"Инжиниринг" және технологиялардың трансферті орталығы" акционерлік
қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 20 қазандағы № 1064 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791; 03.08.04 ж. № 827
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 19 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791 қаулысымен (бұр. ред. қара); 03.08.04 ж. № 827 (бұр. ред. қара) 1)-тармақша өзгерді
1) "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда:
Әмрин Ғұсман Кәрiмүлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Сақыпова Нұрғайша - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Зияткерлiк меншiк құқықтары жөніндегі комитетiнiң төрайымы;
Кыпшақбаев Әбдел Исаұлы;
ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791 қаулысымен 2)-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) Әбдел Исаұлы Қыпшақбаевтың Қоғамның президентi болып сайлануын қамтамасыз етсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |