"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
директорларының кеңесі туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 17 тамыздағы № 1175 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.08.02 ж. № 914; 07.05.03 ж. № 432;
29.11.03 ж. № 1217; 21.05.04 ж. № 570; 26.07.04 ж. № 791
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 19 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 21.05.04 ж. № 570 қаулысымен атауы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Акционерлік қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру және мемлекеттік мүлiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) акцияларының пакеттерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі кұқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берсiн.
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Қордың директорлары кеңесiнiң құрамын қосымшаға сәйкес бекіту жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Директорлар кеңесi бiр апта мерзiмде Қорға несие беру туралы шешiмдердi қарау мен қабылдау тәртібін айқындасын.
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
1) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997ж. № 17, 152-құжат):
6-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
1 және 2-тармақтардағы "министрлiктерге" деген сөзден кейiн "және өзге де мемлекеттік органдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыбы "өзге де мемлекеттік органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
215-реттiк нөмiрлi жол алынып тасталсын;
5. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 44 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 3, 17-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1999 жылғы 17 тамыздағы
№ 1175 қаулысына
қосымша
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік
қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы
ҚР Үкіметінің 17.08.02 ж. № 914 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 29.11.03 ж. № 1217 (бұр. ред. қара); 21.05.04 ж. № 570 (бұр. ред. қара); 26.07.04 ж. № 791 (бұр. ред. қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Смағұлов Болат Советұлы - Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда вице-министрi,
төраға
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының
Бисенғали Шамғалиұлы Ұлттық банкi Төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика
Батырхан Арысбекұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi
Кадюков - Қазақстан Республикасының
Николай Викторович Қаржы министрлігі Мемлекеттік
мүлiк және жекешелендiру
комитетi төрағасының орынбасары
Қазыбаев - Қазақстан Республикасының
Айдар Қалымтайұлы Индустрия және сауда министрлігі
Шағын бизнестi қолдау жөнiндегі
комитетінің төрағасы
Манақбай - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту
Толымбек қоры" акционерлік қоғамы Басқармасының
төрағасы