Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
5 қазандағы № 1289 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.03.03 ж. № 269 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының заңнамасын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (ТМД СЭҚ ТН) өзгерістеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.03.03 ж. № 269 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 16, 131-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесіндегі:
реттік нөмірі 118-жолдағы, 3-бағандағы "8415 81 900" деген сан "8415 81 90" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 224-жолдағы, 3-бағандағы "8545 11 000" деген сан "8545 11 00" деген санмен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
бірінші жолдың 2-бағанындағы "010600900" деген сан "01060090" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
сегізінші жолдың 1-бағанындағы "Сары фосфор" деген сөздер "Сары ("ақ") фосфор" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші жолдың 2-бағанындағы "280470000" деген сан "280470001" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі