2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда;
3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде;
4) кредиторлар комитетiнiң бас тарту туралы шешiмi алынған кезден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, осы Заңның 14-бабы 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, кредиторлар комитетi борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолданудан бас тартқанда;
5) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңғыртылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмдерiнiң сәтсiз өткiзiлгенi туралы уәкілетті органның қорытындысымен сотқа жазбаша жүгiнгенде шығарылады.
2. Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде:
1) борышкердi тарату туралы;
2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы, ал банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайда құрамында комиссия төрағасы мен мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындау туралы;
3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы нұсқаулар болуға тиiс.
2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей тағайындайды.
3. Борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды конкурстық басқарушы ол тағайындалған күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің бірінде немесе өзге мерзімді басылымда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған сот органының атауы;
2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;
3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс.
37-бап. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы
шешiмi
1. Егер кредиторлардың қойған талаптарына борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
2. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.
38-бап. Жалған банкроттық кезіндегі сот шешiмi
1. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.
2. Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс (осы Заңның 5-бабының 2-тармағы).
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 39-бап өзгертiлдi
39-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарым
1. Банкроттық туралы iс бойынша iстi сот iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ мына жағдайларда:
1) оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлгенде;
3) борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi керi қайтарып алғанда (осы Заңның 15-бабының 4-тармағы) қысқартады.
2. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты соттың банкроттық туралы iс бойынша iстi қысқарту жөніндегі ұйғарымында:
1) оңалтуды басқарушының есебiн бекіту туралы;
2) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы нұсқаулар болуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 40-бап өзгертiлдi
40-бап. Сот және әкiмшiлiк шығыстарын бөлу
1. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған кезде, төленуi кейiнге қалдырылған мемлекеттік баж жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, барлық сот шығыстары мен әкiмшiлiк шығыстары борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртiппен өтеледi.
2. Борышкердiң кредиторлардың талаптарына қарсылықтарын соттың дәлелдi деп тануына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа өтiнiш берген кредиторларға жатқызылады және олардың арасында талаптарына қарай бөлiнедi.
41-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi. Шешiмдi
(ұйғарымды) қайта қарау
Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды кассациялық және қадағалау тәртібімен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
4-тарау. Оңалту рәсімі
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану
Оңалту рәсiмi борышкер өтiнiш жасаған кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келісімi болған жағдайда сот тәртібімен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш жасау
1. Дәрменсiз борышкер өзiнiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру мүмкiндiгi болған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы сотқа арыз бергенге дейiн уәкiлетттi органға өзiне қатысты оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiн мәлiмдей алады. Мұндай өтiнiштi банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн кредиторлар де немесе үшiншi тұлға да жасай алады.
2. Өтiнiште осы Заңның 11-бабының талаптары ескерiле отырып, борышкерге қатысты аталған рәсiмнiң қолданылуы орындылығының негiздемесi мен кредиторлар комитетi құрамы жөніндегі ұсыныс болуға тиiс.
3. Өтiнiшке:
1) соңғы екi жылдағы қаржы есебi;
2) дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары;
3) кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың жалпы сомасының 50 проценттен астамын иеленетiн кепiлдiк кредиторлардың, сондай-ақ осы кредиторлар талаптарының жалпы сомасының 50 проценттен астам үлесi тиесiлi конкурстық кредиторлардың оңалту рәсiмдерiн өткізуге жазбаша келісімi;
4. Уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiн құрады және Заңда белгiленген мерзiмде кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысын шақырады, онда оңалту жоспары қаралуға тиiс.
4-1. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар ұйымдарды оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.
5. Егер борышкердi оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитетi мен уәкiлеттi орган осы Заңмен белгiленген кредиторлар комитетi мен уәкiлеттi органның шешiмдер қабылдау тәртібін сақтай отырып, мақұлдаса, борышкердiң оңалту рәсiмiн өткізу туралы арызына кредиторлар комитетiнiң және уәкiлеттi органның берген келісімi сотқа жiберiледi.
6. Егер борышкерді оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса (келіссе), ал борышкерді оңалту жоспарымен келіспеген кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келмейтін болса, сот оңалту рәсімін өткізуге кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келісімін алған кезден бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 44-бап өзгертілді
44-бап. Дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары
1. Дәрменсiз борышкердi оңалту жоспарында борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру жөніндегі нақты шаралар (оңалту шаралары) және осы Заңның 47-бабының 2-тармағында аталған кредиторлар алдындағы берешектi өтеу мерзiмi қамтылуға тиiс.
Оңалту жоспарына өзгерістер енгізуге уәкілетті органның, кредиторлар комитетінің келісімімен жол беріледі және оны сот бекітеді.
2. Оңалту шараларына кез келген ұйымдық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтiн, дәрменсiз борышкердi таратуға жол бермеуі бағытталған өзге де шаралар, сондай-ақ осындай шаралар кешенi, атап айтқанда, санация, борышкердiң талап ету құқықтарына кеңшiлiк жасау, борышты акцияға айырбастау, бiтiмгершiлiк келісім жасау кiруi мүмкiн.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 45-бап өзгертілді
45-бап. Оңалту шараларын қолданудың негiзi
Борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн қолдануға оның таратылуына жол бермеу мақсатында төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгiнiң болуы негiз болып табылады. Борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгi аудиторлық есеппен және тиiстi құжаттармен: шарттармен, есептермен, экономикалық негiздемелермен және т.б. расталады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 46-бап өзгертілді
46-бап. Оңалту рәсiмiн енгiзудiң салдары
1. Борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде заңды тұлғаның барлық органдарының мүлiк пен iс басқару жөніндегі өкiлеттiгi өзiне ауысатын оңалтуды басқарушы тағайындалады. Оңалтуды басқарушының борышкердi оңалту мақсатында жетуге бағытталған, заңдарға қайшы келмейтiн кез келген iс-әрекеттер жасауға (қызметкерлердi жұмыстан босату, iшкi қайта құруды жүзеге асыру: iшкi бөлiмшелердi тарату және т.б.) құқығы бар.
2. Оңалту рәсiмiн жүзеге асыру мерзiмiнде дәрменсiз борышкердiң кредиторлардың талаптары осы Заңның 47-бабында белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
3. Оңалту рәсімі енгізілген кезден бастап борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатылады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II Заңдарымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу
1. Оңалту рәсiмiн енгiзген кезден бастап:
1) борышкер моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемдер және еңбекке ақы төлеу жөнiнде, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жасалады;
3) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер төленедi;
4) мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтуды басқарушы жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде жеткен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.
2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысуы, соның iшiнде өтелу; атқару қағаздары бойынша немесе даусыз тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75-бабында белгiленген кезек сақтала отырып, оңалдыртылу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 48-бап өзгертілді
48-бап. Оңалтуды басқарушы
Борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін уәкілетті орган үш күн мерзімде оңалтуды басқарушыны тағайындайды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 49-бап өзгертілді
49-бап. Оңалтуды басқарушыға сыйақы төлеу
1. Оңалтуды басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Сыйақының сомасын және оны төлеу тәртібін кредиторлар комитетi осы баптың талаптарына сәйкес белгiлейдi.
2. Оңалтуды басқарушыға төленетiн сыйақы:
1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, ағымдағы төлемдердi;
2) оңалту рәсімінің мақсаттарына міндетті түрде қол жеткізілген жағдайда оңалтуды басқарушыға төленетін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қаражаттан оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді қамтиды.
3. Оңалтуды басқарушының міндеттері борышкер әкімшілігінің лауазымды адамына жүктелген жағдайда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер төленбейді.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 50-бап өзгертілді
50-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi
Оңалту рәсiмiн жүзеге асырудың ұзақтығы екi жылдан аспауға тиiс. Оңалтуды басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келісімiмен, уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда, сот оны жүзеге асыру мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ ол 6 айдан аспауға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 51-бап өзгертілді
51-бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiгi
1. Оңалтуды басқарушы:
1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;
2) борышкердiң мүлкi жөнiнде тиiстi құқықтары болады және оның барлық органдары үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген мiндеттердi атқарады;
3) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;
4) осы Заңда көзделген басқа да мiндеттердi орындайды.
2. Кредиторлар комитетiнiң келісімiмен оңалтуды басқарушы:
1) мүлiкке иелiк ету (пайдалануға, кепiлге беру және т.б.) бойынша мәмiлелер жасайды;
3) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды.
Осы тармақпен белгіленген ережелер оңалту жоспарында көзделген борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.
3. Оңалтуды басқарушы уәкілетті органның не кредиторлар комитеті өкілінің талап етуі бойынша борышкердің мүлкіне билік ету жөнінде өздері жасаған мәмілелер туралы оны хабардар етуге, ал ол жоқ болған кезде уәкілетті органға, кредиторлар комитетіне осындай мәмілелер туралы ай сайынғы есепті табыс етуге міндетті.
4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн енгiзгеннен кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi несиелiк берешектiң жалпы сомасының 20 процентiнен асса, борышкердiң ақшалай жаңа мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi, оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң келісімiмен ғана жасай алады.
5. Оңалтуды басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді айқындайды және оларды заңсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптар қояды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 52-бап өзгертілді
52-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi
Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн дұрыс жүргiзбегендiгi үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 53-бап өзгертілді
53-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
1. Оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң келісімiмен борышкер жөніндегі оңалту рәсiмiн аяқтау туралы өтiнiшпен:
1) егер борышкер жөніндегі оңалту рәсiмiнiң мақсаты орындалса;
2) егер ол бұл мақсатқа жету мүмкiн болмайтынына көзi жетсе, сотқа жүгiне алады. Бұл жағдайда оңалтуды басқарушы уәкілетті органның қорытындысымен осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган) немесе кредиторлардың кез келгенi осы жоспарды қайта қарау немесе оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш бере алады. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды және қарау нәтижесi бойынша ұйғарым шығарады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтатудың салдары
Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi аяқталған соң, ал осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайларда осы мерзiм аяқталғанға дейiн сот:
1) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жетсе, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату және iстi қысқарту туралы ұйғарым шығара алады;
2) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізу мүмкiн болмаса, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату, борышкердi банкрот деп тану туралы және конкурстық iс ашу туралы шешiм қабылдай алады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 54-бап өзгертілді
55-бап. Санация
1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту шаралары ретiнде оңалту жоспарына санация енгiзiлсе, санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзiмiн көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi жоспарға қоса берiлуге тиiс.
2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келісілген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда борышкердi басқаруды санацияға қатысушы несие ол тағайындаған адам оңалтуды басқарушы үшiн көзделген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады. Санацияға қатысушыға осы Заңның 9-бабының 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген ережелер қолданылмайды.
3. Сот , сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi оның орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
56-бап. Санацияға қатысушылардың келісімi
Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, олар кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртібін көздейтiн келісім жасасуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Санацияға қатысушыларды жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өз мойнына алған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер ықтиярсыз күштiң салдарынан немесе кредиторлардың, не борышкердiң (борышкер мүлкi иесiнiң) iс-әрекеттерi салдарынан санация мақсатына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдей алмаса, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жағынан жауап бередi.
Егер келісімде басқаша көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда, мұндай жауапкершiлiктi олар бiрiгiп көтередi.
2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндетiн өз мойнына алмаған санацияға қатысушының жауапкершiлiгi қатысушының оңалтуды басқарушымен кредиторлар комитетi бекiткен келісімiмен белгiленедi.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 58-бап өзгертілді
58-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
1. Санацияның мақсатына жетуге байланысты банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қысқартқан кезде оның өзiне осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеме алған және борышкер мүлкiнiң иесi болып табылмайтын қатысушысы өзi инвестициялаған қаражат сомасында санация басталғанға дейiн шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы, жиналысында қабылданған шешiмнiң негiзiнде шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң құқығына ие болады, ал егер мемлекеттік кәсiпорын немесе өндiрiстiк кооператив борышкер болса - мүлiк иесiнiң тиiстi уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органының не кооператив мүшелерi жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде оны алдын ала шаруашылық серiктестiгi етiп қайта ұйымдастырады.
Аталған шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiрге ұсынылуға тиiс.
Бұл жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгi жарғылық капиталының мөлшерi, жарғылық капитал екi жыл бойы белгiленген мөлшерге дейiн толықтырылған жағдайда, заңдарда көзделген ең төменгi мөлшерден аз болуы мүмкiн.
2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда борышкердiң мүлкіндегі үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына қарай белгiленедi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 59-бап өзгертілді
59-бап. Борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк жасау
1. Оңалту жоспарында бұл талаптарды заңдарға сәйкес өткiзiлетiн ашық сауда-саттықта сату жолымен борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк берiлуiнiң көзделуi мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 5-тарау алынып тасталды
6-тарау. Дәрменсіз борышкерді тарату (конкурс
жүргізу)
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Жалпы ережелер
1. Конкурс жүргiзу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты қарыздан басы бос деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылады.
2. Конкурстық iс жүргiзу мерзiмi алты айдан аспауы керек. Конкурсты басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келісімiмен бұл мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы мүмкiн.
3. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық іс жүргізуді алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 6-бап өзгертілді
66-бап. Конкурс жүргiзуге қатысушылар
Сот, кредиторлар комитетi, банкрот, конкурстық басқарушы уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi адамдар конкурс жүргiзуге қатысушылар болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 67-бап өзгертiлдi
67-бап. Конкурс жүргiзудегi соттың өкiлеттiгi
Соттың конкурс жүргiзуде мынадай өкiлеттiгi бар:
1) конкурс жүргiзудi қозғайды және оны тоқтатады;
2) заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыратын әдiлет органына, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
3) борышкер мүлiктiк сипаттағы жауапкер ретiнде болатын даулар бойынша iстердi өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;
4) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады, ал банк және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот болған жағдайда құрамында төраға және комиссия мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындайды.
5) конкурс жүргiзуге қатысушылардың арасындағы дауларды шешедi;
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1 68-бап өзгертiлдi
68-бап. Банкрот үшiн конкурс жүргiзудi қозғаудың салдары
1. Борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi қабылданған кезден бастап мынадай салдары болады:
1) банкроттың мүлiктi иелiктен айыруына және уақытша беруiне тыйым салынады;
2) банкроттың барлық қарыз мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп есептеледi;
3) банкрот берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айып ақылар мен сыйақылар (мүдделер) есептеу тоқтатылады;
4) егер банкроттың қатысумен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, олар қысқартылады;
5) банкротқа мүлiктiк талаптар тек конкурс жүргiзу шеңберiнде ғана қойылуы мүмкiн.
3. Егер конкурстық масса құрамында жылжымайтын мүлiк болса, банкроттың жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру және оны өзге тұлғаларға пайдалануға беру жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу органдарында тiркелуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Конкурстық басқарушы-таратушы
1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап үш күн мерзімде конкурстық басқарушыны тағайындайды.
Конкурстық басқарушыны тағайындау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Конкурстық басқарушыға (таратушыға) сыйақы кредиторлармен есеп айырысқанға дейiн конкурстық массадан төленедi.
Конкурстық басқарушыға төленетiн сыйақыға:
1) өз мiндеттемелерiн орындайтын бүкiл кезең үшiн ай сайынғы мөлшерi елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс ағымдағы төлемақылар;
2) оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді әкімшілік шығыстар шегеріліп өткізілген конкурстық массаның жеті процентінен аспайтын мөлшерінде кредиторлар комитеті белгілейді.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 13.03.03 ж. № 395-II Заңдарымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Конкурсты басқарушы-таратушының өкiлеттiгi
Конкурсты басқарушы:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес он күннен аспайтын мерзiмде кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкілетті органға бекітуге табыс етеді және кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысын шақырады.
1-1) кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне комитеттiң бiрiншi отырысы өткiзiлетiн орын мен күн туралы хабарлайды;
1-2) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгіленген газеттердің бірінде немесе өзге де мерзімді басылымда борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;
1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін табыс етеді;