Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне статистикалық есеп
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 13 наурыздағы № 395-II Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат):
1) 70-бап мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толыктырылсын:
"1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін табыс етеді;";
2) 87-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 94-баптың 4-тармағы ", сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жібереді." деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 21, 778-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 150-құжат):
10-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
3. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-кұжат);
18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "және статистикалық есептерді" деген сөздер "есептілікті" деген сөзбен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының