қызметтердiң ықтимал тұтынушыларын тартудың жаңа нысандарын iздеу және олардың енгiзiлуi;
ауылдық жерлерде қызметтердi ұсынатын байланыс операторлары үшiн экономикалық тең жағдайлардың құрылуы;
жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу үшiн инвестицияларды тартуға жәрдемдесуi;
озық халықаралық тәжiрибенiң енгізiлуi айқындалған.
Тұтастай алғанда, почта байланысында бәсекелестiктiң дамуы жалпыға бірдей қол жетiмдi қызметтердi көрсетуге қабiлеттi баламаны операторлардың пайда болу мүмкiндiгiн туғызады. Бұл почтаның Ұлттық операторын аталған қызметтер бойынша монополистердiң қатарынан шығару мүмкiндiгiн қарауға жеке операторлардың кіруiне құқықтық жағдайлар жасауға мүмкiндiк бередi. Почта операторлары үшiн, әсiресе ауылдық жерлерде почта байланысының қызметтерiн көрсететiндерге тең бәсекелес жағдайларды жасау мақсатында баға түзудiң оңтайланған стратегиясын құру қажет.
Осыған байланысты почта қызметтерiнiң саласында қызметтердiң түрлерi бойынша шығындарды бөлектеп есепке алуды енгізу көзделіп отыр. Бұл қызметтердiң өзiндiк құнының нақты деңгейiн айқындауға, ағымдағы шығындарды жабуға табыстарды қалыптастыруға және пайда алуға мүмкiндiк бередi. Осы мақсатта почта байланысы саласындағы шығындарды бөлу, қызметтердiң өзiндiк құнын айқындау және тарифтердi есептеу жөніндегі әдiстеме әзiрлендi.
Қызметтердi ұсыну сапасымен және почта байланысының жалпыға бірдей қол жетiмдi қызметтерiне ықтимал сұранысты қанағаттандырумен байланысты реттеудiң негізгi проблемасы почта байланысының жалпыға бірдей қол жетiмдi қызметтерiнiң тiзбесiн қайта қарау қажеттiлiгiн және почтаға сенiмнiң өсуiн және абоненттiк почта жәшiктерiнiң кондоминиумдарда сақталуын қамтамасыз ету мақсатында почта саласындағы әмбебап қызмет көрсету тетiктерiн қайта қарау қажеттiлiгiн талап етедi.
§ 7. Әуежайлар саласы
Қазiргi уақытта Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне республиканың барлық әуежайлары енгізiлген.
Әуежайлар қызметтерiн мемлекеттік тарифтiк реттеудi шектеу жолымен аймақтың транзиттік әлеуетiн пайдалану шеңберiнде авиа тасымалдаушыларды тарту мақсатында қызметтердiң бір бөлiгiн бәсекелес ортаға шығаруды мемлекеттік реттейтiн баға қолданылатын, әуежайлар қызметтерiнiң номенклатурасы бекітілдi. Номенклатура қызметтердiң толық тiзбесiн қамтиды, бұл ретте негізгі шарықтау мен қонуды (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету, авиациялық қауiпсiздiктi және әуе кемесiне тұрақ орындарын ұсыну жөнiндегі қызметтердi қамтамасыз ету болып табылады.
Табиғи монополия жағдайында әуежайлар көрсететiн қызметтерге тарифтер қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында көрсетiлетiн қызметтердiң түрлерi бойынша кәсiпорындардың шығындарын оңтайлы бөлуге мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасының әуежайларында жерде қызмет көрсеткенi үшiн әуежайлық алымдар мен тарифтердi есептеу әдiстемесi реттеу практикасына енгізiлген болатын.
Сол кезде қабылданған, оның iшiнде нормативтiк базаны жетiлдiруге бағытталған шараларға қарамастан, әуежайлар саласындағы тарифтiк реттеудiң негізгi проблемасы осы уақытқа дейiн республиканың 20 әуежайларының 11-де сақталған тұтынушылар топтары бойынша кейбір әуежайлардың қызметтерiне тарифтердi негізсiз саралауды қолдану практикасын жою қажеттiгі болып табылады.
Бұдан басқа, кәсiпорындарда табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алу жоқ. Осыған байланысты әуежайлар мен аэронавигацияның реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтiк сметалар мен тарифтерді қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн шығындардың ашықтығын және негізділігiн қамтамасыз ету үшiн Әуежайлар саласында қызметтер көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң табыстарын, шығындары мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесi әзiрлендi және бекітілдi. Бөлектеп есепке алуды енгізу реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (Тауарларға, жұмыстарға) тарифтер мен тарифтiк сметаларды қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн шығындардың ашықтығын және негіздiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ бірыңғай қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) басқалардың есебiнен тоғыспалы субсидиялау практикасын, оның iшiнде реттелiп көрсетiлмейтiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) шығыстарының бір бөлігін реттелетiндерге ауыстыруды тоқтатуға жәрдемдеседi.
Сондай-ақ, әуежайлардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тариф түзу жүйесiн одан әрі жетілдіру мақсатында әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерiне тарифтер (алым ставкаларын) есептеудiң жаңа әдiстемесiн әзiрлеу қажет.
§ 8. Теңіз порттары саласы
Теңiз порттарының қызметтерiн бүгiнгi күнге Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген екi кәсiпорын: "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны және "Қазмортрансфлот" Ұлттық теңiз көлiк қатынасы компаниясы" акционерлік қоғамы көрсетедi.
Теңiз порттарының қызметтерi бекітілген теңiз портының міндеттi қызметтерiнiң тiзбесiне сай реттеледi, соған сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары және жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшiн кейiннен порттан шығуымен (кеменiң кіруi) теңiз портына кеменiң кіруi үшін атқарылатын қызметтер жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiрудiң 2002 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде теңiз порты атқаратын жұмыстар мен қызметтерге алым ставкалары мен ақы есептеу әдiстемесi әзiрлендi және бекітілдi. Бұдан басқа, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiн арттыруға және Қазақстан Республикасы арқылы жүктердi транзиттік қайта бағдарлауға жағдайлар жасауға бағытталған икемдi тарифтiк саясатты жүргiзу үшін Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен атқарылатын жүктердi ауыстыру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және күшін жою ережесi әзiрлендi және бекітілдi.
Таяу болашақта теңiз порттарының қызметтерiн көрсететiн кәсіпорындардың қызметiне қолданылатын тарифтік әдіснаманы шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды енгізу және қолданысқа енгiзiлген активтердi реттелетiн базаға пайда ставкасын белгiлеу тәртібін әзiрлеу жолымен жетілдiрудi жалғастыру қажет.
4. Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
Елдiң 2030 жылға дейiнгі ұзақ мерзiмдi даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзiмдi жоспарына, сондай-ақ бекітілген салалық бағдарламаларға және салаларға жүргiзiлiп отырған қайта құрылымдануға сәйкес реттеудiң мемлекеттік мақсаттарын ескере отырып, экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткізу үшiн акценттердi аударумен, табиғи-монополиялық рыноктарды мемлекеттік реттеудiң қолда бар жүйесiн одан әрi жетiлдiру қажет.
Табиғи монополиялар салаларын реттеу жөніндегі қабылданатын шаралар табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтер тарифтерiнiң деңгейi субъектiнiң негiзделген шығындарына сүйене отырып белгiленгенде "микроэкономикалық" реттеу сипатын бiлдiредi, бірақ келісілмеген тарифтердiң салдары ретiнде тариф деңгейiнiң экономиканың секторларына ететiн әсерiн және мемлекет экономикасы дамуындағы болуы мүмкiн болжамды сәйкессiздiктерiн назарға алмайды. Сондықтан, тұтастай экономиканың барлық жалпы мүдделерiнiң көзқарасынан, яғни, "макроэкономикалық" деңгейде тарифтердiң келiсу дәрежесiн бағалауға мүмкiндiк беретiн тарифтердi реттеу құралдарын одан әрi дамыту қажет. Осы тұжырымдаманы iске асыру шеңберiнде микроэкономикалық реттеудiң тетiктерiн одан әрi жетiлдiру және макроэкономикалық реттеу құралдарын қоса дамыту қажет.
Осы Тұжырымдаманың мақсаты экономиканың барлық салаларын келісіп дамытуды қамтамасыз ететiн табиғи монополиялар салаларындағы реттеу саясатын жетiлдiру мен дамытудың негізгi бағыттарын айқындау болып табылады. Тарифтiк саясаттың негізгі бағыттарының бірi ретiнде табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне тариф түзудiң тиiмдi жүйесiн құру мына қағидаттарға негізделуi тиiс:
1) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмiн сақтау;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн шығындар мен пайданы жабу;
3) орташа мерзiмдi негiзде тарифтердiң тұрақтылығы;
4) Қазақстанның дүниежүзiлiк экономикаға бірiгу процесiн қамтамасыз ету мақсатында тарифтердi негiзсiз саралаудан бас тарту;
5) табиғи монополия субъектiлерi қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, реттеудiң қолда бар тетiктерiн жетiлдiру бойынша мынадай мiндеттердi шешу қажет:
тарифтiк реттеу жүйесiн жетiлдiру;
салалар бойынша табиғи монополиялар салаларындағы шекараларды және бәсекелес секторларды айқындау;
реформаланып отырған салалардағы рынок субъектілерінің арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметi бойынша табыстарды, шығыстар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алу тетiктерiн енгізу.
Реттеудiң жаңа тетiктерiн дамыту бағытында мынадай мiндеттердi шешу қажет:
табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтерiне арналған тарифтер деңгейiнiң өзгеру серпiнiнiң экономика салаларына және тұтынушылардың жекелеген топтарына әсер етуiн бағалау үлгiлерiн әзiрлеу;
салалардың ерекшелiгiн ескере отырып, тарифтердiң экономикалық негізделген саралануын айқындау;
реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң мемлекеттік субсидиялау тетiктерiн әзiрлеу;
табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiн бақылау және оларға жүргiзiлетiн техникалық, қаржылық сараптаманың тетiктерiн жетiлдiру. Көрсеткiштердiң теңдестiрiлген жүйесiнiң негiзiнде субъектiлердiң қызметi мониторингiсiнiң жүйесiн құру;
табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның қызметiн ақпараттандыру.
5. Негiзгi бағыттар мен iске асыру тетiктерi
§ 1. Табиғи монополиялар салаларын тарифтік
реттеудiң қолда бар әдiснамалық базасын жетiлдiру
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк реттеудiң қолда бар жүйесiн жетiлдiрудiң қажеттiлiгi нормативтiк-құқықтық базасын қайта өңдеу, "табиғи монополиялық қызметтердiң" тiзбесiн нақтылау себебi болып табылған, инфрақұрылымдық аяларды реформалау және дамыту процестерiне негiзделген. Осыған байланысты тарифтік саясатты жетiлдiрудiң негiзгі бағыттары табиғи монополия субъектiлерi қызметiнiң тиiмділігiн арттыру үшін ынталылық жасаумен, тиiмсiз шығындарды төмендету қажеттiгімен, кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын көтерумен байланысты проблемалық мәселелердi шешуге бағытталған.
Тарифтiк реттеу жүйесiн жетiлдiру үшiн олардың шешуi қажеттi негiзгi мiндеттер мыналар:
тарифтердiң белгiлеудiң ашықтығын қамтамасыз ету тетіктерін жетiлдіру, табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтерi бойынша табыстарды, шығындар мен қолданыстағы активтердi бөлектеп есепке алу тетiктерiн енгізу;
табиғи монополия субъектiлерiне негізгi құралдарды тұрақты жаңарту үшiн жағдайлар жасау мақсатында қолданысқа енгізiлген активтердiң өтелуiн қамтамасыз ету, салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылады.
Қызметтердiң түрлерi бойынша табыстарды және шығыстарды бөлектеп есепке алу жүйесiн енгізудiң маңызды алғышарттары тарифтiк реттеу жүйесiн жетiлдiру қажеттiлiгi, яғни, мынадай жағдайларды:
тарифке енгізiлетiн шағындардың экономикалық негiздiлiгiн;
тарифке енгiзiлетiн шығындардың ашықтығын қамтамасыз қажеттілiгіне алып келдi.
Бөлектеп есепке алу жүйесiнiң теориялық базасына экономикалық теорияның қағидаттары мен шешiмдер қабылдау теориясы қызмет етедi. Бөлектеп есепке алудың жүйесi өнiмдерге (қызметтерге) шығындарды бөлу, қолданысқа енгiзiлген активтердi өнiмдерге (қызметтерге) жатқызу әдiстемесiн қамтуға тиiс.
Бөлектеп есепке алу жүйесi бойынша есептiлiктi жасау жиiлiгi реттеушi органның қажеттiлiгiне және субъектiлердiң мүмкiндiктерiне сәйкес қажеттiлiк шамасына қарай айқындалады.
Бөлектеп есепке алу жүйесiн әзiрлеудiң мiндеттерiн шешу ұйымдастыру-қаржылық құрылым мен көрсетiлiп отырған саланың операциялық үлгiлерiне негiзделген табиғи монополия субъектiсiнiң бизнес-үлгiсiн әзiрлеу мен пайдалануға негізделуге тиiс.
Бөлектеп есепке алу реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн және тарифтiк сметаларын қалыптастырған кезде ескерiлетiн шығындардың ашықтығы мен негiздiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, бұл бір қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) басқалардың есебiнен тоғыспалы субсидиялау, оның iшiнде шығыстар бөлiгiнiң реттелiп көрсетiлмейтiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) реттелiп көрсетiлетiндерге ауысу практикасының тоқтатылуына жәрдемдеседi.
Кәсiпорындардың бөлектеп есепке алу жүйесiн әзiрлеу мен енгізудiң құны жеткiлiктi жоғары, сондықтан оны iске асыру бойынша табиғи монополия субъектілерi үшiн көрсетiлетiн қызметтердiң көлемдерiне және табыстарына қарай сараланған талаптарды әзiрлеу қажет.
Табиғи монополиялық салалары рыноктарында компаниялар қызметтерiн мемлекеттік реттеудiң таралған әдiстерiнiң бірi қызметтiң (өнiмнiң немесе қызметтердiң) реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнен түскен пайданы шектеумен түйiнделетін пайданы нормалау болып табылады.
Табиғи монополия субъектiлерi қызметтерiнiң (өнiмдерiнiң немесе жұмыстарының) реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнен түскен табыстардағы пайданы шектеу осы табиғи монополия субъектiсiнiң қолданысқа енгiзiлген активтерiнiң табыстылығына негiзделуге тиiс.
Белгiлi бір қызметтi көрсетуге арналған тарифтiң құрамындағы ұйғарынды пайданы реттеу әдiсi осы қызметтi ұсынған кезде қолданысқа енгізiлген активтердiң құнын және қолданысқа енгізiлген активтердi қаржыландыруға тартылған капиталдың құнын айқындау жолымен iске асырылады. Ұйғарынды пайданың деңгейi кәсiпорынның осы қызметтен түскен операциялық пайдасын қалыптастырудың ең төменгi нормасы (ставкасы) ретiнде пайдаланылады.
Қолданысқа енгiзiлген активтердi қаржыландыруға тартылған капитал құнына негiзделген активтердiң реттелiп көрсетiлетiн базасына арналған пайда нормасы табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтер рыногының барлық қатысушылары үшiн экономикалық ынталандыру құралы болып табылады.
Ол мыналарға:
құралдарды инвестициялау бойынша шешiмдер қабылдау процесіндегі өлшемдер;
салымдар тиiмділігiнiң негiзгi көрсеткiштерi;
басқарушы, мысалы, жалдауға қатысты немесе меншiкке өндiрiстiк негiзгi құралдарды сатып алу шешiмдерiн қабылдау процесiнде өлшемдер болып қызмет етедi.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден түскен ұйғарынды пайданы айқындаған жағдайда, капитал құны бағасының маңыздылығы есептеудiң тиiстi әдiстемесiнiң негізiнде осы көрсеткiштi нақты есептеудiң қажеттігін айқындайды. Осы есептiң объективтiлігін қамтамасыз ету мақсатында пайда ставкасын есептеген кезде тәуекел факторларын ескеретін әдiснамалық нұсқаулықтарды әзiрлеу қажет.
§ 2. Оңтайлы тарифтердi белгiлеу бойынша
жаңа құралдар мен әдiснаманы дамыту
Табиғи монополия саласындағы тарифтiк реттеу дамуының басты бағыттары әдiснаманы әзiрлеу және тарифтердi белгiлеудiң макроэкономикалық өлшемдерiн айқындау арқылы республиканың экономикалық даму саясатына тарифтiк саясатты органикалық жағынан енгізу қағидатымен анықталады.
Тарифтiк реттеу жүйесiн дамыту экономика саласына табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтерiнiң әсер етуiн бағалаудың әзiрленген құралдарын пайдалана отырып, баға түзуде негiзгi мүдделi тараптардың мүдделерiн есепке алу дәрежесiн кеңейтуге негiзделедi. Осы бағытты iске асыру тетiктерi негiзгi мүдделi тараптар жағдайының басты көрсеткiштерiн, көрсеткiштердiң өзара байланыстарын ескеретiн болжамның эконометриялық және экономикалық-математикалық үлгiлерiн қолдана отырып, тарифтiк реттеуге қатысты шешiмдердi қабылдауды қолдаудың ғылыми базасын күшейту мониторингi болып табылады. Мұндай үлгiлердi қолданумен тарифтер өзгеруi, табиғи монополиялар қызметтерiне тариф түзудiң әртүрлi жүйелерiн қолдану, жекелеген салаларды және/немесе субъектiлердi субсидиялау саясатындағы өзгерiс сияқты осындай факторлардың рынок субъектiлерi мен тұтастай экономикаға әсерiн алдын ала бағалау (болжау) мүмкiндiгi туындайды.
Есептеу әдiснамасын жетiлдiру және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне оңтайланған тарифтер белгiлеу жөніндегі iс-шаралар экономика секторларының жағдайларын, дамытудың салалық бағдарламалары тапсырған даму бағыттары мен жүргізiлiп отырған реформаларды iске асыру қарқындарын ескередi.
Мысалы, электр энергетикасы саласында нормативтiк техникалық ысырыптар құнын "тасымалдау" тарифiне енгізудi ескере отырып, электр энергиясын кернеу сыныптары бойынша (ӨЭК-ның) өңiрлiк (жергiлiктi) деңгейлер желiлерi арқылы беру жөніндегі тарифтердi есептеу әдiснамасын кезең-кезеңмен енгізудi; электр энергиясын Ұлттық желiлер арқылы беруге, электр және жылу энергиясын өндiруге шығындарды әдiл бөлудi қамтамасыз ету мақсатында ЖЭО өндiрiлетiн электр энергиясының бәсекеге қабiлеттiлiгiн қолдауды ескере отырып, жылу энергиясын өндiруге тариф есептеу әдiснамасын әзiрлеу мен енгізуге аймақтық тарифтерге өту мүмкiндiгiн көздеу қажет.
Тарифтiк реттеу жүйесiнiң дамуының тағы да бір айқындаушы бағыты интеграция процестерiне және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттілігін дамытуға байланысты мәселелердi есептеу болып табылады.
Ағымдағы сәтке табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiнiң тарифтерi деңгейiнiң негiздемесiн ақпараттық қолдау кәсiпорынның қаржы-шаруашылық жағдайының сараптамалық диагностикасымен қамтамасыз етiледi. Қаржы және техникалық сараптамалардың негiзгі бағыттары табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiнiң нәтижелерiн объективтi бағалау, пайдаланылмаған резервтердiң кешендi әсер етуi, шаруашылық жүйелердiң рационалдық жұмыс iстеуiн бақылау, нормативтiк актiлердiң сақталуына бақылау болып табылады. Тиiсiнше сараптамалық диагностиканың негізгі мiндеттерi жоспарлардың, бюджеттердiң сапасы мен негiздiлiгiн тексеруден, "шығындар - өндiрiс көлемi - пайда" тәуелдiлігіне талдау, еңбек пен жалақыға талдау, материалдық ресурстарды тиiмдi пайдалануға талдау, негізгі қорлар мен жабдық жұмыстарын пайдалану тиімдiлігіне талдау, қызметтердiң өзiндiк құнына талдау жүргізуден тұрады. Сараптамалық диагностика үшiн ақпараттың көздерi болып бухгалтерлiк есеп және есептiлiк, статистикалық есеп пен есептiлiк, басқарушы есебi мен есептілiк жүйесi мен басқа көздер: сыртқы және iшкi аудиттiң тексеру материалдары, салық қызметтерi тексерулерiнiң нәтижелерi, табиғи монополия субъектiлерiнiң және құзыреттi органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өндiрiстік кеңестерiнiң материалдары болып табылады.
Тарифтiк реттеудiң осы заманғы мiндеттерiн шешу үшiн рынок субъектiлерi мен тұтастай экономиканың қолда бар жағдайын бағалауға ғана емес, даму перспективаларын анықтау үшiн болжамдар жүргізуге мүмкiндiк беретiн неғұрлым прогрессивтiк құрал талап етіледi. Осы талапты iске асыру нақты мiндеттер мен оларды шешу өлшемдерiн тарифтiк реттеудiң мақсаттарын айқын ауыстыруға мүмкiндiк беретiн құралға дейiн дәстүрлі қаржы үлгiлерiн жетiлдiрудi көздейдi.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн бағалаудың өлшемдерi болып қаржы көрсеткiштерi ғана емес, сонымен жиынтықта табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң әртүрлi теңдестiрiлген аспекттерi: клиенттермен өзара қарым-қатынастарын, iшкi бизнес-процестерi ұйымдастыруды және жаңа мүмкiндiктердi ескеруге мүмкiндiк беретiн бизнестi ұйымдастыру тиiмділігінiң немонетарлық көрсеткiштерi шығуға тиiс.
Тарифтiк реттеудiң ақпараттық базасын дамытудың басымдық бағыттары болып көрсеткiштердiң теңдестiрiлген жүйесiнiң негiзінде табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың тұтынушыларының және жеткізушiлердiң жағдайы мониторингiсiнiң жүйесiн әзiрлеу алға шығарылады.
Осындай жүйенi әзiрлеудiң негiзгi мақсаты мынадай мәселелерде шешiмдер қабылдаудың жүйелiк көзқарасы мен ақпараттық қолдануын қамтамасыз ету болып табылады:
реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер деңгейiнiң негiздемесi;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтер деңгейiне қарай, сұраныс көлемдерiн айқындау;
субсидиялау тетiктерiн әзiрлеу;
тарифтердi саралаудың қажеттiлiгi мен объективтiлiгiн экономикалық негiздеу;
салалардың өзара әсер ету және тарифтердiң теңдестiрiлген деңгейiн негiздеу дәрежесiн бағалау мәселелерiн шешуге мiндеттi.
Дамудың бірiншi кезеңiнде уәкiлеттi орган мынадай мiндеттердi шешу мақсатын қояды: реттеудiң ашық тұжырымдамасын тұжырымдау, оны iске асыру тәсiлдерi туралы пiкiрлердiң бірлiгi мен оны табиғи монополиялар субъектiлерiнiң назарына жеткізу. Болашақта әдiснамалық қамтамасыз ету мен бақылау жүйесi бағалау жүйесiнен реттеу жүйесiне трансформациялануға тиiс.
Уәкiлеттi органның жұмыс iстеу практикасына реттеу көрсеткiштерiнiң теңдестiрілген жүйесiн әзiрлеу мен енгізу ұйымдастыру-әдiстемелiк негiздердi әзiрлеудi талап етедi: бірiншiден, табиғи монополияларды реттеу аясында шешiмдер қабылдауды қолдау үшін тиiсті әдiстемелер мен нұсқамаларды әзiрлеудi талап етедi; екiншiден, оны орындаудың регламентін анықтай отырып, көрсеткiштердiң теңдестiрiлген жүйесiнiң базасында мониторинг жүйесiн ұйымдастыру туралы мәселелерді қарау қажет.
Көрсеткiштердiң теңдестірiлген жүйесiнiң әдiстемелiк негізі табиғи және мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң қызметiн мониторингтеу мен реттеу жүйесi ретiнде реттеудiң сараланған объектілерінiң, әдiстерi мен құралдарының, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi өндiрушiлердiң, олардың тұтынушыларының және жеткізушiлерiнiң мүдделерiн талдау мен теңдестiру әдiстерiнiң экономикалық үлгілерi жүйесiн қамтиды.
Көрсеткiштердiң теңдестiрiлген жүйесiнiң функцияларын iске асырудың ұйымдастыру негізi екi аспектiнi қамтиды: реттеудiң әзiрленген құралдарын атқарушы жүйеге кейiн жеткізу мақсатында әдiснамалық негiздi автоматтандыру және реттеудiң атқарушы жүйесiн енгізу мақсатында уәкiлеттi органның функционалдық құрылымына қосымша талаптар әзiрлеу. Реттеудiң автоматтандырылған атқарушы жүйесiн әзiрлеу нақты уақыт режиміндегі табиғи монополиялар субъектiлерiнiң жай-күйiн, қысқааралық уақыт iшiнде реттеу шараларын қолдану нәтижелерi туралы жедел есептердi жасауға, iс жүзiнде жетiстiктердiң мақсатты нәтижелерiнiң салыстырмасын қарауға мүмкiндiк бередi. Реттеудiң автоматтандырылған атқарушы жүйесiн енгізу бір жағынан әдiстердiң тиiмдiлігін едәуiр арттырады, екiншi жағынан ақпаратты жинау мен беру форматтарына, мамандардың біліктiлiгi мен уәкiлеттi органның қызметiн ұйымдастыру әдiстерiне жаңа талаптар қояды.
Көрсеткiштердiң теңдестiрiлген жүйесi табиғи монополиялар салаларындағы реттеу мақсаттарын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, тұтынушылар мен жеткізушiлердiң қызметiн жалпы қамтитын бағасының призмасы арқылы көрсетедi.
Мұндай жүйе реттеудiң қолданыстағы тетiктерiнiң кемiстiктерiн - әртүрлi салалардағы тарифтердiң өзара байланысы бағасының жоғын толтырады. Көрсеткiштердiң жүйесi жалпы экономиканың жаhанды мүдделерiнiң көзқарасынан теңгерiмнiң мүмкiн болатын бұзушылықтары туралы белгi беруге тиiс. Бір саладағы тариф өзгерiсiнiң басқа саладағы субъектiлердiң қаржы-экономикалық жағдайына әсер етуiнiң бағасы мемлекет үшiн экономиканы дамыту көзқарасынан үлкен маңызды болып табылады.
Тарифтiк реттеудiң әдiснамалық базасын дамыту жеткiлiктi ақпараттық қолдаудың болуына негiзделедi және дамудың негiзгi бағыттары оның мүмкiндiктерiмен анықталады. Реттеу көрсеткiштерiнiң теңдестiрiлген жүйесiнiң негiзiнде мониторингiнiң жүйесi бойынша ақпаратты жинақтау, бірiншiден, бірыңғай әдiснамалық көзқарастарды ұстанбауға және әрбір саланың технологиялық дамуының ерекшелiгi ескерiлетiн салалық реттеуiштердiң кешенiн әзiрлеу, екiншiден, осы салалардағы тарифтердiң өзара әсер ету үлгiлерiн әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттің мүдделерiне монополиялық рыноктың барлық қатысушыларының (және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң және тұтынушыларының) дамуына жағдайлар жасау ("ортаны" жетiлдiруге) сәйкес келедi, бұл ретте, экономика дамуының макроэкономикалық жетiстiктерi көзделедi. Сондықтан, шаруашылық жүргізудiң рыноктық тетiгi олардың арақатынасы шешiлетiн экономикалық мiндеттер мен қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайының сипатына байланысты мемлекеттік реттеудiң құралдарымен толықтырылады.
Реттеушi орган жүргiзiп жатқан тарифтiк саясат өндiрушілерге ұйғарынды және тұтынушылар үшiн қолайлы бағалардың оңтайлы деңгейiн қамтамасыз етуге тиiс. Осы рынок қатысушыларының қарама-қайшылық мүдделерiн есепке алу үшiн тұтынушылардың әртүрлі топтары үшін табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердi саралау қажеттi болып табылады.