203 | Кинематографиялықтан басқа, бейнелердiң жобалауыштары | 9008 10 000 0- 9008 30 000 0-ден |
204 | Фотопленкаларды (кинопленкаларды қоса алғанда) немесе орамдағы фотоқағазды автоматты түрде шығаруға немесе орамдағы фотоқағазға автоматты түрде басып шығаруға арналған аппаратура мен жабдық | 9010 10 000 0-ден |
205 | Фотозертханаларға (кинозертханаларды қоса алғанда) арналған аппаратура мен жабдық, өзгелерi; негатоскоптар | 9010 50 |
206 | Аэронавигацияға немесе ғарыштық навигацияға арналған құралдар мен аспаптар (компастардан басқа) | 9014 20 |
207 | Өзге де құралдар мен аспаптар | 9014 80 000 0 |
208 | Компастардан басқа, геодезиялық немесе топографиялық (фотограмметриялықты қоса алғанда), гидрографиялық, океанографиялық, гидрологиялық, метеорологиялық немесе геофизикалық, құралдар мен аспаптар; алыстан өлшегiштер | 9015 |
209 | Медицинада пайдалануға жатпайтын механикалық детальдары және ауыспалы сүзгiштерi жоқ қорғаныш маскаларынан басқа, өзге де тыныс алу жабдықтары мен газ маскалары* | 9020 00-ден |
210 | Рентгенографиялық немесе радиотерапевтік аппаратураны қоса алғанда, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық мақсатта пайдалануға арналмаған, рентген сәулесiнiң әсерiне негізделген өзге аппаратура | 9022 19 000 0-ден |
211 | Алфа-, бета- немесе гамма сәулелерiнiң әсерiне негізделген медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық пайдалануға арналмаған өзге де аппаратура* | 9022 29 000-ден |
212 | Көрсетілген мақсаттарға пайдаланылатын аппаратура бөлшектерi мен керек- жарақтарын қоса алғанда, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық мақсатта пайдалануға арналғандардан басқа, өзге де аппаратура* | 9022 90-нан |
213 | Материалдың (мысалы, металдардың, сүректердiң, тоқыма материалдарының, қағаздың, пластмассаның) қаттылығын, төзiмдiлiгiн, созылғыштығын және тығыздығын, икемдiлiгiн немесе басқа да механикалық қасиеттерiн сынауға арналған машиналар мен құралдар | 9024 |
214 | Жазатын құрылғысы бар немесе жазатын құрылғысыз ареометрлер мен сұйыққа батырған кезде жұмыс iстейтiн соған ұқсас аспаптар, термометрлер (ауруханалық немесе ветеринарлықтан басқа), пирометрлер, барометрлер, гигрометрлер және психрометрлер және осы құралдардың кез келген комбинациялары* | 9025-тен |
215 | 9014, 9015, 9028 және 9032 тауар позицияларының құралдарымен аппаратурасынан басқа, сұйықтардың немесе газдардың шығынын, деңгейiн, қысымын және басқа да құбылмалы сипаттамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған құралдар мен аппаратура (мысалы, шығын өлшегіштер, деңгей көрсеткiштерi, манометрлер, жылу өлшегіштер) | 9026 |
216 | Физикалық және химиялық талдауға арналған медицинада пайдалануға арналмаған құралдар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ немесе түтiн талдауыш. тар); тұтқырлығын, кеуектілігiн, кеңеюiн, беткi жағының созылғыштығын және соған ұқсас өлшеуге немесе бақылауға арналған құралдар мен аппаратура; жылу, дыбыс немесе жарық мөлшерiн өлшеуге немесе бақылауға арналған құралдар мен аппаратура (экспонометрдi қоса алғанда); микротомдар* | 9027-ден |
217 | Осциллоскоптар, спектр талдаушылар, 9028 тауар позициясының өлшеу құралдарынан басқа, электр шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған өзге де құралдар мен аппаратура; альфа, бета, гамма, рентген, ғарыш немесе өзге де иондаушы сәулелердi табуға немесе өлшеуге арналған құралдар мен аппаратура | 9030 |
218 | Осы топтың басқа жерлерiнде аталмаған немесе енгiзiлмеген өлшеу немесе бақылау құралдары, құрылғылар мен машиналар; кескiндеу жобалауыштары | 9031 |
219 | Автоматты реттеуге немесе басқаруға арналған құралдар мен аппаратура | 9032 |
· - тауарлар номенклатурасы код арқылы да, тауарлар атауы арқылы да айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен ережемен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 19 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде
(Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу
әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың
тiзбесiн қалыптастыру epeжеci
1. Осы Ереже Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн (бұдан әрі - Тiзбе) қалыптастыруға бірыңғай әдiстi қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
2. Тiзбеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды мүдделi мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (бұдан әрi - өтiнiм беруші) мемлекеттік фискалдық саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi органға (бұдан әрi - Уәкiлеттi мемлекеттік орган) жiбередi.
3. Тiзбенi тауарлармен толықтыру жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса берiледi:
1) толықтыру қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттілігi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауарлар өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы немесе мұндай өндiрiстiң болмауы туралы қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның қосуға ұсынылып отырған тауармен Тiзбенi толықтыру қажеттілігi туралы қорытындысы;
5) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған тауардың құны (тауардың 1 бірлiгiне теңгемен);
6) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшілендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған тауарлардың ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауына және кодтарына сәйкестiгi мәнiне қорытындысы.
4. Тiзбеден тауарларды алып тастау жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса беріледi:
1) алып тастау қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттілігi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай тауарлар өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы өндiрушiнiң атауы көрсетiлген қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның алып тастауға ұсынылып отырған тауарды Тiзбеден алып тастау қажеттiгі туралы қорытындысы;
5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған тауарлардың ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауларына және кодтарына сәйкестiгі мәнiне қорытындысы.
5. Уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көрсетілген мәлiметтермен қоса табыс етiлген ұсыныстарды қарайды және Уәкілеттi мемлекеттік орган ұсыныстарды алған күнiнен бастап 30 күнтізбелiк күн iшiнде өтiнiм берушiге Тiзбенi толықтырудың және (немесе) Тiзбеден тауарларды алып тастаудың орындылығы туралы негiздi қорытындыны бередi.
6. Өтiнiм берушi осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көзделген мәлiметтердiң толық емес тiзбесiн ұсынған жағдайда, Уәкiлеттi мемлекеттік орган өтiнiм берушi табыс еткен ұсыныстарды қараудан жазбаша нысанда бас тартады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір
шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген тәртiппен төленетiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 16, 131-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 маусымдағы № 959 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 25, 233-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 қарашадағы № 1605 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 49, 461-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 қыркүйектегi № 917 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 33, 298-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1240 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 382-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қаңтардағы № 118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 43-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 16 наурыздағы № 406 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 155-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi № 1008 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 335-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегi № 1166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 31, 412-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 қазандағы № 1289 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 34, 448-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 наурыздағы № 281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 68-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 16, 175-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 шiлдедегi № 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 268-құжат).