Сондықтан тарифтердi саралау проблемасын барлық қатысатын тараптардың мүдделері мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, шешу қажет. Өндiрушiнiң көзқарасы бойынша шығындарға негізделген экономикалық негiзделген тарифтердiң деңгейi болып табылады. Ал тұтынушылар үшiн негiзделген қызметтерге немесе өнiмдерге қол жетiмділіктi жасайтын тарифтердi саралау болып табылады. Мемлекет тарифтердi экономикалық жағынан негiзделген саралауын айқындауға тиiс.
Тарифтердi экономикалық негiзделмеген саралануды жоюдың негiзгi құралы мемлекеттік субсидиялау тетiктерi болып табылады. Мемлекеттік субсидиялау тетiктерiн айқындау тарифтiк саясатты дамыту шеңберінде реттеушi органның басым мiндеттерiнiң бірi болып табылады және субсидиялау объектілерін субсидиялаудың қажеттi мөлшерін және олардың көздерiн айқындау үшiн әдiстемелiк нұсқаулықтарды әзiрлеуге негізделеді, ол мыналарды:
1) субсидиялардың қажеттi мөлшерлерiн айқындау әдiсiн;
2) субсидиялау нысандары бойынша негiздеме тәртібін қамтиды.
Мемлекеттік субсидиялау тетiктерiн дамытуға қажеттi басымды салалар темір жолмен жолаушылар тасымалы, телекоммуникациялар, жылу энергиясын өндiру мен беру қызметтері, су шаруашылығы жүйелерi қызметтерi және басқалар болып табылады.
6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
Тұжырымдаманы қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражатының есебiнен және олардың шегiнде жүзеге асырылады.
Тұжырымдаманы iске асыруға байланысты қажеттi қаржы ресурстары 1361,8 млн. теңгенi, оның iшiнде: 2005 жылы - 399,4 млн. теңгенi; 2006 жылы - 496,9 млн. теңгенi; 2007 жылы - 465,5 млн. теңгенi құрайды.
2006 - 2007 жылдарға арналған шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған бюджетке сәйкес нақтыланады және түзетiледi.
7. Тұжырымдаманы iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Осы Тұжырымдаманы iске асыру нәтижесiнде мынадай нәтижелер алынады:
инфрақұрылымдық салаларды қалпына келтiру бөлiгiнде табиғи монополиялар субъектiлерi, қызметтердi тұтынушылар және мемлекет мүдделерiн есепке алуды қамтамасыз ететiн тетiктер құру;
салалар арасындағы құрылымдық сәйкессiздiктi жою үшiн қажеттi жағдайлар жасау және экономикалық тiршiлiк ету саясатынан экономикалық даму саясатына өту;
шектi орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi тарифтердi белгiлеуге өту үшiн қажеттi жағдайлар жасау және экономикаға әкiмшiлiк тетiктерiнiң әсер етуiн төмендету;
тарифтер болжамдылығының есебiнен инвестициялық тартымдылықты арттыру;
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi мониторингiсiнiң, қызметтi бақылау және нәтижелер үшiн менеджмент жауапкершiлiгiн арттыру тетігін әзiрлеу мен енгізу;
қайта теңдестiрiлген тарифтер;
баға түзудiң, бөлектеп есепке алудың және пайданы есептеу әдiстерiнiң прогрессивтiк әдiстемесiн қолдану есебiнен табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету;
өндiрiстi жаңарту, басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және нормативтен тыс ысыраптарды төмендету есебiнен ұсынылатын қызметтердiң сапасын арттыру;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтерi өзгерiсiнiң олардың тұтынушыларға және экономикаға әсер етуiн талдауға, тарифтер серпiнiн жекелеген салаларға әсер етуiн, жүзеге асыруға халықтың табыстарын болжауға мүмкiндiк беретiн құралдарды әзiрлеу мен енгізу;
Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың тарапынан қойылған республика қабылдайтын талаптарды iске асыру жолымен дүниежүзiлiк экономикаға бірiгуi үшiн тосқауылдарды жою.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 13 мамырдағы
№ 455 қаулысымен
Бекiтiлген
Табиғи монополиялар салаларында тарифтiк саясатты
дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі
2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындау- ға (iске асыруға) жауапты- лар | Орында- лу (iске асыру) мерзiм- дері | Болжа- нып отырған шығыс- тар* (млн. теңге) | Қаржы- ландыру көзi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Әуежайлардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер (алымдар ставкаларын) есептеу әдiстемесiн әзiрлеу | TMPA-ның бұйрығы | TMPA, ККM | 2005 жылғы 3- тоқсан | 4,0 | Респуб- ликалық бюджет |
2. | Темір жол көлiгі мен порттар саласындағы табиғи монопо- лиялар субъек- тiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифтi (баға- ны, алым став- касын) есептеу әдiстемесiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | TMPA, ККM | 2005 жылғы 3- тоқсан | 6,0 | Респуб- ликалық бюджет |
3. | Теңiз портта- рының қызмет- терiн көрсете- тiн табиғи монополия субъектiлерi- нiң табыстар- ды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ереже- сiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | TMPA, ККM | 2005 жылғы 3- тоқсан | 7,0 | Респуб- ликалық бюджет |
4. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң негiзгі құралдарына қайта бағалау жүргiзу ереже- сiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА, Әділет- мині | 2005 жылғы 3- тоқсан | 6,0 | Респуб- ликалық бюджет |
5. | Телекоммуника- циялар көрсе- тетiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтердiң осы түрлерiн ұсынудың технологиялық мүмкiн болмауы не экономика- лық тиiмсiздi- гi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуника- циялар саласындағы, сондай-ақ телекоммуника- циялар желiле- рiн ортақ пайдаланудағы телекоммуника- циялар желiсі- не қосуға технологиялық жағынан байланысты кабельдiк кәрiздер мен өзге де негiз- гi құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласын- дағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудiң тең жағдайла- рын беру ережесін әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА, АБА | 2005 жылғы 3- тоқсан | 3,0 | Респуб- ликалық бюджет |
6. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) шекті деңгейiн есептеу әдiстемесiн әзiрлеу | TMPA-ның бұйрығы | TMPA | 2005 жылғы 3- тоқсан | 3,5 | Респуб- ликалық бюджет |
7. | Табиғи монополия субъектiлерi ұсынатын қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы салалардың шеңберiнде реттелiп көрсетiлетiн- дерге жатқызу мәнiне табиғи монополия салаларына талдау жүргiзу жөніндегі әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу | TMPA-ның бұйрығы | ТМРА | 2005 жылғы 3- тоқсан | 3,5 | Респуб- ликалық бюджет |
8. | Жылу энергия- сын беру және (немесе) бөлу жөнiнде қызметтер көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң табыстар- ды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ереже- сiн әзiрлеу | TMPA-ның бұйрығы | ТМРА, ЭМРМ | 2005 жылғы 3- тоқсан | 4,0 | Респуб- ликалық бюджет |
9. | Жылу энергия- сын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есеп- теу әдiстеме- сiн әзiрлеу | TMPA-ның бұйрығы | ТМРА, ЭМРМ | 2005 жылғы 3- тоқсан | Жоқ | |
10. | Мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистралдық құбыр өткiз- гiштерi арқы- лы тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсететiн табиғи монопо- лия субъектi- лерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есеп- ке алуды жүргiзу ереже- сiн әзiрлеу | TMPA-ның бұйрығы | ТМРА, ЭМРМ | 2005 жылғы 3- тоқсан | 5,0 | Респуб- ликалық бюджет |
11. | Мұнай-газ және энергетика секторларында- ғы табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң қызметте- рiне (тауарла- рына, жұмыста- рына) инвести- циялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) есептеу әдiстемесiн әзiрлеу | TMPA-ның бұйрығы | ТМРА, ЭМРМ | 2005 жылғы 3- тоқсан | 7,0 | Респуб- ликалық бюджет |
12. | Жалпыға қол жетiмдi почта байланысы қызметiн көрсететiн табиғи монопо- лия субъектi- лерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есеп- ке алуды жүр- гiзу ережесi | TMPA-ның бұйрығы | ТМРА, АБА | 2005 жылғы 4- тоқсан | 5,0 | Респуб- ликалық бюджет |
13. | Магистралдық темір жол желісінiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монопо- лия субъек- тiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ереже- сiн әзiрлеу | TMPA-ның бұйрығы | ТМРА, ККМ | 2005 жылғы 4- тоқсан | 10,0 | Респуб- ликалық бюджет |
14. | Кiрме жолдар- дың қызметте- рiн көрсететiн табиғи монопо- лия субъек- тiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ереже- сiн әзiрлеу | TMPA-ның бұйрығы | ТМРА, ККМ | 2005 жылғы 4- тоқсан | 5,0 | Респуб- ликалық бюджет |
15. | Су шаруашылығы және кәрiздер жүйелерiнiң қызметтерiн көрсету сала- сында құзырет- тi органды анықтау | Қазақстан Республи- касының Yкіметіне ұсыныс | ТМРА | 2005 жылғы 4- тоқсан | Жоқ | |
16. | Негiзгi табиғи монополия субъектiлерi- нiң тарифтерi өзгерiсiнiң экономика мен салааралық бірiктiрiлген көрсеткiштерге әсер етуiн бағалау әдiсiнiң және экономикалық- математикалық үлгiлерiнiң кешенiне қойылатын талаптарды әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | TMPA, ЭБЖМ | 2005 жылғы 4- тоқсан | 1,8 | Респуб- ликалық бюджет |
17. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң қызметте- ріне қаржылық және техника- лық сараптама жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Yкіметіне есеп | ТМРА | 2005 жылғы 4- тоқсан | 328,6 | Респуб- ликалық бюджет |
18. | Электр энергиясын желiнiң энер- гия тапшылығы- ның және өткізу қабiлеттiлi- гiнiң коэффи- циенттерiн пайдалана отырып, өңiраралық деңгейдегi желiлер арқылы беру жөнiндегі қызметтерге тарифтер есептеу әдiстемесiн енгізу | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА, ЭМРМ | 2006 жылғы 1- тоқсан | Жоқ | |
19. | Су шаруашылығы жүйелерiнiң (ауыл шаруашылығының суармалы) қызметтерiне тарифтер есеп- теу әдiстеме- сiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА, АШМ | 2006 жылғы 3- тоқсан | 8,0 | Респуб- ликалық бюджет |
20. | Аэронавигация саласындағы табиғи монопо- лия субъек- тiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) есептеу әдiстемесiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА, ККМ | 2006 жылғы 3- тоқсан | 6,0 | Респуб- ликалық бюджет |
21. | Телекоммуни- кациялар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерi- нiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) есептеу әдiстемесiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА, АБА | 2006 жылғы 3- тоқсан | 7,0 | Респуб- ликалық бюджет |
22. | Электр энергиясын кернеу класта- ры бойынша сараланған өңiрлiк деңгейдегi желiлер арқылы беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есеп- теу әдiстеме- сiн енгізу (I-кезең) | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА, ЭМРМ | 2006 жылғы 3- тоқсан | Жоқ | |
23. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң қызметте- рiн тұтынушы- лардың топтары бойынша сұра- ныс икемдiлi- гiн анықтаудың әдiстемесi мен электрондық үлгiлерiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА | 2006 жылғы 3- тоқсан | 23,2 | Респуб- ликалық бюджет |
24. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң қызметте- рiн түпкiлікті тұтынушылардың тұтыну құрылы- мын (үй шаруашылығы) айқындау әдiстемесiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА, ЭБЖМ | 2006 жылғы 4- тоқсан | 10,0 | Респуб- ликалық бюджет |
25. | Көпсекторлық теңгерімдік электрондық үлгiлердiң (5-6 үлгi) кешенiн құра отырып, корреспондент- тiк салалар бағаларының және тарифте- рінiң өзара әсер етуiн айқындау әдiстемесiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы, бағдарла- малық өнiм | TMPA, ЭБЖМ, ККM, ЭМPM, АБА, АШМ | 2006 жылғы 4- тоқсан | 44,7 | Респуб- ликалық бюджет |
26. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң қызметтерi мониторингi- сiнiң электрондық деректер қорын дамыту мен қолдау | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА | 2006 жылғы 4- тоқсан | 48,0 | Респуб- ликалық бюджет |
27. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң қызметте- ріне қаржылық және техника- лық сараптама жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Yкіметіне есеп | TMPA | 2006 жылғы 4- тоқсан | 350,0 | Респуб- ликалық бюджет |
28. | Аэронавигация қызметтерi саласында табиғи монополиялар субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапалық сипат- тамасын ескере отырып, тариф- тер (бағалар, алымдар ставкаларын) есептеу әдiстемесiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | TMPA, ККМ | 2007 жылғы 3- тоқсан | 5,5 | Респуб- ликалық бюджет |
29. | Табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзудi ескере отырып, аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) есептеу әдiстемесiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы | TMPA, ККМ | 2007 жылғы 3- тоқсан | 3,5 | Респуб- ликалық бюджет |
30. | Электр энергиясын кернеу класта- ры бойынша сараланған өңiрлiк деңгейдегi желiлерi арқылы беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеу әдiстемесiн енгізу (2-кезең) | ТМРА-ның бұйрығы | TMPA, ЭМРМ | 2007 жылғы 3- тоқсан | Жоқ | |
31. | Теңдестiрiлген көрсеткiштер жүйесiнiң негiзiнде субъектiлердiң қызметтерi мониторингi- сiнiң жүйесiн құру | Қазақстан Республи- касының Yкіметіне ақпарат | ТМРА (шақы- ру), ЭБЖМ, ЭMPM, ККМ, АШМ, АБА | 2007 жылғы 4- тоқсан | 24,3 | Респуб- ликалық бюджет |
32. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң тарифтерi өзгерiсiнiң тарифтердi оңтайлы саралау өлшемдерiн (салалық және салааралық индикаторлар- дың жүйелерi) және жиынтықты электрондық үлгiнi қалыптастыра отырып, экономикаға әсер етуiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу | ТМРА-ның бұйрығы, бағдарла- малық өнiм | ТМРА, ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, АБА | 2007 жылғы 4- тоқсан | 34,2 | Респуб- ликалық бюджет |
33. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң қызметтерi мониторингi- сiнiң электрондық деректер қорын дамыту мен қолдау | ТМРА-ның бұйрығы | ТМРА | 2007 жылғы 4- тоқсан | 48,0 | Респуб- ликалық бюджет |
34. | Табиғи монополиялар субъектiлерi- нiң қызметте- ріне қаржылық және техника- лық сараптама жүргізу | Қазақстан Республи- касының Yкіметіне есеп | ТМРА | 2007 жылғы 4- тоқсан | 350,0 | Респуб- ликалық бюджет |
Ескерту:
- Тұжырымдаманы қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражатының есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Тұжырымдаманы iске асыруға байланысты қажеттi қаржы ресурстары барлығы 1361,8 млн. теңгенi, оның iшiнде: 2005 жылы - 399,4 млн. теңгенi; 2006 жылы - 496,9 млн. теңгенi; 2007 жылы - 465,5 млн. теңгенi құрайды.
2006-2007 жылдарға арналған шығыстардың көлемдерi "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиiстi қаржы жылына анықталады және түзетiледi.
ТМРА - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ККМ - Көлiк және коммуникация министрлiгі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭMPM - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігi.