Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 30 шілдедегі № 851 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 71-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген тәртіппен төленетiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегі № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 16, 131-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кiрiс министрлiгі белгiлеген тәртіппен төленетiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 212-3-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 212-6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"212-6 Кадмий-никельдi күш аккумуляторлары; 8507 30 930,
басқалары 8507 30 980".
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |