206. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың оған тiркелген есептемелердiң жасалуының дұрыстығына бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi жауап бередi.
207. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган келiсуге берген мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын қаражаттың түсу көздерiнiң негіздiлігіне, кiрiстердi есептеудiң толықтығы мен дұрыстығына және қаражатты жұмсаудың нысаналы бағыттылығына тексерiледi, бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті органның басшысымен келісіледi және мөрмен куәландырылады.
208. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі келісілген жоспардың бір данасы бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органда қалады, екiншiсi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне беріледi.
209. Әрбір мемлекеттік мекеменiң жоспарын 3 данада бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы бекiтедi.
210. Бекiтiлген жоспардың бір данасы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiнде қалады.
211. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекітілген жоспардың екi данасын мемлекеттік мекемеге бередi.
212. Әрбір мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген жоспар болмайынша мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаның түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын бекітуге әкімші жол бермейді.
213. Мемлекеттік мекеме бекiтілген жоспардың бір данасын өзiне қалдырады, екiншiсiн қазынашылықтың аумақтық органына бередi.
214. Қазынашылықтың аумақтық органы бекiтілген жоспарға сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есепке алу үшiн шоттың қолданылу мерзiмiн ашуды немесе ұзартуды жүзеге асырады.
215. Қаржы жылының 15 қаңтарына дейiн жоспар бекітілмеген жағдайда мемлекеттік мекеме өткен қаржы жылының 31 желтоқсанына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн ақша қалдығының шегінде 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде ағымдағы қаржы жылының жоспарына жүргізілген шығыстардың сомаларын мiндеттi түрде қоса отырып, шығыстар жүргізе алады.
216. Егер мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға 15 ақпанға дейiн келiсу үшiн берілмесе және 1 наурызға дейiн келісілмесе, онда қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейiн түскен ақша және өткен қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалыптасқан және келесi қаржы жылының 1 ақпанына арналған жағдай бойынша пайдаланылмаған қаражат қалдығы үш жұмыс күнiнiң iшiнде тиiстi бюджеттің кiрiсiне 1 наурыздан кейiн аударуға жатады.
217. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшiн шоттар бойынша қолма-қол ақшамен операциялар жөнiнде банктiк қызметтерге ақы төлеу олар мен банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттың негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын қаражат есебiнен мемлекеттік мекемелер жүргiзедi. Банктiк қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар жоспардың шығыс бөлiгiнде көрсетiледi.
218. Бекiтiлген және келісілген жоспарлардың қолданылуы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
26-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың
иелігінде қалған түсiмдер мен ақша шығыстарының
жоспарларына өзгерістер енгізу
219. Бір жылдың iшiнде жоспарда көзделген сомадан тыс түскен кiрiстер ағымдағы жылы оларға өзгерістер енгізу арқылы жоспарды және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарды нақтылау шартымен жұмсалуы мүмкiн.
220. Жоспарда көзделген сомадан тыс кiрiстер түскен кезде жоспарға және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер, ақылы қызметтердiң әрбір түрi бойынша жылдық соманың шегiнде ерекшелiктер мен тоқсандар арасындағы өзгерістердi енгізу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
мемлекеттік мекеме енгiзiлетiн өзгерістер бойынша негiздемелер мен есептемелердi бере отырып 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне бередi;
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi енгiзiлген өзгерістер бойынша негiздеме мен есептемелердi тексередi, 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы жасайды және бекiтедi, және бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға келiсуге бередi.
221. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мекемелер жөнiндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы берiлген анықтаманы қарайды, енгізілген өзгерістер бойынша негiздеме мен есептемелердi тексередi.
222. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтама екi данада бекітіледi және келісіледi.
223. Бір данасы бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органда қалады, екiншi данасы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісiне беріледi.
224. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтаманың негізiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi үш данада жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекiтедi.
225. Әрбір мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтама болмайынша мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдерi мен шығыстарының жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекітуге әкiмшi жол бермейдi.
226. Бекiтілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарламаның әкiмшісiнде қалады, екi данасы мемлекеттік мекемеге беріледi.
227. Мемлекеттік мекеме жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекiтілген анықтаманың бір данасын өзiне қалдырады, екiншiсiн қазынашылықтың аумақтық органына бередi.
228. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен және бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органмен келiсілген мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарды және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы тiркеудi бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган жүзеге асырады, ал бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен жоспарға өзгерістер енгізу туралы жоспар мен анықтаманы тiркеудi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi жүзеге асырады. Тiркеу жоспарларға және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға, жоспарға және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларға хронологиялық тәртiппен нөмiрлер бере отырып, журналда еркiн нысанда жүргiзiледi.
229. Сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрiн және кiрiстер мен шығыстардың жылдық сомасын сақтау кезiнде ҚР ББС бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының кодтары өзгерген жағдайда жоспарлар мен мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар ҚР ББС белгiленген тәртiппен өзгерістер енгiзгеннен кейiн бір айдың iшiнде осы Ережеде белгіленген тәртiппен бекітіледi және келісіледi.
230. Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) жаңа түрiнiң тiзiлiмiне өзгерістер енген және жоспардың кiрiс және шығысының жылдық сомасын ұлғайту қажет болған жағдайда осы Ережеде белгiленген тәртіппен жаңа жоспар және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар жасалады, келісіледi және бекітіледi.
27-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң иелiгiнде
қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан
түскен ақшаны есепке алу және бақылау
231. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан олардың иелiгiнде қалған ақшаның есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
232. Мемлекеттік мекемелердiң иелiгiнде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу және есептілiк бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес жүзеге асырылады.
233. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан мемлекеттік мекемелер алатын ақша сақталатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшін шоттардың ашылу, жүргiзiлу және жабылу тәртібі бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлетті органның тиiсті нормативтік құқықтық актiлермен реттеледi.
234. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша төлеушілерден, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын ақша сақталатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаны есепке алу үшін шотқа немесе мемлекеттік мекеменiң кассасына тiкелей қолма-қол ақшамен аудару арқылы түсуі мүмкін. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын қаражат бойынша қолма-қол ақшаны белгiленген үлгiде түбіртектер немесе кіру кассалық ордерлерiнiң түбіртектерiн бере отырып мемлекеттік мекеменiң уәкілеттi лауазымдық тұлғасы қабылдайды.
235. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан олардың иелiгiнде қалған ақша есебiнен төлемдер тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшiн ашылған мемлекеттік мекеменiң шотында iс-жүзiнде қолма-қол ақшаның болу шегінде жүзеге асырылады.
236. Түскен және бекітілген жоспарда көзделмеген ақша он жұмыс күнiнiң iшiнде тиiстi бюджеттің кiрiсiне мемлекеттік мекеменiң аударуына жатады.
237. Жоспарда көзделген сомадан тыс бюджетке түскен ақшаның және түскен және бекітілген жоспарда көзделмеген ақшаның уақытылы есептелуiн бақылауды қазынашылықтың аумақтық органы жүзеге асырады.
238. Кассаға мемлекеттік мекеме қабылдаған қолма-қол ақша оларды қабылдаған үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшiн шотқа есептеледi. Осы ақшаны уәкілеттi органның бөлiмшесiне алдын ала өткiзбей тұрып жұмсауға жол берiлмейдi.
239. Мемлекеттік мекеме басқа мемлекеттік мекемелерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуды жүзеге асырады.
240. Мемлекеттік мекемеге бюджет қаражатын немесе заңнамаға сәйкес оған ашылатын шоттардан қаражат аударуға тиым салынады, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн қоспағанда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаны есепке алу үшiн өз шотына депозит шотынан қаражатты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есепке алу үшін шотқа аударуға рұқсат етіледi.
241. Депозит шотынан Қылмыстық-түзету жүйесi мекемесiнің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есепке алуға шотқа қаражат аудару үшiн депозит шотынан ақша аударуға сотталғандардың өтініштерiнiң негiзiнде төлем тізiмдемесi жасалады және оларды қазынашылықтың аумақтық органдарына бередi.
242. Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен, нысанда және мерзiмдерде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстары жоспарының орындалуы туралы есептi жасайды.
7-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
активтерi мен есептілігі
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 795 Қаулысымен 28-тарау жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
28-тарау.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
активтерді есептеу тәртібi
243. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.
244. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен тиісті шот ашады.
245. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айдың басына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтардың түсімдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
246. Ұлттық валютадағы түсімдер сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі - ҚР ҰҚ ҚБШ) жіберіледі. ҚР ҰҚ ҚБШ-да ескерілетін ағымдағы жұмыс күні ішіндегі түсімдер сомасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына аударуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер сомасын аударуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган күн сайын осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес 2-38-нысан бойынша қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде қалыптастырылатын төлем тапсырмасының негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің артық төленген сомасын қайтарған немесе ол есепке алынған жағдайда ҚР ҰҚ ҚБШ-ға дебеттік сальдоға рұқсат eтіледі.
Артық төленген соманы қайтару немесе есепке алу осы Ереженің 61-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
247. Шетелдік валютадағы түсімдердің сомасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетелдік валютадағы корреспонденттік шоттарына есептеледі. Қайта айырбасталғаннан кейін теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР ҰҚ ҚБШ-ға жіберіледі. ҚР ҰҚ ҚБШ-да ескерілетін ағымдағы жұмыс күні ішіндегі түсімдердің сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның дәл сол жұмыс күні шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударуға тиіс.
Орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ белгілеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына есептелетін шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін хабарламалар, өтініштер беру соманы теңгемен және есептеу кестесін сақтайды.
248. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негізінде есепке алу әдісімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кірістерді есепке алуды жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің құрамында көрсетіледі.
249. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есептіден кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Ережеге 50-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударымдар туралы есепті береді.
250. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына аударады.
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 795 Қаулысымен 28-1-тараумен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
28-1-тарау.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қаражатын пайдалану тәртібi
251. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
252. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт бөлуге арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға қол қойған осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес 2-37 нысан бойынша әрбір айдың 25-күніне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды және келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей ҚР ҰБ-ға жібереді.
Өтінімде республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын және республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжамдарды ескере отырып, бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін қажет кепілдік берілген трансферт көлемі көрсетіледі.
Келесі айларда тиісті түзетумен белгілі бір айда кепілдік берілген трансферттің көлемін түзетуді (азайтуды не арттыруды) талап ететін факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылының басына олардың пайдаланылмаған сомасынан аспайтын көлемде алдыңғы жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен алдыңғы жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер кепілдік берілген трансферттің аударылмаған қалдығының сомасына республикалық бюджетті түзегеннен кейін енгізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ға жеткізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлемін айлар бойынша бөле отырып, ҚР ҰБ-ға жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті аудару ай сайын өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт түрінде берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жұмсау қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге арналған түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілген көлемнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
253. ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өтінімінің негізінде кепілдік берілген трансферттің мәлімделген сомасын оны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударады.
Өтінімді орындау үшін қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгелей қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетелдік валютадағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен қайта айырбастауды жүргізеді.
254. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақы төлеу үшін шот-фактура жібереді.
255. Жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жібереді.
255-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Yкіметі арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартта (бұдан әрі - Сенімгерлік басқару туралы шарт) белгіленген мерзімде ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға қол қойған осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарламаның негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкіметтің теңгелік шотынан есептен шығарады.
Хабарламаны орындау үшін қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгелей қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетелдік валютадағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен қайта айырбастауды жүргізеді.
255-2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және ҚР ҰБ осы Ережеге 64-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің теңгелік шоты және Үкіметтің тиісті шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
29-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi
жасаудың тәртібі мен нысандары
256. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептілік Бюджет кодексiне сәйкес жүргiзіледi.
257. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есеп есептен кейiн тоқсанның бірi күнi және бір жыл үшiн тоқсан сайын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган жасайды.
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 795 Қаулысымен 258-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
258. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн енгiзе отырып есептiден кейiнгi жылдың 1 мамырына дейiн жыл сайын ҚР ҰБ бірлесiп жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды қамтиды:
1) 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi;
2) ҚР ҰБ Басқармасының қаулысымен бекітілген нысандар бойынша теңгерiм мен есептердi:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ теңгерiмi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ кiрiстерi мен шығыстары туралы есеп;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ ақша қозғалысы туралы есептер;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептер.
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге деректерді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей сыртқы аудиттi жүргiзудiң нәтижелерiмен бірге жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізедi.
259. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімдi басқару туралы шартта көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшін жауап бередi.
8-бөлiм. Бюджеттік кредит беру тәртібі
30-тарау. Бюджеттік кредит беру бойынша қаржылық рәсiмдер
260. Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
банк-қарыз алушы - банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын банктер мен ұйымдар болып табылады;
бюджеттік кредит - қайтарымдылық шұғыл және төлем негiздерiнде тиісті бюджеттерден бөлiнетiн ақша;
қарыз алушы-банктер - қарыз алушы, жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, жергілiктi атқарушы органдар, шет мемлекеттер;
түпкiлiкті қарыз алушы - Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, кредит берушi немесе қаржы агентi анықтаған шарттармен оған банк-қарыз алушы беретін бюджеттік кредиттi түпкілiктi алушы заңды және жеке тұлғалар;
кредит беруші - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілiкті атқарушы органдар;
сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) - банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, кредит берушiнiң (сенім бiлдiрушiнiң) атынан және есебiнен, бюджеттік кредит беруге байланысты оның нұсқауларымен анықталған тапсырмаларға сәйкес тапсырма шарты негізiнде жүзеге асыратын банктер немесе ұйымдар болып табылады.
Бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілiкті атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергілікті бюджеттердi атқарудың құрамдас бөлiгi болып табылады және түпкiлiктi қарыз алушыларға одан әрi кредит беру үшiн қарыз алушыларға тиісті бюджеттерден бюджеттік кредит беру арқылы жүзеге асырылады.
261. Бюджеттік кредит беру шарттары мыналардың:
1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен - Қазақстан Республикасының Үкіметі;