"Бюджеттік сыныптама коды" бағанында дәйекті түрде бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік бағдарламаның, кiшi бағдарламаның әкімшісінің кодтары, шығыстардың ерекшелiктерi көрсетіледi. "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы" бағанында жасасқан шартқа сәйкес берілетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы толтырылады. Бюджет сыныптамасының кодтары және тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы жасасқан шарттардың мазмұнына сәйкес келуi тиiс.
"Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушінің (бюджет қаражатын алушының атауы және мекен-жайы, беруші (бюджет қаражатын алушы) банкінің атауы және БСК" бағанында беруші (бюджет қаражатын алушы) коды, атауы, заңды мекен-жайы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және оның банктік деректемесі (ағымдағы шотының жеке сәйкестендiрiлген коды, қызмет көрсететін банктiң атауы және банктік сәйкестендiрілген коды) көрсетiледi.
"Саны", "Баға" және "Сома" бағанында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тобының мөлшерi бірлiк үшiн бағасы және ұлттық валютадағы жалпы құны көрсетіледi. Жұмыстардың және қызметтердiң бірыңғай өлшеуiштерi болмаған жағдайда "Саны" бағанында 1 (бірлiк) көрсетуге рұқсат етіледi. "Сома" бағанының "Барлығы" жолында шарттың жалпы сомасы ұлттық валютада жазбаша көрсетiледi. Өтінімнiң жалпы сомасы жасалған шартта көрсетiлген ҚР ББС әрбір кодының сомасына сәйкес келуi тиiс.
Шетелдiк валютадағы азаматтық-құқықтық мәмілені тiркеу кезiнде өтiнiмнiң жалпы сомасы нарықтық бағамы бойынша тiркеу күнiне есептелген ұлттық валютада келтiрiледi.
Өтінiмнiң "Төлем кестесi" бөлiмiнің "Құжат - негiздеме" бағанында құжаттың атауы көрсетiледi, оның негiзiнде төлем жүргiзіледi. Осындай құжаттар мемлекеттік мекеменiң және тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) берушiсi немесе бюджет қаражатын, мемлекеттік сатып хаттамасын алушының арасындағы шарт болуы мүмкiн.
Өтінімнiң "Төлем кестесi" бөлiмiнiң "Төлем күнi" және "Сома" бағандарында тиiсiнше жоспарланатын төлем күні мен сомасы көрсетiледi. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беру туралы шарттың талаптарына сәйкес аванстық (алдын ала) төлемдi өтеудi ескере отырып, аванстық (алдын ала) төлемнiң мөлшерi және жеткiзiлетiн тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердің) төлем сомасы көрсетіледi. "Сома" бағанындағы жолдардың жалпы сомасы өтiнiмнiң жалпы сомасына сәйкес келуi тиiс.
Өтінiмнiң "Төлем кестесi" бөлiмiнiң "% Өтінiмдер" бағанында шартқа сәйкес айлар бойынша бөлiнген аванстық (алдын ала) өтінiмнiң процентi және төлем сомасы көрсетіледі.
117. Мiндеттемелердi тiркеу туралы Хабарлама (Тапсырыс) (бұдан әрi - Хабарлама (Тапсырыс)) мемлекеттік мекеме құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күнiнiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органы бекiткен өтiнiмнiң негiзiнде қалыптастырылады.
118. Хабарлама (Тапсырыс) мемлекеттік мекеменің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) берушісімен жасаған азаматтық-құқықтық мәмілесін тiркелуiн растайтын құжат болып табылады.
119. Мемлекеттік мекеменiң тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) берушісімен немесе үш миллион теңгеге дейiн сомаға бюджет қаражатын алушымен жасаған азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеу кезiнде 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырылады, жауапты орындаушының қолымен және мөртаңбасымен расталады, қазынашылықтың аумақтық органының бірiншi басшысы немесе оған уәкілетті тұлға қол қояды, мөрмен растайды. Жауапты орындаушының мөрiмен расталған Шарттың түпнұсқасының екі данасын қоса бере отырып 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) мемлекеттік мекемеге беріледі, жауапты орындаушының мөрiмен расталған шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қазынашылықтың аумақтық органында қалады.
120. "Түпкiлiктi" мәртебесiмен төлеуге берiлген шотты өткiзген кезде қазынашылықтың аумақтық органы 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) қосымша даналарын қалыптастырады. Хабарлама (Тапсырыстар) 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жауапты орындаушының қолымен және мөртаңбамен куәландырылады, қазынашылықтың аумақтық органының басшысы немесе оған уәкілетті тұлға қол қояды. Хабарлама (Тапсырыс) 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған және тiркелген міндеттемелерге есеп жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге беріледі. Хабарлама (Тапсырыс) 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменiң орындалған мiндеттемелерiн жабу үшiн қазынашылықтың аумақтық органында қалады.
121. Мемлекеттік мекеменiң бюджет қаражатын алушымен үш миллион теңгеден жоғары сомаға жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерiн тiркеу кезiнде 30, 31, 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырылады. Барлық даналарына қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысы бұрыштама қояды, оның бірiншi басшысы немесе оған уәкілеттi тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.
"Сипаттау" алаңында Хабарлама (Тапсырыс) 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемдi тағайындауды сипаттаудан басқа берушiнiң ЖСК да көрсетiледi.
122. Хабарлама (Тапсырыс) 30, 31, 32-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемеге беріледі. Хабарламаның (Тапсырыстың) алынған даналарына мемлекеттік мекеменiң басшысы немесе оларға уәкiлетті тұлға, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен куәландырылады.
123. Мемлекеттік мекеме 30, 31-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бюджет қаражатын алушыға Хабарламаны (Тапсырысты) бередi.
124. Хабарлама (Тапсырыс) 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатын алушы екiншi деңгейдегi банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беріледі, онда бюджет қаражатын алушының банктiк шоты ашылған.
125. Жауапты орындаушының мөртаңбасымен куәландырылған шарт түпнұсқасының екі данасын қоса бере отырып 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) мемлекеттік мекемеге беріледі, жауапты орындаушының мөртаңбасымен куәландырылған шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қазынашылықтың аумақтық органында қалады.
5-бөлiм. Төлемдердi жүзеге асыру тәртібi
14-тарау. Ұлттық валютада қолма-қол емес нысанда
төлемдердi жүргiзу
126. Мемлекеттік мекемелердiң төлемдерi тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердiң шоттарындағы бос қалдықтардың шегінде жүргiзіледi. Тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттарының ашылуы және жабылуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшілiк-аумақтық бірлiктердi құру немесе жою кезiнде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізедi. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттарының жеке сәйкестендiрме кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілетті органдарға және мемлекеттік мекемелерге тапсырады және жеткізеді.
127. Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында ақшаның жетіспеушілiгi болған жағдайда бірiнші кезектегi тәртiппен қазынашылықтың аумақтық органы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергілікті атқарушы органдардың шешiмдерiнде белгіленген бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдердi жүргізедi, қалған төлемдер кезектi тәртiппен төлеуге берілетiн шоттардың түсуiмен жүргізіледi.
128. Ақша аудару мемлекеттік мекеменiң қазынашылықтың аумақтық органына табыс етілген ақша төлеу туралы нұсқау болып табылатын төлеуге берілетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме - ақша аударушы қазынашылықтың аумақтық органына басшының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қолымен және төлемнiң негiзділігін растайтын мемлекеттік мекеменiң мөрiмен куәландырған тиiстi құжаттардың көшiрмелерiн оған қоса бере отырып 34-қосымшаға сәйкес екі данада төлеуге берілетiн шотты көрсетедi.
129. Төлеуге берілетін шотты онда көрсетілген күннен он күнтiзбелiк күннiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органы қабылдайды.
"Ағымдағы" мәртебесiмен төлеуге берілетiн шот - ол алдын ала төлеудi қоса алғанда мемлекеттік мекеменiң тиiсті мiндеттемесiнің аралық төлемiн жүзеге асыру үшiн қалыптастырылатын төлеуге берілетін шот.
"Түпкілiктi" мәртебесiмен төлеуге берілетiн шот - ол мемлекеттік мекеменің тиісті мiндеттемесiнiң түпкiлiктi төлемiн жүзеге асыру үшiн қалыптастырылатын төлеуге берілетiн шот.
Мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына берiлген төлеуге берілетiн шоттардың негізділігiн және растайтын құжаттардың сенімділiгiн қамтамасыз етедi.
130. Қазынашылықтың аумақтың органы төлеуге берілетін шоттарды толтырудың дұрыстығын және негiздiлiгiн тексергеннен кейiн ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттарды енгiзедi және бекiтедi. Осы Ережеде келтiрiлген талаптарға сәйкес келмейтiн мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттар енгізуге және бекітуге жатпайды.
131. Қазынашылықтың аумақтық органы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер берген бекiтілген төлеуге берілетін шоттардан пакеттердi қалыптастырады. Бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттік мекеменiң кассалық шығыстарды жүргізу күнi 35-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тiзiлiмi" 4-20-нысанына бекітілген төлеуге берілетін шотты енгізу күнi болып табылады.
"Төлемдi тағайындау" бағанында төлеуге берілетін шотта көзделген мәлiметтердiң негізінде үш миллион теңгеден жоғары сомаға төлем құжатын қалыптастыру кезiнде құжаттың атауы, нөмiрi және күнi көрсетіледi, оның негізінде ақшаны аудару, Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмiрi және күнi, сондай-ақ "ағымдағы" немесе "түпкілікті" төлемдерінің мәртебесi жүзеге асырылады.
132. Бюджеттi атқару жөніндегi орталық уәкілеттi орган республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер берген бекітілген төлеуге берiлетiн шоттардан пакеттердi қалыптастырады.
"Төлемдi тағайындау" бағанында мiндетті түрде төлеуге берілетін шотта көзделген мәлiметтердiң негiзiнде үш миллион теңгеден жоғары сомаға төлем құжатын қалыптастыру кезiнде құжаттың атауы, нөмiрi және күнi көрсетіледi, оның негiзiнде ақшаны аудару, хабарламаның (тапсырыстың) нөмiрi және күнi, сондай-ақ "ағымдағы" немесе "түпкіліктi" төлемдерінің мәртебесi жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырылған пакеттерден төлем құжаттарын қалыптастырады. БҚШ ақшаны есептен шығару ҚР ҰБ белгiлеген тәртiппен ҚХЕО арқылы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жiберген төлем құжаттарының негiзiнде жүргiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 795 Қаулысымен 133-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
133. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және ҚХЕО арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдер жүргiзу кезiнде есептi айдан кейiнгi бeci күнiне дейiн төлем құжатымен бірге екі данада қағаз түрiмен, сондай-ақ магниттiк түрлермен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің тiзiмдерi беріледі. Мемлекеттік мекеме тiзiмдердiң дұрыс жасалуын қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 795 Қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
134. Мемлекеттік мекемелер жалақыны төлеуге арналған төлеуге берілген шоттарды есептіден кейінгі айдың бесінші күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында жиырмасыншы күніне дейін аумақтық қазынашылық органдарына береді.
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 795 Қаулысымен 134-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
134-1. Жалақы мен өзге де төлемдерді қызметкерлерге екінші деңгейдегі банктерде ашылған олардың карт-шоттарына төлеуге берілген шотпен бірге аудару жөніндегі төлемдерді жүргізу үшін қызметкерлердің тізімін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына ҚХЕО белгілеген форматта электрондық жеткізгіште береді. Төлеуге берілген шоттар және электрондық жеткізгіштегі қызметкерлердің тізімі осы Ережеге 37-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жалақыны, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша төлеуге берілген шоттардың тізіліміне сәйкес беріледі, онда оларды есепке алу және бақылау үшін төлеуге берілген шоттар бойынша мәліметтер көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 795 Қаулысымен 135-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
135. Төлем жүргізгеннен кейiн төлеуге берілетін шоттың екiншi данасы және бір күн бұрын жүргiзілген төлемдер бойынша қалыптастырылған есептер төлем жүргiзу күнін көрсете отырып қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысының қолымен және мөртаңбасымен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне екінші деңгейдегі банктерде ашылған олардың карт-шоттарына жалақы мен өзге де төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару жөніндегі төлемдерді жүргізу кезінде ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелер (бұдан әрі - үзінді көшірмелер) қалыптастырылады. Үзінді көшірмелерді операциялық күнді жапқаннан кейін есептерді қалыптастыруға жауапты аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысы қалыптастырады. Үзінді көшірмелердің әрбір беті төлемді жүргізу күнін көрсете отырып, оның мөрімен және мөртабанымен расталады және төлеуге берілген шотпен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі.
Үзінді көшірмелер мемлекеттік мекеме олардың негізінде қызметкерлердің тізімін және тиісінше карт-шоттарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, жалақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бастапқы құжаттардың деректері бар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған соманы әрбір жол бойынша салыстырып тексеруге жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үзінді көшірмелер деректерінің бастапқы құжаттардың деректерімен сәйкес келмеуі болған кезде мемлекеттік мекеме есептелген және аударылған сома бойынша алшақтық туралы ақпаратты бере отырып аумақтық қазынашылық органына түсінік алу үшін жазбаша өтініш жасайды. Үзінді көшірмелерді мемлекеттік мекеме жалақы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша бастапқы құжаттармен бірге тігеді және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақталады.
136. Субсидиялар төлеу бойынша төлемдер жүргiзу кезiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қазынашылықтың аумақтық органына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмiнде көзделген төлемнің негiзділігін растайтын құжаттарды төлеуге берілетін шотпен бередi.
137. Қазынашылықтың аумақтық органы мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 36-қосымшаға сәйкес "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" 5-34-нысаны бойынша тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының айналымдары мен қалдықтарына бақылау шоттары бойынша ай сайын салыстыру жүргiзедi.
138. Қазынашылықтың аумақтық органы мен қызмет көрсететiн мемлекеттік мекеме арасындағы кассалық шығыстарды салыстыру 35-қосымшаға сәйкес "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" 4-20-нысаны бойынша тоқсанның соңғы айынан кейiнгі айдың бірінші күні жүргiзiледi. Нысан қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекемелер басшыларының қолдарымен және олардың мөрлерiмен куәландырылады.
139. Қазынашылықтың аумақтық органы қазынашылықтың аумақтық органының басшысы бекiткен мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес жалақы төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.
15-тарау. Ұлттық валютада қолма-қол ақшасыз
нысандағы төлемдер жүргiзудiң негiзділігiн
тексеру кезiнде қойылатын талаптар
140. Мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына Төлеуге берілетін шоттың тiзiлiмiн қоса бере отырып төлеуге берілетін шотты бередi. 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Төлеуге берiлетiн шоттың тiзiлiмi - құжат, онда қазынашылықтың аумақтық органына шығыс операцияларын жүргiзу үшін мемлекеттік мекеме берген олардың орындалуын бақылау және жүргізу үшiн төлеуге берілетін шоттар көрсетіледi.
141. Мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық құқықтық мәмілелер жөніндегі төлемдер қазынашылықтың аумақтық органында мәмілелер тiркелгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады. Аванстық (алдын ала) төлем жүргізу үшiн мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шотты бередi. Берiлген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) төлеу үшiн төлеуге берілетін шотқа берушінің тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) немесе бюджет қаражатын алушының шот-фактуралары, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттары (кесiмдер), жасалған шартқа сәйкес орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерi қоса берiледi. 147 "Үй-жайды жалдауға ақы төлеу", 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу", 144 "Электрэнергиясына ақы төлеу", сондай-ақ отын сатып алудан басқа 145 "Жылуға ақы төлеу" ерекшелiктерi бойынша төлемдер жүргiзу кезiнде ақы төлеу жүргізілетін есептi тоқсаннан кейiнгі айдың бірi күнi берушімен дебиторлық берешектiң болмауын растайтын салыстыру актісінің осы тармағында көрсетілген растайтын құжаттарға қосымша төлеуге берілетін шотқа беру қажет.
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 795 Қаулысымен 142-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
142. Қазынашылықтың аумақтық органы:
Төлеуге берілетін шоттардың тiзiлiмiне сәйкес мемлекеттік мекеменiң төлеуге берілетін шотын және растайтын құжаттарын қабылдайды;
төлеуге берілетін шоттарды ресiмдеудiң және растайтын құжаттардың дұрыстығын тексередi;
мемлекеттік мекеменiң қолдары мен мөрлерінің үлгiлерi бар құжатқа төлеуге берілетін шоттың қолдары мен мөрлерінің сәйкестігін тексередi;
мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушімен немесе бюджет қаражатын алушымен жасаған тiркелген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) тиiстi деректерiмен төлеуге берiлетiн шоттың деректерiн салыстырады;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнiң немесе бюджет қаражатын алушының деректерiн салыстырады;
төлеуге берілетін шотта көрсетілген мәлiметтердiң растайтын құжаттардың деректерiмен сәйкестігiн тексередi;
мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тізімдері қорытынды сомасының жалақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдерді жүргізу кезінде төлеуге берілген шоттарда көрсетілген сомамен сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
143. Талаптар деректерi сәйкес келген кезде төлеуге берілетін шотты үш жұмыс күнiнiң iшiнде Төлеуге берілетін шоттардың тiзілiмiне сәйкес мемлекеттік мекемеден оларды қабылдау күнiнен бастап қазынашылықтың аумақтық органы орындайды. Талаптардың деректерi сәйкес келмеген кезде төлеуге берілетін шот үш жұмыс күнінің ішінде қателерiн көрсете отырып оларды жою үшін қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы бар ресми хатпен қайтарылады.
16-тарау. Төлеуге берілетiн шотты ресiмдеу
144. Төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғалардың қолдарын және қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжаттарға сәйкес мемлекеттік мекеме мөрiнiң бедерiн қамтуы тиiс.
145. Төлеуге берілетін шотта "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесi көрсетiлуi тиiс. "Ағымдағы" төлеуге берілетін шот аванстық (алдын ала) төлемдi қоса алғанда Мiндеттемелердi тiркеу туралы тиiстi хабарламаны (тапсырысты) алдын ала төлеу кезiнде беріледі. "Түпкiлiктi" мәртебесi бар төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекеменiң тиiстi мiндеттемесiнiң түпкiлiктi төлемiн жүзеге асыру үшін беріледі.
Төлеуге берілетін шоттарда нөмiрi мен күнi көрсетіледi.
146. Төлеуге берілетін шот қазынашылықтың аумақтық органына мемлекеттік мекеме берген күннен бастап үш жұмыс күнінің iшiнде орындалады.
147. "Мемлекеттік мекеме" бөлiмiнде "Атауы", "Коды", "CTH" бағандарында мемлекеттік мекеменiң атауы, тиiсiнше мемлекеттік мекеме салық төлеушiсiнiң коды және тiркеу нөмiрi толтырылады.
148. "Аумақтық қазынашылық" бағанында: облыстар, Астана, Алматы қалаларының, аудандардың қазынашылық департаменттерi, БСК 195301070, бюджеттің қолма-қол ақшасы бақылау шотының жеке сәйкестiрме коды (ЖСК) немесе мемлекеттік мекеменiң шоттары көрсетiледi, ол бойынша төлем жүргiзіледi.
149. "Қаржыландыру көзi" бағанында өзiнiң есебiнен төлем жүргiзілетін қаржыландыру көзi мынадай нышанмен көрсетiледi:
1 - үкiметтік сыртқы қарыз қаражатынан басқа бюджет есебiнен,
2 - үкiметтiк сыртқы қарыз есебiнен,
3 - мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен,
4 - мемлекеттік мекеменiң демеушілiк және қайырымдылық көмектен алатын ақша есебiнен,
5 - мемлекеттік мекемелердiң депозит шоттарына есептеген ақша есебiнен,
8 - айырықша шығыстар есебiнен,
I - бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлетті органның қазынашылық жүйесiнде ашылған аккредитив есебiнен.
150. "Бюджеттiң түрi" бағанында өзiнiң есебiнен төлем жүргiзiлетiн мынадай белгі қоя отырып, бюджет көрсетіледi:
01 - республикалық бюджет,
02 - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi,
03 - аудандық (облыстық бюджеттiң қалалары) бюджет.
"Шығыстардың БСК" бағаны бюджеттен немесе мемлекеттік мекеменiң иелiгінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебiнен шығыс операцияларын жүзеге асыру кезiнде толтырылады, онда дәйектi түрде мыналар көрсетіледi:
бюджеттік бағдарлама әкiмшісiнiң коды (үш белгi),
бюджеттік бағдарламаның коды (үш белгi),
бюджеттік кiшi бағдарламаның коды (үш белгi),
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінiң коды (үш белгi) - бюджет қаражаты есебiнен төлемдердi жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменiң иелігiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен төлемдердi жүзеге асыру кезiнде ақылы қызметтер түрiнiң коды (екі белгi) көрсетіледi.
151. "Кiрiстердiң БСК" бағаны бюджетке төлемдердi жүзеге асыру кезiнде толтырылады.
"КОд", "БЕК", "TTК" бағандарын толтыру банктiк заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
152. Хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес төлем жүргiзу кезiнде тиісті өтiнiмнiң, Хабарламаның (Тапсырыстың) және тиiстi Хабарлама (Тапсырыс) бойынша соңынан төленген төлемге берілетін шоттың нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
"Беруші" бөлiмiнде "Атауы", "Коды", "СТН" бағандарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының атауы, салық төлеушінің немесе бюджет қаражатын алушының коды және тiркеу нөмiрi толтырылады.
153. "ЖСК", "БСК", "Банк" бағандарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беруші немесе бюджет қаражатын алушы жеке сәйкестірме коды және тиiсiнше қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледi. Қажет болған жағдайда "Делдалдың ЖСК, БСК" бағанында қызмет көрсететiн банк нөмiрi, банктік сәйкестірме код, делдал банк шотының жеке сәйкестірме коды көрсетіледi.
154. "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы" бағанында төлемдi тағайындау, төлем жүргiзу үшiн негiз болып табылатын құжаттың атауы, нөмiрi және күні, Хабарлама (Тапсырыстың) нөмiрi және күнi, төлемнiң (ағымдағы, түпкілiкті) мәртебесi көрсетіледi. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша берілген тауарлар (орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) үшiн төлемдер бойынша шартты және оның негiзiнде мемлекеттік мекеме қабылдаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) - жүкқұжаттарды, жасалған шартқа сәйкес орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) кесiмдер құжатын көрсету қажет. Төлемнiң аккредитивтi нысаны кезiнде аккредитивтiң ашылуы туралы өтiнiмнің нөмiрi мен күнi және "ағымдағы" немесе "түпкіліктi" төлеуге берілетiн шоттың мәртебесi көрсетіледi.
155. "Өлшем бірлiгi", "Саны", "Бағасы", "Сомасы" бағандарында тиiсiнше өлшем бірлiгі, бірлiктегi саны, теңгемен тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны көрсетiледi. Жұмыстар мен қызметтердiң бірыңғай өлшеуiшi болмаған кезде "Өлшем бірлiгі" бағаны толтырылмайды, "Саны" бағанына бірлiк қойылады.
"Өлшем бірлiгі", "Саны", "Бағасы" бағандары:
қайтарымсыз негізде мемлекеттік мекеме және жеке тұлғалар-бюджет қаражатын алушылар арасындағы еңбек қатынастарының негiзiнде жүзеге асырылатын;
заңды және жеке тұлғалардың трансферттер бойынша; трансферттер және кредиттер;