Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 18 қарашадағы № 1605 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кеден комитетiнiң келісімiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен төленетiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне пайдаланылатын импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң және тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 16, 131-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетiнiң келісімiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен төленетiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне пайдаланылатын импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң және тауарлардың тiзбесi реттiк нөмiрлерi 265-268, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"265 Металдардың бетiн өңдеуге арналған 3810 10 000
препараттар: бояу балқитын ұстатқышпен
дәнекерлеуге арналған немесе металдан
тұратын және басқа да материалдарды
дәнекерлеуге арналған ұнтақтар мен
пасталар
266 Күрделi органикалық, басқа жерде 3814 00
аталмаған езгiштер мен қосқыштар:
бояуларды немесе лактердi кетiруге
арналған дайын құрамдар
267 Теледидарлардың пластмассалық 3901-3914-тен
бөлiктерiн өндiруге арналған полимер* (3902, 3909
10 000
қоспағанда)
268 Теледидарлар шығаруға арналған 8529 90"
жинақтаушылар
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi