"Инжиниринг" және технологиялардың трансферті орталығы" акционерлік
қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 20 қазандағы N 1064 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. N 791
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 3 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. N 791 қаулысымен 1)-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
1) "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда:
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Сақыпова Нұрғайша - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқықтары жөнiндегi комитетiнiң төрайымы;
Кыпшақбаев Әбдел Исаұлы;
ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. N 791 қаулысымен 2)-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) Әбдел Исаұлы Қыпшақбаевтың Қоғамның президентi болып сайлануын қамтамасыз етсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |