"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы
директорларының кеңесі туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 17 тамыздағы N 1175 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.08.02 ж. N 914
қаулымен енгізілген өзгерістерімен)
"Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру және мемлекеттiк мүлiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) акцияларының пакеттерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi кұқықтарын Қазақстан Республикасының Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi агенттiгiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi агенттiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Қордың директорлары кеңесiнiң құрамын қосымшаға сәйкес бекiту жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Директорлар кеңесi бiр апта мерзiмде Қорға несие беру туралы шешiмдердi қарау мен қабылдау тәртiбiн айқындасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
1) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997ж. N 17, 152-құжат):
6-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
1 және 2-тармақтардағы "министрлiктерге" деген сөзден кейiн "және өзге де мемлекеттiк органдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыбы "өзге де мемлекеттiк органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
215-реттiк нөмiрлi жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және 227-реттiк нөмiрiмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi агенттiгi 227 "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" ЖАҚ"
5. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 44 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 3, 17-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Н.Балғымбаев
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 17 тамыздағы
N 1175 қаулысына
қосымша
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк
қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы
ҚР Үкіметінің 17.08.02 ж. N 914 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда
Досаев - Қазақстан Республикасы
Ерболат Асқарбекұлы Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестiктi қорғау және шағын
бизнесті қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң
төрағасы, төраға
Дунаев - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы Қаржы вице-министрi
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы Ауыл шаруашылығы вице-министрi
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бейсенғали Шамғалиұлы Банкi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Mұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бектас Гафурұлы министрлiгi Мемлекеттiк сатып алу
жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
Комаров - Қазақстан Республикасы Қаржы
Геннадий Григорьевич министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру комитетi
төрағасының орынбасары
Мейрамбеков - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Темiржан Қадырбекұлы жабық акционерлiк қоғамы
басқармасының төрағасы (келiсiм
бойынша)