар, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, борышкердің екінші кезектегі кредиторлар алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 79-бап жаңа редакцияда
79-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен
оларды қанағаттандыру тәртібі
1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптар сомасы айқындалған кезде, кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген талаптары кепілге салынған мүлік құны есебінен қанағаттандырылады.
3. Кепілмен қамтамасыз етілмеген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезектегі талаптар құрамында ескеріледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 80-бап өзгертілді
80-бап. Төртiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын
қанағаттандырудың сомасы мен тәртібі
1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптардың сомасын айқындау жағдайында банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалған кезде пайда болған берешек (толық төленбеген төлем) ескерiледi.
2. Егер борышкердiң тарапынан банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалғаннан кейiнгi кезеңде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер толық мөлшерде аударылмаса, борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм күшiне енгенге дейiн төленбеген сомалар борышкердiң төртiншi кезектегi кредиторлар алдындағы берешектерiнiң жалпы сомасына енгiзiледi.
3. Қаржы санкцияларының сомалары бесiншi кезектегi талаптардың құрамында ескерiледi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 81-бап өзгертілді
81-бап. Бесiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын
қанағаттандырудың сомасы мен тәртібі
1. Бесінші кезектегі талаптардың құрамына енетін талаптардың сомасын айқындау кезінде кредиторлардың азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша талаптары, оның ішінде кредиторларға тиесілі сыйақы (мүдде), кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптарын қоспағанда, осы Заңның 78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлардың және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары ескеріледі.
2. Бесiншi кезектегi кредиторлардың зияндарды өтеу және айыпты (айыппұл, өсiм) өндiрiп алу жөніндегі талаптары жеке есепке алынады және қарыздар мен есептелетiн сыйақы (мүдде) өтелгеннен кейiн қанағаттандырылуға тиiс.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 82-бап өзгертілді
82-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі мүдделерiнiң
өкiлдiгi
1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талап қоятын адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы талаптарды қарау және талаптар тізілімі мен оларды қарау нәтижелерін бекіту кезінде өздерінің мүдделерін борышкердің, оның кредиторларының алдында қорғауға уәкілеттік берілген өкілді сайлайды.
Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және бір дауысқа ие болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiппен сайланған өкiл конкурс жүргiзу кезеңiнде өзiне осы Заңмен берiлген кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкiл өзiн сайлаған жиналыстың (конференцияның) алдында кредиторлардың тiзiлiміндегі еңбекке ақы төлеу мен оларды қараудың нәтижелерi бойынша бекітілген талаптардың нәтижелерi жөнiнде есеп бередi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 83-бап өзгертілді
83-бап. Борышкер мүлкiнiң құнын бағалау
1. Конкурстық басқарушы тарату барысында тиiстi мамандарды конкурстық негізде тарту арқылы борышкердiң мүлкiне (активтерiне), дебиторлық берешегiн қоса алғанда, түгендеу мен бағалау жүргiзедi. Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) бағалау заң талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Кредиторлардың талаптары борышкердiң осы баптың 1-тармағына сәйкес бағаланған:
1) заңдарға сәйкес айналымнан алынған мүлкiнен:
2) борышкерге меншiк құқығында тиесiлi емес, соның iшiнде сенiмгерлiк басқарудағы немесе сақтаудағы тиесiлi емес мүлiктен басқа барлық мүлкiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 84-бап өзгертілді
84-бап. Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату
1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердің мүлкін сатуды уәкілетті органмен келісілген және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес конкурстық басқарушы жүзеге асырады. Мүлікті сату жоспарында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауда-саттықты өткізудің тәртібі болуға тиіс.
2. Борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ мүлiктi сату жоспарына сәйкес сатылмай қалған мүлкi тиiстi кезектегi өз талаптарына толық көлемде қанағаттана алмаған кредиторларға, олардың келісімiмен ортақ үлестiк меншiкке берiлуге тиiс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 ;01.07.98 ж. № 256-1; Заңдарымен 85-бап өзгертілді
85-бап. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн
қалған мүлiк
1. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақша конкурстық басқарушы заңдарға немесе борышкердiң басқа құрылтай құжаттарына сәйкес борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) бередi.
2. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ сатылмай қалған сондай-ақ кредитор талаптарды қанағаттандырудың есебiне қабылдамаған заттай мүлкi, меншiк иесiне немесе борышкер, азаматтық заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда заңды ұйымның қатысушыларына (құрылтайшыларына) берiледi.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 86-бап өзгертілді
86-бап. Банкротты қарыздан босату
1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталған соң банкрот атқаруға қойылған және заңды ұйымды банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелерi мен өзге талаптарды орындаудан босатылады.
2. Банкрот өз мүлкiнiң бiр бөлiгiн банкрот деп тану туралы өтiнiш бергенге дейiн екі жыл iшiнде жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, ол қарыздан босатылмайды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 13.03.03 ж. № 395-II Заңдарымен 87-бап өзгертілді
87-бап. Конкурстық басқарушының есебi
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін конкурстық басқарушы уәкілетті органмен келісілген өз қызметі туралы есепті, тарату балансы мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті қоса сотқа ұсынады.
Есепті нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2. Сот конкурстық басқарушының есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
Конкурстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін сот бір апта мерзімде уәкілетті органға конкурстық басқарушының бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәліметі бар бекітілген есебінен үзінді көшірме жібереді.
Конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарымда конкурстық басқарушыға сыйақы төлеуге және борышкердiң сатылмай қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуi мүмкiн. Конкурстық басқарушы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ банкроттың талаптары қанағаттандырылмаған кредиторларына жiбередi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 88-бап өзгертілді
88-бап. Борышкердi таратуды аяқтау
3. Бұл туралы заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiне жазба енгiзiлген соң, борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер жұмыс iстеуiн тоқтатты деп есептеледi.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 89-бап өзгертілді
7-тарау. Банкроттықтың оңайлатылған рәсімдері
89-бап. Таратылатын борышкердiң банкроттығы
1. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған кезде заңды тұлғаның органы немесе тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы аталған мән-жайларды анықтаған кезде ол туралы заңды тұлға-борышкердiң басқарушы органына хабарлауға мiндеттi.
2. Сот iс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкi иесiнiң, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) борышкер мүлкiн (активтерiн) өзге тұлғаларға беруге немесе өзгеше түрде билiк етуге құқығы жоқ.
90-бап. Соттың iстi қарауы
1. Таратылатын заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы iс қозғаған сот бiр айлық мерзiмде борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм шығарады.
2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi бар мүлiк (активтер) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратыны анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi әдеттегi тәртiппен таратуды жалғастыруға негiз болып табылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 91-бап өзгертiлдi
91-бап. Борышкердi тарату тәртібі
Осы Заңның 65-88-баптарында көзделген тәртiппен борышкердi таратуды конкурстық басқарушысы жүзеге асырады.
ҚР 2001.07.11 ж. № 239-II Заңымен 92-бап өзгертілді
92-бап. Борышкердiң банкроттық тәртiппен таратудан бас тартуының
салдары
1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртібімен таратылуға тиiстi болатын мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандырмау заңды тұлғаның тоқтатылуы туралы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тiзiлiмiне жазба енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.
2. Кредиторлар осы Заңға немесе өзге де заң актілеріне сәйкес борышкердiң өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса, борышкер мүлкiнiң иесiне, құрылтайшыларға (қатысушыларға), тарату комиссиясына (таратушыға) қанағаттандырылмай қалған талаптарын ұсынуға құқылы.
93-бап. Таратылатын борышкердiң кредиторының өтiнiшi бойынша
банкроттығы
1. Меншiк иесi, заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) тарапынан оны тарату шешiм қабылдануы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болмайды.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы таратудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 65-88-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 13.03.03 ж. № 395-II Заңдарымен 94-бап өзгертiлдi
94-бап. Жоқ борышкердiң банкроттығы
1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы істі кредитордың, прокурордың, салық немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.
Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.
2. Iс қозғалған күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде келмеген борышкердi сот банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.
3. Жоқ борышкерді таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енгiзiлген күннен бастап бiр апта мерзiмде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымдардың бірінде борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген ережелер бойынша кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртібі туралы жарияланым шығарады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.