Магистралдық темір жол желісінiң қызметтерiне 10-01 прейскуранттың тарифтерiн үйлесiмдi бөлу жолымен енгiзiлген тарифтер жаңа тарифтiк әдiснаманы әзiрлегенге және қабылдағанға дейiн уақытша болып табылады.
Сол уақытта тарифтiк реттеудiң жаңа әдiснамасын енгізу бойынша бірқатар техникалық және ұйымдастыру себептерi бойынша "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ-ның тасымалдау функцияларын "Қазжелдортранс" АҚ-на беруге дайын болмауына байланысты белгiлi бір ауыртпалықтар бар. Осыған байланысты "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн Ұлттық тасымалдаушы болып қалады.
Сонымен бірге орташа мерзiмдi болашақта тарифтiк саясатты жетiлдiру бәсекелес ортаны қалыптастыруға мүмкiндiк бередi және барлығына: тұтынушыларға - төмен баға түрiнде; реттелмейтiн кәсiпорындарға - рынокты ауқымды ырықтандыру нысанында; реттелетiн кәсiпорындарға - жаңа инвестицияларға және техникалық дамуына қолайлы болатын реттеудiң тұрақты режимiн белгiлеу арқылы пайда әкеледi.
§ 2. Электр энергетикасы саласы
Қазiргi уақытта Қазақстанда электр энергиясының, екi деңгейден - электр энергиясының көтерме сауда және бөлшек сауда рыноктарынан тұратын рыногы құрылған және қызмет етедi. Бөлшек сауда рыногында электр энергиясының бағалары сұраныс пен ұсыныстың негізiнде өндiрушiлер арасында бәсекелес жағдайларында қалыптасады. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы тұжырымдамасымен жеткізушiлер соңғы тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу құқығы үшін бәсекелесетiн электр энергиясының бәсекелестiктiк бөлшек рыногына қажеттi жағдайлар жасалған. Бұл ретте энергиямен жабдықтайтын ұйымдар жеткiзетiн электр энергиясының бағаларын дербес белгiлейдi. Сонымен қатар, энергия берушi ұйымның желiлерiне тiкелей қосылған электр энергиясының бөлшек рыногының кез келген тұтынушысы жеке алған өңiрде (электрмен жабдықтаудың жеке бөлiнген схемасы бар аудан, ауыл, кент) тұтынушыларды электрмен жабдықтау жөнiнде қызметті жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдардың арасынан өзiнiң қарауы бойынша электр энергиясының жеткізушiсiн таңдай алады.
Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер табиғи монополия саласына жатады және оларға арналған тарифтердi реттеушi орган белгiлейдi. Бұл ретте, Ұлттық электр желісі арқылы беруге арналған тарифтер энергия өндiруші ұйымнан тұтынушыға дейiн электр энергиясын берудiң қашықтығына байланысты құрамдасты қамтиды. Сондай-ақ көлiктiк тарифке желiлердегi нормативтік техникалық ысыраптарды сатып алуға арналған шығындар енгiзiлген. Өңiрлiк электр желілік компаниялардың (бұдан әрі - ӨЭК) желiлерi арқылы беруге арналған тарифтер ("кіру" үшiн тарифтер) қашықтық факторына байланысты емес, бұл ретте 2005 жылғы 1 сәуiрден бастап оларда нормативтiк техникалық ысыраптарды өтеуге арналған шығындар көзделеді.
Елдiң кейбір өңiрлерiнде электр және жылу энергиясына, су шаруашылығы және кәріз жүйелерiнiң қызметтерiне арналған тарифтер халық үшiн өнеркәсiп есебiнен субсидияланған. Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуге арналған шығындары халық үшін өнеркәсiптiк тұтынушыларға қарағанда объективтi жоғары.
Осы қызметтердiң әлеуметтiк бағыттылығын назарға ала отырып, экономикалық негiзделген саралауды кезең кезеңiмен енгізу туралы шешiм қабылданды. Бірiншi кезең бірыңғай деңгейге дейiн тарифтердi бірте-бірте теңестiрудi, екiншi кезеңде - экономикалық негiзделген саралауды көздеген.
1999 жылғы шiлдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 шiлдедегi № 983 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында 1999 - 2000 жылдарға арналған табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн реттеу тұжырымдамасы қабылданған болатын. Тұжырымдамаға сәйкес электр энергиясы бойынша тұтынушылар топтары бойынша тарифтердi негiзсiз саралаудан - Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында, жылу бойынша - Атырау, Солтүстiк Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында тарифтердi теңестiру, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне бірыңғай тарифтердi бекіту және экономикалық негiзделген саралауды енгізу жолымен кету жүзеге асыру талап етiледі. Қазақстанда экономикалық негізсiз саралаудың қолданылуын 2000 жылға дейiн аяқтау белгіленген.
Дегенмен объективтi себептерге байланысты электр энергиясына арналған тарифтердi экономикалық негізсiз саралау Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында сақталған. Жылу энергиясы бойынша Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында.
Негізсiз саралауды сақтау өнеркәсiптiң тиiмдi дамуына кедергi жасайды. Өнеркәсiптiк кәсiпорындар жылу мен электр энергиясына арналған тарифтер арқылы басқа тұтынушыларды, атап айтқанда, халықты субсидиялап, негiзсiз жоғары шығындарды көтеруде, ол өз кезегiнде осы кәсiпорындар өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлігінде жағымсыз көрiнiс бередi.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде № 217 нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығымен бекiтілген табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) орташа мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту және енгізу жөнiнде нұсқаулық әзiрлендi және қолданысқа енгізiлдi. Орташа мерзiмдi кезеңге арналған тариф түзу әдiснамасын енгізу энергетика саласына инвестицияларды ынталандыруға бағытталған болатын. Сонымен бірге, бүгiнгі күнге орташа мерзiмдi кезеңге арналған тариф түзу әдiснамасы жеткiлiксiз шамада iске асырылуда. Осы әдiснаманы электр энергетикасы саласында неғұрлым кеңiнен енгізу мақсатында оны одан әрi жетiлдiру, орташа мерзiмдi тарифтердi белгiлеу тәртібiн және осы тарифтер бойынша субъектiлердiң жұмыс атқаруын оңайлату мүмкiндігін қарау қажет.
Электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда рыноктарының қызмет ету саласындағы бірқатар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлендi. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтары жүргiзiледi.
Электр энергетика саласының негізгі проблемалары.
1. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 334-НҚ бұйрығымен бекітілген қолданылып жүрген кернеу кластары бойынша өңiрлiк және/немесе жергiлiктi деңгейлердiң желiлерi арқылы электр энергиясын беру жөнiндегі қызметтерге тариф есептеу әдiстемесiне сай барлық тұтынушылар өнеркәсiптiк те, тұрмыстық та бәрiне бірдей "кіру үшiн" тарифтi төлейдi, бұл ретте тарифтердi экономикалық негiздеген саралау қағидаттары жоқ.
2. Электр және жылу желiлiк шаруашылықты жаңғыртуға және жаңартуға инвестицияларды тартудың төменгі деңгейi. Атап айтқанда, көптеген қалаларда жылумен жабдықтау жүйелерiнiң тозу деңгейi сыни деңгейге жеттi, оның ішінде төмендетiлген тарифтер нәтижесiнде, осының барлығы жылу энергиясының нормативтен тыс ысыраптардың деңгейiн ұлғайтуға алып келедi. Техникалық стандарттарды қалпына келтiру үшiн, жылуландыру жүйесіндегі техникалық ысыраптардың деңгейiн қоса, ең қысқа мерзiмде күрделi жөндеуге және жылу желiлерiн айырбастауға ауқымды инвестицияларды тарту қажет.
3. Ұлттық электр желісінiң (бұдан әрi - "KEGOC" АҚ) қызметтерiне арналған тарифтер есептеу әдiснамасының жетiлмегенi. Осы уақытта "KEGOC" АҚ-ның қызметтерiне арналған тарифтердiң деңгейi электр энергиясын беру қашықтығына байланысты. Электр энергиясы рыногының тиiмдi қызмет етуi және оны одан әрi дамыту үшiн Ұлттық желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге арналған тариф түзу рынокқа қатысушылар үшiн кемсiтiлмейтiн болуға тиiс. Осыған байланысты ұлттық электр желісінiң ("KEGOC" АҚ) қызметтерiне арналған тарифтер есептеудiң әдiснамасын "KEGOC" АҚ тарифi деңгейiнiң электр энергиясын беру қашықтығына тәуелдiлiгiн төмендету бөлігінде жетiлдiру қажет.
4. Электр және жылу энергиясын аралас өндiру кезiнде ЖЭО өндiретiн электр энергиясының бәсекеге қабiлеттiлігін қолдауды ескере отырып шығындарды негiздеп бөлу проблемасы.
Негiзсiз саралауды жою және тарифтерге экономикалық негізделген саралауды енгізу, бірiншiден, қолданыстағы заңнаманың талаптарын және Қазақстан Республикасының тарифтiк саясатының қағидаттарын орындауға, екiншiден өнеркәсiп өндiрiсi өнiмiнiң өзiндiк құнының экономикалық негiзделген төмендеуiне және тиiсiнше оның бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң көтерiлуiне жәрдемдеседi.
§ 3. Телекоммуникация саласы
Республиканың телекоммуникация қызметтерiнiң рыногы соңғы жылдары прогрессиялық өсуiн көрсетедi, тұтастай елдiң экономикалық өсуi жалпы үрдiстермен де, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысымен бекітілген Телекоммуникация саласын дамытудың 2003 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасының iс-шараларын iске асыру нәтижесiнде салаға жүргізiлiп отырған ырықтандырумен де, сөзсiз, байланысты.
Осы бағдарламаға сәйкес 2004 жылдың iшiнде телекоммуникация рыногын iшiнара ырықтандыру кезең жүзеге асырылды. "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды және "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қағидатты өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлдi, оларды iске асыруға монополиядан өтуге және бәсекелестiктi белсендi көтермелеу мен дамытуға бағдарланған телекоммуникация саласын мемлекеттік реттеудiң жаңа үлгiсiнiң негiзiн iс жүзiнде салған бірқатар нормативтiк-құқықтық актiлер қабылданды.
Барлық заңнамалық пен нормативтiк құжаттарда ұлттық оператор ұғымы алынып тасталды, барлық операторлар өздерiнiң құқықтарында және мiндеттерiнде теңестiрiлдi. 2004 жылдың аяғында "Қазақтелеком" акционерлік қоғамынан (бұдан әрi - "Қазақтелеком" АҚ) эксклюзивтiк лицензиясын керi қайтарып алумен және қалааралық пен халықаралық байланыстың жаңа баламалы операторларына лицензиялар берумен қалааралық және халықаралық байланыстың бұрынғы монополиялық рыногы бәсеке үшiн ашылды. Республика байланысының абоненттерi мен операторларында қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн алуда және қалааралық пен халықаралық байланыс операторларының желiлерi арқылы өзiнiң трафигiн бағыттауда таңдау мүмкiндігі туындады.
Операторлар желiлерiн тек қана "Қазақтелеком" АҚ-ның желісі арқылы қосудың бұрын болған талабының күшi жойылды, байланыс операторларында, ұялы байланыс операторларының халықаралық трафигiнiң транзитiн қоспағанда бір бірiне өзара қосылу схемаларын еркiн таңдау құқығы пайда болды. Жаңа операторлар үшiн желiге қосылу үшiн кемсiтпеушiлiк жағдайлар жасайтын және басым операторлары үшiн қосылудың мiндеттi қағидатын iске асыратын Жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне телекоммуникациялар желісін қосу және жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісі арқылы трафиктi өткізудi реттеу ережесіне Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде № 3041 нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шiлдедегi № 145-п бұйрығымен өзгерістер енгізiлген. Қосылатын операторлар трафигінiң өсуiн ынталандыруға, бұл жағдайда тарифтік бөлуде олардың үлесi ұлғайтуға бағытталған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 8 қарашадағы № 438-НҚ бұйрығымен бекітілген байланыстың дәстүрлi қызметтерi операторларының арасында өзара есеп айырысулардың жаңа әдiстемесi қабылданды.
Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерi табиғи монополия саласына кiрмейдi, бұл ретте осы қызметтерге арналған тарифтер Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілуге жатады. Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысымен бекітілген Телекоммуникациялар әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi қайта теңдестіру жоспарында жергіліктi телефон байланысының рыногында бәсекелестіктің туындауына экономикалық негiз жасайтын қызметтер мен абоненттер санаттарының арасында кросс-субсидиялауды кезең кезеңiмен жою көзделген.
2004 жылғы қазанда әмбебап қызметтерге тарифтердi қайта теңдестiрудiң бірінші кезеңi жүзеге асырылды, оларға сәйкес абоненттiк төлем қалалық жердегі жеке тұлғалар үшiн барлық бағыттарға халықаралық телефон байланысының қызметтерiне арналған тарифтердiң бір уақытта 20 % төмендеуiмен 20 % көтерiлуi жүзеге асырылды. Жергілiктi байланыс қызметiнiң ауылдық жердегi тұрғындар үшiн әлеуметтік маңыздылығына орай осы қызметтерге арналған тарифтер бұрынғы деңгейде қалуда, бұл ретте ауылда жергiлiктi телефон байланысының қызметiн көрсететiн операторлардың шығындары әмбебап қол жеткізу тетiгiнiң шеңберiнде жабылады.
Телекоммуникация саласын ырықтандыру аясында мемлекеттік саясаттың iс-шараларын iске асыру нәтижесiнде табиғи монополия саласының объективтi ығысуы болады, онда ендi байланыс операторлары соңғы пайдаланушыларға көрсететiн телекоммуникациялар қызметтерi iс жүзiнде болмайды. Табиғи монополия саласында операторлар трафигiн қосу мен өткізу жөніндегі қызметтер, телекоммуникациялар желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосу мақсатында кабельдiк арнаны және технологиялық мүлiктi жалға беруге немесе пайдалануға ұсыну қызметтерi қалады. Бұл жағдай 2005 жылдың аяғына дейiн "Қазақтелеком" АҚ-ның эксклюзивтiк құқығының екi белгiсiн: ұялы байланыс операторларының халықаралық трафигiнiң транзитiн және өздерiнiң абоненттерiне халықаралық пен қалааралық телефон байланысының қызметтерiн ұсынуды сақтаумен, сондай-ақ операторлық сегментте бәсекелестіктi дамыту үшiн белгілі өту кезеңiнiң және жаңа бірiктiру базаның негiзiнде оператораралық өзара қатынастарды қалыптастыру, операторлардың табыстарын, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтерiн бөлектеп есепке алу деректерiнiң негiзiнде оператораралық қызметтерге тариф түзуге көшу қажеттiгiмен шарттасқан.
Бұдан басқа, ұялы байланыс сегментiнiң дамуын атап өтпеуге болмайды, оның қызметтерiнiң рыногы қазiрдiң өзiнде дәстүрлi телефон рыногымен салғастыруға болады.
Бөлектеп есепке алуды енгізу нәтижелерi және оны енгізу мен жүргiзу сыпайылығының тиiстi тексерудiң болмауы, осы уақытта тиiстi түрде реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң өзiндiк құнын айқындауға және тиiсiнше экономикалық негiзделген тарифтердi белгiлеуге мүмкiндiк бермейдi. Осы жағдай сондай-ақ байланыс операторларының желiлерi арқылы трафиктi өткізу жөніндегі қызметтердiң есептiк тарифтерiн (ставкаларын) қалыптастыруға және белгiлеуге жатады. Осы уақытта пайдаланылатын көзқарас трафиктiң нақты түрлерiн өткізуде байланыс операторлары желiлерiнiң техникалық элементтерiнiң қатысу үлесiн айқындауға негiзделген. Бұл ретте, қазiрден бастап осындай көзқарас аса оңтайлы болып табылмайтыны белгiлi және таяу арада көптеген операторлар шығындарды бөлектеп есепке алуды енгізудi аяқтағаннан кейiн бөлектеп есепке алу деректерiнiң негiзiнде байланыс операторларының трафиктi қосуға және өткізуге тарифтердi есептеудiң әдiснамасына көшiрудi жүзеге асыру қажет.
§ 4. Құбыр өткізу мен су кәрiздерi жүйелерi саласы
Мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистралдық құбыр өткiзгiштерi арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердi жүзеге асыратын кәсіпорындар қаржылай тұрақты болып табылады, таза табыс деңгейiнiң жағымды серпiнiмен және ұсынылатын қызметтер көлемдерiнiң тұрақтылығымен сипатталады. Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистралдық және (немесе) бөлушi құбыр өткiзгiштерi арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердi жүзеге асыратын кәсiпорындардың қаржы жай-күйi сондай-ақ жағымды тұрғыдан бағаланады.
Су шаруашылықтары және (немесе) кәрiздер жүйелерiнiң саласын реттеу аясында қалыптасқан жағдай экономиканың су секторында мемлекеттің саясатын одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Осы саладағы табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудiң негізгі проблемаларының бірi Қазақстан Республикасының заңнамасында коммуналдық сумен жабдықтау және су тарту саласында мемлекеттік саясатты жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттік органды айқындайтын нормалардың жоқтығы болып табылады, онсыз барлық су арналары үшiн сумен жабдықтау және су тарту кәсiпорындарының қызметiн ұйымдастыру негiздерiн айқындайтын нақты нормативтiк құқықтық базадан бастап осы сектордың мемлекеттік стратегиялық дамуымен аяқталатын көптеген проблемалар шешiлмеген күйде қалуда.
Су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң қызметтерiн көрсететін көптеген кәсiпорындар бүгінгі күнге қаржы тұрақтылығының төмен дәрежесiмен сипатталады және залалды болып табылады.
Осы жағдайда проблема су шаруашылықтары және (немесе) кәрiздер жүйелерiнiң қызметтерiне арналған кәсiпорындар тарифтерiнiң және халық табыстарының (осы кәсiпорындардағы менеджмент деңгейiн назарға алмай) арақатынасына негізделедi.
Халықтың шектелген төлем қабiлеттiлiгi жөндеуге және инфрақұрылымды дамытуға қажетті көлемде күрделi қаржы жұмсалымын - қаржыландыру тарифтерге енгізуге мүмкiндiк бермейдi, өйткенi бұл олардың көбiнесе едәуiр өсуiне әкеп соғады. Бұл ретте сумен жабдықтау кәсiпорындарының негiзгі қорларының тозуы (2001 жылғы 50 % қарағанда 2003 жылы республика бойынша орта есеппен 62 % болды) өз кезегiнде ысыраптың өсу себебi (республика бойынша орта есеппен 32 %-дан астам) және оның салдары ретiнде көрсетiлетiн қызметтер сапасының төмендеуi болып табылады.
Бұдан басқа, жағымсыз жақтардың бірi осы қызметтердi тұтыну көлемдерiнiң қысқаруына (республика бойынша орта есеппен 51 %-ға жуық) байланысты өндiрiстiк қуатты пайдаланудың төменгі дәрежесi болып табылады.
Қазiргi сәтте әртүрлi халықаралық қаржы институттары сумен жабдықтау жүйелерiнiң жаңаларын салу және жұмыс iстейтiндерiн жаңғырту жөніндегі, сондай-ақ тұтастай осы сектордың қызметiн жетiлдiру жөнiндегі жобаларды iске асыруда, дегенмен коммуналдық сумен жабдықтау және су секторын қоса, экономиканың су шаруашылығы саласының жұмыс iстеуінің және оны дамытудың стратегиялық бағыттарын, ел экономикасының ерекшелiктерiн және ағымды жағдайын ескере отырып айқындайтын бірыңғай мемлекеттік саясат жоқ.
Өзiнiң функционалдық ерекшелiктерi, технологиясы, ауқымдары, жеткізушiлер мен тұтынушылардың сипаттамалары, сондай-ақ қызметтердiң көптеген басқа өлшемдерi бойынша қызметтердiң әртүрлi кең спектрiн қамтитын "су шаруашылықтары және (немесе) кәрiздер жүйелерiнiң қызметтерi" ұғымын жан-жақты нақтылау мәселесi маңыздылық дәрежесi бойынша ерекше орын алады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мен бақылау олар көрсететiн қызметтердiң ерекшелiктерiн, су шаруашылықтары және (немесе) кәрiздер жүйелерiнiң саласына жатқызылған, реттелiп көрсетілетiн қызметтердiң заңнамада көзделген тәртiппен бекітілген тiзбесiнiң болмауын ескере отырып жүзеге асыруға тиiс экономика су секторының табиғи монополиялар салаларына барлық қатысушылардың мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн тиiмдi тарифтiк саясатты жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік реттеу монополист-кәсiпорындар жүзеге асыратын қызметтер түрлерiнiң ерекшелiктерiн ескеруге тиiс. Бүгiнгi күнге су шаруашылықтары және (немесе) кәрiздер жүйелерiнiң саласына жатқызылған қызметтер түрлерi айқындалмаған. Бұл мемлекеттік реттеудiң жалпы сапалы деңгейiн едәуiр төмендетедi және экономиканың су секторының табиғи монополиялар саласына барлық қатысушылардың мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн тиiмдi тарифтiк саясатты жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
§ 5. Аэронавигация саласы
Аэронавигация саласын реттеу саясатын "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгін және авиация қызметiн пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары анықтайды.
Аэронавигацияның негiзгi функциялары Қазақстан Республикасының жоғары әуе кеңiстiгiнде, жергiлiктi әуе желілерiнде және әуеайлақ аумақтарында аэронавигациялық қызмет көрсету болып табылады. Жабдықтарды жаңарту мен әуе қозғалысын басқару рәсiмдерiн оңтайландыру әуе қозғалысын ұйымдастырудың (бұдан әрi - ӘҚҰ) 12 аумағынан аэронавигациялық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Қолда бар халықаралық әуе трассаларының желісі Қазақстан Республикасы әуе кеңестiгiнiң барлық тұтынушыларының қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi.
Аэронавигациялық алымдардың ставкалары әуе кемесiнiң ең жоғары шарықтау салмағына, орындалатын ұшу үлгiсiне және авиакомпаниясының мемлекеттік меншiгiне байланысты. Қазақстандық авиакомпаниялар үшiн тарифтер шет ел авиакомпанияларына қолданылатын ставкадан төмен.
Тарифтiк саясатты жетiлдiру аэронавигациялық қызметтердiң әлемдiк рыногында бәсекенiң шиеленiсуiмен, шет ел авиакомпанияларының транзиттiк peйстepi ағымының төмендеуiмен және iшкi тасымалының елеулi өсуiне және жолаушылар тасымалы тарифтерiнiң төмендеуi немесе тұрақтандыруына алып келмеген қолда бар тарифтердi саралануынан туындады. Қазiргi таңда осы саланы реттеудiң негізгі проблемалары транзиттiк ұшуларды орындайтын әуе кемелерiне ұсынатын аэронавигацияның қызметтерiн реттеу, шығындарды бөлектеп алуды жүргiзу, аэронавигация саласында транзиттiк әлеуеттi арттыру, қаржы тұрақтылығын сақтау мен әлеуметтiк-кадр мәселелерiн шешу, Қазақстан Республикасы авиа тасымалының iшкi рыногына шет ел авиакомпанияларын тарту мәселелер шығады.
§ 6. Почта саласы
Табиғи монополия саласына қарапайым хаттарды, почта карточкаларын және пайдаланушылардың бандерольдерiн жiберу жөніндегі почта операторларының қызметтерiнен тұратын почта байланысының жалпыға бірдей қол жетiмдi қызметтерi жатады.
Қазiргі уақытта елдiң барлық аумағын жабатын кең таралған почта желісінiң болуына сүйене отырып, мемлекет атынан меншiк иелерiне оларды ұсыну бойынша мiндеттемелер почтаның Ұлттық операторына жүктелген. Қазақстан Республикасының почта Ұлттық операторының мәртебесi "Қазпочта" акционерлік қоғамына (бұдан әрi - "Қазпочта" АҚ) берiлген.
Ережеге сәйкес почтаның Ұлттық операторы Қазақстан Республикасының кез келген елдi мекенiнде почта байланысының жалпыға бірдей қол жетiмдi қызметтерiн пайдалануды ұсынады.
Почта ұлттық операторы әлеуметтiк маңызы бар қызметтер көрсетедi және ауылдық жерлерде шығынға ұшырайды, өйткенi көрсетiлетiн қызметтердiң көптеген түрлерiне қолданыстағы тарифтер қалалық және ауылдық жерлерде қызметтер ұсынудың құнындағы айырмашылықтарды ескермейтiн орташаланған ставкалар бойынша белгіленген.
"Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай республиканың барлық аумағында әрекет ететiн жалпы пайдаланудағы почта желісі ұлттық почтаға желісі болып танылады және ол арқылы жария шарттың негізiнде қызметтер ұсынылады. Ұлттық почта желісін Ұлттық және баламалы операторлардың желісінен тұратын жалпыға бірдей қол жетiмдi қызметтердi ұсынудың жүйесі деп санауға болады. Бірақ бүгiнгі күнге почта байланысының жалпыға бірдей қол жетiмдi қызметтерiнiң баламалы операторларының болмауына байланысты почтаның Ұлттық операторының почта желісі Ұлттық почта желісі болып табылады. Осы қызметтердi почтаның басқа операторлары ұсынудың белгiлi бір шектеуi осы қызметтерге арналған бағаның салыстырмалы төмен болуы және заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектiлерiн қатаң түрде реттеу мен бақылау жүйесi, сондай-ақ осы қызметтерге тұтынушылардың тарапынан сенiмнiң төмендеуi болып табылады. Почта байланысының басқа да қызметтерiмен салыстырған (курьерлiк және жеделдетiлген, арнайы) почта байланысының жалпыға бірдей қол жетiмдi қызметтерiн ұсыну көлемдерi жылдан жылға бір деңгейде қалып отыр, тұрғын үйлердегi абоненттiк почта жәшiктерi көбiнесе пайдалануға жарамсыз.
Жалпыға бірдей қол жетiмдi қызметтерге халық сұранысының өсуiне сыртқы фактор жәрдемдеседi - елдегi қолайлы экономикалық (халықтың төлем қабiлеттігі деңгейiнiң өсуi, экономиканың жеке және iскер секторларының дамуы, инфляцияның төменгi деңгейi және басқа да) жағдайы.
Тарифтiк саясатты мемлекеттік реттеудiң маңызды мiндеттерiнiң ретiнде:
тұтынушылар сұранысын мүмкiндiгiнше қанағаттандырылуы;
Почтаның ұлттық операторы бөлiмшелерiнiң қызмет тиiмділігiнiң арттырылуы;
құралдардың одан әрi дамытылуы мен жаңаруының қамтамасыз етілуi, қызметтер рыногының кеңеюi мен почта байланысының қызметтерiн ұсыну сапасының жақсартылуы;