“Табиғи монополиялар салаларында тарифтiк саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 Қаулысы
Табиғи монополиялар салаларында тарифтiк саясатты одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар салаларында тарифтiк саясатты дамыту тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар салаларында тарифтiк саясатты дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі жыл сайын, жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметіне Iс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 13 мамырдағы
№ 455 қаулысымен
Мақұлданған
Табиғи монополиялар салаларында тарифтік
саясатты дамыту тұжырымдамасы
Кiрiспе
Табиғи монополиялар салаларына жатқызылған аяда экономиканың барлық салаларында тауарлар мен қызметтердi өндiру үшiн және халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етуге қажеттi маңызды ресурстар өндiрiледi. Табиғи монополиялар субъектiлерi көбiнде газды, суды, электр және жылу энергиясын жеткiзе отырып және көлiк қызметтерiн көрсете отырып, ел халқының тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз етедi. Табиғи монополиялар субъектiлерi өнiмдерiнiң үлесi соңғы өнiмнiң өзiндiк құнында 30-70%-ке жете алады (әсiресе "көлiктiк" және "энергетикалық" құрамдастары). Сонымен, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мәндiлiгi, олардың қоғамға және экономикалық даму қарқыны мен үйлесiмiне ықпал ету дәрежесi тарифтiк саясатты олардың өнiмдерiн тұтынушылардың мүдделерiн сақтау шарты жағдайында табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қарқынды дамуын қамтамасыз ететiн баға түзу жүйелерiн қолдану жағына қарай жетiлдiрудi талап етедi.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне бағалар (тарифтер) серпiнi iшкi экономикалық жағдаятты қалыптастырудың, дүниежүзiлiк рынокта отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудiң маңызды факторы болып табылады. Оған табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өздерiнде де, басқа салаларда да табыстар мен қорлану деңгейi тәуелдi, сондықтан тарифтердi қалыптастыру мәселесiне кешендi көзқарасты, табиғи монополия саласын реттеу аясында оңтайлы саясатты әзiрлеудi талап етедi. Өйткенi табиғи монополиялардың негiзгi салаларының тарифтерi бағалар мен инфляция деңгейiнiң мультипликаторы болып табылады, ондай болса, әлеуметтiк, бюджеттік-ақшалай және экономикалық даму өлшемдерiн жоспарлаумен қатар табиғи монополиялар саласында мемлекет реттейтiн бағаларға қатысты тарифтiк-баға саясатының өлшемдерiн қалыптастыру талап етiледi.
Табиғи монополиялар салаларында 800-ге жуық табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiн жүзеге асырады, оның iшiнде 162 табиғи монополиялар субъектiлерi - Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнiң республикалық бөлiмiнде.
Монополиялық рыноктың барлық қатысушыларының (табиғи монополиялар субъектiлерiнiң және тұтынушылардың) дамуы үшiн жағдайлар жасау мемлекеттің мүддесiне сәйкес келедi, бұл ретте әл-ауқат өлшемдерiн дамыған экономика деңгейiне жеткізу көзделедi. Сондықтан, шаруашылық етудiң нарықтық тетігі мемлекеттік реттеу құралдарымен толықтырылады, олардың ара қатынастары шешiлетiн экономикалық мiндеттердiң сипатына және қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына байланысты.
1998 жылы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (және оған кейiннен өзгерістер мен толықтыруларды) және Қазақстан Республикасында тиiстi заңға тәуелдi актiлердi қабылдаумен экономикалық өмiрдiң бірде бір пәрмендi реттеушiсi мен нарықтық экономикада мемлекеттік реттеудің өркениетті нысандарының негізi болған табиғи монополиялар туралы заңнаманы қалыптастыру негізiнде аяқталды. 2002 жылдан бастап 2004 жылға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі 2002 жылғы 15 қазанда № 1126 қаулысымен қабылдаған "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiрудiң 2002 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасы" (бұдан әрі - Бағдарлама) ойдағыдай iске асырылды. Бағдарламаны iске асыру табиғи монополиялардың барлық салалары үшiн "әдiлеттi" тарифтер белгілеудiң әдiснамалық базасын қалыптастыруға мүмкiндiк бердi.
Сонымен бірге, Бағдарлама шеңберiнен тыс жекелеген секторларға және тұтастай экономикаға тарифтердiң әсер ету мәселелерi, тарифтердi қолда бар саралау және бұл ретте туындайтын тоғыспалы субсидиялау проблемалары қалып қойды, тарифтердi қайта теңдестiру проблемалары және табыстарды, шығыстар мен қолданысқа енгізілген активтердi бөлектеп есепке алуды енгізу толық шешілмедi.
Осы Тұжырымдама ұйымның стратегиялық көзқарасын айқындау мен табиғи монополиялар салаларында реттеудiң мемлекеттік саясатын әдіснамалық қамтамасыз ету, экономиканың барлық салаларында келісімдi дамытуды ескере отырып, табиғи монополиялар салаларында тарифтiк саясатты дамыту жөнiнде кешендi iс-шараларды жасау мен iске асыру мақсатында әзірленді. Реттеудiң негiзгі бағыттары мен тетiктерiн әзiрлеу Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiн талдауға және мемлекеттік реттеудiң осы заманғы проблемаларын айқындауға негiзделген.
1. Мемлекеттің экономикалық саясатында
табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеудiң
орны мен ролі
Мемлекеттік реттеу жүйесiн дамытудың осы заманғы кезеңiнде экономиканың бұрынғы монополиялық секторларында нарықтық қатынастар мен бәсекелестіктi дамытуға мүмкiндiк беретiн жағдайлармен қамтамасыз ету, әлеуетті қалпына келтiру мен инфрақұрылымдық салаларды дамытуды қамтамасыз ететін тетiктердi жасау, экономиканың нақты секторын кеңейтуге және дамытуға, отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтеруге мүмкiндiк беру, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету талап етiледi.
Кез келген мемлекеттің экономикасын экономикалық өзара қатынастарға мемлекеттік араласу дәрежесiне байланысты екi секторға шартты түрде бөлуге болады: реттелмейтiн және реттелетiн. Мемлекеттің экономикалық өзара қатынастарына әсер ету қажеттiгi нарықтық қатынастардың, институттар мен нарықтық өзiнен өзi реттеу тетiктерiнiң даму дәрежесiне және мемлекеттің әлеуметтiк саясатының талаптарына байланысты айқындалады. Нарықтық өзiн өзi реттеу тетiктерi неғұрлым аз дамыса, мемлекеттің реттеушi ролi соншама мықты және мемлекеттің рынок субъектiлерiнiң алдындағы жауапкершілігi одан биiк болады.
Монополия жағдайларында қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) жеткізушiнiң нарықтық қатынастарға әсер ету дәрежесi осы жеткізушi және тұтынушы мүдделерiнiң теңгерiмiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттің араласуын талап етедi. Осындай теңгерiм екi тараптың мүдделерiн жиынтық талдауына негізделген баға түзу әдiснамасымен қамтамасыз етуi мүмкiн: бір тараптан қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) жеткізушi үшiн барлық экономикалық негiзделген шығындардың жабылуы және қолданысқа енгiзiлген активтерге пайда нормасының өтелуi қамтамасыз етiлуге тиiс, екiншi тараптан тұтынушының әрбір санаты үшiн сұраныстың төлемге қабiлеттi деңгейде қолайлы баға белгiленуге тиiс.
Сонымен қатар макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан, әлеуметтiк-экономикалық дамудың, экономикалық өсудi ынталандырудың және нақты сектор мен экономиканың инвестициялық тартымдылығының ең жақсы өлшемдерiне жету мақсатында мемлекеттіктiң фискалдық және бюджеттік-ақшалай саясатымен қатар инфляцияны және экономикалық өзара қатынастарды тұрақтандыру құралы ретiнде тарифтiк саясат пайдаланылады.
Табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) деңгейiн реттеу экономиканың барлық салаларының теңдестiрiлiп дамуына ықпал етудiң маңызды тұтқасы болып табылады. Табиғи монополия субъектiлерi тарифтерiнiң деңгейiнен тарифтер деңгейi мен басқа салалардағы пайдалылық тәуелдi, ол тарифтер қалыптастыру мәселесiне, тарифтердi реттеу саласында оңтайлы және болжамды саясатты әзiрлеуге кешендi көзқарасты талап етедi. Табиғи монополиялар салаларына жатқызылатын өнiмдерге және қызметтерге тарифтер өзгерiсiнiң өлшемдерi республиканың әлеуметтiк-экономикалық жоспарларын әзiрлеу кезiнде ескерiлуге тиiс.
Сонымен, мемлекет жеке алынған рынок субъектiлерiнің (қызметтерді тұтынушылар мен монополист) арасында да, экономиканың жекелеген секторлар арасында да мүдделердiң теңгерiмiн қамтамасыз етуге ұмтылады, ал тарифтiк саясат (оның iшiнде сараланған тарифтер) оңтайлығының өлшемдерi экономика дамуының бірiктiрiлген көрсеткiштерi болып табылады.
Табиғи монополиялардың негізгi субъектiлерi тарифтерiнiң экономика секторларындағы бағалар мен табыстар деңгейiне мультипликативтiк әсер етуiн ескере отырып, тарифтiк саясат соңғы жылдары:
активтердiң ұдайы өндiрiсiн қамтамасыз етпейтiн деңгейде тарифтердi ұстау;
тұтынушылардың топтары бойынша тарифтердi саралау арқылы халық мүдделерiн және өнеркәсiптiң жекелеген салаларын қорғауға бағытталған болатын.
Тарифтердi саралаудың факторлары мынадай: тұтынылатын өндiрiстiк факторлардың саны мен сапасы бойынша әртүрлi қызметтердiң өзiндiк құнына әсер ететiн өндiрiстiк және iске асырылатын тарифтiк саясаттың әлеуметтiк және өзге қағидаттарымен шарттасқан өндiрiстік емес екi топқа бөлiнедi. Тарифтердi саралаудың өндiрiстiк емес факторларына тұтынушының төлем қабiлеттігінің деңгейi жатады.
Iске асырылған саясат бағалардың жаппай өсуiн болдырмауға, өнеркәсiпке баға қысымын төмендетуге, республика экономикасына тұрақты дамуына мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар, табиғи монополиялар субъектiлерi активтерiнiң нақты және моральдық тозылуы жинақталды және оларды оңтайлы деңгейге дейiн қайта теңдестiрудi талап ететiн тұтынушылардың әртүрлi санаттары үшiн қызметтердiң сол бір түрлерiне тарифтер деңгейлерiнiң едәуiр айырмашылығы туындады. Тарифтердi саралаудың оңтайлы деңгейi экономиканың даму параметрлерiне олардың әсер ету өлшемдерi бойынша айқындалуға тиiс. Бүгінгi күнге тиiсті әдiснамалық базаның жоқтығы проблема болып табылады.
Мемлекетте тауарлар мен қызметтердi өндiрушiлер мен олардың тұтынушылар мүдделерiнiң теңгерiмiн қамтамасыз ету үшiн тетiктердiң шектелген жинақталымы бар:
мемлекеттік субсидиялау тетігі;
тарифтердi экономикалық негізделген саралау тетiгi.
Мемлекеттік субсидиялаудың көздерi республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары болып табылуы мүмкiн. Бұл ретте, мемлекет табиғи монополия субъектiсiне де, қызметтер тұтынушыларына да субсидия жасай алады. Субсидиялаудың нысандары сондай-ақ әртүрлi негiзгі құралдарды сатып алуға, ақпараттық жүйелердi енгізуге арналған мақсатты субсидиялау, қызметтер тұтынушыларын атаулы субсидиялау сияқты болуы мүмкiн. Субсидия қолданысының кезеңi бойынша тұрақты қолданыстағы да, және мерзiмнiң белгілі бір аралығына да болуы мүмкiн.
Қазiргі уақытта монополистiң табыстарын және тұтынушылар шығындарын теңестiрудiң негiзгі тетiгi тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді саралау болып табылады. Бұл тетiк экономика дамуының объективті жағдайларымен шарттасқан, дегенмен экономикаға тарифтердi саралаудың әртүрлi нұсқаларының әсер ету дәрежесiн ажырату қажет. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтi кез келген саралау тұтынушылар арасында игiлiктi қайта бөлуге алып келедi, сондықтан макроэкономикалық көзқарас жағынан тиiмдi саралау тарифтердi экономикалық негiзделген саралау деп аталады.
Ұзақ мерзiмдi тарифтердi белгiлеуге одан әрi көшу және тұтынушылар мен өндiрушiлер мүдделерiнiң теңгерiмiн есепке алу негiзiнде тетiктердi iске асыру үшiн тиiстi әдiснамалық және ақпараттық базаны дамыту қажет. Ұдайы жаңартылатын әдiстемелiк және ақпараттық базаны құру көкейтестілігі, алдымен, тараптар мүдделерiн неғұрлым дәл айқындау және тарифтерге жүргiзiлген саралау оңтайлығын айқындау үшін реттеушi орган өндiрушілер мен тұтынушылардың экономикалық жағдайын айқындайтын көрсеткiштер туралы ақпаратқа да, осы көрсеткiштерге тарифтер деңгейiнiң әсерiн бағалау әдiстемесiне де ие болуға тиiс. Тарифтерге жүргiзiлген саралау оңтайлығының өлшемi сала және тұтастай экономика дамуының мақсатты экономикалық көрсеткiштерiне қол жеткізу болады.
Экономиканың тиiмдi дамуын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттің бірiктiру функцияларын дамытудың көкейтестi мiндеттерi:
1) экономиканың әрбір аясындағы тиiсті рыноктарда табиғи монополиялар салаларының, салаларды экономикалық талдау негiзiнде табиғи монополия саласына жататын нақты табиғи монополиялар субъектiлерiнiң және олардың қызметтерiнiң шекараларын айқындау;
2) реформаланатын салалардағы рынок субъектiлерiнiң арасындағы өзара қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
3) тарифтердi экономикалық негiзделген саралауды әзiрлеу және тарифтердi экономикалық негiзделген саралау деңгейлерiне әсер ететiн басты экономикалық көрсеткiштердi анықтау;
4) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн мемлекеттік субсидиялау тетiктерiн әзiрлеу;
5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) есептеу әдiстемелерiн әзiрлеу;
6) табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiнiң ашықтығын қамтамасыз ететiн тетiктердi әзiрлеу;
7) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн бақылау мен аудит тетiктерiн әзiрлеу;
8) белгiленген тарифтердiң қолдануын регламенттейтiн ережелердi әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау тетiктерiн айқындау;
9) экономика салаларының өзара әсер ету үлгiлерi мен әдiстерiн әзiрлеу және барлық салалардың тиiмдi және теңдестiрiлген дамуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды әзiрлеу болып табылады.
2. Табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу
әдiснамасының осы заманғы жағдайы
Мемлекет, табиғи монополиялар субъектiлерi және олардың қызметтерiн тұтынушылары мүдделерiнiң теңгерiмiне жету және табиғи монополия секторына инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайларды жасау мақсатында 2002 жылы тарифтік саясатты жетiлдiру бағдарламасы қабылданған.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде табиғи монополия саласын реттеудiң бірыңғай әдiснамасын жасау жөнiнде, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру кезiнде халықаралық практиканың тәжiрибесiн енгізу жөнiнде шаралар қабылданған. Осы шараларды қолдану нәтижесiнде табиғи монополиялар өндiрiсiн жаңартуға инвестициялар тарту және олар ұсынатын қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасын көтеру мақсатында орташа мерзiмдi кезең iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтер деңгейiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету болжанған.
2004 жылғы желтоқсанда "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмiне жетуге және табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылау мен реттеу әдiстердi жетiлдiруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Осы өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда, мыналарды:
олардың тiзбесiн уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң шегінде жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметтерiн реттеудi;
уәкiлетті органның ұсынылатын қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасын ескере отырып, инвестициялық тарифтi, тарифтiң шектi деңгейiн және тарифтi бекіту мүмкiндігінiң пайда болуын;
табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн рұқсат етілген өзге қызметтiң түрлерiн нақтылауды;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн шектеу туралы және мiндеттерi туралы нормаларды нақтылауды;
табиғи монополиялардың жекелеген субъектiлерiн мемлекеттік реттеудiң оңайлатылған тәртібін белгілеу туралы нормаларды қабылдауды;
уәкiлеттi органның құқықтары мен мiндеттерiн нақтылауды;
табиғи монополиялар субъектілерi өткiзетiн тендерлерге қатысуға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн шектеу белгiлеудi қамтиды.
Табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн тариф түзудiң бірыңғай үлгiсiн қалыптастыру мiндеттері олардың негізiнде қызметтер құндылығын салалардың қызмет ету факторларымен: қайта құрылымдау процестерiмен, сұраныспен, ұсыныспен және мемлекеттік реттеумен айқындау қағидаты жатқан бірыңғай ұстанымдар жағынан шешiлдi. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiру тұжырымдамасы осы факторлардың баға түзу үлгiсiне әсер етуiн талдау негiзiнде қалыптастырылады. Тарифтiк саясатты жетiлдiру негiзiне мынадай қағидаттар таңдап алынды:
салаларды монополиясыздандыру процестерiмен байланысты тарифтердi құрылымдау;
тарифтердi саралау кезiнде тұтынушылар мен мемлекет мүдделерiн есепке алу;
өндiрушi мен инвестор көзқарасынан тұтастай кәсiпорынның залалсыздануын қамтамасыз ету;
тарифтер құрылымының ашықтығы.
Тарифтердi есептеу үлгiсi экономикалық негiзделген ашық тарифтердi айқындауға және оларды теңгерiмдiк факторлардың әсер етуiн есепке алу тетiгi арқылы одан әрi түзету мүмкiндiгiн көздеуге тиiс. Реттеу практикасында осы қағидаттар тариф түзудiң жаңа әдiстерiн, табиғи монополиялар субъектiлерi мен олардың тұтынушылары жай-күйiнiң мониторингiсiн енгізу және тарифтер өзгерiсiн талдау құралдарын әзiрлеу жолымен пайдалану болжанады.
Тарифтердi есептеу мен бекіту кезiнде тариф түзудiң жаңа әдiстерi:
қолданысқа енгiзiлген реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу әдiсi;
орташа мерзiмдi кезеңге тарифтер белгiлеу әдiсi қолданылады.
Су шаруашылығы, кәрiз жүйелерiнiң және энергетика секторының субъектiлерi үшiн тарифтер қолданысқа енгiзiлген реттелетiн базасына пайда ставкасын есепке ала отырып бекітіледi. Энергетика секторының үш субъектiсi үшiн (Өскемен және Ақтөбе ЖЭО, Алматы газ желiлерi), сондай-ақ "Су ресурстары маркетинг" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгi үшiн орташа мерзiмдi тарифтер бекітілген.
Пайданың ұйғарынды деңгейi қызметтердi ұсынған кезде пайдаланылатын активтердiң нарықтық құнына сүйене отырып, нақты инвестициялар мен пайда ставкасы қоса есептеледi. Пайда ставкасы табиғи монополия субъектiсiнiң салалық тиесiлiгiн ескере отырып, анықталады.
Су шаруашылығы жүйелерi үшiн пайда ставкасы инвестициялау тәуекелдiлерiн есепке алу әдiсi арқылы айқындалады, энергетика секторының субъектiлерi үшiн - капиталдың орташа өлшенген құнының әдiсi пайдаланылады. Субъект неғұрлым көп инвестиция жасаса, оның пайдасы соншама жоғары болады.
Инвестицияларды тарту үшiн басқа маңызды фактор орташа мерзiмдi кезеңге тарифтер белгiлеу әдiсiн практикаға енгізу болып табылады.
Орташа мерзiмдi кезеңге тұрақты тарифтердi енгізу, оның шегінде табиғи монополиялар өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын тарифтер шеңберiн белгiлеудi көздейдi. Табиғи монополия субъектiлерi өндiрiс тиiмдiлiгiн көтергеннен табыстарды дербес иеленуге мүмкiндiк алатыны маңызды болып табылады.
Орташа мерзiмдi кезеңге тарифтер ұсыну талабы табиғи монополия субъектісiнiң орташа мерзiмдi кезеңге бекітілген инвестициялық бағдарламаны iске асыру жөнiнде мiндеттемелердi алуы болып табылады. Бұдан басқа, орташа мерзiмдi тарифтердi есептеген кезде қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетін базасына есептелген пайда ескерiледi.
Табиғи монополия субъектілерiнiң қызметтерiне тарифтер деңгейiн негiздеу үшiн кәсiпорынның қаржы-шаруашылық жағдайының сараптамалық диагностикасының тетiктерi әзiрленген. Қаржы және техникалық сараптамаларды жүргізудiң негізгі мақсаты табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметi нәтижелерiнiң объективтi бағасын алу, пайдаланылмаған резервтердi кешендi анықтау, шаруашылық жүйелерiнiң қызмет етуiнiң ұтымдылығына тұрақты бақылау, нормативтiк актiлердiң сақталуын бақылау болып табылады. Қаржы және техникалық сараптама үшiн ақпарат көздерi бухгалтерлiк есеп пен есептілігiнің, статистикалық есеп пен есептiлігінiң, басқару есебi мен есептiлігінiң жүйелерi және есептен тыс көздер: ревизиялардың, сыртқы және iшкi аудиттiң материалдары, салық қызметiнiң тексеру нәтижелерi, табиғи монополия субъектiлерiнiң өндiрiстiк кеңестерiнiң және құзыретті органдардың материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.
3. Табиғи монополиялар салаларының
ағымды жағдайын талдау
§ 1. Темір жол көлігінiң саласы
Жүк темір жол арқылы тасымалдауға арналған тарифтердiң ерекшелігі темір жол көлігiнiң өзiн өзi қаржыландыру жағдайларында жұмыс iстейтiн дербес сала ретiнде тұрақтылық деңгейiн айқындауы және басқа да негiзгi салалармен қатар кәсiпорындардың және материалдық өндiрiс салаларының экономикалық жағдайына ықпал етуi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 6 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдаумен және "Темір жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2004 жылғы шiлдеде өзгерістер енгізумен "Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ) табиғи-монополиялық қызметi мен өзге қызметiнiң басқа түрлерiн ұйымдастыру және қаржы бөлу процесi басталды. Темір жол көлігіндегі табиғи монополияның саласына магистралдық темір жол желісінiң қызметтерiн (бұдан әрi - МТЖ) және кiрме жолдардың қызметтерiн көрсету жөнiндегі қызмет жатқызылған. Қалған қызмет жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды қоса, бәсекелес салаға шығарылған.
Қазiргi уақытта Қазақстанда iске асырылып отырған темір жол саласын реформалау тұжырымдамасының мәнi ол қай жерде мүмкiн болатын салаларға бәсекелестіктi енгізу есебiнен реттелетiн секторды ырықтандыру мен ығыстыруға және экономикалық негiзделген және тиiмдi баға түзу есебiнен монополиялық секторды коммерциялауға (нәтижеге бағдарлау) бағытталған.
Қазақстан Республикасында 2004 жылғы 20 шiлдеге дейiн республикалық қатынаста тарифтер Қазақстанның аумағында тұрған станциялар арасында жүктердi тасымалдау кезiнде қолданылды және уәкiлеттi орган белгiлейтiн арттыру коэффициенттерiн индексациялауды және рубльдердi теңгеге қайта есептеудi ескере отырып, рубльде есептелетiн "Жүктердi темір жол арқылы тасымалдауға арналған тарифтер" 1989 жылы басылып шыққан № 10-01 прейскурантының ставкалары бойынша есептелген. Мемлекетаралық қатынаста жүктердi тасымалдауға арналған жүк тарифтерi "Темір жол арқылы экспорттық-импорттық жүк тасымалдауға арналған тарифтер" прейскурантының ставкалары бойынша есептелген, олар уәкiлеттi орган белгiлейтiн арттыру коэффициенттерiн ескере отырып, швейцар франкiсiнде есептелген және 1999 жылдың 1 шiлдеден бастап төлем күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша төлем валютасына есептелген.
2004 жылғы 20 шiлдеден бастап жүктердi темір жолы көлiгiмен тасымалдау кезiнде магистралдық темір жол желісінiң қызметтерiне тарифтердi жүк тасымалдауға, инфрақұрылым және басқа құрамдастарға тарифтерді үйлесiмдi бөлу жолымен алынатын тарифтер бекітілген және қолданысқа енгiзiлдi. Темір жол көлiгiмен жүктердi тасымалдауға арналған тарифтер төрт құрамдастан: магистралдық темір жол желісінiң, локомотив тартымының қызметтерiне арналған тарифтерден, жүк пен коммерциялық жұмыстан және вагондар мен контейнерлердi пайдаланудан қалыптасады.
Қазiргi уақытта мүдделi мемлекеттік органдармен және магистралдық темір жол желісінiң операторы қызметтерiнiң тұтынушыларымен бірлесiп, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі бекiткен МТЖ-нiң қызметтерiне кiретiн операциялар тiзбесiне сәйкес магистралдық темір жол желісінiң қызметтерiне тарифтер есептеу әдiстемесiнiң жобасын әзiрлеу жүргiзiлуде. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 516-НҚ бұйрығымен кiрме жолдардың қызметтерiне тарифтер есептеу әдiстемесi бекітілген.
Бұл ретте, мемлекеттік реттеуге магистралдық темір жол желісінiң қызметтерiн пайдаланғаны үшiн тасымалдаушылар жасайтын төлем жатады, темір жол тарифiнiң қалған құрамдастары (локомотив тартымының қызметтерi мен темір жол тасымалы) бәсекелес секторға ықтимал түрде жатады, бірақ қазіргі уақытта бәceкe және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамаға сәйкес мемлекет тарапынан реттеледi.
Тасымалдаудың жекелеген санаттары (қатынастар түрлерi мен жүктердiң тектерi) бойынша бүгiнгі қолда бар тарифтердi саралау:
ел экономикасы дамуының белгiлi бір кезеңiнде өнiмдi шетке шығаратын және оны iшкi рынокқа жеткiзетiн субъектiлерге саралау көзқарасты қолдану;
көп жылдар бойы 10-01 прейскуранттың базалық ставкаларын индексациялау әдiсiн жүктердiң жекелеген тектерiне тарифтiк ставкалардың қымбаттату коэффициенттерiн саралап белгілеу жолымен қолдану нәтижесiнде болды.
Табиғи монополиялардың өнiмдерiне бағаларды саралау әртүрлi салалардың шаруашылық белсендiлігін реттеуге мүмкiндiк беретiн мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының құралы болып қызмет етедi. Басқаша айтқанда, реттелетiн бағалар жүйесi арқылы экономикаға ықпал ету тетiгі фискалдық макроэкономикалық саясатқа қосымша болып табылады.
Қазақстанның алдағы Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кіруiне байланысты тарифтердi келiссөздер процесiнiң шеңберiнде келісілген кесте бойынша республика iшінде және экспорттық-импорттық қатынастарда теңестiру жоспарланып отыр.