сыйақы төлеу бойынша және iшкi мен сыртқы борыштың негiзгі сомасын өтеу;
инкассалық өкiмдердi орындауға арналған шығыстар бойынша төлемдер бойынша төлеуге берілетін шоттарда толтырылмайды.
156. Тiркелген азаматтық-құқықтық мәмілелердi төлеу бойынша төлеуге берілетін шотта көрсетiлген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды өтiнiмде көрсетілген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодына ұқсас болуы тиiс.
157. Бюджетке түсетiн түсiмдердi және жинақтаушы зейнетақы қорына мiндетті зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі төлеуге берілетін шотта теңгемен тұтас сома көрсетiледi, тиындарымен түпкілікті есеп айырысу жылына бір рет желтоқсан айында жүргiзiледi.
17-тарау. Шетелдiк валютада төлемдер жүргізу
158. Шетелдiк валютада төлемдердi жүргiзу бюджеттік бағдарламаның паспортында сипатталған мемлекеттік мекеменiң халықаралық қызметімен және ынтымақтастығымен байланысты iс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.
159. Шетелдiк валютада төлемдердi жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттың және осы Ережеге 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк валютаны сатып алуға арналған өтiнiштiң негiзiнде ұлттық валютаны шетелдiкiне айырбастауды жүргiзедi. Шетелдiк валютаны айырбастауға төлеуге берілетін шотта тауардың (жұмыстың, қызметтiң) әрбір түрінің бірлiгiнiң бағасы, құны және жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi төлеу күнiне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептеледі.
Мемлекеттік мекеме отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде iшкi валюталық рынокта айырбасталатын валюталық қаражатты пайдаланбаған кезде қазынашылықтың аумақтық органы кейіннен бюджетке қалпына келтiре отырып тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шоттарына қаражатты қалпына келтiру және аудару жөнiнде шаралар қабылдайды.
160. Шетелдiк валютаны аудару мемлекеттік мекеме өтiнімінiң негiзiнде осы Ереженiң 39-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетелдiк валютаны аударуға жүргiзiледi.
Шетелдiк валютаны сату кезiнде мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк валютаны сатуға өтiнім бередi.
18-тарау. Инкассалық өкiмдердi орындау
161. Инкассалық өкiмдердi орындау мемлекеттік мекеме тиісті төлеуге берілетін шотты бергеннен кейiн жүргiзіледi.
Мемлекеттік мекеменiң шотынан ақшаны алу инкассалық өкiмдердi көрсеткеннен кейiн жүргiзiледi. Инкассалық өкiм орындаушы парақтардың немесе соттардың шешiмдерi, үкiмдерi, анықтаулары және қаулылары бойынша берілген бұйрықтардың немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрықтарының негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негiздер бойынша орындауын көрсете отырып талап етіледi.
Салық (кеден) органдары берешегiнiң сомаларын өндiріп алуға арналған орындаушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдi мемлекеттік мекеменiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына орындауын көрсете отырып талап етіледi.
162. Инкассалық өкiм салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдерiнiң беру жағдайларын қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген нормалардың негiзiнде орындаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе осы өндiрiп алудың негізділігiн растайтын көшiрмелерiн қоса бере отырып қазынашылықтың аумақтық органына беріледі. Инкассалық өкiмде төлемдi тағайындау көрсетіледi және ақшаны жіберушінің келісімiнсiз ақшаны алу құқығын көздейтiн заңнамалық кесiмге мәміле жасалады.
Мемлекеттік мекемелер көрсеткен атқарушы құжаттар бойынша талаптарды қанағаттандыру ағымдағы жылға бөлiнген бюджет қаражаттары, сондай-ақ шығыстардың функционалдық сыныптамасының бағдарламасы, кiшi бағдарламасы және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелігі бойынша мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынған ақша есебiнен соңында жүргізіледi.
163. Қазынашылықтың аумақтық органы орындаушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдердi алған күнi инкассалық өкiмнiң көшiрмелерін қоса бере отырып хат-хабарламаны қалыптастырады және оның атына өкiм (бұдан әрі - Борышқор) шығарылған мемлекеттік мекемеге бередi. Мемлекеттік мекеме өзiнiң жоғары тұрған мекемесiн-бюджеттік бағдарламаның (егер Борышқор бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылмаса) әкімшісін хабардар етеді.
Мемлекеттік мекеме хат-хабарламаны алғаннан кейiн екі жұмыс күнiнiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органына инкассалық өкiм түскеннен кейiн тиісті төлемдi жүргізу үшін төлеуге берiлетін шотты қалыптастырады. Тиiсті ерекшелік бойынша жоспарлы соманың қалдығы жетпеген немесе болмаған кезде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізіледі және осы Ережеде белгiленген тәртiппен шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша рұқсат беру жүргiзiледi.
Мемлекеттік мекеме тиісті ерекшелiк бойынша сомалар болмаған жағдайда хат-хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күнінің iшiнде шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодын көрсете отырып хатты қазынашылықтың аумақтық органына бередi, ол бойынша қазынашылықтың аумақтық органы шығыс операцияларының жүргiзiлуiн тоқтатады. Көрсетілген хатты мемлекеттік мекеме бермеген кезде қазынашылықтың аумақтық органы 110 "Жалақы", 120 ""Жұмыс берушілердің жарналары" кiшi сыныптарын қоспағанда "Әкiмшiлiк шығыстары" бағдарламасы бойынша шығыс операцияларын жүргізудi сап тияды.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес атқарушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдердi уақытылы орындауды қамтамасыз етедi. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеменiң қаржыландырудың жеке жоспарын тиiсті өзгерткеннен және төлеуге берiлетін шотты соңынан бергеннен кейiн инкассалық өкiмдi орындайды.
164. Берешек сомасын өндiрiп алуға арналған салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша берiлген рұқсаттар қалдығының шегiнде орындалады. Соманы өндiрiп алуға арналған салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін аумақтық салық органдары мемлекеттік мекеменің орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына орындауын көрсете отырып талап етеді.
Мемлекеттік мекемеге талап етiлетiн салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімдерiн қанағаттандыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша жүргiзiледi.
Салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін ала отырып қазынашылықтың аумақтық органы бір жұмыс күнінің ішінде инкассалық өкiмнiң көшiрмелерiн қоса бере отырып хат-хабарламаны қалыптастырады және мемлекеттік мекемеге жiбередi.
Мемлекеттік мекеме хат-хабарламаны алған күнi шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiсті коды бойынша төлеуге берілетін шотты қазынашылық аумақтық органына қалыптастырады және бередi.
Осы тармақта белгіленген нормалар орындалмаған жағдайда қазынашылықтың аумақтық органы салық (кеден) органдарының инкассалық өкiмдерiнiң орындалу кезеңiне мемлекеттік мекеменiң әкiмшілiк шығыстарын жұмсауды тоқтатады.
Тиiсті ерекшелiктер бойынша жоспарлы сомалардың қалдығы жетiспеген немесе болмаған кезде салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдерiн орындау үшін осы Ережеде белгіленген тәртiппен шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiсті ерекшелiктерi бойынша мiндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгiзіледi.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдердi уақытылы орындауды қамтамасыз етедi. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеменің қаржыландырудың жеке жоспарын тиiстi өзгерткеннен және төлеуге берілетін шотты соңынан бергеннен кейiн салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін орындайды.
Салық қызметi органдарының және кеден органдарының орындаушы құжаттары бойынша инкассалық өкiм қазынашылықтың аумақтық органындағы инкассалық өкiмдердi тiркеу журналында тiркеледi.
ҚР Үкіметінің 2005.13.12. № 1241-1 қаулысымен 19-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-тарау. Есеп айырысулардың
аккредитивтік нысанын пайдалану
165. Аккредитив ұлттық валютада құжаттамалы есеп айырысулар кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізуге және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен шетел валютасында құжаттамалы есеп айырысулар кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізуге пайдаланылады.
166. Шетел валютасында аккредитив азаматтық-құқықтық мәмілені тіркегеннен кейін мемлекеттік мекеме ҚР ҰБ белгілеген деректемелерді қамтитын аккредитив ашуға арналған өтініш бергеннен кейін ашылады.
167. Шетел валютасында аккредитив ашу аккредитивтің түрі, бенефициар, орындаушы банк, олардың негізінде аккредитив орындалатын құжаттардың тізбесі және аккредитивтің қолданылу мерзімі туралы ақпаратты қамтитын шарт талаптарына сәйкес жүргізіледі. Аккредитивті ашуға арналған өтініштің мазмұны шарттың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Ұлттық валютада аккредитив мемлекеттік мекеме шартының қолданылу мерзімін оны ағымдағы қаржы жылында орындау мерзімімен келесі қаржы жылына ұзартқан жағдайда, сондай-ақ бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша ғана ашылады.
168. Ұлттық валютада аккредитив ашуға мынадай:
республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындауға және іске асыруға байланысты;
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындауға және іске асыруға байланысты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражаттың есебінен;
Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары үшін қару-жарақ, оқ-дәрі мен арнайы техниканы жеткізу жөніндегі шығыстар бойынша есеп айырысу кезінде жол беріледі.
169. Осы Ереженің 168-тармағында көрсетілген шығыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін ұзарту және аккредитив ашу республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүргізіледі.
Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті қаулы жобасын енгізеді.
170. Ұлттық валютада аккредитив ашу тегін негізде жүргізіледі.
Ұлттық валютада аккредитив Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұзартылған шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге ашылады.
171. Мемлекеттік мекеме ұлттық валютада аккредитив ашу үшін аумақтық қазынашылық органына:
41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данадағы өтінішті,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шарттың орындалу мерзімін ұзарту және аккредитив ашу туралы шешімінің көшірмесін;
онда аккредитив сомасын, есеп айырысулардың құжаттамалы нысанын пайдалана отырып тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есеп айырысулар жүргізілгендігі туралы шартты, олардың негізінде аккредитив орындалатын құжаттардың тізбесін көрсете отырып, шартқа қосымша келісімді ұсынады.
Ұсынылған құжаттарды тексеру жүзеге асырылғаннан және аккредитив ашқаннан кейін өтініштің бір данасы аккредитивтің ашылғаны туралы белгімен мемлекеттік мекемеге қайтаруға жатады.
Мемлекеттік мекеме ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық органына ашылған аккредитив сомасына төлеуге берілетін шот ұсынады.
Аккредитивті орындау мақсатында ұлттық валютада жүзеге асырылатын төлем осы Ереженің 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен төлеуге берілетін шоттың негізінде жүргізіледі.
172. Ұлттық және шетелдік валюталардағы аккредитив шарттың мерзімінен бұрын орындалуына не аккредитивтің қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жабылады.
Аккредитивті мерзімінен бұрын жапқан кезде мемлекеттік мекеме Қазынашылық комитетіне аккредитивтің орындалуына байланысты оны жабу туралы өтінішпен жүгінеді.
Аккредитивтің пайдаланылмаған сомаларын қайтару осы Ереженің 194-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Аккредитивтің жабылуы туралы хабарлама мемлекеттік мекемеге ол жабылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
173. Қазынашылық комитеті 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточкаларда берушінің пайдасына ашылған әрбір аккредитивтің бөлінісінде мемлекеттік мекемелердің аккредитивтерін талдамалық есепке алуды жүргізеді.
Аккредитивтер бойынша есеп пен есептілік жүргізу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
20-тарау. Демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң
шоттары бойынша төлемдер жүргізу
174. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде заңды және жеке тұлғалардан алатын ақшаны пайдалана алады. Демеушілiк және қайырымдылық көмек түріндегі қаражат ұлттық та және шетелдiк те валюта түрiнде де түсе алады. Демеушілiк және қайырымдылық көмектен түсетін ақша жөніндегі жоспарлар жасалмайды.
175. Демеушілiк және қайырымдылық көмектер үшiн шоттарды ашу, енгізу және жабу бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
176. Мемлекеттік мекеме демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаны нысаналы пайдалануды қамтамасыз етедi.
177. Демеушілiк және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның жұмсалуы мемлекеттік мекеменiң тиiстi шотында олардың қалдығы шегiнде жүзеге асырылады.
178. Кассаға мемлекеттік мекеменiң қолма-қол ақшаны қабылдауы оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрмей демеушілік және қайырымдылық көмектің шотына есептелуi тиiс. Осы ақшаны уәкілеттi банктің бөлiмшесiне алдын ала тапсырмай жұмсауға жол берiлмейдi.
179. Мемлекеттік мекеме демеушілiк және қайырымдылық көмектiң шотына түскен қолма-қол ақшаның мемлекеттік мекемеге уақытылы мен толықтық түсуін қамтамасыз етедi.
180. Демеушілiк және қайырымдылық көмектен қолма-қол ақшамен операциялар жөніндегі банктік қызметтердi төлеудi банкпен олардың шарт арасындағы негiзiнде демеушілік және қайырымдылық көмек есебiнен мемлекеттік мекеме жүргізедi.
181. Ағымдағы жылы демеушілік және қайырымдылық көмектi пайдаланбаған мемлекеттік мекеме нысаналы түрде келесi жылы оны нысаналы түрде пайдалана алады.
182. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаны жете пайдаланбаған жағдайда осы ақшаны салушы оларды қайтаруға құқығы бар.
183. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртiппен, нысанда және мерзiмдерде демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуi және жұмсалуы туралы есептi жасайды.
21-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң депозит
шоттары бойынша төлемдер жүргізуi
184. Мемлекеттік мекеменiң Қазақстан Республикасының Заң актілерiне және осы Ережеге сәйкес уақытша иелiк ету үшiн мемлекеттік мекемеге берілетiн депозит шоттарынан түсетiн ақшаны иелiк етедi. Депозит ақша жөнiнде жоспар жасалмайды.
185. Депозит шоттарын ашу, енгізу және жабу бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
186. Мемлекеттік мекеменiң уақытша пайдалану үшiн ұлттық және шетелдiк валютада түсетiн ақша оларды аударған тұлғаларға қайтару белгілi бір шарттар пайда болған кезде өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аударуға жатады.
187. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес тиісті алушыларға депозит шоттарынан ақшаны белгілі бір талаптар пайда болған сәттен бастап аударудың дұрыстығын қамтамасыз етедi.
188. Тиiстi бюджетке аударуға жататын депозит шоттарындағы ақша Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес белгілi бір талаптар пайда болғаннан кейiн үш жұмыс күнiнiң iшiнде аударылуы тиiс.
189. Кассаға мемлекеттік мекеме қабылдаған қолма-қол ақша оларды қабылдаған үш жұмыс күнiнен кешікпей депозит шотына есептелуі тиiс. Уәкiлеттi банктің бөлiмшесiне осы ақшаны алдын ала тапсырмайынша жұмсауға жол берiлмейдi.
190. Мемлекеттік мекеменiң депозит шотына түскен қолма-қол ақшаның уақытылы және толық тапсырылуын мемлекеттік мекеме қамтамасыз етедi.
191. Қолма-қол депозит шотына есептеу жөніндегі және депозит шотынан қайтару жөнiндегі банктік қызметтердi төлеу: депозит сомасын салған тұлғаның шотына мемлекеттік мекеме мен банктің арасында жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiледi, оған мынадай жағдайлар қосылмайды.
Депозит шотына заттай айғақ ретiнде алынған ақшаны және тәркіленген мүлiктi сатудан алынған ақшаны есептеу кезiнде, сондай-ақ оларды қайтару кезiнде банктік қызметтерге ақы төлеу прокуратура органдарының, алдын ала тергеудiң, тергеудiң, сондай-ақ салық қызметi органдарының және кеден органдарының мiндеттемелерi мен төлемдері бойынша бюджет бағдарламаларын (кiшi бағдарламаларын) қаржыландыру жоспарының есебiнен жүргiзiледi;
Орындаушы құжаттар, өндiрiп алушыға депозит шотынан ақша беру және борышқорға қалған соманы қайтару бойынша өндiрiп алушыға соманы өтеу үшiн борышқордан алынған ақшаны есептеу кезiнде банктiк қызметтерге ақы төлеу борышқордың есебiнен жүргiзіледi.
Сотталғандар, қылмыс жасауда күдiктi деп танылғандар мен айыпталушылар, психиатриялық ауруханаларда жатқан емделушілер, ақыл-ойы кемiс балаларға арналған интернат-үйлерінде, психикалық-жүйке интернаттарында, жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерiнде тұрып жатқан қамқорлыққа алынғандар үшін банктік қызметтерге төлеу депозиттік соманың есебінен жүргiзіледi.
192. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi депозит түрiнде, бюджетте атқару жөнiндегі орталық уәкілеттi орган белгілеген тәртiппен, нысанды және мерзiмдерде мемлекеттік мекемелер алған депозит шоттарын пайдалану туралы есептi жасайды.
Аумақтық уәкілетті органдардың депозит шоттарынан төлем жүргiзу кезiнде олардың функциясына орындаушы өндiрiсті жүзеге асыру жататын төлеуге берiлетін шотқа аға сот орындаушысы қол қойған депозит шотынан ақшаны беруге анықтама және сот шешімiнiң көшiрмесiн қоса беру қажет.
22-тарау. Мемлекеттік мекемелердi қолма-қол
ақшамен қамтамасыз ету
193. Қызметкерлерге жалақы, шетелдiк валютада iссапар шығыстары мен басқа да ақшалай төлемдердi, сондай-ақ жеке мұқтаждарын төлеу үшiн мемлекеттік мекемелердi қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң жүргізiлген
төлемдерiн қайтару
194. Мемлекеттік мекемеге берушінің республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттарына дұрыс жүргізілмеген төлемдердi, оған сатушы көрсеткен талаптарға сәйкес келмеген кезде саудаға (конкурстарға, аукциондарға) қатысу үшiн мемлекеттік мекеме енгізген кепілдік жарнасының сомасын қайтару және ағымдағы жылдың дебиторлық берешегiн өтеуі (бұдан әрі - қалпына келтіру) бір қаржы жылының шетелде ҚР ББС шығыстарының бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша орындалмаған міндеттемелердің сомаларын ұлғайту және кассалық шығыстарын азайту арқылы жүзеге асырылады.
Қазынашылықтың аумақтық органы төлемдердi қалпына келтiру бойынша төлем құжаты тиiсті мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекеме қалпына келтiрудi жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органына төлемдi қайтару бойынша төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнiң ішінде хат-негіздеменi бередi.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегiн қайтару сомасы ақша қаражатын қайтаруға төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттың негiзiнде кiрiстердiң бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодына арналған бюджетке есептеуге жатады.
6-бөлім. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
олардың иелігінде қалған ақшаны пайдалану тәртібі
24-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн олардың
иелiгiнде қалған ақша
195. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша тиiстi бюджетке есептеуге жатады.
196. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде оның негізгі қызметiне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік мекемелердiң сату құқығы көзделсе, оған ақы төлеу мiндетті сипатқа ие болмаса және жеке немесе заңды тұлғалардың келісімi бойынша анықталады, онда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша мемлекеттік мекеменiң иелiгінде қалады.
197. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың иелiгiнде қалған ақша осы Ережеде белгіленген тәртiппен жоспарланады және пайдаланылады. Осы ақшаға билiк етушілер мемлекеттік мекеменiң басшылары болып табылады, олар олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуi тиiс.
198. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың иелігінде қалған ақша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаны есепке алу үшiн ашылған мемлекеттік мекеменiң шотына есептеледi.
199. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптаушысы, оларды сатудан түскен ақша Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодтарын, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн, түсiмдердiң пайда болу көздерiн және пайда болу бағыттарын көрсете отырып олардың иелігінде қалады.
200. Функционалдық топтардың, Функционалдық кiшi топтардың, мемлекеттік мекемелердiң - бағдарламалар әкiмшілерiнің, бағдарламалардың, кiшi бағдарламалардың кодтары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ҚР ББС құрамында шығыстардың бюджеттік сыныптамасына сәйкес анықталады.
25-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін олардың
иелiгiнде қалған түсiмдер мен ақша шығыстары
жоспарын қалыптастыру және бекіту
201. Мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн өздерiнiң иелiгінде қалған ақша есебiнен операциялар жүргiзу үшiн жыл сайын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбір түрi бойынша мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың иелігінде қалған түсiмдер мен ақша шығыстары жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
202. Жоспар мынадай тәртiппен 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады:
кiрiс бөлігіне олардың бекітілген тiзбесiне сәйкес сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiстi түрлерi бойынша қаражаттың және қаржы жылының басындағы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) осы түрi бойынша да қаражат қалдығының түсiмдерi енедi. Сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн сақтаған жағдайда есептi жылдың 31 желтоқсанында пайда болған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын ақшаның қалдықтары жаңа қаржы жылының сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиісті түрi жоспарының кiрiс бөлігіне, сақталмаған жағдайда тиiстi бюджеттердiң кiрiс бөлiгiне ауыстырылады;
жоспардың шығыс бөлiгiне шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерi бойынша шығыстар енгiзіледi.
203. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстар жөнiндегі түсiндiрме жазбаны және негiзделген есеп айырысуларды қоса бере отырып 3 данада жоспарлар бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне бекітуге беріледi.
204. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi:
жоспарлардың негізiнде 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбір түрi бойынша мемлекеттік мекемелердiң (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен олардың иелiгінде қалған түсiмдер мен ақша шығындары жоспарын қалыптастырады және бекiтедi;
келесi қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілеттi органға тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің бөлiнiсiнде әрбір мемлекеттік мекеме бойынша жоспарлармен бірге мемлекеттік мекемелер бойынша жоспарды келiсуге бередi. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелiгі бойынша түсiмдер мен шығыстардың әрбір түрi бойынша түсiндiрме жазба мен негiзделген есептемелер қоса беріледi.
205. Жоспардың жалпы сомасы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбір түрi бойынша және жоспардың әрбір көрсеткiшi бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың сомасына тең болуы тиiс.