"Инжиниринг" және технологиялардың трансферті орталығы" акционерлік
қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 20 қазандағы N 1064 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда:
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-экономикалық талдау бөлiмiнің меңгерушiсi;
Төлебаев Алмас Қажыкенұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Импорт алмастыру және сыртқы байланыстар департаментiнiң директоры;
Могильный Валерий Валентинович - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым департаментiнің директоры;
Оспанов Әмiржан Қайырбайұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Әдiснама және мемлекеттiк меншiктi басқаруды жетілдiру басқармасының бастығы;
Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы;
2) Ғұсман Кәрiмұлы Әмриннің Қоғамның президентi болып сайлануын қамтамасыз етсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |