Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004.24.12 № 1376; 2005.04.03 № 207 ; 2005.04.04 № 300 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 4 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiне төрт, оның iшiнде бір бірiншi вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтілсiн.
5. Мыналарға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінiң төрағасына екi орынбасары болуға;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты және заңнамада көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң негізгі мiндеттерi білiм, ғылым, ғылыми-техникалық және аэроғарыш қызметi, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажеттi жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруды жетілдiру және олардың бәсекеге қабiлеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi;
Аэроғарыш комитеті.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес өкілеттілiк берiлген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар түрiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мiндетті күшi болады.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Министрлiктің құрылымын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрi (бұдан әрi - Министр) бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 24.
7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiктің өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуiне тиым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер мемлекеттік бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрліктiң функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды:
білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, мемлекеттік жастар саясаты, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға бағытталған тұжырымдамалар, стратегиялар, мемлекеттік және мақсатты бағдарламалар мен жоспарлар әзiрлеудi;
білім беру сапасын басқару саласындағы саясатты қалыптастыруды;
білiм беру, ғылыми және аэроғарыш қызметi, ғарыш кешенiн дамыту саласындағы инновациялық саясатты қалыптастыруды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген құзырет шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ білім беру қызметiнде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегi құжаттардың нысанын қабылдауды;
әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз өңiрлерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын, тәрбиелеудi, білім берудi және сауықтыруды қамтитын балалар үйлерiнiң жетiм балаларын оңалту бағдарламасын қалыптастыруды;
оқу-тәрбиелiк процестiң жоғары сапасын қамтамасыз ететiн оқу басылымдарының тiзбесiн қалыптастыруды;
білім берудi басқару жүйесiн ақпараттық қамтамасыз етудi қалыптастыруды;
республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк жоғары білiмдi, сондай-ақ кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды;
педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың білiктілігін арттырудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруды;
iргелi зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды;
мiндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыруды;
өз қызметi саласында халықаралық ынтымақтастықты, халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын дайындауға қатысуды және Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң тапсырмасы бойынша оларға қол қоюды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
бюджет болжамын әзiрлеу және білім беру, ғылыми, ғылыми-техникалық және аэроғарыш қызметі салаларында индикативтiк жоспарлауға қатысу;
білім беру қызметi, ғылыми және аэроғарыштық өнiм рыногындағы бәсекелестіктi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау;
білім беру, ғылыми, ғылыми-техникалық, аэроғарыштық қызмет, балалар мен жастардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдау, қорыту;
мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүргізу;
ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін жетілдiру;
өз құзыретi шегінде жұмылдыру жұмысын және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
балалар мен жастардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау бөлiгінде халықтың өсуiн дамыту (демография) саясатын жүргiзу.
11. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) өзінің мiндеттерiн іске асыру үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан сұрауға және алуға;
2) өз құзыреті шегінде ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
3) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекітуге;
4) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектілерiнiң функциясын жүзеге асыруға;
5) баспа қызметiмен айналысуға, ведомстволық журналдарының, газеттерінің, басқа да баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының болуына;
6) ғылым саласында сыйлықтар мен стипендиялар беруге;
7) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға;
8) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргізуге;
9) ведомстволық статистикалық бақылаулар бағдарламаларын әзiрлеуге құқылы.
3. Министрліктің мүлкі
12. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкінің болуына құқығы бар.
Министрлiктiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлардан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерімінде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады.
14. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өзбетімен оқшаулауға немесе өзге де әдiспен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
15. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке Министрдiң ұсынуы бойынша тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
17. Министр осы мақсатта:
1) өз орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
4) Министрлiктiң регламентiн және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi;
6) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк шаралар қолданады.
18. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының арасынан Министр бекiтедi.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң
қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi
3. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi
5. Қазақ ұлттық аграрлық университетi
6. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетi
7. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi
8. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
9. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт
10. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi
11. Атырау мұнай және газ институты
12. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi
13. Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi
14. Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi
15. Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi
16. Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
17. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты
18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 300 Қаулысы
19. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi
20. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi
21. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi
22. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi
23. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
24. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi
25. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi
26. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
27. Рудный индустриялық институты
28. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi
29. Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университеті
30. Семей мемлекеттік педагогикалық институты
31. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi
32. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
33. М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi
34. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi
35. А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi
36. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжi
37. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi
38. Ақмола қаржы-экономикалық колледжі
39. Семей қаржы-экономикалық колледжi
40. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы
41. 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы
42. Республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты
43. Білім беру мен тестілеудiң мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы
44. Республикалық білім берудi ақпараттандыру ғылыми-әдiстемелiк орталығы
45. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелік орталығы
46. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
47. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы
48. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
49. "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы
50. Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы
51. Физикалық-математикалық зерттеулер орталығы
52. Астрофизикалық зерттеулер орталығы
53. Биологиялық зерттеулер орталығы
54. Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы
55. Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегі ұлттық орталығы
56. Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы
57. Салааралық ақпараттар ғылыми-техникалық орталығы
58. Жалпы генетика және цитология институты
59. Микробиология және вирусология институты
60. Экономика институты
61. А.Байтұрсынов атындағы Тiл білімi институты
62. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
63. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
64. Философия және саясаттану институты
65. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты
66. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
67. Қолданбалы математика институты
68. Фитохимия институты
69. Өсiмдiктер физиологиясы, генетикасы және биоинженерия институты
70. Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
71. Республикалық микроорганизмдер коллекциясы
72. Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты
73. Республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасы
74. Орталық ғылыми кiтапхана
75 "Ғылым" ғылыми баспа орталығы
76. Ғалымдар үйi
77. Үлгi-тәжiрибелiк орман көшеттігi
2. Мемлекеттік мекемелер
78. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
79. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
80. Қазақ ұлттық музыка академиясы
81. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
82. Б.Момышұлы атындағы Республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты
83. Республикалық Қарағанды әскери мектеп-интернаты
84. Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты
85. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты
86. Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты
87. Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты
88. О.Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты
89. Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана
90. Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
91. Қаржы орталығы
92. Сейсмология тәжірибе-әдістемелік экспедициясы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тiзбесiнде:
2-бағандағы реттік нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитеті";
2-бағандағы peттік нөмiрi 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi".
2. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 2, 9-құжат):
3-тармақтағы "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздер "Білім және ғылым" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi" деген бөлiм және реттiк нөмiрi 72-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлiмдегi:
реттік нөмiрлерi 470-162, 470-163-жолдар алынып тасталсын;
кіші бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-185-жолдармен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi
470-185 "Инфракос" республикалық
мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығындағы) Байқоңыр қаласы;".
4. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 506-құжат):
3-тармақтағы алтыншы абзац алынып тасталсын:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Аэроғарыш комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтағы 9) тармақша алынып тасталсын;
11-тармақтағы 13-3) және 13-4) тармақшалары алынып тасталсын.
5. "Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңiстiктi пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 431 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңiстiктi пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудiң ережесінде:
7-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда" деген сөздер "Білім және ғылым" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 504-құжат), 5-тармақтан басқасы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1824 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 522-құжат) 1-тармағының 3) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Білім беру мен тестiлеудiң мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1850 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2001 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 571-құжат).
5. "Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды интеграциялау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 14 ақпандағы № 236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 7, 86-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 16 наурыздағы № 407 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 155-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметтiң 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 222-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.
8. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 766 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 267-құжат) 7-тармағының 2) тармақшасы.
9. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 шiлдедегi № 1018 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 336-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
10. "Тағам институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 шілдедегi № 1043 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 347-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
11. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 12 қазандағы № 1523 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 488-құжат) 5-тармағының 1) тармақшасы.
12. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 7 қарашадағы № 1679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 46, 549-құжат) 6-тармағының 2) тармақшасы.
13. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1782 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 51, 583-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.
14. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 қаңтардағы № 61 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 16-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.